- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 192
https://www.youtube.com/embed/l8Vv3K-BBJk?si=BTu41Dk1t7W9zebf"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты. Президенттер телефонмен әңгіме барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Сонымен қатар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 188
https://www.youtube.com/embed/KKylEeNzNaI?si=EG9dpdRrxAEC7jx8"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 239
https://www.youtube.com/embed/mtYIS7VdHig?si=9SwdesGD0uCCyWhT"
Мамандық - жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдау, екіншісі мамандық таңдау. Өйткені таңдаған мамандығың, болашағың. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өз ісін жақсы көрген жастар, сүйген саласынан ләззат алады. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және мемлекеттен не аламын емес, не бере аламын деген қағиданы ұстанған дұрыс. Өздеріңіз көріп тұрған жастарға арналған ашық есік күнінің мақсаты, осы мәселеге арналды.
КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АДИК ДИРЕКТОРЫ
Аталмыш білім шаңырағында студенттердің жанжақты шыңдалуына барынша жағдай жасалған. Мұнда жастар жаңа технологияларды меңгеріп, практикалық тәжірибиеден өтеді. Оқу орнының басшылығы шетелдік әріптестерімен байланыс орнатып, білім кеңістігіне еркіндік беруде.
КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АДИК ДИРЕКТОРЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 148
https://www.youtube.com/embed/BS3z-cfGE54?si=Nuj6yyzq7sAzBQMR"
Суицидке баратындардың әрбір бесіншісі – лудоман. Еліміздегі ажырасулардың 40%-на да осы лудомания тікелей себеп болған. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратындардың да дені – құмар ойынға шалдыққандар.
Ойын бизнесі және лотереямен күресетін жаңа заң жобасы мәжіліске келіп түсті. Бұл жаңа құжаттың қабылдануына барлық фракция өкілдері бастамашыл болып отыр. Себебі, құмар ойынның құрығына іліккендер жайындағы статистика қорқынышты.
Бұдан былай жасы 25-ке толмаған, мойнында қарызы бар адамдарға құмар ойын ойнауға үзілді-кесілді тиым салынады. Мәжіліс ойын бизнесі және лотерея қызметі туралы заң жобасын жұмысқа алды. Себебі, елімізде жыл сайын ойынқұмарлар саны артып барады. Ресми статистикаға жүгінсек, 400 мың адам құмар ойынның құрығына іліккен, олардың орташа қарызы 10 млн теңгеден асады.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Деректерге жүгінсек, соңғы екі жарым жылда еліміздің шамамен әрбір бесінші адамы ойын ойнайды екен немесе құмар ойындарына қандай-да бір қатысы бар. Ал, оның ішінде 400 мыңдай адам ойынға салынып, букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған. Сұмдығы бұл дерт балалар мен жасөспірімдерді де шарпып отыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шамамен 200 мыңға жуық кәмелеттік жасқа толмаған бала басқа адамның атынан букмекерлік кеңселерге бәс тігіп, азарттық ойындар ойнайды екен. Өзге адамның логинімен букмекерлік кеңселерге бәс тігуші адамдардың саны белгісіз».
Құмар ойынның құрығына іліккендердің орташа жасы 18 бен 40 жасты құрайды. Ал әлеуметтік портреттері, орташа қанағаттанарлық деп бағаланады. Ешбіреуінің жағдайы тым нашар емес, араларында «жерге нан таба алмай жүргендері мүлдем жоқ», оның үстіне күн санап ойынқұмарлар қатары артып барады. Тіпті араларында қыздар да бар дейді мамандар. Сондықтан, депутаттардың дабыл қаққаны түсінікті де.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Ойын нарығы айналасында үлкен қаражат айналып жатыр. Мәселен, былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен екен. Демек, мұның айналасында мүдделі топтар, лоббистер болатыны сөзсіз. Осында келтірілген мәліметтерден Қазақстанда ойынқұмарлық індеттей өршіп, ел қауіпсіздігіне қатер төндіре бастағанын байқаймыз. Бүгін қарастырғалы отырған заң жобалары осы мәселені барынша ауыздықтап, реттеуге арналған».
