
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 173
https://www.youtube.com/embed/k8tLjOezlpA?si=ltcPlljXYEZXwgVt"
Бүгін Алматыда қалалық мәслихатының кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Жиын барысында қала тұрғындары үшін маңызды бірнеше шешімдер қабылданды. Сонымен қатар Алматы қаласын жылумен жабдықтауды дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары талқыланды.
Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбайдың айтуынша, 2040 жылға қарай мегаполистің жылу энергиясына қажеттілігі 30 пайызға өседі. Ол бұл қажеттілікті өтеу үшін қолданыстағы жылу жүйелерін жаңғырту және жаңа энергия көздерін енгізу қажет екенін атап өтті. Оның сөзінше, бүгінгі күні шаһардың жылу энергиясына қажеттілігін 85%-ға өтеп отырған «АлЭС» АҚ мен «АТКЭ» ЖШС-ына 2040 жылға дейін жылу желілерін жаңарту үшін қомақты қаржы керек.
НҰРБАҚЫТ СЕРІКБАЙ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Жылу желілерін реконструкциялау және салу жөніндегі жұмыс бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. «АлЭС» АҚ аймағына 270 млрд теңге қажет. Оның ішінде ЖЭО-2 – батыс жылу кешені жылу магистралінің құрылысына шамамен 55 млрд теңге жұмсалады. «АТКЭ» ЖШС аймағына 154 млрд теңгеден астам қаржы бөлу қажет».
Сондай ақ алып шаһардағы қоғамдық көлік мәселесі де отырыста күн тәртібі болып қаралды.Қала маңындағы аймақ тұрғындарының көпшілігі қала мен қала маңы арасында қоғамдық көліктің жетіспеушілігі немесе мүлдем болмауы проблемасына тап болады, сондықтан олар жеке тасымалдау қызметтерін пайдалануға мәжбүр. Осыған байланысты, күн сайын қала аумағына 300 мыңнан астам көлік кіріп-шығады.Қала аумағына кіретін көлік құралдарының үлкен ағынын қысқарту мақсатында бүгінде қоғамдық көлікті дамытудың шұғыл қажеттілігі туындап отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Мәслихатының ХХVІІ шақырылымында қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев мәлімдеді.
САҒЫНДЫҚ ТЕЛІБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МОБИЛДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Шаһар тұрғындарының мүддесіне тиімді қызмет ету үшін ұйымдастырылған отырыста маңызды бастамалар қабылданды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 175
https://www.youtube.com/embed/7fAYB8l4Hzw?si=8TCrMHiNQuVA2HV3"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 234
https://www.youtube.com/embed/t1F8BM5HMP0?si=SeJYpWBGJtEgqP-p"
Биыл қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр. Осыған орай Алматы қаласындағы Жоғарғы оқу орнының бірінде жыр жампозы ақынның шығармашылығына арналған әдеби челлендж бастау алды. Әсіресе, білім алушылар Египет, Монғолия, Қытай, Турция, Ресей, Марокко, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б., әлемнің он бес елінен келіп білім алып жатқан шетел студенттері, Онгуз Берен, Мэти-Корли Исаак Опар бірнеше тілде ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқып жиналған қауымды тебірентіп, Мұқағали жырларының шынайылығы мен құдіреті ұлт пен шекара талғамайтынын тілге тиек етті.
ТАСҚЫН ЕРКІНБЕКҰЛЫ СТУДЕНТ
МЭТИ- КОРЛИ ИСААК ОПАР СТУДЕНТ
Сонымен қатар, студенттер ақынның туған жері Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылына арнайы барып ақынның мұражайымен танысып және Алматы қаласындағы ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, өлеңдерін ескерткіш басында оқыды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 229
https://www.youtube.com/embed/i8h0rmtv_hA?si=-eUzPvAtvhlHpI5b"
Кәрім Мәсімовтің Астанадағы сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Астанадағы жылжымайтын мүлік аукционға шығарылғанын мәлімдеді. Аукцион 2025 жылғы 25 ақпанда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-платформасында өткізіледі.
