
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 534
https://www.youtube.com/embed/G3PnSGtO2vw?si=ibMGLga2BghhY_fz"
Мексикада шамамен 4000 адамнан тұратын үлкен керуен бөлінді. Көшіп-қонушылар АҚШ-тың оңтүстік шекарасына қарай үлкен топпен жаяу жүріп, ол жаққа көшіп, жаңа өмірді бастауға үміттенді.
Босқындарға транзитке арнайы рұқсатсыз көлікпен баруға болмайды. Бірақ Мексика үкіметі оларға осындай анықтама беруге уәде берді. Содан кейін олар адамдардың құжаттарын өңдеу үшін бірнеше көші-қон орталықтарына бөлінуі керек екенін айтқан. Кейбір мигранттар мұны биліктің қулығы деп санайды.
ГОНДУРАСТАН КЕЛГЕН БОСҚЫН: "Бұл босқындар керуенін жоюдың жолы деп ойлаймын, себебі ол өте үлкен болды. Олар оны бөлді. Мысалы, ер адамды отбасынан бөліп алып, жалғыз алып келді. Сондай-ақ жүкті әйелдер мен балаларды бір жерге апаратындарын айтты, бірақ ол өтірік сияқты".
ГОНДУРАСТАН КЕЛГЕН БОСҚЫН: "Біздің ойымызша олар көшіп-қонушылар тобын бөліп тастамақшы. Бәлкім, бұны керуенді тарқату үшін жасаған болар. Ешкім бізге нақты түсіндірмейді".
32 босқын босатылған соң керуен таратылды. Оларды Тамаулипас штатындағы автобустан белгісіз содырлар ұрлап кеткен. Арасында негізінен Латын Америкасынан келген мигранттар болды. Автобус Техас штатына бара жатқан. Баспана сұраушылар мен құқық қорғаушылар бірнеше айдан бері түрлі қылмыстық топтар ықпал ету салалары үшін күресіп жатқан Тамаулипас маңындағы адамдарды ұрлау дағдарысы күшейіп бара жатқандығын ескертіп келеді. Ал Нью-Йорк 17 автобус компаниясын штаттың заңын бұзған деп айыптап, сотқа шағым түсірді. Бұл тасымалдаушылар штатқа Техастан 33 мыңнан астам мигрантты жеткізген. Бұл науқанды шекарадан заңсыз өтетін адамдарды өз аумағынан шығарып жіберу үшін республикалық штат губернаторы ұйымдастырды. Ол Байден әкімшілігін көші-қон заңдарын әлсіреткені үшін айыптайды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 555
https://www.youtube.com/embed/u0ML6F2bwFs?si=KClkupV4zPxYTNzG"
4 қаңтарда Мәскеуде 27 градус аяз тіркелді. Бұл соңғы 74 жылдағы ең төменгі температура. Синоптиктердің мәліметінше, қазір Ресейдің астанасында әдеттегіден 13-15 градус суық.
АННА – МӘСКЕУ ТҰРҒЫНЫ: "Мұндай аязды көптен бері көрмеген шығармыз. Ештеңе жоқ. Біз қыста да, мамырда да жауын-шашынға үйреніп кеттік. Сондықтан бәрі жақсы ".
Мәскеуліктерді суық қорқытпайды, бірақ кейбір туристер үшін мұндай ауа райы күтпеген жағдай болды.
АННА – МӘСКЕУ ТҰРҒЫНЫ: "Суық болсада, күннің көзі жылытады. Жандүнием қуанады. Өте жақсы ".
АЛЕКСЕЙ МАГНИТОГОРСКІДЕН КЕЛГЕН ТУРИСТ: "Біз ауа райы жылы болады деп ойладық. Солай болса екен. Сәл ұзағырақ серуендеуге болады. Аяз атаға рахмет. Ол бізге жақсы қысқы ауа райын сыйлады".
Аязға байланысты Мәскеуде мұз инесі деп аталатын сирек кездесетін атмосфералық құбылыс тіркелді. Бұл мұз кристалдары түріндегі қатты жауын-шашын. Олар күн сәулесінде немесе ай жарығында әдемі жарқырайды. Синоптиктердің болжамынша, қатты суық Мәскеуде Рождествоға дейін сақталады. Содан кейін минус 6-10 градусқа дейін жылынады. Скандинавияға да қатты аяз келді. Швецияның солтүстігінде, Полярлық шеңберден шамамен 150 шақырым оңтүстікте орналасқан Лулео қаласында температура минус 38 градусқа дейін төмендеді. Жергілікті тұрғындарға үйлерде электр жарығы өшірілетіні хабарланды.
