
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 368
https://www.youtube.com/embed/NRVKCR2-w7c?si=rHOTHtXWZWR9ws4P"
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт бір емес екі бап бойынша сотталады. Енді күдікті Нұрболат Дәкебаевқа бірден екі бап бойынша айып тағылмақ. Бірі: бұзақылық, екіншісі: денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Оның қамауға алу мерзімі де бір айға дейін ұзартылды. Осы аталған екі бапты біріктіру үшін іс прокурорлардың қарауына қайта жіберілді. Егер оның бұл кінәсі дәлелденсе, екі мың АЕК-ке дейін айыппұл ол - 7,4 млн теңгеге жуық ақша немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс я болмаса екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда, айыпталушының адвокаты бұл айыппен келіспейді. Жедел жәрдем жүргізушісі бұл оқиғаға өзі кінәлі ол осы арқылы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына оқырман жинағысы келді дейді. Себебі, бұл оқиғадан соң бір аптадан кейін ол жаттығу залындағы видеосын жариялаған дегенді негізге келтірді. Алайда, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Ал, бүгін сотта сөз сөйлеген сарапшы да жәбірленушінің орташа деңгейде жарақат алғанын айтты. Бұл процесс бүгін тікелей эфирде көрсетілді.
БАҚТИЯР АҚАНОВ СУДЬЯ: «Сот сот отырысында сөз сөйлеген қос тарапты бірдей тыңдап келісідей мәмілеге келді: Айыпталушы Нұрболат Дәкебаев ісі бойынша қаралып жатқан қылмыстық іс Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуроратурасына қайта жіберіледі. Яғни, олар айыпталушыға тағылған екі айып ҚР ҚК 107 бабы 1 бөлімі және ҚР ҚК 107 бабы екі қылмыстық істі қосып, байланыстырулары керек».
Айта кетейік, оқиға 2024 жылдың қаңтар айының соңында болған. Жедел жәрдем жүргізушісінің арнайы көлікті тоқтатқаны Дәкебаевқа ұнамаған. Ол жүргізушіні балағаттап, бетінен бірнеше рет ұрған. Жәбірленуші көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Полицейлер Дәкебаевты іздеуге жарияланғаннан кейін жасырынып жүрген Қарқаралы ауданында бірнеше күннен кейін бірақ ұстаған еді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 406
https://www.youtube.com/embed/bfv9driisXc?si=G6vlt2UZ_MIQRIuR"
Мектеп бітіру кеші – мектеп тарихына енетін көңілді әрі есте қалатын оқиға. Биыл 11 сыныпты 186 мың түлек бітірді. Оның ішінде 7 420-сы "Алтын белгі" белгісімен марапатталса, 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болған. Сондай қуанышты күнде түсірілім тобымыз Шәмшә Беркімбаева атындағы қыздарға арналған лицейге барып қайтқан болатын.
Бұл – бітіруші түлектер үшін де, ұстаздар мен ата - аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт. Бүгінде Шәмшә Беркімбаева атындағы қыздарға арналған лицейде үздік оқып, білім алған 50 түлектің 3 оқушысы «Алтын белгіге» үміткер болса, 10 түлек «Ерекше үлгідегі аттестатқа» ие болып, өз білімдерін дәлелдей алды.
ТАМЕР ГЮР АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ Ш.БЕРКІМБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ «Лицейімізге 7 сыныптан бастап, оқушыларды емтихан арқылы қабылдаймыз. Мектебіміз құндылықтарға арналған. Оқушыларымыз олимпиада бойынша алғашқы 100 мектептің ішінде».
ГҮЛНАЗ ОРАЛХАНҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ Ш.БЕРКІМБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ «Жалпы біздің лицейімізде 340 оқушы бар. Мектепте жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде өтеді. Бітірген оқушыларымыз 4 тілді меңгеріп шығады. Олар: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілін меңгеріп шығады»
Сапалы білім мен саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін елеп, алақанына аялап өсірген ата-аналарының үмітін ақтап, биікке самғағалы тұрған түлектердің қос қанаттары да оқушыларға сәт сапар тілеп, өз жылы лебіздерін білдірді.
