
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 620 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0DXSy1F_8OE?si=SCCCohMJ75q3y18X"
Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та барды. Бестіктің басқосуында интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттары талқыланды. Толығырақ тілші материалында.
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды. Ельцин кітапханасындағы кездесу – жылдағы дәстүр. Өзі шақырған меймандарын Владимир Путин өзі қарсы алды. Әуелі шағын формат. Дөңгелек үстел басында еуразиялық бестік басшысы және Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясникович қатысты. Жабық есік форматындағы келіссөзден соң, президенттер ендігі кеңірек үстелге жайғасып, еуразиялық интеграцияның бүгіні мен болашағын талқылауды кеңейтілген форматта жалғастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың оңай болмағанын, әсіресе, жаһанды жайлаған тұрақсыздықтың күшейе түскенін атап өтті.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Инфляцияның қысымы, халықаралық логистикалық тізбектердің трансформациясы, аймақтардағы қақтығыстар, санкциялық текетірестер – бұл әлемдік экономиканың даму қарқынын бәсеңдететін факторлардың бір парасы ғана. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан жылдық экономикалық өсімді 4,9 пайыз көрсеткішпен қорытындылауды жоспарлап отыр. «Еуразиялық бестікке» кіретін барлық елде оң динамика байқалатыны қуантады. Әйтсе де экономикамыздың орнықты даму траекториясын сақтау үшін 2024 жылдың сын-қатерлеріне бірлесе дайындалуымыз керек».
Президенттің пікірінше, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үшін технологиялық кооперацияны экономиканың нақты секторында дамыту – басты міндеттердің бірі. Қасым-Жомарт Тоқаев озық технологияларды және инновацияларды кеңінен енгізу экономикалық бірлестіктің әлемдік аренадағы орнын нығайтады деп есептейді. Мемлекет басшысы бұл мәселенің бүгін қабылданған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясында көрініс тапқанын құптады. Құжат Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасымен ұштасады. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына негіз болған іргелі мақсатты толыққанды жүзеге асыру, яғни тауарлардың еркін қозғалысына тың серпін беру қажет деп санайды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Кеден шекаралары ашылғанына қарамастан, әрбір ел іс жүзінде отандық өндірушілерін ЕАЭО-ға қатысушы өзге бәсекелестерден қорғауын жалғастырып отыр. Біз ортақ нарықта кездесетін кедергілер мен шектеулерді жойып, бірыңғай техникалық регламенттер енгізуді жылдамдатуымыз керек. Біз ортақ нарықта кездесетін кедергілер мен шектеулерді жойып, бірыңғай техникалық регламенттер енгізуді жылдамдатуымыз керек. ЕАЭО-ның біріккен ақпараттық жүйесінің толық форматта жұмыс істеуі мүше мемлекеттер арасында тауар тасымалдау кезіндегі бизнес шығындарын айтарлықтай азайтуға септігін тигізер еді. Электронды сауда саласында нәтижелі ықпалдастық орнатуға мол мүмкіндік бар. Былтыр Еуразиялық экономикалық одақтағы аталған нарықтың жалпы көлемі 80 миллиард долларға жетті. Жақын арада бұл көрсеткіш екі есе ұлғаюы мүмкін. Алайда мұнымен тоқтап қалмаймыз. Кедендік рәсімдерді жетілдіру және онлайн сауданың тиімді, тең құқылы экожүйесін құру бағытында барынша белсенді жұмыс істеуіміз қажет».
Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешені ынтымақтастықтың маңызды бағыты ретінде атап өтілді Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде «еуразиялық бестік» елдері өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізе алды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Соған қарамастан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің әлемдік нарықтағы ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының үлесі әлі де өте төмен, яғни екі пайыздан сәл ғана асады. Ал дүниежүзінде 800 миллионнан астам адам аштық пен азық-түлік тапшылығының зардабын тартып отыр. Өкінішке қарай, азық-түлік жеткізуге қазіргі геосаяси ахуал, әсіресе, бірінші кезекте санкциялар кедергі келтіруде. Нәтижесінде, азық-түлікке мұқтаж халық жапа шегіп отыр. Сарапшылардың бағалауынша, ЕАЭО елдерінің әлеуеті 600 милионға жуық адамға тамақ тауып беруге жетеді. Сондықтан бәсекеге қабілетті, экологиялық таза және экспортқа бағдарланған, озық халықаралық стандарттарға сай өнім шығару мақсатында тығыз кооперациялық байланыстарды жолға қою басым бағыттарымыздың біріне айналуы керек. Сондай-ақ агрологистика және өнім сақтау жүйесін дамытып, ауыл шаруашылығы саласына цифрлық шешімдерді енгізу үшін күш біріктіруіміз қажет. Бірлескен агроинновациялық орталықтар құру мәселесін пысықтаған жөн. Мұндай орталықтар агроөнеркәсіп кешенін коммерцияландырумен және өндіріске жаңа технологияларды енгізумен айналысады»
Бұл ретте кеше Санкт-Петербургта қол қойылған маңызды құжатты айтып өтпеуге болмас. Бәлкім, биылғы жиынның басты жаңалығы да осы болса керек. Еуразиялық бестік Иран Ислам Республикасымен Еркін сауда аймағын құру туралы құжатты ресми бекітті. Иран мен Пәкістан, Үндістан секілді елдерге шығу үшін инфрақұрылым керек. Ол үшін «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін дамыту қажет. Сол үшін де Қазақстан бастамасымен «Челябинск – Болашақ – Иран» бағыты жүзеге аса бастаған.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Мен бұл ретте Бейнеу – Маңғыстау, Мақат – Қандыағаш теміржол желісі мен Бейнеу – Шалқар автомобиль жолы туралы айтып отырмын. Көлік дәлізін одан әрі дамыту үшін Қазақстан, Ресей және Түрікменстанның логистикалық компаниялары бірлескен кәсіпорын құрып жатыр. ЕАЭО-ға мүше өзге елдердің теміржол әкімшіліктерін осы жұмысқа атсалысуға шақырамын».
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі» мен қытайдың «Цифрлық жібек жолы» бастамасын ұштастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Қазақстан цифрлық шешімдерді табысты пайдаланып отыр. Еліміздегі мемлекеттік қызметтің 90 пайыздан астамы электронды түрде көрсетіледі. 2026 жылға қарай ІТ саласының экспорттық көрсеткішін бір миллиард долларға дейін жеткізуге ниеттіміз. Қазақстан аталған саладағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуды жақтайды. Осы орайда Үнді мұхиты жағалауымен өтетін халықаралық желілерге қосылу үшін «Ресей – Қазақстан – Иран» бағытында талшықты-оптикалық желі тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Бұл Еуразия кеңістігінде трафик транзитінің баламалы бағытын ұсынып қана қоймай, жаһандық деңгейдегі деректер логистикасында ЕАЭО-ның орнын айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік береді».
Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне Қазақстанның өкілі Бақытжан Сағынтаевты сайлады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 554 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/NKlJhpdTyjU?si=XmEfckLRqExyCqwX"
Қазіргі күні Қызылорда өңіріне қарасты аудан орталықтары толықтай көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Ендігі кезекте ауылдарды газға қосу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бірінші кезекте көмір түсіріп, күл шығаратын ауылдағы ағайынның тұрмысын түзеуге бірден бір себепші фактор.
Облыс әкімінің аудандарға іссапары барысында Шиелідегі Еңбекші және Жиделіарық ауылдары газға қосылды. Бұл бастама жарқын мереке – жаңа жыл қарсаңындағы тамаша тарту болды тұрғындар үшін.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Облысты газдандыру қарқыны жылдан-жылға артып келеді. Қазір барлық аудан орталығы мен 4 қала Арал, Қызылорда, Байқоңыр, Қазалы, 19 елді мекенге газ жеткізілген. Биыл 12 ауылдық елді мекенге тартылуда. Осылайша өңірде тұрғындарды газбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетеді. Биыл аудандағы 40 мыңнан астам тұрғын табиғи газ игілігіне кенелді. Аудандағы 6 елді мекен - Еңбекші, Жиделіарық, Ә.Тәжібаев, Алмалы, Досбол датқа, Бестамға газ тарату желілерін орнату үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлініп, құрылысы жүргізілуде. Бүгін Еңбекші ауылының тұрғындары "көгілдір отын" жаға бастайды. Келер жылға қаралған 4 млрд теңгеге 12 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етеміз. 2024 жылдың соңында газдандыру деңгейі 78 пайызға жетеді».
