- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 74 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6meNIUd1MJQ?si=9araHnfWeKmKJt8C"
Былтыр шаруаларға судың жетпегені министрлікке жақсы сабақ болғандай. Биыл ол олқылықтарға жол бермедік дейді жауаптылар. 100-ден аса су бекеті жөнделген, 700 шақырымнан астам канал тазартылып, мыңнан астам су құрылысы аттестаттаудан өткен. Сондай-ақ еліміздің 11 өңірінде 98 гидротехникалық құрылысы қалпына келтіріліп, нәтижесінде Оңтүстік өңірлер қажет сумен толық қамтамасыз етілген. Айтпақшы, биыл жыл соңына дейін жаңа Су кодексі қабылданады деп жоспарлануда. Жаңа құжатқа сәйкес енді иесіз қалған су шаруашылық нысандарының барлығы дерлік мемлекет меншігіне қайтарылады.
МӨЛДІР ӘБДУАЛИЕВА ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Құрғақшылық туралы көптеген болжамға қарамастан, Су ресурстары және ирригация министрлігі төтенше жағдайдың, суармалы су тапшылығының алдын алып, былтырғы жағдайдан кейін жинаған тәжірибенің нәтижесінде шаруаларды сумен үздіксіз қамтамасыз еткенін атап өткім келеді. Суару маусымында шаруаларға шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымы – «Қазсушар» филиалдары шаруа қожалықтарымен суармалы су беру жөнінде 25 мыңға жуық келісімшарт бекітті. Осы орайда ол су тұтыну көрсеткіші жоғары аймақтарға тоқталды. Қызылорда облысына – 3,5 млрд текше метр, Түркістан облысына – 3,2 млрд текше метрден артық, Жетісу облысына – 1,2 млрд және Жамбыл облысына 1 млрд текше метрден астам су берілді».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 79 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/04lvKw9bIgA?si=boWPMWeu0s_VN_f9"
СҚО «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 4 күн ішінде 1166 жол жүрісі қағидаларын бұзудың фактісі анықталды. Оның ішінде 18- жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Өңірде жыл басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 21 адам зардап шеккен.
СҚО полицейлері 4 күн бойы «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шараға республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда, елді мекендерде 140-тан астам автопатруль жұмылдырылды. Іс-шара барысында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда мотоциклді жүргізуші куәлігінсіз басқарған 41 жастағы ер адам ұсталды. Одан ішімдіктің иісі шыққандықтан медициналық куәландыруға жіберіліп, күдік расталды.
Мұндай жағдайда көлік басқару қайғылы аяқталуы мүмкін болғандықтан құқықбұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
АЯГӨЗ ЕСМАҒАМБЕТОВА СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ «Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында барлығы жол жүрісі қағидаларының 1166 түрлі жолда жүру ережелерін бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде көлік құралын мас күйінде көлік басқарудың 18 фактісі, жаяу жүргіншілерге қозғалыс барысында басымдылық бермеудің 33 фактісі, сондай-ақ, белбеу тағылмаған көлік құралын басқарудың 206 фактісі анықталды»
Қаңтар айынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 21 адам зардап шекті.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 85 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xmzdX0YmMj8?si=H_7qtziqk5uEcdej"
Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай мен газ өндіруші және экспорттаушы елдердің бірі. Елде 2030 жылға қарай мұнай өндірісі 100 млн тоннаға жеткізіледі. Бұл туралы Алматыда өткен энергетикалық жобаларды іске асырудағы халықаралық әріптестік пленарлық отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті. Министрдің сөзінше, 2023 жылы Қазақстанның мұнай өндіруі 90 миллион тоннаға жетті. Ал, өткен жылы мұнай экспорты 70,5 миллион тоннаны құрады.
АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ
«Қазіргі мақсат – 2030 жылға қарай мұнай өндіруді жылына 100 миллион тоннаға (шамамен 730 миллион баррель) жеткізу. Табиғи газ өндіруге келетін болсақ, 2023 жылы бұл көрсеткіш 59,1 миллиард текше метрге жетсе, 2030 жылға қарай 90,7 миллиард текшеге арттыру көзделіп отыр»
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 97 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/uzbS4TFGCNs?si=cRwlyC34cZWXy29t"
Алматы облысы Қарасай ауданында «Өмірзақ» ықшам ауданындағы 900 орындық мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасының ашылуына Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Ғұсман Қырғызбаевта келді. Спортшы жас өрендермен кездесіп, оқушылардың жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Бүгін Қарасай ауданының оқушыларының таңы ерекше басталды. Жергілікті бюджет есебінен жаңа білім ордасы бой көтерді. Осылайша ауданда 3 ауысымдық мектептердің саны қысқарып, білім беру орындарының қатары артқан. Оқушылар Қазақстандық тотами шеберімен кездесу бақытына ие болды. Спортта азды көпті жетістікке жеткен жастар Ғұсман Қырғызбаевтан шеберлік сағаттарын алды.
ЖАСҰЛАН ТОҚҚОЖАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «Бұл мектеп ауданымыздағы жаңадан ашылған білім мекемесінің алғашқысы емес. Атап өтсек, биылғы оқу жылының алғашқы екі күнінде жайлы мектеп жобасы аясында салынған Қошманбет және Елтай ауылдарында заманауи үлгідегі мектеп қолданысқа берілді. Ертең Долан ауылында жаңа мектептің ашылу салтанаты өтеді. Осының нәтижесінде ауданымызда соңғы екі жылда 3 ауысымдық мектептердің саны 12-ден 3-ке дейін азайды»
Салтанатты шарада аудан әкімі спортшының иығына шапан жауып, құрмет білдірді. Париж Олимпиадасының жүлдегері оқушыларға ізгі тілегін арнады.
ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады демекші кішкентай іні, қарындастарыма осы мектепті жақсы бітіріп, үйдегі ата-аналарыңның, ұстаздарыңның мақтанышы болатын мықты азамат пен азаматша болуларыңа тілектеспін. Жаңа мектептің ашылуы құтты болсын!».
Саланатты шарадан кейін жиналған қауым Б.Соқпақбаев атындағы орта мектепке ат басын бұрды. Талапты да талантты оқушыларды дайындап шығарған шаңырақта спортшымен кездесу ұйымдастырылды. Оқушылар Ғұсман Қырғызбаевқа көкейде жүрген сауалдарын қойып, жетістікке жету жолдарын ортаға салды.
ҚОРЛАН ДӘУІТХАНҚЫЗЫ Б.СОҚПАҚБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ «Бұл кездесу біздің оқушыларымызға мотивация, жігер береді. Балаларымыздың уақытын бос жібермей, салауатты өмір салтын қалыптастырып, осындай олимпияда чемпионы, әлем чемпионы болу мақсаттарына жетуін қалаймыз. Бүгінгі кездесуден кейін, осындай ой түйді деп ойлаймын. Патриоттық тәрбие аясында, жүзеге асырылып жатқан кездесу молынан бола берсін»
Еске сала кетейік, 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 54 600 орындық 53 мектеп салу жоспарланған. Осылайша өңірде үш ауысымды оқуды толықтай жоюға және әрбір балаға сапалы білім беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 88 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Z0Wytmz1Rg4?si=WQ5IlaVG8wpyPgUT"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 97 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/trUAqzMMnWw?si=6rAfysodH_3aAY7G"
Астанадағы LRT құрылысына асылып тұрған ер адамның видеосы тарады. Қайғылы оқиға елордадағы 73 мектептің маңында, Нәжімеденов көшесінде болған. Ақ футболка, қала шалбар киген ер адам LRT құрылысының темір бағанына асылып қалған. Полиция оқиғаны растады, аталған жағдайдың мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалғанын,тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 79 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bwpBFKpOJho?si=Osmrp3lHynOuhFfV"
Көкшетауда Төтенше жағдайлар министрінің кубогы үшін құтқарушылар арасында қоян-қолтық ұрысы бойынша республикалық командалық жарыс өтпек. Оған Қызылорда өңірінен 9 құтқарушы қатысып, бақтарын сынамақ. Айта кетейік, бұл сайыс 25-30 қыркүйек аралығында болады. Қоян-қолтық ұрысы- нағыз жауынгерлік іс-әрекеттерде сыналған, әлемдік жекпе-жек өнерінің бір түрі.Спортшы әр түрлі элементтерді қолдану арқылы қорғаныс, шабуыл әдістерін жасай алады. Қоян-қолтық ұрысы бойынша Қызылорда облысының атынан 9 құтқарушыдан жасақталған әйелдер мен ерлер құрамасы қатысады. Команда аталған сайысқа бір ай бойы дайындықтан өткен.
