
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 363
https://www.youtube.com/embed/fPEXsIeSP6g?si=NymXSXmYYHKSXlEb"
Полицей ерлігі. Ақтөбеде учаскелік инспектор өзенге секірген жасөспірім қызды құтқарып аман алып қалды. Оқиға былай болған. 3 маусымда полицияға Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғандығы туралы хабарланады. Ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жіберіледі. Полиция қызметкері өзенге киімімен секірген баланы көріп, бірден көмекке жүгірді. Осылайша, ол өз өмірін өлімге тігіп 13 жастағы қыздың артынан бірге суға секіріп, оны аман жағаға алып шығады. Міне, ерлік емей немене?

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 401
https://www.youtube.com/embed/aRdmwXR6QI0?si=HbiYDYdS3GAdMT2R"
4 маусым — ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні! Айтулы күнде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен «Тұғырлы туым» атты жарқын патриоттық бағытқа арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Шара аясында халықпен бірге әнұран орындалып, Отанға деген мақтанышты оятар әуезді ән шырқалды, мемлекеттік ту көкте желбіресе, 30 байкерден тұратын мотоциклшілер Іле ауданынан Қонаев қаласының орталық алаңына дейін көк туды желбірете отырып керемет шеру көрсетті.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «Халқымыз үшін азаттықтан ардақты, байрақтан биік құндылық жоқ. Көк туымызды биікте желбірету - қасиетті парызымыз, азаматтық борышымыз. Біз ұлттық нышандарымызды ұлықтау арқылы, өскелең ұрпаққа үлгі мен өнеге көрсетеміз. Оларды отансүйгіштік, жасампаздық рухқа тәрбиелейміз. Сондықтан осы рәсімнің тағылымдық тәрбиелік мәні зор. Ардақты ағайын, халқымыздың мерейін асыратын мерекемен тағы да құттықтаймын! Мызғымас мемлекетіміздің белгісі егемен еліміздің көк байрағы көкте мәңгі желбірей берсін!»
Айтулы мерекеге орай, Алматы облысында 300-ден аса іс-шара өткізіліп, 23 000-нан астам қатысушы ел мен жерге, рәміздерімізге құрмет көрсетті.
БИБІГҮЛ ӘЛІМҚҰЛҚЫЗЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ «Мен бүгінгі рәміздер күнінде айтарым, байрағымыз көктен түспесін. Көк туымыз желбіреп, аспандап, қазақ елінде тек тыныштық, бейбітшілік болсын деп тілеймін! Жастарға сенемін! Оларға зор денсаулық, патриоттық сезім тілеймін!»
МАДИЯР ЖАНБОЛАТҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ ЖАСТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Бүгінгі іс шара өте керемет деңгейде өтуде. Жыл сайын осындай мереке үлкен деңгейде өте берсе деген ниеттеміз. Бұндай іс шаралар жастар арасындағы патриотизмді, елге деген сүйінішті, сүйіспеншілікті оятады деп сенемін».
Көк байрағымыз көгімізде әркез желбірей берсін!

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 463
https://www.youtube.com/embed/5BS5aFBo-7Q?si=7MtYv0PGntJkrKT-"
Солтүстік Қазақстан облысында «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Аққайың ауданында өткен қорғаныс іс-шарасында жер сілкінісі кезінде адамдарды эвакуациялау, апат болған аймақтарға көмекті тасымалдау, тізімге алу және жарақат алғандарға алғашқы медицианлық жәрдем беру әрекеті пысықталды.
Аталған қорғаныс іс-шарасы елімізде 3-4 маусым аралығында ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу жиыны басталысымен арнайы мамандар алдымен теміржол платформасында тактикалық-арнайы тиеу жұмыстарын жүргізді. Мақсат, төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ресурстар мен техниканы жедел жұмылдыру және осы бағытта мамандарды даярлау.
МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ – СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Командалық-штабтық оқу-жаттығуы Смирнов ауылында өтіп жатыр. Жағдайға сәйкес облыстан Алматы қаласына арнайы күш пен керек-жарақ жөнелтілмек. Қазір тактикалық тиеу жұмыстарынан бөлек, деректерді пысықтау да басты назарда. Апат болған өңірлерге арнайы көмекті жіберуге сақатай сай болуымыз керек».
ЕВГЕНИЙ ОСТЕРТАК СҚО АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мұнда 14 арнайы топ құрылды. Құрамында 25 бірлік техника мен 52 адам бар. Инженерлік қызмет, байланыс, электр, қуат, транспорт, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары да кез-келген жағдайға дайын тұр. Яғни қандай да бір елді-мекенде жер сілкінісі бола қалған жағдайда біздің мамандар көмекке барады».
