
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 111 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/d6nr2NFVQqk?si=tcMtzWS_Hm-IOQQm"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 149 рет қаралды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна №17 Студенттер үйі барып, «Тұрақты қаланы жоспарлауда экологиялық принциптер мен технологиялар» атты тақырыбына тәрбие сағатын өтті. Студенттер белсенді қатысып, қала дамуна қосар үлестерінің мол екенін көрсетті.
Қазіргі заманның басты міндеттерінің бірі – қоршаған ортаға зиян келтірмей, тұрақты әрі жайлы қалалық орта құру. Осы мақсатта экологиялық принциптер мен заманауи технологияларды қолдану аса маңызды. Энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, жасыл ғимараттар мен көгалдандыру – тұрақты қаланы дамытудың негізі. Энергия тиімділігі – ресурстарды үнемдеудің басты жолы. Жылу мен электр энергиясын үнемдеу арқылы қалалық инфрақұрылымның экологиялық ізі азаяды. Сонымен қатар, күн мен жел энергиясы секілді жаңартылатын көздерді пайдалану қоршаған ортаны ластамай, тұрақты дамуға жол ашады.
Жасыл ғимараттар – экологиялық құрылыс талаптарына сай салынатын, энергияны аз тұтынатын, таза ауа мен жарыққа қолайлы жағдай жасайтын нысандар. Мұндай ғимараттар тұрғындарға жайлы орта ұсына отырып, табиғи ресурстарды үнемдейді. Қала кеңістігін көгалдандыру – тек эстетикалық мән беріп қана қоймай, ауа сапасын жақсартып, климатты жұмсартуға әсер етеді. Көпжылдық ағаштар мен жасыл аймақтар қаланың «өкпесі» іспетті. Осылайша, экологиялық қағидаларды сақтай отырып, біз болашақ ұрпаққа таза әрі өмір сүруге қолайлы қала қалдыра аламыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 140 рет қаралды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ҚФ-302 тобы мен аталмыш топ эдвайзері, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидатының мәні мен маңызы» атты тақырыпта эдвайзерлік сағат өтті. Тәрбие сағаты барысында топ студенттерімен тақырты жан-жақты талқылап, пікір алмасу болды.
Расында, қоғамда әр адамның өмірлік ұстанымы, құндылығы болады. Сол құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы – адалдық. Адалдық – адамның ішкі тазалығы, шынайылығы мен әділеттілігі. “Адал адам – адал еңбек – адал табыс” қағидаты – осы құндылықты нақты көрсететін ұғым. Бұл тек сөз тіркесі емес, ел болашағын айқындайтын маңызды бағыт. Адал адам – әрқашан шындықты жақтайтын, әділетті шешім қабылдайтын, жауапкершілікті сезіне білетін тұлға. Ол өзінің жеке пайдасынан бұрын елдің, қоғамның мүддесін ойлайды. Мұндай адамның ісі де, сөзі де сенімді болады. Ал адал еңбек – сол адамның күнделікті өмірде таза жолмен әрекет етуі. Жұмысын бар ынтасымен, шын ниетімен атқаратын адам ғана жетістікке жетеді. Арам жолмен келген табыс ұзаққа бармайтыны анық.
Адал еңбек – қоғамның дамуына, ел экономикасының нығаюына да зор үлес қосады. Жемқорлық пен әділетсіздік азайып, таза еңбек үстемдік құрғанда ғана мемлекет алға басады. Осындай еңбек нәтижесінде келетін – адал табыс. Бұл тек материалдық табыс емес, рухани қанағат пен ішкі тыныштық. «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидатын ұстану – қазіргі заман жастары үшін маңызды. Бұл қағидат әр азаматтың бойында болса, қоғамымыз әділетті, бірлігі бекем, болашағы жарқын елге айналары сөзсіз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 128 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/AoE67crv6q4?si=4izS7OMocQ7LtEb-"
«Біз біргеміз Қазақстан 2030» қоғамдық ұйымына түскен қаражатты жеке меншігіне иемденіп, оған қымбат зергерлік бұйымдар мен үй, көлік сатып алып, қалғанын саяхатқа жұмсаған Перизат Қайраттың ісін қаржы мониторинг агентті тергеуді толық аяқтады. Бұл істе оның анасы Ғәни Алашбаева да кінәлі болуы мүмкін. Ол да үй қамаққа алынды. Анасы мен қызы заңсыз табысты жалған құжат арқылы меншіктеріне иемденіп отырған.