Аукцион аясында Астана қаласындағы Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысанды сату барлық қатысушы үшін қолжетімді.Ғимараттың бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге. Аукцион бағаны көтеру форматында өтеді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 185
https://www.youtube.com/embed/-jVYjAhcWZk?si=L5x7UAUaXivjFc6Z"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 197
https://www.youtube.com/embed/21o3761cNnI?si=_V7RXsrKcL1qEH2i"
Бюджет шығыстарын тиімді жұмсау керек. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін отырыста осындай тапсырма берді. Бюджет кодексін қараған жоғары палата депутаттары құжатты мақұлдаған жоқ, мәжіліске кері қайтарды. Себебі, олар бюджетке елеулі өзгерістер енгізу қажет деп есептейді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Бүгін сенаторлар белсенді. Олар ел үшін аса маңызды құжатты қарады. Бюджет кодексін талқылаған депутаттар қосымша құн салығының 12-ден бірден 20 пайызға артқаны облыстағы ағайын үшін ауыр соққы бола ма деп алаңдайды.
ОРЫНБЕК БЕКБОЛАТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Үкіметтің соңғы мәлімдемелеріне сүйене отырып, бүгінгі таңда көп талқыланған мәселелердің бірі қосылған құн салығының мөлшерлемесін қазіргі 12 пайыздан 20 пайызға дейін арттыру болып отыр. Егер осы ұсыныс толық шешім тапқан жағдайда әлеуметтік салықты жою ұсынылады. Аталған салық негізінен жергілікті бюджеттің төрттен бірін құрап, маңызды кіріс көзінің біріне айналған. Бұл бәрімізге белгілі. Бүгін қарап отырған Бюджет кодексінде бөлу нормативтеріне сәйкес, әлеуметтік салық облыстық және аудандық бюджетте қалды. Ал кейбір корпоративті және жеке табыс салықтары үшінші, төртінші деңгейге беріліп отыр. Бұл қаншалықты орынды екені депутаттардың арасында қатты талқыланған болатын. Егер әлеуметтік салық жойылатынын ескерсек, онда қандай кіріс көздері, әсіресе, облыстық бюджетке қалады? Бұл мәселе өте маңызды. Мұндай жағдайда шығындардың болжамды сомасы қандай және облыстық бюджет қалай өтеледі?».
СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Бірақ тағы да айтайын, шешім әлі қабылданған жоқ (ҚҚС бойынша). Сол себепті қазір ешқандай қорқынышты жайттар жоқ. Бірақ ертең облыстық бюджетке қаражат жетпесе… Осы жылы тағы да үш жылдық цикл басталады. Жалпы сипаттағы трансферттерді бөлу керек. Әр облыстың жағдайын қарап, субвенция бөлеміз».
Ал, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев болса, артық жөн-жосықсыз шығындарды қысқартып, үнемділікке көшу керек деді.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Қазір көбіміз Америкада не болып жатқанын, жаңа әкімшілік қандай шаралар қабылдап жатқанын көріп отырмыз. Олар Илон Маск басқаратын жаңа министрлік құрды. Үкіметтің тиімділігін арттыру жөніндегі министрлік деп аталады. Қазір осы министрлік бюджетті қысқарту мәселесімен айналысып жатыр. Әр мемлекеттік органға талдау жасап, тиімсіз деп санаған дүниелерді алып тастап, бюджетті қысқартып жатыр. Олар қанша ақша үнемдейтінін байқап көрейік. Әрине, бізге ешкімнен ештеңе көшірудің қажеті жоқ. Бірақ шығыстарды тиімді жұмсау мәселесіне біз де назар аударуымыз қажет».
Бюджет кодексін талқылаған сенаторлар құжатты қабылдамай, мәжіліске кері қайтарды. Депутаттар кодексе өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деп санайды. Бюджеттік шығыстарды қатаң бақылауға алып, инвестиция тарту мәселесін заңмен бекіту керек дейді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 156
https://www.youtube.com/embed/7i9wsRDEX5s?si=HXKcn98JPwRi3Vtu"
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барып, құқық қорғау органдарының басшыларымен аудан әкімдігінде тұрғындарды жеке қабылдап,ауданға тиесілі мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға қатысқан азаматтар «Карлаң» және басқа да көпірлердің құрылысын жалғастыру, электр, газ желісін тарту, әлеуметтік көмек, жер телімі, ауыз су тарту, жұмысқа орналасу, сынды бірқатар мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар аудан орталығындағы тарихи ғимараттарды жаңғырту, жайылымдық жерлер мәселесінде көтерді.