Сонымен жаңа заңға енген өзгерістерді тізсек: енді 18 жастан лотерея ойнауға тиым салынады, рұқсат тек 25 жастан, одан бөлек мойнында қарызы барлар лотерея ойынына жолтылмайды, ал ойын бизнесін жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 250
https://www.youtube.com/embed/3EUcQjpeEZo?si=GToMuSvA011Pneyg"
Қызылорда қаласының қауіпсіздігін күшейту мақсатында, 1400 бейнебақылау камерасы, 19 интеллектуалды қиылыс, 58 стационарлық жылдамдық өлшегіш қондырғы, 20 Sergek Qorgau мобильді қосымшасы орнатылмақ. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Қызылорда қаласында Жедел басқару орталығына қарасты 272 бейнебақылау камерасы, 20 «Аркан» стационарлық жылдамдық өлшегіші, 5 интеллектуалды қиылыс орнатылған. Бүгінде Қызылорда облыс әкімінің төрағалығымен түрлі заң бұзушылықтардың, қылмыстырдың алдын алу үшін камераларды көптеп орнату мәселесі талқыға түсті. Бұл істің негізгі мақсаты — тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Статистика сүйенсек осы жылы «Аркан» құрылғысына 6514 көлік иесі жылдамдықты асыру бойынша 75 млн теңге айыппұл төлеген.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жоспарда жедел басқару орталығын жаңғырту, тұрғындардың игілігі үшін халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарды тегін Wi-Fi желісін орнату, интеллектуалды көлік жүйесімен және IT-park ғимаратын заманауи техникалармен жабдықтау да бар.
МАХСУДХАН АБЛАЗИМОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Енді жол-патрульдік полиция қызметкерінің планшетінде орнатылған «Sergek Qorgau» мобильді қосымшасында көлік және жүргізушінің барлық деректері яғни жүргізу куәлігі, сақтандыру, техникалық байқау құжаты, мемлекеттік нөмір, түрлі бұзушылықтарын көру қолжетімді болмақ. Бұл жол-көлік ережелерін қатарынан бірнеше рет бұзу фактілері белгілі болғанда 5 минут ішінде «Қауіпті жүргізуші» статусын анықтауға және көлікті оперативті түрде ұстауға мүмкіндік береді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 237
https://www.youtube.com/embed/cNURdxSWTzs?si=ocOABqP-PeOZlLEY"
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, 20 сәуір күні Алматыдағы «Комфорт сити» тұрғын үй кешенде 13 жастағы қыз зорланды. Болжам бойынша, ер адам пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан және қылмысты көлік тұрағында жасауы мүмкін. Алматы полициясы аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа да мән-жай анықталып жатыр».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 207
https://www.youtube.com/embed/GaSQRbABgUg?si=BfD_3FVIZGNtdY_9"
Ақтауда 11-сынып оқушысы өзінен 4 жас төмен оқитын баланы тоқұрғышпен ұрып ауруханадан бір-ақ шығарған. Оқиға №23 орта мектепте тіркелді. Ал полиция бұл жайт бойынша тек әлеуметтік желіде қызу талқыға түскеннен кейін ғана іс қозғаған. Ауруханаға түскен 7-сынып оқушысының анасы әділдік сұрап, шыр-пыр болып жүр. Оқиғаның мән жайы келесі бейнематериалда.
“Балам әлімжеттіктің құрбаны болды”- деп дабыл қаққан ананың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Оқиға 16 сәуір күні Ақтаудағы №23-ші орта мектепте болған. Диас есімді 11-сынып оқушысы төменгі сыныпта оқитын баланы электрошокермен ұрып, артынша жұдырық жұмсап, ауруханадан бір-ақ шығарған. Содан бері өзінен бірнеше жас үлкен баладан таяқ жеген Әсем Мұнатованың баласы ем-дом қабылдап жүр. Тіпті психологтың да көмегіне жүгініпті.
ӘСЕМ МҰНАТОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ «Балам 13:30-да сабақтан шығып, Диас Аюпов лавочкаға шақырып алып, қол беріп амандасып, дәл қасына отырғызып, электрошокермен аяғынан ұрады. Электрошокермен бірнеше рет аяғынан ұрғаннан кейін Нұрбек тұрып, жаңағы баланы итереді. Итергеннен кейін менің баламды жағынан ұрып, құлатып, басы лавочкаға тиіп, бірнеше минутқа есін жоғалтады».
Жәбірленушінің анасы бауыр еті баласын мұғалімдердің де кемсіткенін айтып отыр. Анасы бастапқыда бұл жағдайдан бейхабар болған. Жеткіншек үйіне бара сала көңілі болмай, жарты сағат жуынатын бөлмеде отырыпты. Кейін лоқсып, басы ауырған соң ауруханаға жатып шыққан. Полицияға да хабар берген. Алайда оқиға туралы әңгіме әлеуметтік желіле талқыға түспейінше іс қозғалмаған.