ЕРНАР ТАЙЖАН ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Заңсыз табысты заңдастыру үшін ол өз бақылауындағы 16 жеке кәсіпкерлікпен жалған келісімшарттар жасап, металл үй, қайық, етік және басқа да тауарлар жеткізіледі деп көрсеткен. Алайда бұл тауарлар нақты жеткізілмеген. Перизат Қайрат 1 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, оны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған; – Осы соманың ішінен 72 миллион теңгені ол анасының атына тіркелген "Алашбаева" ЖК-нің шотына аударған, сылтауы — Солтүстік Қазақстан облысындағы (СҚО) зардап шеккендерге тұрмыстық техника сатып алу. Бірақ шын мәнінде бұл ақша қолма-қол алынған, ал бір бөлігіне 6,9 миллион теңгеге Rolex сағаты сатып алынған. Сонымен қатар, 2024 жылдың қаңтарында Қайрат Палестинаға көмек ретінде жиналған қаражаттың бір бөлігін "Rebel Flowers" ЖШС-ін сатып алуға жұмсаған. Сатып алу құны 23 миллион теңге болғанымен, келісімшартта 2 миллион теңге деп көрсеткен. Агенттік есебіне сәйкес, бұл гүл бизнесінен Қайрат 69 миллион теңге табыс тапқан. Перизат Қайрат жымқырылған қаражатқа мынандай жылжымайтын және жылжымалы мүліктер сатып алған: • 4 автокөлік; • 4 пәтер; • 2 автотұрақ орны; • Бір үй, бір жер телімі және құрылыс нысаны. Сондай-ақ оның иелігінен жалпы құны 158 миллион теңгеге бағаланған зергерлік бұйымдар, аяқ киімдер мен сөмкелер тәркіленген. Қылмыстық жолмен алынған, жалпы құны 865 миллион теңге болатын барлық мүлікке сот шешімімен тыйым салынған».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 108 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/T47gFQOU4VI?si=FOP1IvF11lInDZmB"
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында 700-ден аса тұрғын өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті ала алмай келген. Түрлі диагноздармен диспансерлік есепте тұрған тұрғындарды Аудандық прокуратура қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегенін анықтады. Заңбұзушылық аудандық ауруханадағы тегін медициналық көмек көлемін талдау аясында белгілі болды.Прокуратураның қадағалауымен тегін дәрі-дәрмекпен қамту ұйымдастырылып, басқа да қажетті препараттарды алуға алдын ала тапсырыс берілді.
ЕРНАТ МАҚСОТОВ,БҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 106 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/apZp_MtdNEY?si=B4AFXhB7Op21qr-u"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 116 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/s3pyOjGd1rU?si=FxiPqac6stH8rJK_"
Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында АҚШ әкімшілігі импорттық өнімдеріне өзара негізде кедендік баж салығын енгізіп жатқан 185 елдің тізімі бар кестелерді жариялады. Олардың қатарында Қазақстанда бар. Салықтың өсуіне не себеп болуы мүмкін, сарапшы маманның пікірін білген едік.
АЙБАР ОЛЖАЕВ, ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ «Жалпы Трамптың Қазақстанда баж салығын арттыруы біздің тікелей жалпы өзіміздің сатылымымызға ешқандай аса бір ықпал бермейді, себебі біздің Америкаға сатып отырған тауарларымыз дайын тауарлар емес шикізат. Негізінен бұл ферроқорытпалар, уран және мұнай. Ал олар АҚШ-ның негізі өзіне керек тауарлар болып саналады.Оның ішінде тонтал бар сирек кездесетін метал. Сондықтан олар Баж салығынан түгел босатылған.Сондықтан бізге ешқандай бір әсері жоқ.Біздің тауарлар Баж салығын төлемейді өйткені біздікі дайын тауарлар емес, шикізат».
Сарапшының айтуынша Трамптың Қытайға салынған Баж салығы және Еуро одақпен болып жатқан арадағы қатынас, әлемдегі экономикалық белсенділікті төмендетіп, мұнай бағасының құлдырауын туғызуы мүмкін екенін жеткізді. Айта кетейік 10 пайыздық базалық баж салығы 5 сәуірде, ал бірқатар елдер үшін 9-нан бастап күшіне енетіні хабарланды. Трамп тарифтердің мөлшерін өзгерте алатынын да ескертті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 117 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mvQp9MPygdk?si=fhdO1LS-fCsWP0D3"
Еліміздегі оқырмандарға кеңінен танымал өңірлік басылымдардың бірі – «Атамекен» газеті. 90 жылдан астам тарихы бар бұл басылым Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар мен маңызды жаңалықтарды үздіксіз жариялап, билік пен халық арасындағы алтын көпір қызметін атқарып келеді.Жуырда ”Атамекен”ұжымы өз ардагерлерін құрметтеу мақсатында арнайы іс-шара өткізді. Бұл шара газеттің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ардагер журналистердің еңбегін бағалап, олардың еселі еңбегіне алғыс білдіруді көздеді. Тақырыпты толықығырақ тілшіміз баяндайды.
Ақындар мен батыр елінде бүгін – ерекше күн. Өңірдің төл басылымы, ұлттық журналистиканың қарашаңырағының бірі – «Атамекен» газетінің ардагерлеріне арналған мерекелік шара өтті. Халықтың мұңын атқарушы билік өкілдеріне жеткізіп, қордаланған мәселелерді қалт жібермей еңбек еткен ардагер журналистеріне ерекше құрмет көрсетіп отыр.Олардың қатарында 75 жасқа толып, редакцияның отынан кіріп,күлімен шыққан аға буын өкілдері бар.
НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫ –ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫ: «Біз енді жасымыздан осы газетке мақаламыз шығуға іңкәр болып өстік. Журналист болу, газетщик болу - газетке тілші болу адамның махаббаты. Журналист болу махаббатсыз тумайды. Соны сүю керек. Титтайымыздан газетке мақалаларымыз шығып, 14 жасымнан мақалаларым шыға бастады.Ол кезде аптасына 3 рет шығатын. Компартия бар. Аудандық партия комитеті 1 үтір, 1 қате кетсе күнделікті қадағалап, таяқ жеп отыратынсың. Сондай болатын.»
«Атамекен» газетінің тарихына көз жүгіртсек, бұл басылымда қазақтың сөз өнеріне сүбелі үлес қосқан тұлғалар қызмет етті. Олардың қатарында Балғабек Қыдырбекұлы, Сейдахмет Бердіқұлов, Оспанхан Әубәкіров, Әнуарбек Дүйсенбиев секілді біртуар қаламгерлер бар. Газеттің басшылық тізгінін әр жылдары Ханымбүбі Ақжолова, Мәжит Түменов, Нағашыбек Қапалбекұлы, Күмісжан Байжан, Есенқұл Жақыпбеков, Рәтбек Терлікбаев сынды зиялы қауым өкілдері ұстады.
КҮМІСЖАН БАЙЖАН ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ЖУРНАЛИСТ: «Аудандық Атамекен газеті осы газетте өзім 20 жыл бас редактор болғанмын. Маған дейін жазушы Нағашыбай Қапалбекұлы редактор болған. Екеуіміз бір сыныпта оқығанбыз. Бұл енді кештің мәні 1 сыныптан Жамбыл атындағы орта мектептен 5 журналист, жазушы шықтық.»
Ұлттың үні, елдің шежіресі болған «Атамекен» газеті өз оқырманының жүрегінен әрдайым орын алады. Журналистика майталмандарының өнегелі жолы – болашақ қаламгерлер үшін темірқазық болып қала бермек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 115 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Ekl77SCMcYA?si=Io9f_Joz_mwunY-k"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 156 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/jkMV1aADEhw?si=qAuMuZ6WZam91qky"
Алматыда жастар саясаты басқармасының қолдауымен іске асырылып жатқан «Жастарға арналған жалпықалалық мансап күндері» ауқымды жобасы басталды. Бастаманың мақсаты - жас мамандарға жұмыс табуға, кәсіби дағдыларын дамытуға және әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс орнатуға көмектесу. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында айтылды.
АҚАРЫС ТӨРЕБЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Біз жастарға жұмыс табумен қатар, өз дағдыларын дамытуға, нарық талаптарын түсінуге және мотивация алуға мүмкіндік беретін бірыңғай алаң құрып жатырмыз. Жалпықалалық мансап күндері» жобасы жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетудегі маңызды қадам болады және алматылық жастар арасында кәсіби дамуға тұрақты ынталандыруды қалыптастыруға көмектеседі».
Ұйымдастырушылар 8 мыңнан астам жастарды қамтуды және кемінде 500 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді жоспарлап отыр. Жәрмеңкелерден басқа, кәсіпорындарға экскурсиялар және БАҚ пен әлеуметтік желілерде белсенді ақпараттық қолдау қарастырылған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 157 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JwUQV5APba0?si=1duziae2gL9OmoIO"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 190 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/QSXuk_HIUso?si=tLc0tZxpcns-ZR7_"
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Мемлекет басшысының ІV Ұлттық құрылтайда көтерген тапсырмаларын талқылау мақсатында Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаевпен кездесу өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың ғылым, білім және педагогиканы дамытуға баса назар аудара отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан негізгі тезистер талқыланды.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ "Ел Президенті соңғы 3 жылда өздеріңіз жақсы білесіздер 12 сәуірде Ғылым күнінде Ғылым кеңесін өткізіп отырады.Биыл 3 мәрте өткізу жоспарланып отыр.Сондықтан бұл да біздің жалпы Ғылым саласының дамуына үлкен серпін беріп отыр. Президентіміз Ұлттық құрылтайда өзінің бағдаламалық баяндамасында Заң мен Тәртіп деген негізгі мәселені қозғады, бұны үнемі айтып жүр. Әділетті Қазақстанның негізі де осы Заң мен Тәртіп."
Сондай Мәлік Отарбаев Ұлттық құрылтайдағы және Президентіміздің көтеріп отқан ең басты мәселелері қоғамдық мәдениетті дамыту екенін алға тартты.
МӘЛІК ОТАРБАЕВ,ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ "Ия Заң мен Тәртіп болу керек.Заңмен шектелу керек.Бірақ бәрінен бұрын қоғамдық мәдениет дамығаны абзал. Жалпы біздің өзіміздің ұлттық құндылықтарға негізделген негізгі мәдениет болуы тиіс. Сондықтан да Президентіміз осыған мән беріп отыр.Біздер де бүкіл ғылыми еңбегімізді, зерттеуімізді, барлық зерттеу жұмыстарымызды осыған арнауымыз керек сияқты."
Тағы басқа мақалалар...
14 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.