Іс-шарада «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасы аясында газ жүргізуге үлес қосқан азаматтар мен аудан ардагерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Рәсімнен кейін облыс әкімі газ қосылған үйді көріп, ізгі тілегін білдірді. Мұнан бөлек, Жаңақорған ауданындағы Жайылма, Шалқия, Құттықожа ауылдары да газға қосылып, тұрғындар қуанышы еселенді. Сәуір айында Бірлік, Қыраш елді мекендеріне «көгілдір отын» кіргізілсе, келер жылға Кейден, Төменарық елді мекендері жоспарланған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 638 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/FjJzytvlngE?si=h7Ye8jSh8EmoTAq_"
Ақмола облысында жыл өткен сайын тозығы жеткен электр желілерінің саны артып келеді. Техникалық ақаулар көбеймесе, азаяр емес. Қордаланған мәселелерді дер кезінде шешіп, қарапайым тұрғындардың талабына сай жұмыс істеу қажет екені белгілі.
Соңғы кездері облыс тұрғындары электр қуатының сағаттап сөніп қалатынына жиі шағымдануда. Әлеуметтік желінің өзіне 3 айда 250-ден астам шағым түскен. Әсіресе, Зеренді мен Астана маңындағы аудандарда бұл сұрақ өте өзекті. Тұрғындарды электр энергиясымен қамтып отырған «Акмолинская РЭК» акционерлік қоғамы мен «Көкшетау энерго» серіктестігі. Ол 4 аудан бойынша қызмет көрсетеді. Электр желілерінің 79 пайызы ескірген. Ал, «Акмолинская РЭК» акционерлік қоғамына қарасты электр желісінің 65 процентінің тозығы жеткен. Оның 2,6 мың шақырымын жөндеу қажет. Бұл мақсатқа 5,5 млрд теңге қарастырылған.
ДАНИЯР ҚУАНЫШБАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жағдайы қиын аудандардың көшін Зеренді бастап тұр. Бұл ауданның оңтүстік бөлігіндегі электр желілері 60-70 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Ол жерде «Зеренді групп» акционерлік қоғамы қызмет көрсетеді. Желілерге 38 елдімекен, немесе 20 мыңнан астам тұрғын қосылған. Шынымен, бұл ауданда жиі апат болып, халық жарықсыз қалып жатады. Бұл мәселе осы күні Үкімет деңгейінде қарастырылып жатыр».
«Көкшетау энерго» серіктестігінің басшылығы мәселелердің осынша ушығуының бірден бір себебі облыс дамуының перспективалық жоспарының болмауы деп түсіндіріп отыр. Бұдан қалды, қала ішінде қосалқы бекеттер жоқтың қасы. Облыс орталығының аумағы кеңейіп жатқандықтан, электр энергиясы қосалқы бекеттерінің күші 100 пайыз қызмет көрсетуге қауқарсыз.
ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
«Бізде орталықта электр энергиясын беру жылдан жылға нашарлап бара жатыр. Өйткені, үйлер соғылып жатыр, көптеген объектілер қосылып жатыр орталықта. Қуат алу көзі өсіп жатыр. Ал, қосымша шешім қарастырылып жатқан жоқ. Сондықтан, мен 5 жыл болды айтып жүргенім. Мына астра деген подстанция бар Қылшақты өзенінің жағалауында. КПЗсы екеуінің арасын 110 километр линиямен қосып, өзінің категориясын екінші категорияға жеткізу».
Әсіресе, Целиноград, Зеренді және Аршалы аудандарын электр энергиясымен қамту мәселесі өзекті болып тұр. Құрылыс жұмыстарын жылу, жарық және су тартылғаннан кейін бастау қажет. Ешқандай жағдайы жасалмаған айдалада құрылыс жүргізуге рұқсат беретін әкімдер де бар екенін атап өтті облыс басшылығы. Әсіресе, Астана маңындағы аудандарда осындай мыңдаған жағдай тіркелген.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 572 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/c0Fxz0_e5Vc?si=bUGYByHrjhX5ji03"
Абай облысында зауыттан 2,2 миллион теңгенің кабелін жымқырған күдіктілер анықталды.Бұл туралы ІІМ баспасөз қызмет мәлімдеді.Полиция Департаментіне қарасты Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен ірі зауыттарының бірінің 4 жұмысшысын ірі кабель ұрлады деген күдікпен ұстады. Арнайы бөлімшенің жедел қызметкерлері 2 ай ішінде ұрлық схемасын ашты. Апта сайын қылмыстық топ зауыт аумағынан 30 метр көлемінде өткізгіш көп сымды мыс өткізгіштерді заңсыз шығарып отырған.