ӘСЕМ МҰНАТОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ «Сол күні Аюпов Диас баланы ұрып болғаннан кейін мектепте бүкіл баланы жинап, «мына Нұрбекпен бүгіннен бастап ешкім қол беріп амандаспаңдар, Нұрбек терпила» деп буллинг жасайды. Және де бізге басқа оқушылардан хабар келе бастады физкультура ағайы мен история апайы менің балама буллинг жасаған. Өздерінің емес сабағаныда келіп классқа Қуатов Нұрбек жаман оқушы, ол біздің мектептің «шіріген картошкасы» деп менің баламды жамандап».
Жәбір көрген оқушының анасы бұл істі соңына дейін жеткізіп, мектептегі буллингті тоқтатамын деп бекініп отыр. Өйткені 11-ші сынып оқушысы ұлдар былай тұрсын, қыздарғада тисетін көрінеді. Оны мектеп оқушылары растаған. Ол аздай өзінен кіші балалардан ақша талап етеді екен. Десе де мектеп әкімшілігі Диасты қорғағандай сыңай танытуда.
ЭЛЬМИРА ЖАМИЛОВА, №23 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ «Мектебіміз ішінен, сыртынан 78 камерамен жасақталған. Енді бұл кезде балалардың тарау кезі болған оқиға байқалмай қалған. Ол жерде төбелес емес, екеуі сөйлесіп отырады да, бір кезде келіспей атып тұрып, бір-бірін итеріп қалып, бір қол жұмсау болған да енді. Енді Аюпов Диас спортсмен, боксер, көптеген шараларға қатысып жүр. Енді мінезінде кішкене тентектік бар. Ол өзін-өзі кейбір кезде ұстай алмай қалатыны бар. Ашуға беріліп ол бала боқтық сөз естідім де, шыдамай қалдым дейді».
Мектеп басшылары оқу ордасында буллингтің жауапкершілігі ауыр екенін үздіксіз түсіндіріп жатырмыз деп ақталды. Ал 7-сынып оқушысын достарының көзінше кемсіткен мұғалімдерге сөгіс бергенін айтады. Бұл жанжалдан соң 11-ші сынып оқушысының ата-анасы Әсем Мұнатовадан кешірім сұрап хабарласқан. Алайда келіншек енді тек өз балам үшін емес, барлық оқушының құқығы үшін күресетінін айтты. Жергілікті полицияның мәліметінше, қазір бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 199
https://www.youtube.com/embed/100Pf5b2EiM?si=76JWKAys6IFHyjmq"
Бишімбаев сотынан хабар таратқан журналистер жазаланды. Бұған дейінгі аты шулы сот отырысынан сюжет жасаған отандық телеарналардың бірі алқа билердің түрін көрсетті, алайда оларды көрсетпеу керектігі қатаң ескертілген болатын дейді судья. Сот ол арнаны анықтап, ескерту түрінде жаза тағайындады.
Алғашында, журналистерді сот залына қатыстыру не қатыстырмау жайында мәселе талқыланды. Айыптау тарапы, жәбірленуші тарап та бұған қарсылық білдірмеді, бірақ Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сот залына кіруіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Екінші сотталушы Байжанов журналистерді кіргізуге қарсылық білдірмеген еді. Нәтижесінде, судья сот залына журналистерді кіргізу жөнінде шешім қабылдады.
Бүгін сотта Бишімбаевтың телефонына қатысты өтінішхат қаралды. Тергеу кезінде ҰҚК мамандары оның телефонының парольін аша алмай қойған. Ал, Бишімбаевтың өзі болса судьяға телефонның паролін беруден бас тартады, оны тек адвокаттары сотта оқысын деп талап етеді. Айтуынша, телефонында оның кінәсіздігін дәлелдейтін айғақтар бар.
ЕРЛАН ҒАЗЫМЖАНОВ АДВОКАТ: «Сотталушы Бишимбаев телефонда қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру және қинау айыптауын жоққа шығаратын дәлелдер бар екенін айтты. Біз құпиясөзді сотқа берсек, қандай да бір түзету мен өзгеріс енгізіледі деп сескенеміз. Соған байланысты Бишімбаевтың телефонын өзіміз ашып, іс материалдары зерттелген соң құпиясөзді сотқа бере аламыз».