ЛУЛЕО ТҰРҒЫНЫ: "Мен қаншалықты суық екенін көруге жоғарыға көтерілдім, минус 38 градус болып шықты. Сондықтан бізге тек пешті жағу ғана қалды ".
Күнгследен туристік тау соқпағы өтетін арктикалық Квиккьокк ауылында 44 градус аяз тіркелді. Бұл Швециядағы соңғы 25 жылдағы ең төменгі қаңтар температурасы. Ал елдің оңтүстігінде ауа райының апаты басқа. E22 Автожолында жолды қар басып қалды. Салдарынан ондаған жүк көлігі тұрып қалған. Жүргізушілерді әскерилер эвакуациялады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 571
https://www.youtube.com/embed/j2Sa4zR9Veo?si=dd-JoDs_cfiGnc5V"
Маңғыстаудағы Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылу себебін анықтау мақсатында Алматы қаласынан орнитологтар Ақтауға баратын болды. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте белгілі болды. Өңірдегі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары 601 сыбырлақ аққудың өлімі фактісін растаған.
Қаракөлдегі аққулардың жаппай қырылуы өткен жылдың 21-ші желтоқсан күні белгілі болған еді. Бастапқыда 30 аққудың өлексесін тапқан мамандар соңғы тәулікте өлген құстың саны 600-ден асқанын мәлімдеді. Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов өлікселерге қатысты санақ күнде жаңартылып тұратынын айтты. Жалпы Қаракөлге 5 мыңнан астам сыбырлақ аққу қыстауға келіпті.
ТЕМІРБЕК НҰРТАЗИН ҚР АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Ұлттық референттік орталықтың зерттеуі бойынша, олардың қорытындысы бойынша, протокол бойынша, құс тұмауы анықталып отыр. Біздер кеше тағы 5 өлекседен под материал алып, ұлттық референд орталығына бүгін таңертең жеткізгенбіз».
Бастапқы талдаулар нәтижесі аққулардың құс тұмауын жұқтыру себебінен өлуі мүмкін екенін көрсеткен. Олардан H5N1 азиялық штаммы анықталған. Бұл вирустың адамдарға жұқпалылығы төмен, құстарға әсер етеді, басқа жануарлар жұқтырған жағдайда симптомсыз өтеді екен. Енді құстардың жаппай қырылуының себебін анықтау үшін Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциясының орнитологтары зерттеу жүргізеді. Қазір көпшілік бұл жағдайға алаңдаулы, әсіресе ақтаулықтар. Табиғат жанашырлары қолдан жемдеу әдісін пайдаланып көрейік деген ұсыныстарын да білдірді. Алайда мамандар, жасанды жемдеу кері әсер ету мүмкін екендігін айтады.
ЖАСҚАЙРАТ НҰРМҰХАМБЕТОВ ҮСТІРТ МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ ҚОРЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Қаракөл көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады. Мұнда құстарды жемдеуге және тұрғындарға арнайы киімсіз қазіргі құс тұмауы кезінде өте қауіпті. Осы тұрғындарға алғысымызды білдіреміз. Құстарды жемдеуге, қаражат жинаймыз дегендерге алғысымызды білдіреміз. Бірақ ондай шараларды көлде жасауға болмайды. Арнайы мамандар келеді, сол мамандардың қорытындысы бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады».
Нұрлан Ноғаев құстардың жаппай қырылуына қатысты орын алған жағдай, оның таралу себептеріне байланысты көптеген сұрақтар туындатып отырғанын, бұл жағдай егжей-тегжейлі тергеуді талап ететінін атап өтті.
НҰРЛАН НОҒАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Бұл өте алаңдататын мәселе. Сондықтан құрметті әріптестер, өзінің құзыретінің аясында қажетті шараларды қабылдау керек. СЭС, ветеринария, экология, ауылшаруашылығы, орман жануарлар дүниесін қорғау, мемлекеттік органдар, қажетті зерттеу, ғылыми институттары, солардың мүмкіншіліктерін қосуымыз керек. Талқыланған мәселелер бойынша әр мемлекеттік орган өзінің құзыретінің аясында қажет шараларды қабылдау керек».