Сондай-ақ, жұмыс барысында өткізу орны анықталды, металл сынықтарын қабылдау пунктінің бірінің санкцияланған тінту кезінде ұрланған металл тәркіленді", - делінген хабарламада. Кәсіпорынға келтірілген жалпы шығын 2,2 миллион теңге болады. Күдіктілер ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігі "Ұрлық" бойынша соталды іс жүргізу басталды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 564 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Hta3igHZEog?si=I8I_zuxuQtNRKR7m"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 609 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vvpFAaaHYFA?si=uyIJ7r8Kkxlk4zdD"
Бәрі қымабаттап жатыр. Сауда орталықтары мен базарлар азық-түлік пен киім-кешекке ойларына келген бағаны қояды. Мұндай бассыздыққа неге Үкімет жол беріп отыр? Осылай деген мәжіліс депутаттары биліктегілерге жерге түсуді ұсынды.
АНАС БАҚҚОЖАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бүгінде бағаның көтерілгеніне осы сауда орталықтары мен сауда үйлері кінәлі, олардың қожайындары кінәлі деп ашық айта аламын. Бүгінгі таңда ірі сауда орталықтарының қожайындарының барлығы Forbes тізіміндегі олигархтар. Олар қоғамның ешбір талабына бағынбайтын мемлекеттің ішінен мемлекет құрып алған, - деді депутат. Баққожаевтың сөзінше, 2018 жылы сауда орталықтарындағы бутиктерді жалға беру құны 1 шаршы метріне 4 мың теңге болса, қазір 21 мың теңге. Яғни 5 есе өскен. Нәтижесінде киім-кешектің бағасы жыл сайын өсіп жатыр. Мысалы, 2018 жылы шұлықтың бағасы 300 теңге болса, қазір 1 500 теңге. Көп бутикте есептеуіш құрал жоқ. Соны пайдаланып, сауда орталықтары коммуналдық төлемдерге ойына келген бағаны қояды. Араны ашылғаны соншалық олар (сауда орталықтарының қожайындары – ред.) жалға беру бағасын қымбаттатып, 2-3 айға алдын ала депозит талап етеді. Осылайша маңдайы терлемей, миллиардтап пайда тауып отырған сауда орталықтары мемлекетке салық төлемеудің де амалын жақсы ойластырған. Олардың басым бөлігі жалға беру ақысын қолма-қол ақшамен алады немесе бутиктерде өздері ашып қойған жеке кәсіпкерлік (ИП) арқылы қосымша жалға беріп, кірістерін жасырып отыр. Осының барлығына наразы болған саудагерлерді «сауда үйінен шығарып тастаймыз» деп қорқытып отыр. Жұмыссыздықтың кесірінен амалсыз саудаға кеткен халық осылайша сауда орталықтарының айтқанына көніп отыр. Осы сауда орталықтарын қашан ретке қоясыздар? Сауда орталықтарында саудагерлермен бірігіп, қоғамдық бақылау орнатып, салықтық ревизия жасауға дайынсыздар ма?»
Ал, Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев болса, жақын арада «үй жанындағы дүкендер» кооперациясы құрылатынын айтады. Мақсат: бизнес пен халық үшін қолайлы жағдай жасау. Сонда бұл шағын дүкендер көтерме сауда да жасай алатын болады. Яки, халықтың арзан бағадағы тауарға қолы жетеді деп сендірді министр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 601 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xmya92fb5xg?si=ta8cV9JXBF5jr289"
Швейцарияда бионикалық протездеу қазірдің өзінде мүмкіндігі шектеулі көптеген адамдардың өмірін жақсартуға көмектесуде. Бірақ швейцариялық ғалымдар одан да ілгері өтіп, үшінші қол деп аталатын жүйені жасады. Бұл гаджет сау адамдар үшін өте пайдалы. «Үшінші қолдың» ерекшелігі - диафрагма арқылы басқарылуында.
СИЛВЕСТРО МИКЕРА НЕЙРОИНЖЕНЕР: «Негізгі мотивация - жүйке жүйесін түсіну. Егер сіз миды мүлдем жаңа нәрсе жасауға мәжбүрлесеңіз, оның оған қабілетті ме, жоқ па және оны үйренуді қалай жеңілдетуге болатынын түсінесіз».
