
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 557 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/No29GQ5ylsg?si=V0M0XU22FWHXowv8"
Акустикалық гитара дыбыстарымен тыныштандыратын бесік жыры.Балалардың жүрек соғысын тұрақтандыруға көмектесетін мұндай әуендер Квинсленд балалар ауруханасында науқас сәбилерге ойналады.
РУБИ ДЖЕЙД КАРСОН НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ: «Ол өзін жақсы және еркін сезінеді. Оңай ұйықтап қалады. Өте тыныш».
Мына нәрестенің дүниеге келгеніне екі ай, екі апта болды. Оның жүрегінде ақауы бар. Оған музыкалық терапияны бір айында бастады.
РУБИ ДЖЕЙД КАРСОН НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ: «Оның жүрек соғысы әлдеқайда тұрақталды».
30 жылдан бері осы аурухананың дәліздерінде терапевттердің орындауындағы тыныштандыратын әуендер естіліп келеді. Дәрігер Жанетт Кеннелли бұл әдісті алғаш қолданғандардың бірі.
ЖАНЕТТ КЕННЕЛЛИ МУЗЫКАЛЫҚ ТЕРАПЕВТ: «Мен ескі Корольдік клиникалық балалар ауруханасында студент ретінде тәжірибемді шыңдаған едім».
Кеннелли қазір клиниканы басқарады.Биылдың өзінде ол музыка терапиясы арқылы 750 кішкентай науқасқа көмектесті.Көптеген бала үшін бұл жай ғана сенімділік емес, хоббиге айналды.
ЛИ СМИТ НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ: «Эви музыкаға ғашық болды және жақында, соңғы төрт айда біз үйде гитарадан сабақ ала бастадық».
Эви Смит – муковисцидозбен ауыратын тоғыз жасар науқас. Ол үнемі ауруханада болуы керек.Қазір бұл музыка сабағымен ұштасады.
ЛИ СМИТ НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ: «Ол процедураларға назар аударуды қойды, палатада тыныштық орнады. Оның күлімсірегенін көру бір ғанибет».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 565 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Sudo706UEqU?si=Kf0FDCnoqFZhzmgL"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 646 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/l_ck47lrBrQ?si=5ro5F5zDusp_pu3Z"
Елімізде алдағы екі жыл ішінде 113 жаңа спорттық ғимарат салынады. 26 істеп тұрған нысан қайта жаңартылады. Ал, шалғай орналасқан ауылдық елді мекендерде 100-ден аса тез салынатын, аз шығынды спорт нысандары бой көтереді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты. Одан бөлек, жауапты министрлік өкілдері соңғы жылдары спортшылар арасында неге допинг дауы жиілеп кеткенін былайша түсіндірді.
ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бұл мәселе тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде орын алып тұр. Осы бағытта бірнеше қадам бар. Антидопинг лабаратория бар, заңсыз сатылатын толық қосымша тамақтану. Сол жерге толық қарап, тыйым салып жатырмыз. Біздің орталық, зертханамен бірігіп, спортшыларымызды ары қарай Олимпиада ойындарына қарап, бақылайтын болады».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 624 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eAKifjP4PrM?si=ORfDyVWXxz16p357"
Шетке шыққан заңсыз активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Қаржы министрінің есебіне сенсек, бүгінде бюджетке жемқорлардан 150 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Оның жартысынан көбі, 90 млрдқа жуығы Қазақстанның әр өңірінде 62 мектеп салуға деп бөлінсе, қалған 60 млрд қаражат үш ауысымды мектептер проблемасын шешуге жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Толығарақ тілші бейнематериалында.
Шетке кеткен ақша, ұрланған байлық. Бүгін Мәжіліс депутаттары осы мәселені сөз етті. Бүгіннің өзінде талай миллардтар қазынаға қайтарылған. Алайда әлі де атқарар жұмыстар көп. Жыл сайын елімізден 200 млн доллар сыртқа шығаралады. Оған тосқауыл қою керек. Бүгіннің өзінде 500 млрд теңгенің күмәнді келісімшарты анықталыпты. Ол бойынша алда жұмыстар жүргіземіз,- деді қаржы министрі.
БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Кейбір шенеуніктер заңның солқылдақ тұсын пайдаланып.30 жыл бойы шенеуніктер мен олигархтар капиталдың бәрін офшорға шығарып тұрды. Менің ақпаратым бойынша қазір офшорлық аймақта 45 млрд-қа жуық осы елдің, халықтың ақшасы офшорда жатыр. «Текст Жастис» деген ұйымның мәліметінше, жыл сайын Қазақстаннан 200 млн доллар капитал шығарылады. Осыған байланысты қысқаша сұрақ. Сіздің мекемеңіз, Үкімет, осы офшордағы 45 млрд-қа жуық ақшаны қайтару үшін қандай жұмыс істеп жатыр? Қандай шара қолданып жатырсыз?»
ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: «Шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша комиссия кешенді түрде жұмыс істеп жатыр. Бірнеше тұлға реестрге кіргізілді. Ол тұлғалармен Бас прокуратураның арнайы комитеті жұмыс істеп жатыр. Министрлікке келетін болсақ, бізде арнайы офшорлық аймақтардың тізімі бекітілген. Ондай аймақтармен жүргізілген операциялар күмәнді болып саналады. Ол жерде тексеру барысында трансферлік баға берілу күшейтіледі. 55 мемлекетпен қосарланған салықты жүргізбеу бойынша конвенциялар бар. Соңғы 1-2 жылда еліміздегі валюталық реттеу мен бақылау Ұлттық банктің құзыретінде болған мәселе болған. Біз заңға тиісті өзгерістерді енгізіп, Қаржы министрлігі валюталық бақылауға қосымша орган ретінде қосылып отыр».
Одан бөлек, бүгін мәжілісмендер шекарадағы кептеліс проблемасын көтерді. Ұзын-сонар кезек, салдарынан кешіккен тауар, жүйкесі жұқарған жүргізуші. Кеден бекеттерінде цифрландыру енгізілсе де кезек азаяр емес. Неліктен, бұл мәселеге ешкім бас ауыртып жатқан жоқ,-дейді депутат Мақсат Толықбай.
МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Шекара пунктерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша шаралар қабылдап жатырмыз, дамытып жатырмыз дейміз. Бірақ осыған қарамастан Қазақстан-Қырғызстан шекарасына барсаң, үнемі ұзын-сонар кезек, жүк көліктерінің кептелісі бірнеше шақырымға созылып жатады. Қазан айында БАҚ-та 600-ге жуық көлік апталап кезекте тұрғанын, кейбір тауарлардың мерзімі өтіп кетіп жатқанын хабарлады. Ол тек қырғыз шекарасындағы жағдай емес, Ресей шекарасына барсаң да осы. Үнемі айғай-шу, үнемі дау-дамай. Жалпы бұл проблеманы қашан шешеміз? Осыған бас ауыртып жатқан адам бар ма?»
ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: «Бас ауыртып жатқан мемлекеттік органдар бар. Өздеріңіз білесіздер, аталған бекеттер екі тарапқа бөлінеді. Біріншіден, бұл сыртқы шекара бойынша бекеттер. Олар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қарамағында. Сондай-ақ ішкі, яғни Еуразиялық Одақтың ішкі шекаралары. Бұл жерде кеден бекеттері жоқ. Сол себепті бұл шекаралық қызметке немесе Көлік министрлігіне қатысты».
Ал, енді бір топ депутат жылыту маусымына дайын болмаған үкіметті сынады. Министрлерге жиындарды қысқартып, жылы кабинеттен шығып, осы аязды күні халықпен бірге болыңдар деп кеңес айтты.
