- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 124
https://www.youtube.com/embed/d3GZT-XfLVQ?si=iDmXsPEl4-qjxHis"
СҚО Тимирязев ауданының мехбригадалары Заречный кентіндегі су тасқынынан зардап шеккен 9 үйді қалпына келтірді. Енді 2 баспанаға жөндеу жұмыстары жасалынбақ.
Ел ішінде болған апатты жағдайдан кейін зардап шеккендердің баспаналары біртіндеп жөнделуде. Баспанасын қайта қалыпқа келтіргендердің бірі - Светлана Белая. Баз қалыпқа түсіруге 6 млн теңге жұмсалынған.
СВЕТЛАНА БЕЛАЯ СҚО ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: «Атқарылған жұмысқа ризамын. Қабырғалары кепкеннен кейін, түсқағаздарды жапсырамыз. Қалғанының барлығы ойдағыдай. Линолеумді алып, жаңасын төседік. Терезені де алып тастауға тура келді».
Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылар 49 үйдің қалпына келуіне ат салысқан.
ҚАНАТ ИМАНЖАНОВ СҚО ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бұл нысандарға комиссия мүшелері кеш келді. Өйткені бұл үйлердің тұрғындары бірнеше техникалық бақылау жүргізді. Қазіргі уақытта бізде 5 бригада жұмыс істеді. Барлығы 21 адам».
Қорытынды шешім бойынша 18 үй апатты саналып, 17-сі толық бұзылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 155
https://www.youtube.com/embed/5S3NdM8YiHk?si=UZruQDLOQNbCkJlk"
Грантқа ілінбей қалған түлектерге әлі де мүмкіндік бар. Бүгін үкіметте өткен жиналыста Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек осындай жағымды жаңалықпен бөлісті. Оқу орындарындағы атаулы ректор тағайындайтын гранттардан бөлек, еліміздегі ірі компаниялар да жеке грант бөлуде. Олардың жалпы саны 10 мыңға жуықтайды. Оны тегін оқуға түсе алмаған, алайда жоғары балл жинаған түлек ұтып алады.
Бүгін Үкімет отырысы жаңа оқу жылының басталуына арналды. Білімге жауапты қос министр жеке-жеке баяндама жасады. Орта білімге жауапты бас мұғалім Ғани Бейсембаев еліміздің барлық мектептері алдағы жаңа оқу жылына дайын. Биыл білім күні алғашқы қоңырау 4 млн.-ға жуық оқушы үшін жексенбіде соғылады деді. Одан бөлек, биыл мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздік шаралары күшейеді. Мектептердің әр бұрышына дабыл түймесі қойылып, бейнебақылау камераларының саны көбейеді.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Жаңа оқу жылында 1 қыркүйектен бастап 7,9 мың білім ұйымында 3,9 млн бала білім алады, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Бүгінде ақпарат бойынша өңірлердің оқулықтармен қамтамасыз етуі 90% жетіп отыр. Осы жылдың 25 тамызына дейін оқушыларды оқулықтармен толық қамтуды барлық өңірлер аяқтауға тиіс. Әкімдіктер тарапынан тегін тамақтандыруды ұйымдастыру үшін қажетті қаражат бөлініп отыр. Биыл қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанатын болады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артып отыр. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Биылда 510 мың баланы мектепке дайындалуға қажетті көмекпен қамту көзделген».
Ал, Ғылым және жоғарғы білім минитсрі Саясат Нұрбек болса, даулы грант мәселесіне қатысты шудың нүктесін қойды. Жоғары балл алып тұрып грантқа өтпегендер демек, ол мамандыққа деген конкурстың қатты болғаны деді. Министрдің айтуынша, грант көбіне мемлекеттік тапсырыстың аясындағы мамандықтарға көп бөлінген. Алайда, ҰБТ-дан жоғары балла алып тұрып, тегін білім алуға өтпегендер үшін әлі де мүмкіндік бар деп қуантты.
САЯСАТ НҰРБЕК ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРІ: «Біріншіден жергілікті әкімдер гранттар бөлді. 3000-дай грант. KazEnergy қауымдастығының гранттары бар. Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алу үшін Түрік Республикасының 500 гранты берілді. Freedom Finance Group компаниясынан 400 грант кеше бөлінді. Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800мақсатты грант ұсынды. «Қазақстан халқына» қоры 850 грант бөледі. Сонымен қатар, Сәтбаев, Есенов, Аманжолов, Торайғыров, Тұран-Астана және тағы басқа университеттер ректорлық 3000-дай гранттар береді. 8000-10000-ға жуық қосымша гранттар берілетін болады».
Биыл оқуға түскен түлектер үшін жатақханамен проблема болмайды деп сендірді жауапты министр.