Ғалымдар эксперимент жүргізді. Дені сау адамға экзоскелет саламыз, оның көмегімен виртуалды сол және оң қолды басқаруға болады. Сонымен қатар, асқазанға диафрагманың қозғалысына жауап беретін және «үшінші қолды» басқаратын сенсор бекітілген. Оның саусақтары симметриялы. Бұл команда бергенде мидың шатасуының алдын алады. Тестілеу барысында қосымша қолды басқару арқылы адам бір уақытта басқа әрекеттерді орындай алатыны белгілі болды: сөйлесе, айналаға қарап, нақты қолмен бірдеңе жасай алады.
ДЖУЛИЯ ДОМИНИДЯННИ ЗЕРТТЕУШІ:"Тәжірибеде оқытылған және оқытылмаған қатысушылардың бірдей әрекет еткенін байқау өте қызықты болды. Бұл біздің интуитивті түрде басқара алатынымызды көрсетті".
Зерттеушілер сонымен қатар адамның кеудесіне бекітілген нағыз робот қолды басқару мүмкіндігін де сынады. Бұл тәжірибе де сәтті болды. Сонымен қатар, ғалымдар адамға компьютер тінтуірін басқаруға құлақ бұлшықеттері арқылы үйретуге болатынын анықтады.
СҮЛЕЙМАН ШОКУР ЗЕРТТЕУШІ: «Бізде бұл бұлшықеттер бар, бірақ тарих барысында олар функционалдығын жоғалтты. Бірнеше күндік жаттығулардан адамдарға құлақ бұлшықеттерін пайдалануды және оларды қосымша қолмен басқаруды үйренуге мүмкіндік беретінін анықтадық».
Қазір ғалымдар «үшінші қолды» жетілдірумен айналысуда. Егер сәтті болса, қосымша мүше адамдарға жұмыста және үйде көмектеседі. Бұл сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға немесе инсульттан айыққан науқастарға пайдалы болады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 579 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/S6uJaW53pHM?si=y1x-4Ms7ICy5ClUN"
Бүгін UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың қатысуымен UFC 296 турнирінің нәтижесі аясында баспасөз конференциясы өтті. Сұхбат тікелей эфирде Naiza TV арнасынан көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанында Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен өткен кездесуінде Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен жеңіп,өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын.Еліміздің мәртебесін асқақтатып,жеңіс туын желбіретіп келген батырымыз журналистер тарапынан қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Жалпы жекпе- жек қалай өткендігі жайлы әңгімеледі.
ШАВКАТ РАХМОНОВ UFC ЖАУЫНГЕРІ
UFC дың келісімшарттарындағы шектеулер жайлы мағлұматтарды білу тілшілер тарапына қызығушылық тудырды.
ШАВКАТ РАХМОНОВ UFC ЖАУЫНГЕРІ
Шавкат болашақ жоспарлары жайлы, алдағы уақытта кімдермен жекпе-жек өткізу жоспарда бар екендігін сөз етті.
ШАВКАТ РАХМОНОВ UFC ЖАУЫНГЕРІ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 547 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RgnTzMoONPE?si=NWMmQKxTcIfXyrsT"
Елорда тұрғыны Telegram мессенджерінде цифрлық активтерді заңсыз ақшалай сыйақыға айырбастау қызметін ұйымдастырған. Аса ірі көлемдегі цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің астаналық департаменті аяқтады. Аталған азаматтың Қазақстан аумағында кепілдендірілген цифрлық активтерді сату және сатып алу туралы мессенджер арқылы хабарландыру жіберіп, крипто айырбастау қызметін ұсынғаны белгілі болды. Осы әрекеттерімен ол жеке тұлғаларға, оның ішінде резидент еместерге Қазақстандағы кез келген қамтамасыз етілген еркін айырбасталатын валютаға қамтамасыз етілмеген электрондық цифрлық активтерді сатып алу мүмкіндігін ұсынды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ: «Ағымдағы жылдың ақпан-шілде айлары аралығында айырбастау пункт қызметін атқара отырып, ол 342 млн теңгеден астам сомаға USDT криптовалютасын қолма-қол ақшаға сатқан. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 614 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/z6PY-ZSUKgw?si=2YS_a1PVjasFRbbo"
Израиль әскері Газа секторының солтүстік және оңтүстік бөліктеріне тереңдей түсуді жалғастыруда. Бұл туралы IDF баспасөз хатшысы хабарлады.
Даниел Хагаридің айтуынша, Хан Юнистке қосымша армия бөлімдері орналастырылған. Онда операцияның басты мақсаты - содырларды жерасты туннельдерінен шығару.
