
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 355 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BTLWUSn6uzA?si=YJM7082c_TQ6ssDI"
Алматыда ертеңгісін басталған жауын үзіліспен әлі жауып тұр. Синоптиктердің болжауынша, нөсер үш күн тоқтаусыз жауады.
Алматыда күн райы бұзылды. Жел соғып, күн күркіреп, найзағай ойнады. Көктөбе телемұнарасын найзағай соқты. Оны қала тұрғындарының бірі видеоға түсіріп алған. Оңтүстік астанада жауын жиі жауатын болды. Нөсер жауын қала көшелері мен жаяу жүргіншілер өткелдерін басып қалды. Арықтарға су толып, сыртқа тасып жатыр. Алматы әкімдігінің мәліметінше, жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада кезекшілікке шықты.
Сондай-ақ 2500 қап құм дайындалады.Күндіз жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы шықты. Ал түнгі уақытта 236 бірлік арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады. Құтқарушылар күн райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге көліктерін ағаштың түбі мен жол жиектеріне қоймауға шақырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 428 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/STKMH-rxmV8?si=bXtpVhg751vbtkvF"
Алматыда белгісіз біреулер халық көп жиналатын жерде көзді ашытатын өткір иісті бұрышты баллонды шашып жіберген. Арбатта қыдырып жүрген адамдар тұншығып, жөтеліп кетті. Қалалық полиция департаментінің өкілдері қоғамдық орында бұрыш баллонды шашқан бұзақының кім екенін анықтап және оның міндетті түрде жауапқа тартылатынын жеткізді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 440 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WiTO__8T714?si=uiPiBtqlkaLGPYxz"
Ақтауда ер адамның аулада тұрған көлікке секіріп, тепкілеген видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 32В ықшамауданындағы №8 үйдің маңында болған. Видеода ер адам ойын алаңында сусын ішіп, сосын жақын жерде тұрған көлікке секіріп, оны күшпен теуіп, кейін белгісіз затты лақтырғаны көрінеді. Бұдан кейін ол қашып кеткен.Жергілікті полиция өкілдері құқықбұзушылық 23 сәуірде сағат 07:00-де жасалғанын хабарлады. Ер адамның жеке басы анықталған.Тәртіп сақшылары аталмыш азаматтың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі ("Тыныштықты бұзу") бойынша хаттама толтырған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 387 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/VUMhx1d1JN0?si=z43zAWUZLKZICoju"
Шу шықса болды, мәжілісте шепте жүрген сол бір 5-6 депутат қана бас көтереміз. Осылай деген халық қалаулысы Ермұрат Бәпи бүгін тағы бас көтеріп, сын айтты. Мәжілісменге жаңа заңның атауы жақпай қалған.
ЕРМҰРАТ БӘПИ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Экономикалық құқық бұзушылыққа декриминализация жасаса, халық оны қалай түсінеді? Осыны бір қоғам түсінетіндей қылуға болмай ма? Ей, қазақ, мынау былай дейтіндей. Өйткені ертең бізге, қол қойған президентке сөз тиеді. Осы жердегі бес-алты депутат қана “отбиваться” етеміз осы. Анау желінің бәрінде Абзалдан бастап бәрімізді белгілейді. Ертең осы заң үшін «Ескі Қазақстанды қорғап жатырсыңдар» деп бізге сөз келеді. Желіде түсіндіру керек. Анау «Хабар», «Қазақстан» арналарының онша тиімділігі болмайды. Халық көретін арналарға шығып, түсіндіру керек».
ЖЕҢІС ЕЛЕМЕСОВ ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Дұрыс айтып отырсыз. Қоғамға жеткізу – біздің мақсат. Сол себепті бірнеше отырыс болды. Қоғамға түсіндіру, жеткізу бойынша біраз жұмыс жасаймыз деп ойлаймыз».