АЙЖАН ҚҰЛБАЕВА СУДЬЯ: «Ұялы телефон заттай дәлел ретінде танылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚР ҰҚК бесінші қызметінің 12-ші департаменті телефонға зерттеу жүргізді. Телефонда 6 таңбалы код пароль орнатылған әрі код-парольді қолда бар техникалық құралдармен айналып өту мүмкін болмады деген қорытынды берілді».
Телефонға қатысты Бишимбаевтың адвокаттарының өтінішхатын судья қабылдамады. Бұл атышулы сот процесі алда тағы жалғасатын болады. Алатау тв телеарнасының тілшілері тақырыпты назарда ұстайды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 253
https://www.youtube.com/embed/raXsciVlAqQ?si=EkKtJXkDDDgIDlu4"
БҚО-да Жайық пен Шаған өзендерінде су деңгейі жоғарылап бау-бақша серіктестіктері су құрсауында қалды. Тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәліметке сүйенсек 300 саяжайды су басқан.
Сең соққан балықтай есеңгіреп қалған тұрғындардың бүгінгі хәл ахуалы дәл осындай көрініс.
ЖАЙНАГҮЛ МАХРАЖАНОВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ: «Бүгін біздің сағымыз сынып отыр. Бәріміз осы шетте ұйықтаймыз кешке. Бармаймыз ешқайда. Жалаңаяқ қалдық. Мемлекет бірауыз сөз айту керек қой. Қаңғып қалдық. Ешкім ерігіп тұрып жатқан жоқ. Сендер білдіңдер дейді. Неге атып шығармады»
«Урожайный» саяжай бірлестігінде 24 үй бар. Дені көпбалалы отбасылар. Жылдың 4 мезгілінде саяжайды паналап отырған тұрғындар есеңгіреп қалғандарын айтады.
ИРИНА БЫЧЕНИНА «УРОЖАЙНЫЙ» САЯЖАЙ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Мұндағы тұрғындар қалада баспанасы болмағандықтан тұрып жатыр. Көріп тұрғаныңыздай, бәрінің үйін су басты. Бұрын жолдың жырын, жарық тарифінің тым қымбат екенін айтып келген едік. Енді оған баспанамыз қосылды. Күніміз не болар екен»?
Су басқан саяжайлардағы 585 тұрғын эвакуацияланып, 35 ер адам үйлерді күзету үшін бекетте қалған. Бұған дейін тұрғындарға қауіпсіз жерге көшу туралы хабарлаған болатын. Мамандар қазіргі уақытта қалған тұрғындардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл жұмыстарға 230 жеке құрам, 23 техника және 10 су көлігі жұмылдырылған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 235
https://www.youtube.com/embed/CvtATVO9Dz8?si=V-Ew1aLZ6bw8hYVX"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 188
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының Дарын орталығы ұйымдастыруымен өтетін түрлі білім сайыстарында әділқазы алқасының мүшелері мен төрағалары болуда.
Республикалық сайыс дәстүрге айналған. Әрі мектеп оқушылары арасынан кіл үздіктерді анықтауға жол ашады.
2024 жылдың 10-сәуір күні Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» орталығы жас дарынды анықтау және оқушыларды дамыту жолында «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауын өткізді. Қалалық кезеңде қазылар қатарында болған А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының профессор-оқытушылары жас дарындардың білімді де, білікті, талантты да, талапты, өнерсүйгіш қасиеттеріне куә болды. Ұстаздарымыз көптеген ақыл-кеңестерін беріп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар балаларды іріктеді. Талантты жастарға республикалық олимпиадада сәттілік тіледі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
аға оқытушысы, PhD доктор Аккузова А.А.
кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс
және халықаралық байланыстар жөніндегі
орынбасары, оқытушы Игілікова С.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 228
https://www.youtube.com/embed/HU8P95y25B0?si=zTNqt69SofOd8TDD"
Екі бірдей шенеунік парамен ұсталды. Бірі "Алматы су" бас директорының орынбасары болса, екіншісі Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы. Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік растады. Тергеушілердің айтуынша, «Алматы су» директорының орынбасары кәсіпкерден атқарылған жұмыстардың актісі үшін деп 75 млн теңге алып, оны заңсыз қалтасына басқан.
Екіншісі Қызылорда облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі кәсіпкерлерден келісімшарт мерзімін ұзарту және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту үшін қомақты сомада пара алып отырған. Екі күдікті де ұсталды. Тергеу басталды.
Еще материалы
Страница 61 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.