Айта кетейік, Қаракөл көлі Қазақстанның қорғалатын орнитологиялық орындарының қатарына жатады. Бұл мекен жыл құстары үшін қолайлы аумақ. Бір жыл ішінде құстардың 80-нен астам түрі келеді. Бұл сулы-батпақты көлде жылдың әр мезгілінде суда жүзетін және су маңындағы құстардың 175 түрі, оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құстардың 21 түрі мекендейді екен.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 536
https://www.youtube.com/embed/1IO8IIfnZRo?si=TcGk022KBGVO_0JP"
СҚО Мәмлүт ауданының Бексейіт ауылында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып,нәтижесінде екі адамды күйік шалған. Төтенше жағдай туралы хабарлама 5 қаңтар күні сағат 19:43-те Мәмлүт ауданының нөмірі 15 өрт сөндіру бөліміне келіп түскен.
Жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 2 шаршы метр алаңды шарпыған. Термиялық күйікпен 1940 жылы туған әйел мен 2002 жылғы немересі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шегушілердің жағдайы жақсы.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 486
https://www.youtube.com/embed/vYIPB54irFM?si=GJRTlxRyqpI9BbR5"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 586
https://www.youtube.com/embed/HJrrh0j385M?si=cnIlmnkN7PS9y0na"
Ұлт тәрбиесі-ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшіна балабақша табалдырығынан басталатын ұлттық нақыштағы ойындардың мәні зор. Балалардың сөйлеу құзыреті жоғарғы деңгейде қалыптасуы ұсақ маторика тәсілдерімен құрылымына байланысты. Осы орайда ойын арқылы таным процессом дамыту атты тақырыппен Алматы қаласы Б остандық ауданына қарасты номера 155-ші бөбекжай-балабақшасында семинар болып өтті.
Психолог мамандар мен тәрешбиилер арасында іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткен семинарға өзге де балабақша мамандары қатысып өз ойларымен бөлісті. Бөбекжай балалары өз қолдарымен қазақ үй құрастырып, басқа да танымдық ойындарға белсене араласты.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 614
https://www.youtube.com/embed/4Pu2PgEcIkE?si=m6b-ljU52FQQvWTO"
Жылдың басында түскен мол жауынның зардабын оралдық тұрғындар тартты. Сарытау шағын ауданына қарасты Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі жеке үйлердің ауласын су басқан. Қыстың көзі қырауда әбігерге түскен қараша, биліктен көмек сұрайды.
Орал қаласының Зашаған кентіне қарасты Сарытау шағынауданы Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан үйлердің тұрғындары аулаларын су басу мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Жаңбыр жауып, қар еріген мезетте еріген су көше бойын жайлап, зардабын жеке тұрғын үйлердің иелері тартады. «Су басу мәселесі жер бедеріне, айналма арық жүйесіндегі ақауға байланысты»,- дейді тұрғындар. Айналаға құм төсеп, бөгет қойылғанымен, нәтиже жоқ.
АЛМАГҮЛ ҒАБДУӘЛИЕВА ЗАШАҒАН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
ӘБІЛҚАЙЫР ИБРАЙЫМОВ ЗАШАҒАН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындар аулаларына кірген суды өз қаражатына техника жалдап сорғызып, жағдайды жақсартуға әрекет жасауда. Бұл мәселеге қатысты Зашаған кентінің әкімдігіне 2 қаңтар күні 20-ға жуық азаматтан арыз түскен. Оның негізінде сала мамандары екі ауысымда жұмыстар жүргізіпті. Ауа райы құбылса зашағандықтарды әбігерге салатын «айналма арық жүйесі қызметінің бұзылуына тұрғындардың да ықпалы бар»,- дейді әкімдік өкілі.
АСЫЛЖАН ХАЙРУЛЛИН ЗАШАҒАН КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осылайша, арық жүйесі мәселесінен хабардар әкімдік өкілдері жағдай бақылауда екенін жеткізді. Алда арықтың жұмысын бір жүйеге келтіру шаралары қабылданатын болады. Кент тұрғындары интернет желісінің де тым нашар екендігін айтады. Көше жолының сапасы да сын көтермейді. Әкімдік мамандарының айтуынша, жеке инвестор есебінен интернет желісін жақсарту жоспарланған. 2024-2025 жылдары Сарытау шағынауданының жолын жөндеу жоспарына сәйкес Сұлтан Бейбарыс көшесінің қалған бөлігі жаңғыртудан өтеді, - дейді аймақ билігі.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 539
https://www.youtube.com/embed/DNbzMF3mWpU?si=FsDbyjMiUUmoYAnE"
2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді береді. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады. Егер 2 ай 100 аударымнан көп төлем жасалып, арасында үзіліс жасап төлем аударылса, немесе 100 аударымға жетпейтін мөлшерде болса, бұндай жағдайда тексеріс жүргізілмейді. Банктерден ақпараттың келуі кезең - кезеңімен жүзеге аспақ. Естеріңізге сала кетейік тіркеусіз қызмет үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.
