- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 323 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Da5Ra8IDyE0?si=5AfESz7GnZs4JcTn"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 339 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/caEA3jfd6S8?si=CBjgFPZ0YJrdZvd6"
Кейбіреулер үшін SUP тақтасын міну - бұл жағымды әсер қалдыратын жай серуендеу. Бірақ, спортшылар үшін емес.
Таиланд шығанағы жағалауында спортшылар керемет эмоцияларын шығаруда. Паттайяда өтіп жатқан ескек есуден әлем чемпионатында 52 елден жүздеген спортшы бақ сынауда. Жарыс үш номинация бойынша өтеді: техникалық жарыс, спринт және алыс қашықтыққа жүгіру.Техникалық жарыста әйелдер арасында испаниялық Эсперанса Баррерас бірінші орын алды. Ерлер арасында АҚШ-тан келген Коннор Бакстер жеңіске жетті. 15 шақырымдық жарыста Эсперанса Баррераста мәреге бірінші келді.
Оның үстіне ол өткен жылы алтын алған болатын. Ерлер арасында француз Нуак Гарью жеңімпаз атанды. Дәл осы француз спортшысы 200 метрлік жарыста бірінші орын алды. Әйелдер құрамасын америкалық Сейшел Вебстер жеңді. Чемпионатты Халықаралық каноэ федерациясы ұйымдастырды. Алғашқы турнир 2019 жылы Қытайда өткен болатын. 2020 жылы пандемияға байланысты үзіліс болып, одан кейін Венгрия мен Польшада чемпионат өтті.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 335 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/L0yBMtzksdI?si=Fu33QSs_LMkDFns1"
Талдықорған әуежайы маңындағы Дауылбай қорымынан ерте темір дәуіріне жататын қорған табылды. Мұндай олжа отандық археологияда сирек кездеседі. Элиталық қорғанның биіктігі 3-4 метр. Диаметрі 40 метр. Айналасы ормен қоршалған. Далалық зерттеулер барысында бұл жердің бірнеше рет тоналғандығы белгілі болды. Қазба жұмыстары нәтижесінде ер адамның сүйек қалдықтары, екі керамикалық ыдыс, малдың қаңқалары және ағаш қынабы бар акинак семсер табылған. Сондай-ақ алтын бұйымдардан: белдік ілмешегі, түтікше, мысық тұқымдасына жататын аң бейнелі айылбастар анықталған.
Мамандардың пікірінше, қазылған қорғанды осыдан 2 мың жылдай бұрын Жетісу жерін мекендеген үйсін мәдениетімен байланыстыруға болады. Археологтар әрмен қарай зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық детальдар, талданатын болады. Кейбір олжалар "Остров Крым" ғылыми-реставрациялық зертханасында қалпына келтіріледі деп күтілуде.
ҒАЛЫМЖАН ОСПАНОВ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 311 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/NfGerxGNNTY?si=uEXW3j0FfcCugmef"
Солтүстік Қазақстан облысының 35 ауылы электр қуатынсыз отыр. Бұл М.Жұмабаев, Аққайың,Тимирязев,Есіл,Қызылжар,Тайынша және Шал ақын аудандары. Естеріңізге сала кетейік,18 қараша күні өңірде болған ақ түтек боран салдарынан облыстың 183 ауылы жарықсыз қалып еді.Қазір электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеуге 46 бригада мен 180-нен астам техника жұмылдырылған. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдерінің сөзінше, жарық ертең сағат 15:00 ге дейін берілуі керек.
ВЛАДИСЛАВ ЛУКИН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Өңірдегі қолайсыз ауа-райы салдарынан көптеген аудандар мен елді мекендер жарықсыз қалды. Алайда, маңызды әлеуметтік нысандар бірінші кезекте резервтік қуатпен қамтамасыз етілді.Бірте-бірте электр қуаты қалпына келтіріліп жатыр. Қатты бораннан электр желілері үзіліп, кейбір жерлерде тіректер құлаған.М.Жұмабаев ауданында жағдай қиын.Қатты боран салдарынан "ПТЭЦ-2-Булаев-мұнай" ӘЖ-110 кВ тірегі зақымданған.Салдарынан, аудан толығымен ЖАРЫҚСЫЗ қалды.Бұл жағдай бідің бақылауымызда».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 347 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fG-tB6WIRpw?si=yjmXOULXuL_rDS6a"
Баспана беру тәртібі өзгереді. Енді кезекте тұрғандарға үй есепке тұрған күні мен табыс деңгейіне қарай беріледі. Бұл туралы бүгін мәжіліс депутаттарының жалпы отырысыда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.95 ел қалаулылары қатысқан отырыстың күн тәртібінде бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақұлданды.