ЕРЛАН САЙЫРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бірінші күні-ақ аяз түскенде еліміздің коммуналдық инфрақұрылымының сыр бере бастауы дәстүрге айналып отыр. Рас, республика бойынша тозығы жеткен жылу орталықтары мен инфрақұрылым 80 пайыздан асып кетті. Ал олардың көбін біз 50 жылдан астам уақыт пайдаланып келеміз. Бұл қауіпті жағдай. Былтыр Екібастұз, Риддер, Балхаш, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Петропавл қалаларындағы апаттар қордаланған мәселелердің айқын көрінісі. Бұл тізімге Сарань қаласы қосылды. Техногендік қауіп-қатердің географиясы геометириялық прогрессиямен өсіп барады. Соған қарамастан, біз жылына бұл салада тек 5-7 процентке ғана жаңарып отырмыз. Бұл тіпті, елдегі ескіру үрдісінің орнын толтырмайды. Олай жалғаса берсе, жылу энергетикасындағы коллапс орнауы мүмкін. Шіріген құбыр, ескірген қазандық, «кеңестік заманнан қалған» сорғыларды ауыстыратын уақыт өтіп кеткенін бәріміз білеміз».
Олигархтар протекцияны пайдаланып, өздері пайдаға кенеліп, шығынды мемлекет пен халыққа ысырып тастаудың дәстүрін тыятын кез жетті деп санайды депутаттар. Бұл саладағы әрбір жемқорды қатаң жазалау керек дейді олар.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 627 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/M0qvJUMdrUo?si=ph7PaMVTCyqrvYJ8"
Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдардың жеке табыс салығынан заңсыз ақша ұсталып келген. Мұны прокурорлар тексеріс барысында анықтады. Сондай-ақ, оларға қосымша еңбек демалысы берілмеген. Заң бойынша жұмыс уақыты да қысқартылмаған. Қазіргі таңда мұндай әрекетке барған 60 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, биыл өңірде еңбек заңдылықтарын бұзудың 72 дерегі анықталды. Прокурорлардың мәліметінше, жүргізілген тексеріс барысында кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысшылар құқығын қорғауға немқұрайлы қарайтыны белгілі болды. Нәтижесінде, осындай кемшілік жіберген 200-ден астам адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: «Мүгедектігі бар 103 адамға негізсіз ұсталған салықтарды және нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баждарды қайтару, мүмкіндігі шектеулі 56 адамға қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, бұл салада жиі кездесетін мәселелер жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында еңбек шартын жасамауы болып табылады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 604 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/PQVD3kO1OD0?si=z6VgH6ZmJ7zolKSB"
Маңғыстауға қоқиқаздардың алғашқы легі ұшып келді. Алайда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты көбі жылы аумаққа қарай қанат қағып кетті. Кейбірі суыққа шыдай алмай, әлсіреп қалуда. Сондай хәлдегі қоқиқаздардың бірін ақтаулық эко-амбассадор Азамат Сәрсенбаев өзінің пәтеріне әкеліп бағып отыр.
Бұл кадрлар Маңғыстаудағы Қаражанбас кен орны маңындағы тас жолда түсірілген. Асфальтті жөндеп жүрген мамандар ойламаған жерден жол үстінде бүрсең қағып жатқан қоқиқаздың балапанын көріпті. Оны бірден көлікке салып, табиғат жанашыры Азамат Сәрсенбаевқа жеткізген. Эко-амбассадор қоқиқазды бірден пәтеріне әкеліп, жылы жерге орналастырып, жемін берген.
АЗАМАТ СӘРСЕНБАЕВ - ЭКО – АМБАССАДОР: «Қоқиқазды жол қызметкерлері кеше әкеліп берді. Құстың әбден әлсіреп қалғаны көрініп тұрды. Күн суық, ұша алмай қалған. Бірден ас шаяндарынан жемін дайындап, алдына қойдым. Бір түн өткен соң жей бастады. Демек, ол әлденіп жатыр деуге болады».
Азаматтың айтуынша, бұл 6 айлық балапан екен. Оны қазір табиғатқа жіберу қауіпті, - дейді ол. Себебі ауа температурасы минусты көрсетіп тұр, үсіп қалуы мүмкін. Табиғат жанашыры сол үшін қоқиқазды арнайы жануарлар ұстайтын орынға тапсырып, көктемге қарай ұшырып жіберуді жоспарлап қойыпты.