МАҚПАЛ ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ АТА-АНА «Бүгін міне өте керемет кеш, керемет күн. Өте қуанышқа толы күн. Себебі, Ажарлымыз мектепті өте жақсы нәтижемен аяқтап жатыр. Алтын белгісін алуға келіп тұрмыз. Өте қатты толқудамыз. Сондықтан, биыл мектеп бітіріп жатқан түлектердің барлығына ақ жол тілеймін.»
ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ ЖАЗУШЫ, АТА-АНА «Балалардың бойындағы әртүрлі қабілеттердің жақсы жетілуіне, жан-жақты кемелденуіне әр ұстаз ұжым болып жұмыс істеді, қызмет етті. Біз оған куә болдық. Мектептің жұмысына дән ризамыз. Ал, балаларға тек сәттілік тілейміз».
Алматы қаласының беделді де бірегей білім ордасында білімгердің тұлғалық қалыптасуын, сауатты әрі бәсекеге қабілетті болып дамуы үшін толық жағдай жасалған. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген білім орнының түлектері де 5 жыл білім берген алтын ұстаздарға дән ризамыз дейді.
АЖАРЛЫ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ ЖАС ТҮЛЕК «Бүгін мен үшін ерекше күн. Толқып тұрмын. 5 жыл оқыған лицейімді ешқашан қимаспын. Мәңгілік сағынатын боламын. Достарыма, мұғалімдеріме сәттілік тілеймін әрі оларды қатты жақсы көремін. Тек ақ жол тілеймін».
АМИНА ЕРКІНҚЫЗЫ ЖАС ТҮЛЕК «Бұл жерде менің ең жақсы есте қалар күндерім мен бақытты сәттерім өтті. Лицей маған көп мүмкіндіктер сыйлады. Алдағы уақытта Лондон қаласына барып достарыммен бірге оқуды жалғастырмақпын»
Түлектердің жанынан әркез табылған тәрбиеші ұстаздар да жүрек жарды тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, Райхан ханым қанат қағып ұшып бара жатқан сүйікті оқушысына ақ жол тілеп, түлегінің артылған үлкен жүкті ақтай алатынына кәміл сенімдімін дейді.
РАЙХАН АМАНЖОЛ 11 «А» СЫНЫБЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ «Ол әрдайым сыныптағы лидер, белсенді, жарқырап жүретін қыздардың бірі. Менің көмекшім. Ажарлыдай оқушыларымның болғанына өте қатты қуаныштымын»
Бізде ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастарына әрқашан сенім биігінен шыға білулеріне тілектеспіз!

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 349
https://www.youtube.com/embed/khmuAQhxfFg?si=SOnf2tNEfRpXiwGi"
Демалыс базасындағы атыс. Талдықорғанға демалуға барған ер адамдар өзара сөзге келіспей қалып, оның арты төбелеске, төбелес соңы атысқа ұласты. Салдарынан бір адам басынан жарақат алды. Мына видео әлеуметтік желіде бірден тарап кетті. Видеоны жариялған парақша «Мәдени демалыстың жоқтығы осындай болады» деп жазған.
Айтпақшы, демалушылардың біреуі әскери қызметкер. Жетісу облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Төбелесті бастағандар анықталды, олардың бірі әскери қызметші болып шықты, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 355
https://www.youtube.com/embed/g1Z-Ljzf-P0?si=N8Mb6jptvx9ke9OH"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды. Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.
Сондай-ақ, Президент ел халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам, дей келе әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тіледі.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 333
https://www.youtube.com/embed/axoUik1hn8I?si=UcBY7aIrK1-GCJrg"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 387
Дана халқымыз “Ғылымсыз елдің күні - түн” деп бекер айтпаса керек. Өйткені, қазіргі дамыған заманда мемлекеттің мәртебесін арттырып, мерейін үстем ететін ғылым, білім, білік. Президентіміз де бұл салаға ерекше салмақ артып отырғаны жайдан жай емес.
