- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 260
https://www.youtube.com/embed/KH0vIL5CHp4?si=JVDMCJRZQMgT8IVx"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 281
Бүгін Абай университетінде талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» аясындағы апталық өз мәресіне жетті. 23-29 сәуір аралығында өткен ауқымды іс-шараға Алматы қаласы мен облыс аудандарынан мыңға жуық талапкер қатысып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.
Апталық барысында университеттің әр факультетінде арнайы таныстырылымдар ұйымдастырылып, білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктері жан-жақты насихатталды. Қорытынды жиында факультеттер жәрмеңкесі өтіп, талапкерлер өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша толық ақпарат алды.
Салтанатты ашылу рәсімінде университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова талапкерлерге жылы лебізін білдіріп, ашық есік күніне қатысушыларды құттықтады. Проректор өз сөзінде қазіргі таңда 20 мыңнан астам студент қара шаңырақта білім алып жатқанын, сондай-ақ оқу орнының халықаралық рейтингте алдыңғы орыннан көрініп жүргенін атап өтті. Бану Мұхатайқызы талапкерлердің Абай университетін таңдауға ниет білдіретініне сенім артты. Білім беру бағдарламаларының сапалы әрі заманауи талаптарға сай, студенттер үшін мол мүмкіндіктер қарастырылғанын жеткізді. Халықаралық байланыстардың нығайып, студенттерге жаңа білім мен тәжірибе жинауға жол ашық екенін тілге тиек етті.
Іс-шараға арнайы қатысқан Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Тоқтарбекұлы да талапкерлерге сәттілік тілеп, білім алудың маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында ҰТ сарапшысы Фархат Сұлтабаев талапкерлерге ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудың тиімді әдістерімен бөлісті.
"Тестілеуді сәтті тапсыру үшін үш айналым стратегиясын қолдануға кеңес беремін. Алдымен ең оңай сұрақтардан бастау керек. Кейін тестті талдап, қателермен жұмыс жүргізу маңызды. Соңында әр тестке аналитикалық сараптама жасап, қайта-қайта орындау арқылы машықтану қажет", – деді сарапшы.
Жиын барысында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлжахан Иманхатова бұл іс-шараның талапкерлер үшін маңызы зор екенін алға тартты. Сондай-ақ университет түлегі, Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев жас түлектерге ақ жол тілеп, «Гәкку» халық әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шарада Жаратылыстану және география факультетінің 3-курс студенттері «Химия – таңғажайып әлем» атты эксперименттік шоу ұсынып, ғылымның қызықты қырларын көрсетті. Ал Дене шынықтыру кафедрасының студенттері джиу-джитсу өнерінен шеберлігін паш етті. Сонымен қатар Абай университетінің білім алушылары Нұршапағат Сәулет пен Өмірзақ Әмір орындаған «Абайымнан тапқаным» әні кештің көркін қыздыра түсті.
Іс-шара соңында талапкерлер арасында викториналық ойын ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға арнайы имидждік сыйлықтар табысталды. Бір аптаға созылған «Ашық есік күні» талапкерлерге университет өмірімен жақынырақ танысып, болашақ мамандықтарын таңдауға үлкен мүмкіндік сыйлады.
Айта кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ – отандық білім-ғылымның қара шаңырағы, Орта Азиядағы ең үздік педагогикалық жоғары оқу орны. Ғасырға жуық тарихында 250 мыңға жуық жоғары білімді кадрлар дайындап, отандық білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Университет педагогика саласында ғана емес менеджмент, құқық және заң бағыттары бойынша мамандар даярлайды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 267
https://www.youtube.com/embed/hlvNFtiOR_8?si=CNnUtlcbcXl9e3jA"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 261
https://www.youtube.com/embed/6Ih1ecEHkw0?si=os8L4vB-N355SU0s"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 350
https://www.youtube.com/embed/nXzEr0uuwSk?si=6AjogUV9qHeQZlZI"
Қазақ-жапон қуанышы үндесті. Қазір Күншығыс елінде сакураның гүлдеуі қарсаңындағы мейрам тойлануда. Ал қазақтың әз-Наурызының айлап тойланатыны бәріне мәлім. Алматыда осы аталған қос қуанышты көктемгі жаңаруға балап, мәдени сабақтастықты дәріптеген мерекелік шара өтті. Қазақ халқының қонақжайлығы мен жапонның ұқыптылығын паш еткен бұл жиынды көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
ШЫНАР ТҰРҒАНБЕКҚЫЗЫ «MIRAI» ҚАЗАҚ-ЖАПОН МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ “Енді бізде қазақ-жапон мектебі болғаннан соң наурыз-жаңа өмірдің басталуы, Жапонияда сакураның гүлдеуі-жаңару дегенді білдіреді. Екі елде де бір түсінік болғаннан кейін үндестіріп ұйымдастырып жатырмыз. Ата-аналарымыз да, балалар да Жапония мәдениетімен танысуы керек. Сол үшін үндестіріп жасап жатырмыз”
Шара барысында қазақы дәстүрлер де көрсетіліп, күншығыс елі мәдениеті таныстырылған ерекше қойылымдар да ұсынылды. Қонақтар алдын-ала дайындалған қазақ және жапон ауылдарының шатырында болып, екі елдің ұлттық тағамдарынан дәм татты. Сонымен қатар, оқушылар жасаған көктем мен жаңару тақырыбындағы қолөнерлердің көрмесі қойылды. Аталмыш білім ордасы – Қазақстандағы алғашқы қазақ-жапон мектебі. Білім ұясы мемлекеттік оқу жүйесінің аясынан алыстамастан балаларға жапондық методикалар мен озық мәдениет элементтерін дәріптеуді көздейді. Жиынға қатысқан ата-аналар да, балалар да дән риза.
ЖАЗИРА АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ АТА-АНА "Олар мысалы мынау Сакура гүлдеді деп, Жапония мәдениетін меңгеріп, соған сай көрініс көрсетейін деп отыр бүгін наурызда. 9 жастағы ұлым үшін мен қуаныштымын. Орысша, қазақша, ағылшын, жапон тілін меңгеріп жатыр. Қазір қоятын көріністері толықтай ағылшын тілінде болады".
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 265
https://www.youtube.com/embed/tRDVVUofnF8?si=LCXXJX8SU_koJTro"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 268
https://www.youtube.com/embed/H_e1xve6n78?si=73ITexwOy3IYK-zd"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 271
https://www.youtube.com/embed/Dw8OZpyih9M?si=naPrZxdF5HSRzekN"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 293
https://www.youtube.com/embed/3xl8iUjcF_Y?si=gE8TAeoSSkGf6XWX"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 262
https://www.youtube.com/embed/dS22zbnPX_A?si=iZYEMjFt9YWlmORP"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 285
https://www.youtube.com/embed/Ssg3d2a3oZ4?si=7RV2z84aheJxeV8b"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 261
https://www.youtube.com/embed/LXS5lSxMsMk?si=hk539Nt7krYNrZWi"
Еще материалы
Страница 8 из 256

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.