АЗАМАТ СӘРСЕНБАЕВ - ЭКО – АМБАССАДОР: «Қоқиқазды ветеринар мамандарға апарудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әлсіреп қалғаны болмаса, жарақат алған жері жоқ. Бұл құстар Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы Теңіз-Қорғалжын көлдерінен ұшып келеді. Маңғыстаудағы Қаракөлге қонып, әл жинап, одан әрі Иран, Түркменстан жаққа қарай жер аударады».
Қаракөл жағасына келіп қонатын қоқиқаздар шамамен 15-20 күндей мекендеп, күш жинайды. Содан кейін әрі қарай ұшады. Қазақстанға көктем және күз айларында оралады. Қызғылт қанатты қаз барлық құрлықта мекендейді екен. Әсіресе өзен сағаларында, суы тұзды, қышқыл көлдерге тұрақтайды. Жалпы табиғатта қоқиқаздың 8 түрі болса, соның екеуі Қазақстанда кездеседі екен.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 667 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WgnxE1wpQ1o?si=VFIUFhvu5PgOkUbZ"
Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс жасауда. Негізгі мақсат, сапалы білім,саналы тәрбие беру.Сонымен қатар, отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Бұл Алматы қаласындағы № 49 жалпы білім беретін мектеп.Қазақтың ұлттық киімдерін киіп, қолдарына қасиетті домыраны алып,келген қонақтарды қарсы алған оқушылар,көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Білім ордасына келген ата-аналар да салтымызды дәріптеп, ұстаздар мен бірге рухани кештің мәнін аша білді.Бас қосудың басты тақырыбы «Қыз ғұмырдың құпиялары» деп аталды. Онда қыз баланың дүниеге келуінен бастап берілетін тәрбиенің қайнар көзі талқыланды.
ЖАННА ХИСАМИДДИНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №49 ЖББМ ДИРЕКТОРЫ
Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі деп дана халқымыз бекер айтпаған.Қазақ қашанда қыз баланың тәрбиесіне ерекше көзқараспен қараған. Қызды қырық үйден тыю,қыз балаға дауыс көтеріп сөйлемеу, қамқорлық пен өзіне жарасар нәзік қасиеттерді сіңіре білген.Өйткені ол келешек ана,ұрпақ тәрбиелеуші жан деп білген. Министрлік бастап,ұстаздар қоштап отырған «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасының мәні де осында деуге болады.
ЖАНАР МҰҚАШЕВА АТА-АНА
Жиын барысында қызу тақырыптар талқыланып,ата-аналар мен ұстаздар арасында пікір алмасу орын алды. Онда жаһандану заманында қазақ қыздары қандай болғаны дұрыс? Қыздарға қатысты талаптың ең маңызды мәселелері? Отбасы бақытының қызға қатысты сырларын ашу тәсілдерін тілге тиек етті. Ата-аналар тарапынан осындай игі бастамаларды тұрақты түрде өткізіп тұруға ұсыныстар айтылып, рухани жаңғырудың қажетті екендігі айтылды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 612 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vb9q4nFY0vo?si=-TzzHe5imiJFfcGE"
Танымал қытайлық дәрігер және қоғам белсенді Гао Яоцзе 95 жасқа қараған шағында АҚШ-тағы үйінде қайтыс болды. Ол 1990 жылдары Қытайдың ауылдық жерлерінде СПИД вирусының эпидемиясын анықтаған маман деген атаққа ие болған.