Бүгін елдегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының "Білім және қоғамдық ғылымдар" бөлімінің жас ғалымдар жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Мағыналы кездесу маңызды мәселелерді талқыға салды. Отандық ғылымды қолдау, дамыту, жүйелеу, жан бітіру тақырыбында түрлі көзқарас тыңдалды. Әрі нақты ұсыныстар сүзгіден өтті.
Осы орайда ерекше атап өткім келгені жастардың рухани-адамгершілік қасиетін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, белсенді орта құру және отбасы құндылықтарын бағалау бағытындағы жобалар.
Әрине, “Жас келсе іске” демекші, жиынға қатысқан жас ғалымдар ел ғылымына барынша үлес қосу негізгі міндетіміз екенін жақсы түсінеміз. Ал бұл мақсаттағы бізге деген қолдау тіпті жігерлендіреді.
Еліміздегі осындай жас ғалымдардың бір мақсатқа жұмыла білгеніне қуаныштымын!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мына мәселелерді қарағанын да хабарлады:
- ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың отандық ғылымды қолдауға қатысты міндеттерін жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Ғылымды дамытуға қатысты Ұлттық баяндаманы әзірлеу бойынша жас ғалымдардың ұсыныстары;
- «Білім және азаматтық қоғам» ғылымдар бағыты бойынша жас ғалымдардың жұмыс тобына және Жас ғалымдар кеңесінің Президумына іріктеу;
- Әртүрлі меселелер.
ҚР ҰҒА “Білім және Азаматтық қоғам” жас ғалымдар жұмыс тобының мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор А.А.Аккузова

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 644
https://www.youtube.com/embed/25XoS2C8pE8?si=rQ56YnlocDKNbc7T"
Әке асқар тау, ұлы тұлға. Әке – отбасының тірегі, үйдің жауапты иесі және қорғаушысы.Балаға өмірлік жол көрсетіп, қамын ойлап, қайғысы мен қуанышын бөлісетін жан. Осыған орай "Отбасын қолдау орталығында "Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен, Достық үйімен бірлесіп," Әкелер күні " атты маңызды дөңгелек үстел өтті. Шарада отбасындағы Ана мен қатар әкенің де бала үшін орнының маңыздылығы, толыққанды отбасында өскен ұрпақтың жан -жақты рухани тұлға болып қалыптасатыны айтылды. Әкенің ұрпағының қамын ойлайтын қаталдығын қатігездік деп шатастырып алған бүгінгі қоғамда шыныменде әкенің үлкен жүрек иесі екенінің дәлелі болса керек, көздеріне жас иірілді.
РУСЛАН КАЛИОЛЛАЕВ «ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖЕТЕКШІСІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 440
https://www.youtube.com/embed/WVBvnHFxU_4?si=nYn8edaCU_vK21Sv"
Кәдімгі қытай елінде жүргендейміз. Осылай деген Алматы қаласы,Ақкент шағын аудан тұрғындары арнамызға хабарласып,аулаларындағы қытай тіліндегі дүкендерге, самсып тұрған атауы қытайша беймәлім тауарларға өз шағымдарын жеткізді.
Бұл дүкендерде қандай заттың сатылып жатқанын білуге тырысқан осы үйдің тұрғыны тіл заңының өрескел бұзылып отырғанына күйінішін жеткізді.
ҰЛБОСЫН ТӘЖІБАЙҚЫЗЫ ТҰРҒЫН
Дүкен иесінің айтуынша осыған дейін аудандық тіл бөлімі мамандары келіп бір апта уақыт ішінде атауын ауыстыруға,орын алған заң бұзушылықтарды түзетуге ұсыным хат қалдырған.
АРДАҚ НҰРҒАЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Бұл жерде тіл мәселесімен қатар тұрғындар тауарлардың сапасына да күмәнмен қарайды.
Бұл мәселе бойынша да жауапты мамандарға хабарласқан едік.Тұтынушыларға дәлел келтіре отырып өтініш қалдыру тұрғысынан кеңестерін жеткізді.