НҰРЛАН ЕРЕКЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 112 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Hs7-fse7Zpk?si=Lvjhmn-KIbXPJNlp"
Жасөспірімдер арасындағы буллинг, суицид оқиғалары жиіледі. Айдың күннің аманында жастардың мұндай іске баруына не себеп? Бұл жағдайға психолог мамандар не дейді? Тілшіміз дайындаған материалға кезек берсек.
«Тәрбие тал бесіктен» бала тәрбиесі үшін отбасындағы ата-ананың алатын орны ерекше. Алайда қазіргі ата-аналар балаға уақыт бөлуден қалыс қалып жүрген сыңайлы. Статистикаға сүйенсек оқу жылы басталған уақыттан бері бірнеше оқушы өз өмірін қиған. Оған не себеп? Мұндай жайт орын алмау үшін қайтпек керек?
АМАНЖАН АБДУКАРИМОВ ПСИХОЛОГ: «Мәселе негізі тамыры қай жерде? Атана аналар балаларын осы күйінде қабылдамайды, өзгерткісі келеді. Бұл жерде ата-аналарға көп нәрсе байланысты. Білім болса ата-аналармен, балалармен жиналыс өткізіп, жұмыс жасалса осы нәрселер кішкене азайып кетер еді.
«Ата-анасынан жылулық сезінбеген бала осындай жағдайға барады» - дейді психолог. Ал заңгер, мұндай жағдайда баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
БАҒДАТ АМАНДОСҰЛЫ ЗАҢГЕР: «Бізде қолданыстағы заңнама Кәмелетке толмаған балалардың іс әрекеттері үшін оның ата-анасы және олардың заңды өкілдері жауапты.Яғни бұл жерде баланың ешқайдай кінәсі жоқ. Тікелей кінә ата-анасында. 06:20/06:32 «Егер сіз ата-ана ретінде өзіңіздің туған балаңызға күш қолданатын болсаңыз сіз жауапкершілікке тартыласыз.Яғни қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз. 10:05/10:20 Баланы ұрып оқыту ол дұрыс емес. Оны қоғам да қолдамайды. Себебі егер бала құқық қорғау органдарына хабарласатын болса, ата-ананы құқығынан шектеуге негіз бар. Бала өзінің пікірін айтуға құқығы бар».
Айта кетейік, оқушылар арасындағы жағдайға байланысты еліміздің барлық білім ошақтарында 23-27 қыркүйек ата-аналар жиналысы өтеді. Бұл жиналыс балалардың қауіпсіздігіне негізделген.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 63 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wRfcAaz13ns?si=t63L43vOChZZdt6G"
Халықты төтенше жағдайдан қорғай алмағандар енді жауапқа тартылады. Бұл туралы бүгін Үкіметте су тасқынының себеп-салдарын талқылаған отырыста Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты. Биылғы су тасқыны барлығымызға сабақ болды деген еліміздің бас құтқарушысы, алда 20 өңірге 20 тікұшақ сатып алмақшы. Айтуынша, егер техникамен толық жабдықталса, мұндай табиғи апаттың алдын оңай алуға болады-мыс.Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистер Үкімет басшысының орынбасаранын тікелей осы салаға жауапты төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов неге орынынан алынбады деп сұрақ қойды.
Халықты әбден әбігерге түсіріп, мазасын қашырған көктемгі су тасқыны шенеуніктерге расымен-ақ сабақ болғандай-ақ. Алдын ала деректер бойынша, табиғи апаттан шамамен 300 млрд теңге шығын келген. 34 мыңнан астам азамат біржолғы төлем алыпты.
ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:
«Құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылау мақсатында әр өңірдегі құрылыс алаңдарына министрліктің және су тасқынынан зардап шекпеген өңірлердің қызметкерлері іссапарға жіберілді. Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік көмек» ақпараттық жүйесі залалды өтеу бойынша өтініштерді қабылдау және өңдеу процесін ұйымдастыруына елеулі үлесін қосты. Цифрлық даму министрлігі мобильдік қосымшалар арқылы залалды өтеу өтінішін беруді қысқа уақытта ұйымдастырып, тиісті құжаттар болмаған жағдайдың өзінде өтініш беру мүмкіндігі қарастырылды».
Тасқыннан ел өңірлерінде 40 мектеп, 200-ден аса жол учаскесі, 3000-ға жуық үй зардап шекті. Бүгінде олар толық қалпына келтіріліп, халық баспанамен қамтамасыз етілді. Енді осы айдың соңына дейін 38 үй салынып бітеді. Сонда ел азаматтары түгелдей үймен қамтамасыз етіледі деді үкіметтегілер. Төтенше жағдайлар министрі апат кезінде техника жетіспегені аса қатты қиындық туғызғанын жеткізді.
ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
«Тартылған техниканың басым бөлігі сапасыз әрі ұзақ мерзімді жұмыстарды жүргізуге жарамсыз болатын. Осыған байланысты, көптеген күштер мен құралдарды теміржол эшелондарымен және әуе кемелерімен жөнелту жүргізілді. Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендердің арнасынан асып тасуына байланысты Қорғаныс министрлігінің понтон көпірлерін орнату талап етілді. Бұл халықты дер кезінде эвакуациялауды, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуді қамтамасыз ету мүмкіндігін берді. Зардап шеккен аймақтардың тасқын судың көлемі мен олардың салдарына дайын еместігі аңғарылды, ондағы бірлескен іс-қимылдардыұйымдастыру мен үйлестіру әлсіз жүргізілді».
Енді осы олқылықтың орынын толтыру үшін жауапты ведмвство елдің ір өңіріне бір-бір тікұшақ сатып алып қоймақшы. Оған ұшқыштар арнайы оқытылатын болады. Қаржы министрлігі бюджеттен бұл мақсатқа қаржы да тауып, бөліп қойған.
ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
«Қазір біз лизинг арқылы 3 Ми-8 АМТ тікұшағын және 4 Ка-32 тікұшағын аламыз. Осылайша, тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет L-410 атты 4 Чехия ұшағын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Оларды батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстікке қоямыз. Соның арқасында тапсырмаларды орындаймыз деп ойлаймын. Нәтижесінде деңгейіміз өседі».
Айтпақшы, үкімет отырысынан соң брифингте журналистер үкімет басшысының орынбасарынан тікелей осы салаға жауапты төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов неге орынынан алынбады деп сұрақ қойды. Қанат Бозымбаев әріптесін былайша қорғады.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІНІҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Су басқан уақытқа дайынбыз деген болатын. Бұл кісі министр болған кезде дайынбыз деді. Облыс басшылығы жауапкершілікке тартылған уақытта неге жауапкершілікке тартылмады? Толығымен пікіріңізіге қосылмаймын. Бұл кісінің министрлігі өз шеңберін көрсетті. Күні-түні жаяу бөгеттерді аралап, кісілерді құтқарып, өз құзіретіне жататын жұмысты толық атқарды».
Егер жоғарыда аталған техникалар сатып алынып, құтқарушылардың әлеуметтік жағдайы жақсаратын болса, табиғи апатпен күресуге сақадай-сай дайынбыз деп төтеншеліктер тағы да халыққа өз уәдесін берді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 79 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/wccI-w2dwHk?si=sl0r5zfXKDn9MFLK"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 96 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/v3FOH0Z5XG8?si=RMwtQ5rgExjaaIVV"
Ұлттық ұланның Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің атыс алаңында күрең беретке үміткерлердің біліктілік сынағы өтті. Оған еліміздің әр аймағынан арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері қатысты. Дәстүрлі додаға 300-ге жуық ниет білдірушінің арасынан іріктелген 80-нен астам үміткер қорытынды сынаққа қатысты. Олар алғашқы кезеңде теориялық тестілеуден өтіп, дене шынықтыру дайындығынан өтті. Төмен көрсеткіш көрсеткен қатысушылар екінші кезеңге өте алмады. Шешуші кезеңге небәрі 44 үміткер іріктелді.