Кейбір мәліметтер бойынша ондаған мың адам жұқтырған вирустың өршуі туралы Гаоның ашық сөздері Пекинің аушуына тиді. Сол себепті Гао өмірінің соңғы жылдарын туған елінен жырақта өткізді.Гаоның жұмысы халықаралық ұйымдар мен ресми тұлғалар тарапынан жоғары бағаға ие болды. 2009 жылы ол Америка Құрама Штаттарына көшіп, ол жерде өз тәжірибесі туралы кітап жаза бастады. Ол сондай-ақ Қытай шенеуніктерін «проблемаларды жасырмай, шешуге» шақырды.Қытайда жұмыс істеген жылдары дәрігер қан сату жүйесіне қарсы шықты. Себебі, соның салдарынан мыңдаған адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Негізінен қауіпті ауру оның туған провинциясы Хэнань анықталды. Бұл лас инелерді жиі пайдалануынан туындаған.Оның күні шалғай ауылдардағы науқастарды емдеп, тамақ, киім-кешек, дәрі-дәрмек апарумен, яғни жолда өтті.Ресми мәліметтерге қарағанда, сол кезеңде АИТВ жұқтырғандар саны ондаған мыңға жеткен. Алайда билік оны жасыруға тырысқандықтан ұлттық зерттеу жүргізілген жоқ.
2001 жылы билік оған БҰҰ сыйлығын алу үшін Америка Құрама Штаттарына баруға төлқұжат беруден бас тартты. 2007 жылы Хэнань провинциясының шенеуніктері оны АҚШ-қа басқа марапатты алуға кедергі жасау үшін виза алуына жол бермеді. Оны 20 күн бойы үй қамауында ұстады.Кейін бұл тыйым алынып, ол елден кетуге мүмкіндік алды. Гао Қытай тарихындағы аласапыран кезеңде өсіп, жапон шапқыншылығынан және Мао Цзэдун тұсында Коммунистік партияны билікке әкелген азаматтық соғыстан аман қалды.Мәдени революция кезінде ол маоисттік қызыл гвардияшылардан соққыға жығылды, өйткені оның отбасы бай деп саналды. Кейінгі жылдары ол Маоны жиі сынға алып жүрген еді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 577 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Xf7ziFSH_iM?si=3Wr9-hHpO2ooOVrP"
Бүгін Алматыда «Кәмелетке толмаған қылмыс құрбандарының құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.Шараға тіс қаққан заңгерлер мен ұйым өкілдері және құқық қорғау органдарының мамандары қатысты. Қоғамды алаңдатып отырған жағдайда қандай мәселелер қозғалды,алдағы бейне материалға назар аударсақ.
Бұл бұрын соңды болмаған бас қосу, өзекті тақырыпты қозғамаса болмас,өйткені кәмілет жасына толмаған балаларға жасалып жатқан қастандық өршіп отырған уақыт деуге болады. Шараға жиналған тіс қаққан мамандар, әлемді алаңдатқан жағдаятты мұқият зерттеуді, оны алдын алуды әңгіме өзегіне айналдырды.
ТАЛҒАТ СӘРСЕНБАЕВ ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:
«Бүгінгі таңда әлем бойынша нақты статистикалық деректер бойынша 2-мллиардтан астам бала әр-түрлі жағдайда зорлық-зомбылық көреді екен.Қазақстан да бұл жағдайда әлемдік қауымдастықтардың мүшесі ретінде кәмілет жасына толмаған балаларды қорғау мен олардың құқын қорғау бағытында қолдан келер шараларды жүзеге асырып келеді. Бала болашағымыз,келешегіміз.Сондықтан да олардың қауіпсіздігін қадағалау басты мәселе болуы тиіс.Бүгінгі басқосуда, білікті мамандар өздерінің ұсыныстарын ортаға салып,жобаларымен таныстырып жатыр».
Конференция балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, зорлау, сексуалдық сипаттағы қорлық әрекеттері, буллинг, кибербуллинг және бала құқықтарын бұзудың басқа да нысандары сынды қоғам алаңдатушылығын тудыратын өткір мәселелер әңгіме өзегіне айналды.Шарада кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, медициналық қорғау тетіктерін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сарапшылардың пікірлерді, тиімді ұсыныстары мен оңтайлы тәжірибелерін жинақтау да назардан тыс қалмады.
МИРАС ДӘУЛЕНОВ НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бүгінгі біздің конференциямыздың басты мақсаты,кәмелет жасына толмаған балалардың құқық жанжақты қорғауға арналып отыр. Нақтырақ айтатын болсақ, балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, балалар мен жасөспірімдердің жарқын болашағын, отбасыда, қоғамда қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге бағдарланған тәжірибелік ұсыныстар мен стратегияларды әзірлеуге арналып отыр. Биыл біздің Нархоз Университетінің 60-жылдық мерейтойы,осыған орай жанжақтан білікті мамандардың басын қосып отырмыз».