ЕРКІН ЕЛШІБЕКОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 514
https://www.youtube.com/embed/aOTZNqd8R_A?si=LKDsvSx09evYNbJf"
Маңғыстаудағы «Бекі-Басқұдық» су құбырының жыры әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қаржы бөлініп, құбырларын жүргізу жұмысы аяқталсада кейбір жерлерден ақау шығып, игі шаруа аяқсыз қалып тұр. Өңірге іссапармен барған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров пен ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов мәселенің мән жайымен танысып, шешу жолдарын айтты.
«Бекі-Басқұдық» су құбырын қайта құрылымдауға республикалық бюджеттен 273 млн теңге, жергілікті бюджеттен 42 млн теңге бөлінген. 315 млн қаражат толықтай игерілгенімен,алайда су жүйесін іске қосқанда, 7 шақырым құбырдың бойында ақаулар пайда болып, материалдар жарамсыз күйде қалған. Енді оны қалпына келтіру үшін тағы екі жыл уақыт керек, - дейді вице-министр Ерболат Ибрайханов.
ЕРБОЛАТ ИБРАЙХАНОВ – ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Бұл жерде енді жалпы саясат министрліктікі. Ауыз су мәселесі ол жергілікті атқарушы органда болу керек. Сондай саясат барлық жерде болып жатыр. Бүгінгі таңда біз екі группавой водоводымызды беріп жатырмыз. Бұл енді долго строй болған. 2012-ден бері проблема болып келе жатқан обьект. Біз халықтың жан айқайын түсінеміз. Сондықтан, бүгін осындай шешімге келіп отырмыз».
Ұлы жолды жағалай орналасқан Бекі ауылында 400-ге жуық тұрғын бар. Қазір ауыз суды тасымалмен ішіп отыр. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаровтың айтуынша аталмыш проблема қадағалауға алынған. Жергілікті биліктің бақылауында екенін айтты.
БЕКБОЛ ОРЫНБАСАРОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Мына судың жарылуына байланысты 7 км мәселесін шешу тұр. Жалпы қазіргі кезде бір оңай шешімі бар оның, біз барлық осы жерде тұрған су жүйесін мына жергілікті атқарушы орган балансына беру жөнінде. Себебі мәселе тез шешіледі. Ол мәселе қазір өзінің шешіміз тез тауып келе жатыр. Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетте қазір бұл мәселе жатыр. Жақын арада біз шешіледі деп ойлаймыз».
Кеткен қаржының да сұрауы бар. Министрлік сол сапасыз құбырды төсеген мердігер мекемеден жауап алу, кеткен олқылықтың орнын толтыру үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 577
https://www.youtube.com/embed/A3TGtWxt3jg?si=a8fYsaSjmAUOf9rs"
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Қазақ-Қырғыз халықаралық «Шығыстың шеберлері» кітабының тұсауы кесіліп, таныстырылымы өтті. Симпозиумның мақсаты: Қазақ-Қырғыз халықаралық қолөнер шеберлері, кәсіби суретшілер мен көркем еңбек пәнінің педагогтарының арасындағы мәдени құндылықтарды насихаттау, креативті индустрияны дамыту, өзара тәжірибе алмасу.
САЛТАНАТ ЖАПАРОВА ҚАЗАҚСТАН ЭТНО ДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бұл жерде көркем еңбек пән мұғалімдерінің шеберлігін арттыру мақсатында, олардың осындай кәсіпқой шеберлерден алмасу мақсатында жасалып отыр. Шеберлік сыныптар болады. Бұлар өзіміздің қолөнерімізге бағытталған. Сонымен қатар киім үлгілеріне, мәдени құндылықтарымызды көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған іс-шара».
Бүгінгі жиында тұсауы кесілген «Шығыстың шеберлері» кітабында көркем еңбек пән мұғалімдерінің және кәсіпқой шеберлердің, суретшілердің шығармашылық туындылары енгізілген. Осы кітап арқылы шеберлердің шығармаларын дәріптеу мен болашақ ұрпаққа үлгі болу мақсаты басты назарға алынған. Айта кетейік, алдағы уақытта «Қазақстан этно туындылары» атты кітапқа Республика көлеміндегі шеберлер мен сәнгер, суретшілердің туындыларын басып шығару да жоспарда бар. Іс-шараға Қазақстан этнодизайнерлер одағы, «Жебе» баспасы мен мектеп мұғалімдері қатысты. Симпозиумда сәнгерлердің туындыларынан дефиле көрсетіліп, шығармашылық туындылар көрмесі ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары қарастырылды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 882
https://www.youtube.com/embed/IzxwMJmUSWM?si=OMRV9k793W1oRNLo"
Алматы облысына қарасты Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы жаңа медицинские аппаратық пен толықты. Өңір әкімшілігінің қолдауйменкөпшілік көптен күткен Магниттік-резонанстық томография өз жұмысын бастады.
