- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 180 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gJfyoawVVtg?si=frCp1RwfWGQQ0hza"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 184 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/v2BsLfWOQ9U?si=hyRlWSpAkmW-PAWh"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 251 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/dGbtz2c3dqg?si=kydwph9Y3l8EoWm1"
Алатау телеарнасында тұсаукесер! «Алатау» телеарнасы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлескен жаңа жобасы.
«AI Ғылым» — заманауи ғылым мен технологияның даму бағытын қарапайым тілмен түсіндіретін, интерактивті сұхбат форматындағы конвергентті бағдарлама. Жүргізушісі - Айгерім Есімхан.
Идея авторы: ҚазҰУ ақпарат және коммуникация департаменті директоры Қаншайым Мәуленқызы. Жоба жетекшісі - Қанат Әуесбай.
Жобаның мақсаты - ғылымды өмірге жақындату, оны көпшілікке қолжетімді әрі қызықты ету. Көрермен жасанды интеллект, инновация, жаңа технологиялар және ғылыми жетістіктер туралы өз саласының мамандары мен жас ғалымдардың пікірлері арқылы ақпарат алады.
Бағдарламаны жұма кешкі жаңалықтар топтамасынан кейін сағат 19:25-те «Алатау» телеарнасының эфирінен көре аласыздар.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 186 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WqeOuUf3DRA?si=fpEQej3anfIrWLqV"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 236 рет қаралды
XXI ғасырдың алғашқы ширегі цифрлық технологиялардың қарқынды дамуымен сипатталады. Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында (2025 жылғы 01 қазан) жасанды интеллектінің даму жылдамдығы өте тез, қарқыны жоғары. Сондықтан бір орында тоқтап қалмай, бұл іске үнемі жаңа көзқараспен қарау қажет деген болатын.
Жасанды интеллект (ЖИ) пен машиналық оқыту салалары жаһандық деңгейде экономиканың, білімнің, ғылымның және күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлшегіне айналды. ChatGPT, нейрожелі, үлкен деректерді өңдеу, генеративті модельдер сияқты ұғымдар қазіргі таңда тек ІТ саласының мамандарына ғана емес, сондай-ақ қарапайым халыққа да таныс бола бастағаны белгілі. Бұл құбылыс барлық тілдік кеңістіктерге әсер етіп отыр. Жаңа технологиялармен бірге жаңа атаулар, жаңа терминдер, ұғымдар пайда болып, олар қоғамға тез әрі кең көлемде еніп жатыр. Қазақ тілі де бұл үдерістен шет қалған жоқ.
Алайда жасанды интеллект (ЖИ) саласы терминдерінің қазақ тіліне бейімделуі, нақты баламасының қалыптасуы мен қолданысқа енуі қарқындық танытпай отырғаны жасырын емес. Бұл белгілі бір уақытты қажет ететін, біртіндеп жүзеге асатын жайт. Кезінде А.Байтұрсынұлы: «Сөзден жасап, сөз шығару деген әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді» (Байтұрсынов А. Шығармалар. –Алматы, 1989. –141-б.) деп айтқаны белгілі. Расында шет тілі терминдеріне дәл балама табу оңай шаруа емес. Терминдерді аударғанда алдымен сол жаңа терминге балама бола алатын сөздің мағынасы сәйкес келуі шарт. Одан кейін оның қысқалығы, жүйелілігі, эстетикалық талапқа жауап беруі, жалпы терминге қойылатын талапқа сәйкес келуі ескеріледі.
Жасанды интеллект (ЖИ) саласы терминдерін аудару, қолданысқа енгізу, сөздік түзу сияқты жұмыстар атқарылып келеді. Оны мойындауымыз керек. ЖИ саласындағы терминдер көбінесе ағылшын тілінен тікелей аударылып немесе өзгеріссіз қолданылуда.
Қазіргі таңда «machine learning – машиналық оқыту», «natural language processing (NLP) – табиғи тілдерді өңдеу», «chatbot – чатбот / әңгімелесу роботы», «data mining – мәліметтерді өндіру / дерекқазу», «neural network – нейрожелі», «prompt engineering», «dataset», «fine-tuning», «tokenization» сияқты ондаған, тіпті жүздеген жаңа терминдер қазақ тіліне әртүрлі жолмен еніп жатыр. Бұл – тіліміздің заман ағымына ілесіп, жаңғыруының бір көрінісі. Осыған байланысты ЖИ саласындағы терминдерді жүйелеу, олардың қазақ тіліндегі дұрыс қолданысын қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.
НУ-дің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) ғалымдарының бастамасымен жасанды интеллект пен робототехника саласы терминдері (672 сөз) бекітілгенін де айта кету орынды. Бекітілген терминдерді ISSAI (https://issai.nu.edu.kz/glossary/) және termincom.kz сайттарынан қарауға болады.
ЖИ саласындағы терминдерді ұлт тілінде қалыптастыру барысында тілші мамандар және ІТ саласы мамандарының бірлескен жұмысы, сондай-ақ БАҚ, ғылыми еңбектерде, оқулықтарда қазақша терминдердің тұрақты қолданылуы, терминологиялық жұмыстарды үйлестірудегі мемтерминкомның жұмыстары маңызды.
Жалпы жасанды интеллект саласының дамуы қазақ тілінде жаңа терминдердің пайда болуына себеп болып отыр. Бұл үрдіс тілімізді жаңғыртудың мүмкіндігі болғанымен, оны сауатты әрі жүйелі түрде жүргізу қажет. Терминология мәселесіне салғырт қарау тілді шұбарлап, оның функционалдық әлеуетін төмендетуі мүмкін. Сондықтан ЖИ-ге қатысты ұғымдарды қазақ тіліне енгізу – тек лингвистикалық емес, стратегиялық маңызды міндет.