Иә,расымен де кәмелет жасына толмаған балаларға зорлық-зомбылық күшейген заманда, жастардың құқын қорғау кезек күттірмейтін мәселе. Шараға жиналған түрлі саланың өкілдері де балалар қауіпсіздігін нығайтудың өзектілігін алға тартты. Нақты жоба әзірлеп, құқық қорғау органдарымен тізе қосып жұмыс жасауға шақырып жатты.
ОРЫНБАСАР ТІЛЕПБЕРГЕНОВ ЗАҢГЕР
Жиынға онлайн форматта қатысушылар да болды. Олар да жасөспірімдердің құқын қорғау мен оңалту саясатына байланысты өз ойларын ортаға салып жатты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 622 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/t_6Ru1FVTQI?si=rRCwFRl9Q7hTNpbb"
Хорватия жағалауында асыл пинның көп шоғырланған орны табылды. Бұл жұмсақденелілер паразиттердің кесірінен жойылу алдында тұр. Соңғы уақытқа дейін хорват ғалымдары Адриатиканың осы бұрышында аман қалған он шақтысын анықтаған.
САНДРО ДУЙМОВИЧ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ АГЕНТТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Өткен жылы қыста Врсардағы осы жерден 20-ға жуық асыл пинна табылды. Бұл жағымды жаңалық болды. Адриатикада шамамен он тірі пинна барын естегін едік. Міне, бір жерде олардың 20-сы табылып отыр».
Осы уақытқа дейін ғалымдар аталған моллюсканың тек Жерорта теңізінің бір бөлігінде ғана мекендейтінің айтқан.
САНДРО ДУЙМОВИЧ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ АГЕНТТІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Жерорта теңізінің қалған бөлігінде олар жоқ немесе теңіздің шығысы мен оңтүстігі туралы бізде жеткілікті деректер аз. Греция мен Францияда жоқ.
Жерорта теңізінде пинна моллюскаларының 99% паразиттерден өледі.
НИКОЛИНА ПРИМАТ БИОЛОГ: «Біз оларды ең таза ортаны қамтамасыз ету үшін осында ұстаймыз. Аквариумда біз ультракүлгінмен тазартылған және сүзгіден өткен суды пайдаланамыз. Бұл гаплоспоридия паразиттері біздің жүйелерге ене алмайды дегенді білдіреді».
Бұл моллюскелердің қабықтарының ұзындығы 120 сантиметрге жетуі мүмкін. Олар теңіз суының сүзгілері ретінде әрекет етеді.
НИКОЛИНА ПРИМАТ БИОЛОГ: «Осында, Истрияда үш апта бұрын 81 ерекше моллюска табылды. Осы уақыт ішінде олардың бесеуі өлді. 76 -сы қалды. Бұл биыл Жерорта теңізінен табылған он пиннамен салыстырғанда көп».
Ғалымдар асыл пиннаның Жерорта теңізінің түбіне оралуы туралы айту әлі ерте екенін атап өтті. Дегенмен, Хорватия үкіметі одан әрі зерттеулерді қаржыландыруда

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 589 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/lEddoKDmQn0?si=pKFOcRQ5XwDYA8PW"
Тәрбие тал бесіктен басталады.Балалардың жастайынан физикалық қабілетін жақсарту үшін, кешенді шаралармен қамтамасыз ету маңызды. Алматы қалалық білім басқармасының қолдауымен шаһарға қарасты барлық балабақшаларда бүлдүршіндерді өнерге, салаутты өмір салтына баулу жолдары жүзеге асырылып келеді. Мақсат ұлт саулығын жақсарту, сергектік қасиеттерге серпіліс жасау.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 613 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0bArnv4tuyY?si=fCH32qNuHoEmfh4P"
Тағы басқа мақалалар...
168 ішінен 234 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.