САЯСАТ НҰРБЕК ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРІ: «Жатақхана мәселесі қазір тек ек іқалада қиын жағдай. Ол Алматы мен Астана. Әсіресе, Алматы қаласында. Біз былтыр қолданған шешім арқасында жеке меншік секторды белсенді түрде осы жұмысқа тарттық. Арнайы нормативтер субсидия былтыр екі есеге ұлғайтылды. Соның арқасында қазіргі таңда 126 объект іске енгізілді. 27 мыіңа жуық төсек орындар іске енгізілді. Биыл 27 объект, 10576 төсек орын іске қосылады».
Айтпақшы, биыл жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі. Техникалық және кәсіптік білім беру мамандығына түскен студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға ұлғаяды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 114
https://www.youtube.com/embed/BCmE7v5rUsI?si=I4YOROKe1OYn58Gm"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 179
https://www.youtube.com/embed/fycFkhe5Njg?si=-uWfngkrUhs-qGUm"
Күні кеше мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жариялады. Конкурсқа 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Алдағы оқу жылына 112 мың грант бөлінді. Алайда бұл тізімде 100 ден аса жоғары балл жинаған талапкерлердің көпшілігі іліне алмаған. Оқушылар өздерінің назын әлеуметтік желілерде жариялады.
«Әділдік жоқ!» дәл осылай деген талапкерлер төмен балл алған түлектердің грантқа түсіп, жоғарғы балл жинағандардың іліне алмағанын айтып қынжылады. Олардың айтуынша, ТЖ кезінде судан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне жеке грант бөліну қажет еді. Сол себептен жаңа тізімнің жасақталуын талап етеді. Айта кетейік, 2024 жылы жалпы грант санының 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінеді деген еді.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек грант ала алмаған түлектерді үміт үзбеуге шақырды. Оның сөзінше, 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі. Жергілікті атқарушы органдардың, яғни әкімдік гранттары бар. KazEnergy қауымдастығының гранттарына тапсыруға мүмкіндік барын атап өтті.
Жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық.
Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен. Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер!
Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты. Жұмыс берушілердің гранттары. Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады. Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі. Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөліп жатыр.
Министірдің әлеметтік желідегі жазбасына көңілі көншіген талапкерлерді көзіміз шалмады. 120 баллдан жоғары жинағандарға бұл сөздер демеу бола алмады. Талапкерлер еңбектерінің еш кетпес үшін жаңа тізімнің жариялануын талап етті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 131
https://www.youtube.com/embed/GwMwIU5Svgw?si=_JUpgZo9GP0ziOV3"
Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев аға лейтенант болып барып, капитан болып қайтты. Айта кетейік, Қырғызбаев Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының әскери қызметшісі. Клуб бастығы полковник Арман Әбеуовтың айтуынша, Отан алдындағы ерекше еңбегі, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсманға және оның егіз сыңары, Орталық спорт клубы дзюдодан команданың бөлімше бастығы - аға жаттықтырушысы Ғұмар Қырғызбаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті «капитан» әскери атағы мерзімінен бұрын беріледі.
АРМАН ӘБЕУОВ ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ СПОРТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ОРТАЛЫҚ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 128
https://www.youtube.com/embed/-uT2exBDMi0?si=r8OWGzwCK2_-E-LN"
Петропавлда «Таза Қазақстан» іс-шарасы бойынша облыс орталығында көшелер, қоғамдық орындар, көпқабатты үйлердің маңайы тазартылды. Жалпы, бұл акция басталғалы орталықтан 340 тоннадан астам қоқыс шығарылған.
Іс-шараға 3 мыңнан астам ерікті ат салысты. Көпшілігі Я.Гашек пен Крепостная көшелерінің арасын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, «Жасыл ел» жасағының сарбаздары да қатысты.
ЖАНАТ КӘКІМОВ, СҚО БОЙЫНША «БОЛАШАҚ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Жасыл Ел» жобасы арқылы 14 пен 35 жас аралығындағылар жұмысқа орналаса алады. Негізінен студенттер мен мектеп оқушылары қабылданады. Жазда олар қоршаған ортаны қоқыстан тазарту үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ еңбекақы алады, арнайы киім-кешекпен қамтылады. Жоба тамыздың 1-нен басталды».
«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері жастар үнемі қол ұшын созуда, облыста түрлі экологиялық акциялар мен іс-шаралар өткізілуде.
ДАМИР ӘБДИН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ «Бүгінгі тазалық шарасына қаламыздың жастары мен еріктілері, «Жасыл Ел» және басқа да ұйымдастардың өкілдері қатысты. Петропавл көшелерін тазартып, жайнату үшін күш біріктіріп отырмыз. Мұндай жиындар жиі өткізіледі. Аптасына 2-3 рет шығамыз».