ҚАДЫРБЕК БЕГЕЛОВ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Мен жана ғана облыс әкімінің қабылдауында болдым. Менің көтерген мәселем оқушылар үйін тұрғызу. Біздегі оқушылар үйі өте еске. Жалпы ол 1905 жылы ол шіркеу болған,1924 жылы темір жолшылар үйі болған.1992 жылы Роза бағланова атындағы мәдениет үйі болған.2012 жылдан бастап оқуышлар үйі болды. Өте өте ескі,бөлмелері кішкентай.. Қазіргі заманның талабына сай жабдықтап,үлкен қылып салуын сұрадым. Облыс басшысының жауабы алдағы уақытта қарайтындығын жеткізді»
НҰРСҰЛТАН АЙЕКЕШОВ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Сабалақ жердеге жер мәселесін айттым. Ондағы жердің құжаттарын заңдастырып беруін сұрадым..Бізде мал жайылатын жер жоқ,кілең жасанды жерлер. Ол жерге малды жая алмаймын. Осы сабалақтың төңірегінде ғана жая аламыз.Облыс әкіміне осы бір өзімнің мәселемді айттым. Қанағаттандырарлық жауап алдым. 3 айдың ішінде шешіп беоремін деді.
Сондай ақ облыс әкімі еңбек ардагерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен де кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәселелерді талқылады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 222
https://www.youtube.com/embed/RnuN6siGmfY?si=UwZAnZIjsJv-bjjV"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 184
https://www.youtube.com/embed/5jeLm5_w2DE?si=Qo1K7Xq-Zd00HO2r"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 246
https://www.youtube.com/embed/theXS4jMBWQ?si=KnKFLstCPBOdm1gK"
Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза болды. Қайғылы оқиға, Алматы-Бішкек тас жолының 102-ші шақырымында орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
ӘБДІНҰР ТАСЫБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ЖПҚБ БАСШЫСЫ «Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан оқиға орнында үш адам қаз тапты. Құрметі Алматыоблысының тұрындары мен қонақары сіздерді екі бағыты, бір жолақты жолдарда жүру кезінде басып оз қағидаларын және жол ережесін қатаң сақауға шақырамыз».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 216
https://www.youtube.com/embed/7zkbgDJM4NU?si=l0IokH_Lh8n7VgTT"
Елорданың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз ету үші ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде 700-ден астам ұландық алғаш рет жауынгерлік қызметке кірісті. Енді олар бас қаланың көшелерінде патрульдік қызмет атқарып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеспек.
Қызметке кіріспес бұрын жас сарбаздар бір айлық әскери дайындықтан өтіп, әскери тәртіптің негіздерін меңгерді. Қалалық ортада қызмет етудің ерекшеліктерімен танысты және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуді үйренді. Азаматтармен қарым-қатынас жасау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
ДОСЖАН САХАРИЕВ БАТАЛЬОННЫҢ ШТАБ БАСТЫҒЫ: «Жауынгерлік қызметті атқару үшін бізге жыл сайын екі шақырылым мерзімді әскерге жауынерлер келеді. Әскеге келген әскери қызметшілермен 40 күндей көлемінде алғашқы әскери дайындық жүргізіледі. Оқу көлемі аяқталғанғаи дейін он төрт күн көлемінде жауынгерлік қызыметке енгізу бағдарламысы бойынша оқытылады. Яни жауынгерлік енгізу бағдарламасы үш кезеңнен тұрады Бірінші, екінші кезеңде жеке құрамда дайындық ботын болса, үшіншіде практикалық яғни тәлімгерліктен өткіземіз. Бұдан кейін олар сынақ тапсырады, сынатан өте жақсы баға алған жауынерлер өздігінен қызме атқару үшін жберіледі.»
Жас сарбаздар шынайы жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығулардан өтіп, жедел әрі батыл шешім қабылдау дағдыларын шыңдады. Негізгі мақсат – тек жедел әрекет ету ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу және елордада тұрақты жағдайды сақтау. Қазіргі уақытта құқықтық тәртіп әскерлерінің рөлі арта түсуде, өз кезегінде жас сарбаздар да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға дайын. Ұлттық ұлан жауынгерлері заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, өз қызметін абыроймен атқаруды жалғастырып келеді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 251
https://www.youtube.com/embed/YDuLm2_DxtA?si=df3Z59civ0eP0NI1"
Еще материалы
Страница 21 из 229
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.