КЕНЖЕГҮЛ ҚОНЫСБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТАМАҚТАНУ ОБЬЕКТІЛЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 402
https://www.youtube.com/embed/saU4T5QkmgA?si=_fP4unK2oGaL2l0H"
Арзанның суы татымас. Ақтауда 200-ден астам тұрғын «төменгі бағамен телефон аламын» деп сан соғып қалған. Жұрт әлеуметтік желіде аудиториясы көп белсенділер арқылы берілген «жарнамаға» сеніп, ақша аударған.Күдіктінің үстінен бірнеше жәбірленуші арыз түсірген, қазіргі таңда ол, үй қамаққа алынды. Алаяқтың арбауына ілінгендер 140 млн теңге көлемінде залал келтірген күдіктінің қылмысы дәлелденсе,10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін. Мамандардың айтуынша, Маңғыстау облысында соңғы 5 айда алаяқтық қылмыс саны 10 пайызға көбейген.
ДАНИЯР ТӨЛЕГЕНОВ - МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 348
https://www.youtube.com/embed/vgXjmp2A4wE?si=tTMGPptmOuy_QMcL"
Қаңтар оқиғасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған, бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасала ма? Бүгін қос палатаның отырысынан соң журналистер осы сауалдың жауабын депутаттардан сұраған еді. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи, егер ол оқиғаның қалай болғанын халық алдына шығып, толық мәлімдесе, «Қанды Қаңтардың» басында кімдер тұрағынын ашып айтса, ол мүмкін деген жеке ойымен бөлісті.
ЕРМҰРАТ БӘПИ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Біріншіден, менің ойымша, мұны жан-жақты қарау керек. Ол қоғам алдында, билік алдында, сот органдарында осы қаңтардағы оқиғаның бүкіл тізбегін баяндауға ниет білдірсе, онда оған мейірімділік танытуға болатын шығар. Мәсімовтің бір өзі жалғыз ұйымдастырған жоқ деп ойлаймын. Сондықтан, егер ол мұны қоғамға мәлімдесе, Қауіпсіздік кеңесінің сол кездегі төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығын орындауға мәжбүр болса, оған жұмсақтық танытуға болады».
Сондай-ақ Дикий Арманның ісін тергеу неге созылып кетті, алғашқы сот отырысы қашан өтеді деген сауалға жауап берген Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы бұл істе жасырын тергеу әрекеттері, жедел іздестіру шаралары мен жауап алу, адвокат, прокурорлардың сөз сөйлеуі ұзаққа созылуда дейді. Нақты үкім қашан шығатыны белгісіз.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 458
https://www.youtube.com/embed/cSlY1EuQ3GE?si=0G73Bg_isQfas1UC"
Алдағы демалыстан бастап әйелдер мен балалардың құқығын қорғайтын жаңа заң күшіне енеді. Бұл заң қоғамда резонанс тудырды, Парламенттің екі палатасы екі оқылымда қарап, 15 сәуірде Мемелекет басшысы өзі қол қойған болатын.Жаңа құжатқа сәйкес әйелдер мен балалардың намысына тиіп, қорлағандар енді қатаң жазаға тартылады.Тіпті өмір бойы бас бостандықтарынан айырылады. Сондай-ақ бұл заңда тек жұбайынан жәбір көрген әйелдер ғана емес, барлық нәзік жандылар мен барлық балалардың құқығы тең қорғалады. Мейлі ол жақын туыстары, бұрынғы некедегі жары тіпті болмаса көшедегі бейтаныс адам не болмаса телефон арқылы қорқытқандар болса да, жәбірленуші арызданса, осы жаңа құжаттың аясында қаралады. Ал, онда жаза қатал.
АҚМАРАЛ СЕРІКБАЕВА ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: «Денсаулыққа ауыр зиян келтіру, орташа ауырлықтағы зиян келтірудің жазаларынан бостандықтан шектеу жазасын алып тастадық, алдағы уақытта олар тек қана бас бостандығынан айырылатын болады. Ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтіру заңмен қылмыстық жауапкершілікке аусытырылатын болады. Тағы да қылмыстық кодекске бұрын болмаған жаңа жауапкершілік енгізілді, 16 жасқа толмаған жасаөспірімге қатысты жыныстық қол сұғушылық жасаған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады».