ДАНИЭЛ ХАГАРИ IDF ӨКІЛІ: «Біз астыртын соғысқа, лаңкестерді жоюға баса назар аударамыз. Оларды жерде күтіп, олар шыққан кезде шабуылды бастаймыз. Біз Хамасты осы аумақтан қуып шығарғымыз келеді».
Хагари сондай-ақ желтоқсан айының басында соғыс қимылдары қайта жанданғалы бері әскерилер 2 мыңнан астам содырды өлтіргенін айтты. Бейсенбі күні Израиль соғыстағы ең қарқынды бомбалау науқанын бастаған кезде Газа секторындағы шайқастар өршіп кетті. Бәсекелестер бірнеше апта бойы жаңа бітімге келу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанда Хамас Тель-Авивке зымыран атқылау мүмкіндігін көрсетті. Осы уақытта Газаның оңтүстігіндегі Насер ауруханасының мәйітханасында жұмысшылар мәйіттердің кім екенін анықтай алмай отыр. Егер жеке басын куәландыратын құжаттар болмаса, мәйіттер тоңазытқыштарда апталап тұруы мүмкін. Хамасты бақылайтын анклавтың Денсаулық сақтау министрлігі Газада қаза тапқандар саны 20 мыңға жеткенін хабарлады. Сонымен бірге үйінділер астында тағы мыңдаған өлілер қалды. Газадағы ауруханалардың көпшілігі қазір жабық, отын мен электр қуатының тапшылығынан байланыс қиын. Сондай-ақ зардап шеккендер туралы деректерді жинау қиынға соғуда.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 578 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/pCFXgg6S_3Y?si=wlIqIjb4CkNtv48L"
Жұма күні кешкі уақытта Алматыдағы Райымбек даңғылында автобус бір топ адамды қағып кетті. Үш адамның өліміне себепкер болған, жолаушы екі айға қамауға алынды.
Алматыдағы жантүршігерлік жағдайдың қалай болғаны белгілі болды. Бейнежазбадан ер адамның жүргізушіні ауыр соққыға жыққанын көруге болады. Әйел бір сәтке есінен танып, көлікті басқара алмай қалған.
Еске сала кетейік, 22 желтоқсан күні кешкі уақытта Алматыда жол жиегінде тұрған адамдарды автобус қағып, 3 адам мерт болды. 4 адам ауруханаға түсті. Қазір ауруханада үш адам ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 50 жастағы науқас реанимациядан жарақат бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы ауыр деп бағаланады. Жолаушыдан таяқ жеген автобус жүргізушісі 36 жастағы әйел ми жарақаты, ми соғылуы, беттің жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты консервативті ем қабылдауда. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 24 желтоқсанда сот шешімімен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 571 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/goUrsrmu_gM?si=7MrsjK-ujosJ6u9-"
Елімізге жарық пен жылу беріп отырған мамандар төл мерекелерін атап өтті.Энергетиктер күні бір қатар сала қызметкерлері марапатталып,ерекше құрметке бөленді.
Бірер сағатқа жылу тоқтап,жарық сөнсе үйдің берекесінің кетері анық.Айтулы саланың салмағы ауыр,тірлігі қауырт.Күннің ыстығы мен суығына қарамай еңбек етіп жатқан мамандардың еңбегін осыған қарап бағалауға болады.Бұл Алматы облысы,Жамбыл ауданының энергетиктері.Төл мерекені атап өтуге жиналғандардың көңіл-күйлері көтеріңкі.Аудан басшысы бастаған азаматтар арнайы келіп,ізгі тілегін жолдады.Халық алдындағы асқан жауапкершіліктерін сөз етіп,аймақтың тыныс-тіршілігіне қосып жатқан үлестерін де назардан тыс қалдырмады.
НҰРЛАН ЕРТАС АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жамбыл ауданы өңір бойынша ең үлкен аймақтың қатарында.Экономикалық қарқыны жаман емес,өсім бар.Миграциялық көште көлемді.Құрылыс қарқыны жоғары болғандықтан инфрақұрылымға да сұраныс жылдан-жылға артып отыр.Соның бірі энергетика саласы.Жауапты өкілдер тұрақты түрде жарықпен қамтуды нықтап қолған алған.Қыстың қамына ерте бастан кірісіп,жағымсыз жағдайларды алдын алуда.Шалғайда жатқан елдімекендерді көше шамдарымен жарақтандырып,үздіксіз жарық сыйлауда.
КЕҢЕС ҚИНАЯТ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ЭЛЕКТР ТОРАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Тағы басқа мақалалар...
162 ішінен 234 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.