Айта кетейік, іс-шара басталғалы барлығы 340 тоннадан астам қоқыс шығарылған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 129
https://www.youtube.com/embed/fr1sVTBV5eU?si=aYfI2Amcz3J9kl4J"
«Бір белдеу, бір жол» жобасының теңдессіз әрі ауқымды халықаралық ынтымақтастық үшін пәрменді платформаға айналды. Жобаға қатысушы мемлекеттердің бастамалары арқасында Азия, Еуропа және Африканың 150-ден астам елі тарам-тарам теміржолдар желісі, жоғары жылдамдықты күре жолдар және теңіз жолдары арқылы байланыс жасап отыр.
Айтулы жобаның Қазақстанға берері мол, тиімді тұстары да жетерлік. Мәселен Қытай халық Республикасымен өзара тұрақты сауда-саттықты дамытып қана қоймай, елімізге ірі көлемде инвестиция тартуға мүмкіндік мол. Қытайдың ірі компания өкілдері Алматыда бас қосты. Онда Қазақстандық бизнес өкілдерімен бірлесіп, маңызды жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылады.
ШАПАҒАТ ШӘКЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Көршімізбен алыс-беріс,барыс-келіс жыл өткен сайын ілгері басып келеді. Қос мемлекеттің тауар аналымы да қарқын ала бастаған.
ДЖИН ЧИН ВЭЙ ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОР «Бүгін біз Қазақстанға өзіміздің 20-ға жуық кәсіп түрлерін алып келдік. Біз Қазақстандық бизнес өкілдерімен тығыз байланыс орнатқымыз келеді.Екі мемлекет арасында достық,сауда-саттық күн санап ілгері басып отыр.Сондықтан келешекте Қазақстан нарығына сапалы өнімдерімізді ұсынғымыз келеді».
ДЖАУ ЩИЯН УАН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ «Қытай елі Қазақстанды сенімді серіктес ретінде санайды.Қос мемлекеттің бизнестік бағыттағы бастамалары жылдан жылға артып келеді.Бүгін біз өзіміздің сапалы өнімдерімізді және маңызды жобаларымызды Қазақстандық бизнес өкілдеріне таныстырдық».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 155
https://www.youtube.com/embed/9Vrd0o1H8hg?si=tnoKy37UkhytO6Do"
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдошыларымыз елге оралды. Франциядан Алматыға табан тіреген спортшыларды әуежайдан жанкүйерлері, туыстары, достары және БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен қарсы алды.
Қазақстандық чемпиондарды қарсы алуға жүздеген адам келді. Әуежайдың күту залында аяқ алып жүру мүмкін емес. Жиналғандардың көп болғаны соншалық, спортшыларды көре алмай сырт қалғандары да бар. Бәрінің ниеті бір. Париж төрінде көк байрағымызды көкте желбіретіп, ел абыройын асқақтатқан Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа гүл шоғын беріп, қолдарынан алу.
Олимпиада ойындары - тек спорттық шара ғана емес, ол барлық мемлекеттердің ерік-жігері мен намысы додаға түсетін аламан. Париж Олимпиадасына дзюдодан 9 қазақстандық қатысып, 2 медаль еншіледі. Елдос Сметов соңғы үш Олимпиада ойындарына қатысып, бәрінен олжалы оралды. 2016 жылы Риода күміс жүлде жеңіп алса, Токио Олимпиадасын қола жүлдемен аяқтады. Осы жолы алтынын мойнына тақты.
НҰРБОЛ СҮЛЕЙМЕНОВ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: «Жақсылық ағамыздың арманы орындалды. Ол кісі ырымдап Елдосқа қасығымен тамақ берген. Қырық төрт жылдан кейін Елдос ағамыздың арманын орындады. Өте жақсы сезім. Ойын басталған күні алтын бердік. Өте қуаныштымыз».
Париж Олимпиада ойындарында қола медаль иегері атанған татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ «Өте қатты толқып тұрмын. Керемет күтіп алып жатыр. Ризамын. Орын алғанда мынандай сезімді Алматыда сезіліп жатыр...»
Қазақ еліне қуаныш сыйлаған спортшыларымызды жанкүйерлері сән-салтанатпен, думандатып осылай қарсы алды.
