НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде қандай банкноталар 2026 жылы айналымнан шығатыны белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, Ұлттық банк «Сақ стилі» банкноталарының жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығаруды жалғастырады. 2026 жылдың соңына шығару жоспарланған 20 000 теңгені есепке алмағанда, барлық номиналдағы банкноталар айналымға шығып болды.
Жаңа банкноталарды шығару кезінде ескі және жаңа купюралардың айналымда қатар жүретін кезеңі болатынын атап өту маңызды. Яғни, азаматтар сауда-саттықта ескі ақшамен де төлем жасап, оларды жаңасына айырбастай алады деген сөз. Осы уақыт аралығында банктер жаңа банкноталармен жұмыс істеу үшін өзінің банкоматтары мен кассалық жабдықтарын баптайды. Бұл тәсіл ақша ауыстыру кезінде халық пен бизнесті асықтырмай, қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы, номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру кезеңі 2023 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы қыркүйекке дейін созылғандықтан, халық пен бизнес ескі ақшаларды жаңасына еш кедергісіз ауыстыруға мүмкіндік алды. Бүгінгі таңда айналымда қалған ескі үлгідегі банкноталардың көлемі 1%-дан аз. Олар банктерге кейін де түсе береді, ал кейбір бөлігі жоғалып, сыртқа әкетілуіне немесе коллекция түрінде сақталуына байланысты қайтпауы да мүмкін.
2026 жылы номиналы 2 000 және 10 000 теңгелік банкноталар үшін айналымда қатар жүру кезеңі аяқталады:
— 10 000 теңге — 2024 жылғы 28 маусымнан 2026 жылғы 27 маусымға дейін;
— 2 000 теңге — 2024 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 24 маусымға дейін.
Ұлттық банк 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Себебі ол банкноталар халық пен кәсіпкерлер арасында кеңінен таралған.
"Оның үстіне, 2 000 мен 10 000 теңгелердің айналымда қатар болу уақыты бір мезгілде аяқталатындықтан, банк жүйесіне қосымша ауыртпалық салуы мүмкін. Сол себепті, мерзімді ұзарту халық пен бизнеске ескі банкноталарды жаңасына біртіндеп әрі ыңғайға қарай ауыстыруға көмектеседі, сондай-ақ ескі үлгідегі банкноталардың табиғи тозуын қамтамасыз етеді", — делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Сонымен қатар, айналымдағы қатарлас кезең аяқталған соң да барлық банктер мен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі ақшаларға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық банктің филиалдары — мерзімсіз айырбастайтынын еске салғымыз келеді.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар болған кезеңде заңды төлем құралы болып қала береді, олар өз құнына сай ҚР бүкіл аумағында төлемдер мен аударымдарда, банк шоттарына есептеуде қабылдауға жатады.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 13 қаңтарда қол қойды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы шот ашылғаннан кейін азамат тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемін алу үшін электронды өтініш толтырады. Өтініште арнайы шоттың нөмірі, қаражатты пайдалану мақсаты және қолжетімді сома көрсетіледі. Өтініш өтініш берушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен расталады", — делінген құжатта.
Бұған дейін өтініште жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдері де көрсетілуі тиіс болатын.
Жаңартылған қағидаларға сай, біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мына мақсаттарда пайдалануға болады:
— тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық қарыздың негізгі қарызын толық немесе ішінара өтеу (бір банк қарызы шарты аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу де осыған кіреді);
— тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жеке тұрғын үй салу, соның ішінде нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық саналатын жер телімін сатып алу.
Сонымен қатар, біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша құқықтарды жұбайына және (немесе) жақын туыстарына беру мүмкіндігі сақталады.
Алайда мұндай құқықтарды үшінші тұлғаларға қайтадан беруіне жол берілмейді. Айта кету керек, бұрын бұл норма тұрғын үй құрылыс жинақтары салымы туралы шартқа қатысты қолданылған.