«Тұрғын үй саясатын реформалау» туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданып,жоба аясында «Отбасы банкі» ұлттық даму институты болып қайта құрылмақ. Оған азаматтарды есепке қою мен тұрғын үй бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функциялары беріледі. Осыған байланысты «Отбасы банкін» екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару ескерілді.Сондай-ақ «Отбасы банкі» базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, оған қандай да бір санатқа жататындығына қарамастан, баспанаға мұқтаж барлық азаматтар тұра алады.Әрбір өтінім үшін кірістерді, мүлік пен активтерді анықтайтын отбасының цифрлық портреті жасалады. «Бұл өз кезегінде азаматтың отбасылық жағдайының барлық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді»,- деді министр.
ҚАНАТ ШАРЛАПБАЕВ ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:
«Негізгі талаптардың бірі олардың меншігінде баспана болмауы керек. Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес кезекке тұру үшін соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйі болмауы қажет. Мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне байланысты, кезекке жаңадан тұратын азаматтар үшін осы мерзімді 10 жылға дейін ұзарту көзделген».
Жыл сайын бізде 40-50 мың адам баспана кезегіне тұрады. Әлеуметтік осал топтарға 9 мың баспана беріледі. 640 мыңның пайыздық көрсеткіші бойынша бұл 1,5 пайызды құрайды. Егер осыған дейін жемқорлардың қаржысына мектеп салынса, ол қаражатқа баспана салу ұсынылды.
НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Мәжіліс отырысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау құжаттандыруда қазақ тілінің мәселесі де көтерілді.
ҚАЗЫБЕК ИСА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Осылайша мәжіліс отырсындағы күнтәртібінде көтерілген мәселелерге қосымша ұсыныстар айтылып,екінші оқылымға қосу көзделді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 332 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/_M0QlXa6aWY?si=KSaw2DTavGJ-T4jU"
Колумбиялық поп-жұлдыз Шакира дүйсенбі күні Испания прокурорларымен келісімге келді. Осылайша ол 14,5 миллион еуро табыс салығын төлемегені үшін соттан жалтарып жүрген. Мәміленің бір бөлігі ретінде ол салынған айыптармен келісіп, бүкіл қарызды, сондай-ақ осы соманың 50% құрайтын жеті миллион еуроны төлеуге келісім берген.
Бастапқыда Шакира өзінің кінәсіздігін қорғайтынын мәлімдеді. Алайда ол кейінірек бұл келісімге келісті, өйткені оның айтуынша, сот оның мансабы мен балаларына зиян тигізуі мүмкін. Шакираның адвокаттарының бірі сот ғимаратының сыртында журналистерге заң тобы әншінің кінәсіздігін дәлелдей алатынына сенімді екенін, бірақ жағдай өзгергенін айтты. Прокуратура Шакираны сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ салықтың барлық сомасын қайтаруды талап еткен. Айыптауда әншінің 2012-2014 жылдар аралығында әр жылдың жартысынан астамын Испанияда өткізгені және сол себепті елдің тұрғыны болып саналғаны айтылған.
Сондай-ақ ол 2012 жылдың мамыр айында сатып алған Барселонадағы мүлік отбасылық үй ретінде қызмет еткені көрсетілген. Жақында екі рет Латын Грэмми сыйлығын жеңіп алған поп-жұлдыз Испанияда тағы бір тергеу алдында тұр. Бұл салық алаяқтығымен де байланысты.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 526 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/AmhimWKVkUg?si=yMhTV5pJoN7mJ3Pr"
Алматы қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптарда заманауи әдістерді тиімді пайдалану» тақырыбында семинар жұмыстар қызу қолға алынып жатыр.Мақсат сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін тың тәсілдерді жүзеге асыру. Бүгінде педагогтардың баламен жұмыс жасауына ерекше көңіл бөлініп жатыр.Сарапшылардың пікірі бойынша дұрыс сананың іргетасы бастауыш сыныптан қалыптасады.Сондықтан заманның ағымына қарай жастарға бағыт-бағдар беру, кезек күттірмейтін мәселе айтылып жатыр.
АРАЙ ҚАСЫМБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
МАНАР ТЕМІРҒАЛИЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 156 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 367 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Ksp4ewc0GoY?si=FO4W47enpersS-Ho"
Маңғыстауда аңшылықты кәсіп еткен Алдаберді Ақшабаевты тынымайтын жан жоқ. Ақсақал сексеннің сеңгіріне шықса да аң аулап, қақпан құрады. Әлі де тың. Облысты айтпағанда, өзге өңірлерден де Алдаберді аңшыны іздеп келетіндер бар екен. Кезінде бүкіл ауыл тұрғындарын аңның етімен асыраған атақты аңшының айтары көп.