Айта кеткен жөн, республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары еліміздің Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында ұйымдастырылуда.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 292
https://www.youtube.com/embed/I3Y2gMXItfY?si=zb1XVsZGO_7Ge9N5"
Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды.
«Осы мерекеге орай біз жаңа ғана еліміздің бас байрағын көтердік. Көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін! Туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді. Жақында қазақтың қайсар қыздары Эверестке шықты. Туымыз әлемнің ең биік шыңында тағы да желбіреді. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Намысты өрендеріміз Париж төрінде туымызды тік ұстайды деп сенемін».
Мемлекет басшысы байрағымыз аспандаған сайын ұлт мерейі асқақ болатынын айтып, туды тәуелсіздігіміздің тұмары әрі ынтымағымыздың бастауы деп атады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Батыр бабаларымыз ел тағдыры сынға түскен сәтте бір тудың түбінен табылған. Бірлігін бекем ұстаған, елі мен жерін қорғаған. Байтақ даланы көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағына мирас еткен. Сол аманатқа адал болу – ұрпақтың ұлы мұраты».
Президенттің айтуынша, Қазақстан бейбіт мемлекет ретінде татулық пен келісімді қашанда басты орынға қояды және барлық мемлекетпен достық қатынас орнатқан.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Соның арқасында туымыз жер жүзіне бірлік пен бейбітшіліктің байрағы ретінде танылды. Біз достық қағидатын әрдайым берік ұстанамыз. Қазір бәріміз бір кісідей жұмылып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Баршаға бірдей мүмкіндік беретін қоғам орната бастадық. Аз уақыт ішінде ауқымды саяси реформа жасадық. Жаңа экономикалық бағытымызды айқындадық. Сондай-ақ жас ұрпақтың сана-сезімін жаңғыртып, сапалы ұлт болуға бет бұрдық. Мұның бәрін жүзеге асырып, түбегейлі орнықтыру – оңай шаруа емес. Ол үшін, ең алдымен, ырысты ынтымақ керек. Барша Қазақстан халқының тағдыры – ортақ, болашағы – бір. Сондықтан бір ел, бір халық болып, ту түбінде тұтаса білсек, көздеген мақсатқа міндетті түрде жетеміз.
Президент мемлекеттік рәміздер негізгі құндылықтарымыз бен мұраттарымызды айшықтап, әрқайсымыздың бойымызда елімізге деген шынайы мақтаныш сезімін оятатынын жеткізді. Сонымен қатар басты елдік нышандар сын сағатта да, жеңісті күндерде де барша азаматты біріктіретініне тоқталды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 293
https://www.youtube.com/embed/LOrLeoFmVJo?si=RI7BkQOw0UWnFulX"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 284
https://www.youtube.com/embed/zLyrWK2UbPw?si=Vp7KA9VPJPsmtgyb"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді.Президент заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, Ресейдің Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы басқа елдердің делегацияларын осы бастаманы қолдауға шақырды.Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалог мемлекетаралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Бүгінгі кездесу халықаралық ахуал тым шиеленіскен жағдайда өтіп отыр. Геосаяси текетірес өршіген кезде өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатердің ауқымы да айтарлықтай өзгерді. Әлемдегі қақтығыс қауіпті деңгейге жетті. Әсіресе, Таяу Шығыстағы ахуал қатты алаңдатады. Газа секторында күн сайын жүздеген адам қаза тауып, жарақат алып жатыр. Олардың арасында қарапайым азаматтар, әйелдер мен балалар бар. Миллионнан астам бейбіт тұрғын қиын жағдайға тап болды. Барлық негізгі халықаралық ұйымдар Палестинадағы гуманитарлық ахуалды мүшкіл деп атады. Шын мәнінде, апатты жағдай шегіне жетуге таяп қалды».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 352
https://www.youtube.com/embed/Yvbdh0uUKNo?si=qpOrl6mWvu8KhQ_L"
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне пышақпен шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Бұзақы 25 жастағы қала тұрғыны. Оқиға өткен түнде болған. Отбасылық жанжал кезінде зардап шеккен әйел жедел жәрдем қызметін шақырады. Шақыртуға фельдшер келген кезде ер адам мас болып, балағат сөздер айтып, жұмыс істеулеріне кедергі келтіреді.Полиция департаментінің мәліметінше, ер кісі фельдшерді бір бөлмеге кіргізіп, есікті жауып алып пышақпен қорқытыпты.