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте кәсіпкерлікке қатысты жаңа заңның таныстырылымы өтті. Бұдан былай заң кәсіпкерлердің құқын қорғайды. Қосымша кепілдік беріледі. Қолданыстағы қазіргі құжатта талап қатал еді. Қит етсе болды, қаржы агенттігі сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне енгізіп жіберетін. Содан тексеріс басталады. Ал, кәсіпкер болса, зор шығынға батады. Енді жаңа заңда олай болмайды. Құзіретті органға тексеріс бастау үшін салық органының актісі керек болады. Егер, бизнес иесі бұл нормамен келіспесе, онда сотқа шағым қалдыра алады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 432 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MEn56-ps-Go?si=iz3RfjCddXJ7NHPR"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 452 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/K-2SbbZJ8cU?si=vNisVHvVhM61qG1q"
1 млрд мемлекет ақшасын жымқырды деген күдікпен 5 адам ұсталды. Олар гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген ақшаны қолды қылған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Жауапты орган бөгеттер мен су нысандарын салуға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын тексермек. Олар су тасқыны салдарын жою үшін бөлінген ақшаның мақсатты пайдалануы мен көмектің зардап шеккен барлық азаматтарға нақты жетуін де басты назарда ұстайтын болады.
ДМИТРИЙ МАЛАХОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: «Өздеріңізде көріп отырсыздар елімізде су тасқынына қатысты ахуал күрделі. Біз де шет қалмауымыз керек. Өз құзіретіміз бойынша адал жұмыс істеуіміз керек. Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет».
Одан бөлек, зардап шеккендерге көмектесу үшін деп ақша жинайтын алаяқтармен де күрес жалғасады.Тасқын болған аймақта бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аударылады. Ол үшін апта сайын азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасатын болады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 387 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xEK4FmC4h8s?si=8EpI_KwRgI1yg_Ad"
Ақтауда ұзындығы 44 шақырым жылу желілерінің тозығы жеткен. Бийл жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Сол епті шаһардағы үйлер ыстық судан ажыратылады.
Жылу желілерінің 79%-ы жарамсыз. Салдарынан, биыл қыста 600-ден апат апат тиркелип, залалы шағын аудан тұрғындарына тиген. Апат саны көбеймей тұрғанда мамандар дереу иске кіріспек. Осы мәселе бойынша 18 жобаны иске асыру жоспарда бар.
СЕРІКҚАЛИ ҚАНАПИН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАCҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Ендігі кезекте алдымыздағы жылыту маусымына дайындық барылықы уча скелерді жөндеп үлгеруимиз керек және ең негізші бізге жылу келетин магистральдық құбырымыз 44км жөндеп алуымыз керек. Они жөндеп алмасақ біздер қыста ақауларға тірелеміз. Егерде қаржыландыру тісті деңгейде жүргізілсе, бұл жұмыстарды біз атқарамыз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 419 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hMbhEK14V7I?si=2PFxhc2lTzxoal1l"
Жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да қолдау көрсетілетін болады. Бүгінгі таңда, тасқыннан зардап шеккен аймақтағы әкімдіктермен жаңа құрылысқа жер учаскелерін таңдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысында үй салу бойынша жұмыстар басталды, ал Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының тұрғындарына дайын жаңа баспана кілттері беріліп жатыр. Бұл жұмыстар басқа да өңірлерде жалғасатын болады деді жауаптылар.
Су тасқыны халықты әбден әбігерге салды. Үй-жайы мен ертеңіне алаңдаған ел азаматтары бар үміт тек үкіметте деп отыр. Тасқын басталғалы 10 облыста 41 төтенше жағдай жарияланған. Мұндай табиғи апат бұрын-соңды елімізде болмаған.
БАУЫРЖАН СЫЗДЫҚОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Қазіргі таңда Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікте су Ақмола облысынан келіп жатыр. Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Бұл өңірлердегі елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгінгі таңда 5 мыңнан астам тұрғын үй, 16 мыңнан астам саяжай, бір мың аула аумағы мен 91 ғимарат су астында қалып отыр».