Маңғыстаудағы Жарма елді мекенінің тұрғыны Алдаберді Ақшабаев биыл 83 жаста. Соңғы рет осыдан 3 жыл бұрын ауылдың тыныштығын бұзған түз тағысын қақпанына түсіріпті. Ол аң аулауды әкесінен үйренгенін айтады.10 жасында қақпанына түлкі мен қарақұйрық түсіпті. Кейін еңбекке араласқан шағында көкжал алуға машықтанған.
АЛДАБЕРДІ АҚШАБАЕВ – АҢШЫ: «Қасқырды аулау оп-оңай емес, жыртқыш қой. Беріде қасқыр тіпті көп болды.Осы мына тауға қарап тұрған Мырзайырдан бері қарата, егіздің құмы дейтін бар соның ішіне туады. Қасқыр бір туғанда 11 күшікті туады. 2 рет алдым».
Аңшылық-қазақтың байырғы кәсібі. Кезінде ауыл тұрғындарының азығы даланың аңы болды. Алдаберді аңшы әкелген аңның етін бүкіл ауыл болып бөліп тамақ қылған.
АЛДАБЕРДІ АҚШАБАЕВ – АҢШЫ: «Біз жаңағы аштықтың шет жағасын көргенбіз. Ұн жоқ. Енді бәрі азық үшін. Қарақұйрық бар аулайтын, қоян бар».
Алдаберді ақсақалдың қақпан құруға келгенде қолы епті, әрі шымыр. Әлі де қажыр-қайраты қайтпаған қария аңға шықса, құр алақан қайтпайды. Ақсақалдың замандасы Есқуат Әжімағанбетовтің айтуынша, аңшының 3 жылда 100 қасқыр аулаған кезі болыпты. Ал ертеректе ел аумағына өтіп кеткен «гиенаны» қақпанға түсіру үшін, Алдаберді аңшы арнайы шақырылған.
ЕСҚУАТ ӘЖІМАҒАНБЕТОВ - ЖАРМА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Гиена деген ірі жыртқыш аң Қазақстанға келіп, Үстірттің үстінде жылқыны қоймай, соны осы Алдаберді қақпан құру арқылы ұстады. Көздегенін алмай қайтпайды. Сондай дарын. Әкесінен арғы жағынан дарыған».
Алдаберді Ақшабаев аңшылық кәсіппен қатар, тракторшы мамандығын меңгерген. Көлік жүргізіп, ауылдарға ауыз су тасиды. Бүгінде еңбегінің жемісін көріп отыр. Ұл-қыздан тараған немере-шөберенің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 307 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MCCcwNo7rCo?si=PUzh-wvEDptmeaLs"
«Аманат» партиясының қолдауымен еліміздің әр аймағында халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында қоғамдық қабылдау шаралары орын алып жатыр.Мәселен Алматы облысының тұрғындары партияның өңірлік филиалдарына барып, әр-түрлі бағытта көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алуда. Қонаев қаласына арнайы келген қарша, жауапты орган өкілдеріне мұңдарын айтып, қажетті көмек берулерін сұрап жатты.
ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Қоғамдық қабылдау барысында басты тақырыптың бірі,отбасылық зорлық-зомбылыққа арналды. Отағасынан опық жеп жүрген нәзік жындылардың тағдыры бейжәй қалмады. Сонымен қатар несиеге белшесінен батқан тұрғындардың да тауқыметін жүйелі түрде шешудің жолдары сөз болды. Мамандардың айтуы бойынша қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бағдарлама бар. Қазір жауапты өкілдер қажетті жұмыстарды жүргізуді қолға алған.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 317 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/PFMAnpBY9a8?si=OLI2a723IhurWAuB"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 364 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BI2uX5ct96Q?si=3I8YJMkcWyO0IcvB"
Орал қаласының тұрғындары көпқабатты үйге қызмет көрсететін мекеме жұмысына наразы. Үй иелерінің айтуынша, пәтер иелері кооперативі жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмайды. Ал бірақ ақша жинауға келгенде алдарына жан салмайды. Сондықтан халықты ай сайын коммуналдық қызмет үшін төленетін қаражат қайда жұмсалатыны алаңдатады.