Шешуші кезеңнің бірінші күні сынаққа қатысушылар таңғы сағат 05:00-де дабыл арқылы оянды. Сол күйі 5 шақырымға жүгіру бойынша сынақ тапсырды. Одан соң ұзақ та күрделі жорыққа аттанды. Жолда олар қарсыластың шабуылын тойтару, жараланған қаруласының жарасын танып, қауіпсіз аймаққа сүйреп өту, өрт шыққан аймақтан тыныс алуға арналған бас киіммен жүгіру секілді тапсырмаларды орындады. Жолай әбден шаршаған жауынгерлер бауырымен жорғалап, жатқан күйі тасалануға арналған ор қазды және етігімен су кешті. Таң атпастан аяққа тұрған үміткерлер желе жортқан күйі кешке дейін дамыл таппады. Сынақ кезінде жауынгерлерге физикалық және психологиялық соққы жасалды. Олар соған қарамастан кезіккен қиындықтарды жеңіп, мәреге жету үшін ерік-жігерін аяған жоқ.
БАУЫРЖАН ӘБЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біліктілік сынағын тамашалап, қадағалауға әлемнің 4 елінен әріптестеріміз қатысып отыр. Олар Түркия, Ресей, Қырғыстан, Қытай елдерінен келген әскерилер. Осылай біз бір-біріміздің әскери тәжірбиемізді алмасуды мақсат еттік. Бабы мен бағы қатар шауып, ауыр сыннан сүрінбей өткендер күрең берет иегері атанды. Жігіттеріміз қиындықтардың барлығын еңсерді. Сынға түскен 44 жігітімізге өзінің күш-жігерін көрсете білді».
Осынау бір аптадан бері арнайы жасақ жауынгерлері орындап жатқан тапсырмалар легі аяқталды. Сынақтың қорытынды күні олар 10 шақырым жүгіріп, оқ дәрі салынған қобдишаларды сүйреуден норматив тапсырды. Селкілдек көпір үстінен өтіп, темір бағаннан төменге сырғанады. Қиғаш қойылған ағаштардың бірінен еңкейіп, бірін аттап, шынжыр байланған дөңгелектер қабырғасына өрмелеп шықты. Аспалы темірлерді де артта қалдырды. Суға секіріп, биік тас қабырғаны бірлесе еңсерді. Осы уақыт аралығында сыннан сүрінбей өткендер ақтық сынақ – қоян-қолтық төбелеске шықты. Үш раундтан тұратын жекпе-жектің соңғы бөлімінде рингтегі жігіттер тың тұрған күрең берет иегерлерімен күш сынасты. Бұған дейін сапта болған 15 үміткердің бәрі де 9 минут бойы соққыларға төтеп берді. Әлі кетіп, күші сарқылғандардың өзі темірдей төзімділік танытты. Осылайша, олардың бәрі де күрең берет иегерлері атанды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 80 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/r9UIiW1_M_A?si=DsJ-L7_QoHq9xYgn"
АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб Сыр өңіріне қарасты Шиелі ауданы жұртышылығымен кездесті. Диалог барысында 6 қазанда болатын жалпыхалықтық референдумның маңызы туралы айтылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі энергия тапшылығының алдын алуда АЭС салу мәселесін көтеріп және оны референдум арқылы халықтың таңдауы еркіне берген болатын. Осыған орай, спикерлер тұрғындарымен кездесу өткізіп, мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, референдум маңыздылығы жөнінде атап өтті.
МҰРАТ ӘБЕНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Мұнан соң штаб мүшелері аудан ақсақалдарымен сондай ақ теміржолшылармен жүздесті. Жүздесуде АЭС маңыздылығы көтеріліп,ұсыныс пікірлерде айтылды.
АЛМАТ ДОСЫМОВ ШИЕЛІ АУДАНЫ ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
АЭС құрылысы – Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба екені жиын барысында баса айтылды.
Тағы басқа мақалалар...
7 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.