Медицина қызметкерлері дереу полиция шақырған. Қазір бұзақы ұсталды. Уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 279
https://www.youtube.com/embed/FzjDS3qGdz8?si=fbf3uMsP3PmHQX4q"
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға деп бөлінген 105 млн теңгені қолды қылған шенеунік 6,5 жылға сотталды. Мәдениет және спорт министрлігі мұрағат істері құжаттама комитеті төрағасының орынбасары IT-компаниясының директорымен бірлесе Үкімет қаражатын қалталарына басып, ол ақшаға өздеріне қымбат зәулім үй сатып алған.Сотта айыптаушылар кінәсі толығымен дәлелденді.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Комитет басшылығы орындалған жұмысқа бюджет қаражатын бөліп, оны орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша ақпараттық жүйенің әзірлеушісіне қайта аударған. Ұрланған ақша қаражаты қылмыстық шығу тегін жасыру және заңды айналымға енгізу үшін сенімді тұлғаларға рәсімделген қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға бағытталды.Сотталушылардан келтірілген залал сомасы өндіріліп, әрқайсысына 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұрынғы мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына және мемлекеттік наградалардан айырылды».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 428
https://www.youtube.com/embed/iomHiXu4TZs?si=GIyjM0KIeiVBbnjo"
Оқу жылы аяқталып, білім орындарында кезекті педагогикалық кеңестер өткізілуде. Алматы қаласында №209 мектеп-гимназиясында «Өзара байланысты құзыреттерді енгізу арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту» атты педагогикалық кеңес өтті.
АЛТЫНБУ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №209 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ «Функционалдық құзіреттілік дегеніміз – оқушылардың әртүрлі пәннен алған білімін өмірде тиімді пайдалана білуі. Яғни, әртүрлі пәннен алған білімін оқушылар өмірде тиімді пайдалана білуі керек. Қиын жағдайлар болады, әртүрлі ситуациялар болады, түрлі проблемалық жағдайлар болады, сондай кезде оқушы өз алған білімімен ситуациядан шыға алуы. Қазіргі таңдағы ПИЗА сынды әртүрлі бақылау жұмыстары арқылы оқушының алған білімінің сапасын анықтай аламыз».
Айта кету керек, функционалдық сауаттылықты меңгеру ұстаздар үшін де таптырмас білім болмақ. Себебі, ұстаздың басты міндеті – сапалы білім беру, оқушылардың жеке қабілеттерін ашу және дамыту. Сондай ақ, мектеп басшысы жыл аяғында білім сапасының 2-3 пайызға төмендегенін байқап, жаңа оқу жылында үздік 100 ұстазға арнайы тегін курс сыйламақ.
БОЛАТ ҚАНАТҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №209 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Біз функционалдық сауаттылықты №209 мектеп гимназиясында тетік ретінде Lasson Stady арқылы енгізейік деп отырмыз. Біз KPI өткіздік. Соның нәтижесі арқылы 100 мұғалімді анықтадық. Сол үшін біз мектеп қаржысынан, үздік 100 мұғалімге Lasson Stady курсын сатып алдық. Осы ұстаздарымыз курсты тамыз айында өту арқылы фунционалдық сауаттылықты қалай енгізетінін зерттейді, содан кейін балалардың оқу сауаттылығын көтереміз».
Басшылық жаңа үлкен жобаның өз оң нәтижесін беріп, білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздар жақсы көрсеткіш көрсететіндеріне үлкен сенімдерін білдіруде.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 471
https://www.youtube.com/embed/7id8tVh6AsQ?si=xRX1dLQVsinbjcl5"
Бүлдіршіндерге қамқорлық танытып,өмірдің бар бақытын сыйлау қоғамдық борышымыз. Балаларды қорғау күні мерекесіне орай Алматы қалалық номері 10 емхананың дәрігерлері ана мен бала қоғамдық орталығына арнайы барып игі шара ұйымдастырды.
Аналар үйіндегі өткен ашық есік күні білікті мамандар сәбилердің денсаулықтарын толық тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда нұсқаулық тағайындады. Еліміздегі әр сәбидің денінің сау болып ержетуіне зор үлестерін қосып жатқан ақ халатты абзал жандар мұндағы әр нәресте мен аналарға сый сыяпаттарын да ала келген.
БАЯН ӘЛКЕЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 10 ЕМХАНАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында,жас аналарға қолдау көрсету негізінде құрылған орталықтың құрылғанына 11 жылдың жүзі болған. Бүгінгі шарада аналар үйінің мамандары дәрігерлер қауымына өз алғыстарын жеткізді.
МАЙРА ТҰРСЫНБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №1 АНАЛАР ҮЙІНІҢ АЙМАҚТЫҚ МАМАНЫ
Сауапты іс мұнымен шектеліп қалмай емхананың өзінде де жалғасты. Жыл сайын дәстүрге айналған бүгінгі шараға балаларға ерекше құрмет көрсетілді. Ақ халаттылар арнайы сыйлықтар табыстап,бүлдіршіндердің көңілдерін көтеруге тырысты.