Жасанды интеллект – болашақтың емес, қазіргі уақыттың тілі. Қазақ тілі бұл салада толыққанды қатысушы болу үшін терминологиясын заманауи талаптарға сай дамытуы тиіс. Терминдерді дұрыс аудару мен бейімдеу, қолданысқа енгізу тек тіл тазалығын сақтау ғана емес, ғылыми-техникалық прогресте қазақ тілінің қолданылу аясының кеңеюі болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тілі білімі кафедрасының ассистент профессоры, ф.ғ.к. Ә.Ж.Әміров
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 191 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/0xPvlzEd8hc?si=OV0RHahJRHyi9gB_"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 239 рет қаралды
Мемлекеттік қолдаудың арқасында қалада 140 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, кәсіпорындардың жалпы өнім көлемі 17 трлн теңгеден асты.
«Шағын және орта бизнес – қаланың экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күші. Біздің міндетіміз – мемлекеттік қолдау құралдарының кәсіпкерлерге шынымен көмектесіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жағдай жасау», – деді Алматы қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік филиалының директоры Жандос Нұрғазинов.
Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтерек» құрамындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры алматылық кәсіпкерлерді жүйелі түрде қолдауды жалғастыруда. Қор жеңілдетілген несиелеу, кепілдендіру және пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетіктері арқылы бизнестің дамуына және өңір экономикасының нығаюына серпін беріп отыр.
2025 жылы Алматы қаласында «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 56,6 млрд теңгені құрайтын 114 жоба қолдау тапты. Ал кепілдендіру құралы арқылы 255 келісімшарт жасалып, олардың жалпы сомасы 24,2 млрд теңгені құрады. Бұл жобалардың жалпы құны 43,3 млрд теңгеге жетті.
Сондай-ақ, Алматыда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін пресс-тур ұйымдастырылып, қатысушылар мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижелерімен танысты.
«Juldyz Kenan Co., Ltd» ЖШС – Қазақстандағы катетерлер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын жалғыз кәсіпорын. Компания «Даму» қорының 566 млн теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиесі мен 32,7 млн теңге кепілдігінің арқасында 7 000 шаршы метр аумақтағы заманауи зауыттың құрылысын аяқтап, өндірісті іске қосты.
«Алматинская дорожно-строительная компания» ЖШС жол және азаматтық құрылысқа арналған материалдар өндіреді. 2025 жылы кәсіпорын «Өрлеу» бағдарламасы аясында 895 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, өндіріс көлемін ұлғайтып, өткізу нарығын кеңейтті.
«ALA Sintez» ЖШС – металл консерві қаптамасын өндіруші кәсіпорын. Компания өндіріс қуатын арттыру және жаңғырту мақсатында 130 млн теңге жеңілдетілген қаржы алды.
Пресс-тур аясында журналистер «Qaz Package» ЖШС кәсіпорнының жұмысымен де танысты. Компания ет және азық-түлік өнімдеріне арналған қаптамалар шығарады. Жоба импортты алмастыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Кәсіпорын инвестицияға 580,5 млн теңге, айналым қаражатын толықтыруға 100 млн теңге қаржы тартып, 174,8 млн теңге көлемінде «Даму» қорының кепілдігін пайдаланды.
«Даму» қорының қолдауы алматылық бизнес үшін тек қаржылық құрал ғана емес, сонымен қатар қаланың өндірістік әлеуетін арттыруға және экономикасын жаңғыртуға нақты серпін беріп отыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 356 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/F4pIEXZf5Xc?si=FC0iiJvwkkkwuKtR"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық форматты дамыту мен жасанды интеллектіні жандандыру жөніндегі тапсырмасы еліміздің білім беру жүйесіне тың серпін әкелмек. Президенттің бұл бастамасы – заманауи технологиялар дәуірінде сапалы білім берудің, инновациялық ойлауды қалыптастырудың, педагогтардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызды қадамы болып табылады.
Алматы қаласына қарасты №207 мектеп-лицейінде білім беру үдерісін жаңғыртуға бағытталған тағылымды семинар өтті. Іс-шара «Заманауи сабақты жоспарлаудағы тиімді әдіс-тәсілдер мен жасанды интеллект құралдарын пайдалану жолдары» тақырыбында ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдануға үйрету және цифрлық сауаттылық деңгейін көтеру.
ШОЛПАН БӨБЕКБАЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Қатысушылар ChatGPT, Canva, Google AI секілді заманауи цифрлық құралдар мен платформалардың мүмкіндіктерімен танысып, оларды сабақ жоспарын әзірлеу мен оқу материалдарын түрлендіруде қолданудың тиімді жолдарын талқылады. Семинар барысында педагогтер тәжірибе алмасып, интерактивті форматта шеберлік сағаттарына қатысты.
ӘЛИМА АСҚАРҚЫЗЫ, БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ, ӘДІС БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІСІ
Семинар қатысушыларының назарына оқушылардың қолымен жасалған табиғи таза өнімдер көрмесі ұсынылды.Интелектуал жастар, адам ағзасына пайдалы өсімдіктерді өсіріп,одан түрлі сусындар ойлап тапқан.Бұдан бөлек теріге пайдалы сабындарды жүзеге асыра бастапты.
ТОРҚАЛЫ ЖАНДЫБАЕВА, БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 184 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eUhnS9A0Rho?si=PSeZXZ61JAHDXqHU"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 182 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/eqcE9K-t1dw?si=Sx1qMQm6tHNXNlXS"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 193 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/YuowGO5DSi8?si=f5wIGYcMWJT94XlX"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 183 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/8aSaZmNATPc?si=0mFaYFecHCQC6hjl"
Тағы басқа мақалалар...
6 ішінен 243 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.