Қарасай ауданы облыс көлемінде миграционныелық көштің алдында тұрған аймақтың бірі. Демек медициналық-әлеуметтик салаға сұраныс жоғары деген сөз. Аудандық орталық аурухананың қызмет етіп келе жатқанына шамамен 50 жылдай уақыт болыпты.Бүгінде аудан халқының 300-мыңға жуығы осы емдеу мекемесіне тіркеліп,тиісті көмегін алы п келеди. Түрлі дертке шалдығып, диагнозы анықтау в Алматыға сандалатын жергілікти тұрғындар енді, аудандық ауруханадан толыққанды тегін тексерілуіне болады. тады.
АЛМАТ ЧОРМАНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ КЛИНИКАЛЫҚ КӨП БЕЙІНДІ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ КМК ДИРЕКТОРИЯ
Ядролық магниттік резонанс арқылы адамның ишкі мүшелері мен тіндерін кешенді третий диагноз - мүмкіндик туды. Сужаа технологии мегагерген білікти мамандар бар. Айтулы шараның ашылу салтанатына келген аудан әкімі дәрігерлерді құттықтай отырып, қуанышты жаңалықтарымен де бөлісті.
ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 499
https://www.youtube.com/embed/CBWNgneTLPw?si=MrTCae0LZ59IVwaB"
Францияның солтүстігіндегі Пас-де-Кале департаментінде су тасқыны күшейіп барады. Билік қызыл дабыл деңгейін жариялады. Су басқан қалалардан адамдар эвакуациялануда.
Арк қаласындағы Энтони Ричевиннің үйі жарты метр су астында қалды. Оның отбасы қауіпсіз жерге жеткізіледі. Олар соңғы үш айда екінші рет осындай жағдайға тап болып отыр.
ЭНТОНИ РИЧЕВЕН АРК ТҰРҒЫНЫ: «Алғаш осындай жағдай болғанда бізге берілген сәтсіздіктің бірі деп ойладым. Бірақ, бұл жағдай екінші рет бастан өткергенде, бізге бұл өте ауыр болды. Психикалық тұрғыдан да өте қиын. Сонымен қатар, бюджетке де үлкен соққы. Біз өзімізге сұрақ қоямыз: мұнымен қалай күресуге болады?»
Франциядағы тағы жеті департамент қызғылт сары дабыл деңгейінде. Толассыз жауған жаңбырды Ұлыбританияда бұрын соққан Хэнк дауылының қалдықтарын әкелді. Дронның түсірілімдері Шығыс Мидлендс аймағында кеңінен таралған су тасқынын көрсетеді. Дауыл Англия мен Уэльске қатты жел мен қатты жаңбыр әкелген. Билік су тасқыны туралы жүздеген ескерту жасады. Мыңдаған үй жарықсыз қалды. Жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. Германияның солтүстігінде су тасқынымен күрес жалғасуда. Олар желтоқсан айының соңында басталды. Кеме жүретін Хунта өзенінде орналасқан Ольденбургте уақытша бөгет салынуда. Құтқарушылар судың үлкен бөшкелерін орнатады. Жасанды тосқауыл екі шақырымға созылады. Кейбір Ольденбург тұрғындарын эвакуациялау сұралды.
ЙЕНС РОВЕР ФЕРМЕР: «Менің ойымша, Хунта кешегімен салыстырғанда тағы бір метрге көтерілді. Кеше жағдай әлдеқайда тыныш болды. Енді не болатынын көруіміз керек. Олар бүгін және ертең күн суығанша жаңбыр жауады деп болжап жатқан сияқты».
Су тасқынынан Төменгі Саксонияның солтүстік штаттары, батыстағы Солтүстік Рейн-Вестфалия штаттары және шығыстағы Тюрингия мен Саксония-Анхальт штаттары зардап шекті. Синоптиктер аптаның соңына қарай Германияның солтүстігіне Францияның батысынан келетін жаңбыр бұдан да көп болады деп отыр.
Еще материалы
Страница 152 из 229
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.