ГҮЛСІМ САДЫРБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 10 ЕМХАНАНЫҢ БАЛАЛАР БӨЛІМІНІҢ АҒА МЕДБИКЕСІ
Аталмыш емханада 6 мыңға жуық бала тіркеуде тұр.Әрқайсысының денсаулығы мұндағы дәрігерлердің жіті бақылауында.
АИДА ЕРЖАНҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 10 ЕМХАНАНЫҢ ПЕДИАТРИЯ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Ашық есік күні келген балаларға жақсы көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін мерекелік шараға ұласты.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 378
https://www.youtube.com/embed/LC1XeIAPeAU?si=fpyjycTJGJZAhPY_"
1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай «Мейірім мекені» орталығында бүлдіршіндерге арналған іс-шара өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында жұмыс жасап жатқан «Мейірім мекені» орталығына биыл 3 жыл толады екен. Қазіргі уақытта орталықта 25 отбасы, оның ішінде 87 бүлдіршін өмір сүріп жатыр.
НҰРСҰЛТАН СӘБИТҰЛЫ «МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Мейірім мекенінің бағыты – көпбалалы, жалғыз басты мұқтаж аналарға уақытша мерзімге, үш жыл мерзімге тегін баспанамен қамтамасыз етеміз. Аналарамыз, балаларымыз далада қалмасын деген ниетте, аяққа тұру мақсатында ашқан болатынбыз. Қазіргі болып жатқан мерекеміз, жылдық қорытынды, наурыз форматта балалар күніне арнап, мереке ұйымдастырып жатқан жайымыз бар».
Орталықта аналарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін арнайы жұмыс цехі ашылған. Балалардың алаңсыз өмірі үшін ойын-сауық бөлмелері ашылып, толық жағдаймен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, орталық серіктестіктері, соның ішінде Асар-Уме қайырымдылық қорының қолдауымен 8 отбасы баспаналы болған. Бүгінде Алматы облысы, Алматы қаласы және Жетісу облысының партия филиалдары бірігіп, 25 отбасына азық-түлік түрінде және басқа да қажеттіліктер жағынан қайырымдылық көмектерін көрсетті.
РИШАТ АСҚАРБЕКҰЛЫ РЕСПУБЛИКА ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Біз өзіміз басынан бастап осы жерде өмір сүріп жатқан азаматтардың жағдайын, осында қандай көмек керек екенін білеміз, қадағалап отырамыз. Негізінен бұл жерде әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылар өмір сүреді. Сондықтан, біздің партияның платформаларында саяси бағдарламаларда көрсетілген. Жалпы бұл әлеуметтік жағынан қамту, әлеуметтік жағынан көмек көрсету жағы да біздің жұмыстарымызға кіреді»
«Мейірім мекені» деп аталатын орталық ғимарат жеке кәсіпкер Қайрат Реимовтың бастауымен салынған. Іс-шараның қадірлі қонақтарының қатарында кәсіпкердің анасы да болып, өз ризашылығын білдірді.
МАРИЯШ СЕРІКБАЙҚЫЗЫ «МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ҚАЙРАТ РЕИМОВТЫҢ АНАСЫ: «Мұқтаж жандардың осындай шаттық күндерін көруді маған Алла нәсіп еткен екен. Осы күнді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгін «Балаларды қорғау күні» дейді. Кейбір әкелер балаларын қорғаудың орнына, оларды тастап кетіп жатыр. Сондай балаларды да, әкелері мәңгілікке кетіп қалған балалрды да, инвалид ата-аналарға да осындай жәрдем беруді біз ұйғарып, менің балам жалғыз өзі осының бәрін тұрғызды, жасады. Аллаға мың да бір тәуба!».
Ұйымдастырылған іс-шарада балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі болып, әртүрлі сыйлықтар тарту етіліп, жылдық қорытынды бойынша үздіктер алғыс хаттармен марапатталды.
МАРИЯШ СЕРІКБАЙҚЫЗЫ «МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ҚАЙРАТ РЕИМОВТЫҢ АНАСЫ: «Бүгінгі балалардың шаттық күні, қуанышты күні құтты болсын. Осы Мейірім мекенінен үлкен бір үй алып, әрқайсысы бір қожалық болып, үлкен бір ұрпақтар болып, үлкен бір ауыл болып, қала болып қалыптасуына мен тілекшімін! Соны көп тілеймін Алладан. Ешбір ана, бала жыламаса екен».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 287
https://www.youtube.com/embed/fiRUMFaibfo?si=f4gHLlTpsC4-Lbsv"
Еще материалы
Страница 81 из 230
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.