ШЫҢҒЫС АХИМОВ АСТАНА ҚАЛАСЫ ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: «Әйелдердің өзі агрессия көрсетіп жатады. Бағынбаушылық білдіріп жатады. Қызмектерлердің талаптарын орындамай. Ер адамдар да, қыз-келіншектер де, жасөспірімдерді хабарласып жатады. Жәбірленуші тарапынан да қоңырау шалуы мүмкін. Немесе көршілер шу болған соң хабарласуы мүмкін».
Айтпақшы, жаңа заң бойынша енді тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары полицияға арызданып, іс қозғалғаннан кейін оларға жұмыс орынынан бір ай уақыт бойына демалыс беріледі. Ол уақыт аралығында психолгпен бірге әлеуметтік қызметкер жәбірленушінің социумға қайта ілесіп кетуі үшін жұмыс жасайтын болады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 581
https://www.youtube.com/embed/Hexg2rkcao0?si=UigJ10j-M4XVR-O6"
Сапалы, әділетті сот қызметін дамыту. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында осы мәселе көтерілді. Енді судья болу үшін талап күшейеді. Жаңа заңға сәйкес ол тіптен қиындайды. Себебі, адам тағдырының төршесі болу оңай қызмет емес.
Сотта судья болу үшін, үміткер 30 жасқа толған, жоғары білім мен 5 жылдық жұмыс өтілінің болуы керек. Әкімшілік, сыбайлас жемқорлық және басқа да теріс қылықтары болмаған, заңды бұзбағандар ғана бұл қызметке жақындай алады. Арнайы емтихан тапсырып, білімдерін дәледегеннен кейін ғана жұмысқа алынады. Талап қатал болғандықтан ба, судья қызметіне маман тапшы.
ДЕНИС ШИПП ЖОҒАРҒЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бүгінгі таңда еліміз бойынша судьялар үшін 350-ден аса бос жұмыс орны бар. Біздің ойымызша, заңға енгізілген түзетулер бос судья қызметінің орнына маман тартуға мүмкіндік береді. Мәселен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық сотында судьяның орны 3 жылдан бері бос тұр. Онда барып, жұмыс істегісі келетін азаматтар жоқ».
Жаңа заңдағы өзгерістерді үш бағыт бойынша бөліп қарауға болады. Біріншісі- сот жюриінің жұмысын жетілдіруге қатысты. Екінші бағыты сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссияның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін өзгертуді қамтиды. Түзетулердің үшінші бағыты судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан олардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге арналған.
НҰРЛАН БЕКНАЗАРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Ұсынылып отырған норма аясында, жоғары тұрған сот тарапынан төменгі тұрған соттың істі қарауы барысында заңдылықтың өрескел бұзылу фактісі анықталған жағдайда, облыстық немесе Жоғарғы Соттың Төрағасы тиісті пленарлық отырыста судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту немесе тартпау туралы мәселені талқылау жөнінде Сот жюриіне ұсыныстар береді. Пленарлық отырыстың қандай да болса шешіміне қарамастан, заңдылықтың өрескел бұзылу фактілері бойынша барлық материалдар тексеру үшін Сот жюриіне жіберілетін болады. Қазіргі таңда тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы шешімдерді Жоғарғы Соттың және облыстық соттардың пленарлық отырыстары қабылдайды».
Айтпақшы, қоғам назарын аударған аты шулы экс-министрдің сот отырысынан кейін судья Айжан Күлбаева әлі де арнайы күзетпен қамтамасыз етілген. Себебі, бұл сот процесінен кейін оның өміріне қауіп төндірушілер қатары азаймай тұр.Ал, егер мына жаңа заң қабылданса, ондай мәселе туындамайтынына сенаторлар сенімді.
Еще материалы
Страница 76 из 229
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.