Сәрсенбінің сәтінде ел қоржынына алғаш болып қола медаль салған мергендеріміз Ислам Сәтпаев пен Александра Ле келеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 125
https://www.youtube.com/embed/bnSrL7aFJVM?si=lqarkBeRG8jraL33"
Қазақстандық балалар ұлттық қордан өздеріне тиесілі алғашқы төлемдерді ала бастады. Қор қаржысы тек екі жағдайда төленеді. Ол ақша тұрғын үй жағдайын жақсартуға және балалардың білім ақысын төлеуге беріледі. Осы мақсатта қаржы алуға 16,6 мың қазақстандық өтінім берген. Оның 13 мыңына ақша аударылды. Ол шамамен 1,3 млн долларды құрайды деп хабарлайды Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында жыл сайын ұлттық қордың инвестициялардан түскен табысының 50 пайызы кәмелеттік жасқа (18 жас) толмаған балалардың жинақтау шоттарына аударылып отырады.
ДӘУРЕН ТЕМІРБЕКОВ ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
«Ағымдағы жылы 18 жасқа толған балаларға 100,05 доллар төлемақы есептелді. Былтырғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда 18 жасқа толмаған 6,9 млн бала бар. Оларға жіберілген аударымдардың көлемін egov.kz онлайн-платформасы немесе enpf.kz сайты арқылы білуге болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметіне сүйенсек, биылғы 1 шілдеге дейін қазақстандықтар білім беру ақысын төлеуге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға 16,6 мың өтінім берген. Оның ішінде 13 мыңға жуық өтінім жалпы көлемі 1,3 млн долларға орындалды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 108
https://www.youtube.com/embed/hT0RO87hvpo?si=VlbSmVfo3KMsEME0"
Заңсыз алтын өңдеумен айналысқандар жаппай түгел ұсталып жатыр. Ішкі істер министрлігі бағалы металл сатқандармен күресті бастады. Жамбыл облысында осындай 20 шақты цех жойылды. Қылмысқа комбинаттың бұрынғы қызметкерлерінің де қатысы болған. Кінәлілер анықталып, құрықталды,- деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС ҚР ІІМ ҰҚҚКД ӨКІЛІ: «Биыл бірқатар өңірде құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех жойылып, ондаған тонна кен тәркіленді. Полиция қызметкерелрінің мәліметінше, шілдеде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізіп, "Алтыналмас" АҚ "Ақбақай" комбинатының аумағында құрамында алтыны бар кенді ұрлаумен айналысқан күдіктілерді ұстады. Іздеу іс-шараларының нәтижесінде Ақбақай, Мойынқұм, Бірлік кенттерінде 11 заңсыз ұсақтау цехы анықталды. Онда кен мен тастарды өңдеуге арналған арнайы жабдық, алтын, қаражат, сондай-ақ тоғыз атыс қаруы мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. “Қаракөз” карьерінің аумағында заңсыз кен іздеушілердің екі бригадасы ұсталды. Олардың құрамындағы 17 адам шахталарда кенді заңсыз өндірген. Барлығы дерлік әкімшілік жауапкершілікке тартылды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 92
https://www.youtube.com/embed/DVp2FksixN0?si=AWK8GXxOver8wTXg"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 116
https://www.youtube.com/embed/6lt1fFgzMAU?si=cgkup1iRxWRItu5Z"
Әлеуметтік желілер, онлайн сауда дамыған сайын, киберқауіпсіздік мәселесі де күн тәртібінен түспей отыр.Елімізде 140 мыңнан астм веб сайт тіркелген. Ал интернет қолданушыларының саны соңғы 10 жылда 80 пайызға жетті. Қазақстанда көбіне банктегі есеп-шоттар, жеке мәліметтер хакерлердің шабуыл нысанына айналады. Ақырында алаяқтардың құрығына іліккен қарапайым халық сан соғып қалады.Осыған орай Ақпараттық қауіпсіздік саласын дамыту мақсатында бірқатар заңнамалық, салалық ведомстволық актілер күшіне енді.
РУСЛАН ӘБДІҚАЛЫҚОВ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Біз жеке деректерді қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылауды өткен жылдың желтоқсан айында ғана алдық және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салдық.Бүгінде ел азаматтарының жеке басын куәландыратын қағаз көшірмелерін жинауға заңмен тыйым салынған және бұл үшін айыппұлдар қарастырылған.Жеке деректері таралып, банк несиелерін алудан ерікті түрде бас тарту несиені тоқтату функциясы арқылы жүргізіледі.Осы платформаның Egov мобильді қосымшасы арқылы электронды үкімет порталы осы функцияны белсенді пайдалануға шақырамын.Ақпарат электронды үкімет порталының жеке кабинетінде орналасқан және әрбір азамат күн сайын порталға кіріп, өзінің жеке деректерімен не болып жатқанын көре алады».
Ақпараттық шабуылдың маңыздылығын түсінген мекемелер қорғанудың түрлі тәсілдерін қолдану аясын күшейтуге бет бұрды.Осы мақсатта Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы іске қосылып отыр.
Еще материалы
Страница 24 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.