Құрманғазы, 161 мекенжайында орналасқан үйдің жағдайы нашар. Жертөледегі құбырлардан су ағып тұр. Шатыр шұрқ-тесік, электр сымдары дұрыс орнатылмаған. Тұрғындар: «пәтер иелері кооперативі қызметі үшін ай сайын қаражат уақытылы төленгенімен, ешқандай жұмыс жасалмай отыр» - деп наразы.
ЖҰМАБЕК ҚАРАЖАНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Кіреберістерде жарық жоқ. Біздің үйде қарт адамдар көп. Қараңғыда құлап қалуы мүмкін. ПИК бізден бас тартып тұр. Бізді шатыр, жертөле мәселесі алаңдатады. Неге пәтер иелері кооперативі жылыту маусымы қарсаңында жұмыстан бас тартады. Бұл дұрыс емес».
Тұрғындардың туындаған шағымдарына "ЦЕНТР" ПИК төрағасының да жауабы дайын екен. Мен судан таза, сүттен ақпын деген ол 80 пәтерді қамтитын тұрғын үйде коммуналдық қызмет ақысын төлемейтіндердің қарызы миллион теңгеге жетті деп мәлімдеді. Сонда ай сайын ақшасын төлеп отырғандар жауапсыз көршілерінің кесірінен зардап шегіп отырған болып шықты.
ФЕДОР РАДОСТЕВ "ЦЕНТР" ПИК ТӨРАҒАСЫ «Шатырдың пайдалану мерзімі 10 жыл, содан кейін күрделі жөндеуден өту керек. Жөндеу жұмыстары тұрғындардың есебінен жүргізіледі. ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша, не жалпы қаражат жинау бойынша мәселені шешуге болады. Ал ай сайын жиналатын ақшаны тұрғындардың кейбірі мүлдем төлемей отыр».
Тұрғындардың негізгі талаптарының бірі- коммуналдық қызмет үшін төленетін қаражаттың қайда жұмсалатыны туралы жауаптылардың есебін тыңдау.
ФЕДОР РАДОСТЕВ "ЦЕНТР" ПИК ТӨРАҒАСЫ «Тұрғындардың жасайтын төлемдері үйге қызмет көрсетуге жұмсалады. Ғимарат ыстық, салқын сумен қамтылған. Кәріз құбыры жұмыс істейді, жылыту маусымында жылу уақытылы қосылды. Бұл атқарылып жатырған қыруар жұмыс. Соны тұрғындар білуі керек»
Басшылық "Тұрғын үйді жаңғырту" бағдарламасы бойынша тұрғындарды мазалайтын мәселелерді шеше алатынын айтып, бір мәмілеге келмек болды. Егер үйді мекендеушілер бірауыздан бағдараламаға қатысуға келісім берсе, өз ғимараттарын жөндеп, қаражаты бірнеше жыл ішінде бөліп төлей алады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 328 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RYf_-hHQQbI?si=ZjyBvSorLf7CQYXS"
Рекордтық бағаға Наполеон Бонапарттың екі бұрышты баскиімі сатылды. Императордың басқа да заттары қатарындағы қалпақты Парижде аукционға шығарған. Сауда-саттық 800 мың еуродан басталды.
Лот 1 миллион 930 мың еуроға сатылды. Алдыңғы рекорд 2014 жылы орнатылған болатын. Сол кезде баскиім қалпақ 1 миллион 880 мың еуроға кетті. Екі жағдайда да сауда-саттықты Osenat аукциондық үйі өткізді. Бұл жолы сатылған қалпағын Наполеон I 1815 жылы Эльбадан қашқанда киген екен.
Сол кезде оны кокардамен безендіріпті. Аты аңызға айналған қолбасшының бейнесі тығыз байланысты екі бұрышты қалпақты бикорн деп те атайды. Наполеон I әрдайым офицерлердің көпшілігі сияқты иықтарына перпендикуляр емес, қатар «жауынгерлік жолмен» екі бұрышты киетін. Осылайша императорды шайқас алаңында пайда болған кезде бірден байқады.
Наполеон I-нің 120 бикорны болды. Қазір түпнұсқалығы расталған 30 қалпақ қалған.
Тағы басқа мақалалар...
- Тозған вагондар мен пойыздардың кестеден кешігуін Үкімет басшысы сынға алды
- Сарапшылары Орталық Азиядағы туризмді халықаралық трендтерге сай дамыту мәселелерін талқылады
- «Қайнар» академиясында Халықаралық студенттер күніне орай кеш ұйымдастырылды
- Париждегі өсімдіктер бағында жарық беретін инсталяциялар фестивалі өтуде
141 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.