Өзгерістер тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін де нақтылайды. Атап айтқанда, белгіленген мерзімде растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, пайдаланылмаған қаражат өтініш берушінің БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылады.
"Егер біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шоттан қате түрде БЖЗҚ-ға қайтарылса, уәкілетті оператор өтініш берушінің келісімін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электронды хабарлама жолдайды", — деп атап өтті банк қате аударымдарға байланысты түсініктеме бере отырып.
Ал БЖЗҚ бұл хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қате қайтарылған соманы, өтініш берушінің жеке зейнетақы шотындағы қаражат көлемінен аспайтын мөлшерде, уәкілетті операторға қайта аударады. Кейін бұл қаражат өтініш берушінің арнайы шотына түседі.
Аталған бұйрық 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ал кейбір нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыла бастайды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде енді әскерге шақырылғандарға несие берілмейді. Банктер мен микроқаржы ұйымдары әскерге шақыру жасындағы әлеуетті қарыз алушылардың мәртебесін тексеруге міндеттеледі. Егер азаматтың әскер қатарында қызмет өткеріп жатқаны анықталса, оған кредит беруден бас тартылады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Ауа райының бұзылуына байланысты Алматыда 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылады. Алматының қалалық қызметі қардың жаууына және күннің күрт суытуына дайын, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Алдағы күндері қар жауып, сынап бағанасының төмендеуіне байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен тұрғын үй инспекциясының өкілдері айтты.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түні Алматыда жауған қар 17 қаңтар кешке дейін жалғасады. 16 қаңтарда түнгі және күндізгі ауа температурасы –5…–7 градус шамасында болады. Ал 17 қаңтарда түнде ауа температурасы –11…–13 градусқа дейін төмендеп, күндіз –7…–9 градус шамасында сақталады.
Осыған байланысты 15 қаңтардан бастап қаладағы барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшірілді. Өндірістік базаларда жүргізушілер, механизаторлар мен жол саласы жұмысшыларының тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауғанға дейін арнайы техника орналастырылатын аумақтарда 210 құм себетін көлік кезекшілікке қойылады. Сонымен қатар алдын ала негізгі магистральдық көшелерге сұйық реагенттер себілмек.
Тәулік бойы 1030 бірлік арнайы техника, сондай-ақ жеке ұйымдардан тартылатын 200 техника мен 2710 жол саласы жұмысшысы жұмылдырылады. Аула аумақтарын тазалау жұмыстарына 1790 жұмысшы мен 256 бірлік арнайы техника тартылады. Бұған қоса, жолдың қауіпті учаскелерінде, еңіс пен жоталарда, сондай-ақ жолайырықтарына кіріп-шығатые жолдарға көктайғақтың алдын алу және оны уақытылы жою үшін 75 жедел бригада жол жамылғысының жағдайын үздіксіз бақылап отырады.
Сонымен қатар Алматы қаласының Құтқару қызметі 16 бірлік арнайы техника мен 50 қызметкерді тарта отырып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 53 бірлік арнайы техника мен 244 адамнан тұратын жеке құрам кезекшілік атқарады.
Аудан әкімдіктерінде атқарылып жатқан жұмыстардың орындалуын бақылау мақсатында тәулік бойғы кезекшілік енгізіледі.
Күннің күрт суытуына, көктайғақтың пайда болуына, жолда қардың нығыздалып қатуына және тротуарларда мұз қатуына байланысты қала тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады. Жүргізушілерге қозғалыс жылдамдығын азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты ұлғайту және шұғыл маневр жасамау ұсынылады.
Жүргізу тәжірибесі аз автокөлік иелеріне жеке көлікпен жүруден уақытша бас тартып, қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес беріледі. Ал жүргіншілерге тротуарларда абай болу, сондай-ақ көпқабатты үйлердің маңында сақтық таныту ұсынылады, себебі шатырдан қар құлауы мүмкін.
Еще материалы
Страница 5 из 86

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.