Халықтың үмітін үкімет ақтай ма? Бүгін министрлер кабинеті күн тәртібінде су тасқынынан зардап шеккен халыққа қандай көмек көрсетілетінін талқылады.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. Қазіргі таңда 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алды. Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты бүлінген бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады».
Үкімет басшысы жағдай тікелей Президенттің және өзінің бақылауында екенін айтып сендірді. Тасқыннан зардап шеккен кәсіп иелері де назардан тыс қалмайды деді ол.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:«Азаматтарға айтатыным, сабырлық сақтаңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан абыроймен өтеміз деп білемін».
Айтпақшы, мемлекет су тасқынынан бүлінген үйдің орнына жаңасын салуға деп берілетін 22 млн теңгені әркімнің қолына ұстата салмайды. Тұрғындар өздері таңдау жасайды. Жаңадан үй немесе пәтер алу халықтың өз қалауында. Яки, үйін қайта тұрғызады немесе әкімдіктер қайталама нарықтан пәтер алып береді. Осы екі таңдаудың бірін пайдалануға болады. Ал жөндеу жұмыстарын әкімдік құрылыс компаниясына жүктей алады немесе бірнеше өңірде әкімдік шешімімен баспананы қалыпқа келтіру шығынын жұртшылықтың қолына береді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 407 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/l8Vv3K-BBJk?si=BTu41Dk1t7W9zebf"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты. Президенттер телефонмен әңгіме барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Сонымен қатар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 387 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/KKylEeNzNaI?si=EG9dpdRrxAEC7jx8"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 489 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mtYIS7VdHig?si=9SwdesGD0uCCyWhT"
Мамандық - жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдау, екіншісі мамандық таңдау. Өйткені таңдаған мамандығың, болашағың. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өз ісін жақсы көрген жастар, сүйген саласынан ләззат алады. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және мемлекеттен не аламын емес, не бере аламын деген қағиданы ұстанған дұрыс. Өздеріңіз көріп тұрған жастарға арналған ашық есік күнінің мақсаты, осы мәселеге арналды.
КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АДИК ДИРЕКТОРЫ
Аталмыш білім шаңырағында студенттердің жанжақты шыңдалуына барынша жағдай жасалған. Мұнда жастар жаңа технологияларды меңгеріп, практикалық тәжірибиеден өтеді. Оқу орнының басшылығы шетелдік әріптестерімен байланыс орнатып, білім кеңістігіне еркіндік беруде.
КАМАЛ ӘМІРҒАЛИҰЛЫ АДИК ДИРЕКТОРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 306 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BS3z-cfGE54?si=Nuj6yyzq7sAzBQMR"
Суицидке баратындардың әрбір бесіншісі – лудоман. Еліміздегі ажырасулардың 40%-на да осы лудомания тікелей себеп болған. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратындардың да дені – құмар ойынға шалдыққандар.
Ойын бизнесі және лотереямен күресетін жаңа заң жобасы мәжіліске келіп түсті. Бұл жаңа құжаттың қабылдануына барлық фракция өкілдері бастамашыл болып отыр. Себебі, құмар ойынның құрығына іліккендер жайындағы статистика қорқынышты.
Бұдан былай жасы 25-ке толмаған, мойнында қарызы бар адамдарға құмар ойын ойнауға үзілді-кесілді тиым салынады. Мәжіліс ойын бизнесі және лотерея қызметі туралы заң жобасын жұмысқа алды. Себебі, елімізде жыл сайын ойынқұмарлар саны артып барады. Ресми статистикаға жүгінсек, 400 мың адам құмар ойынның құрығына іліккен, олардың орташа қарызы 10 млн теңгеден асады.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Деректерге жүгінсек, соңғы екі жарым жылда еліміздің шамамен әрбір бесінші адамы ойын ойнайды екен немесе құмар ойындарына қандай-да бір қатысы бар. Ал, оның ішінде 400 мыңдай адам ойынға салынып, букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған. Сұмдығы бұл дерт балалар мен жасөспірімдерді де шарпып отыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шамамен 200 мыңға жуық кәмелеттік жасқа толмаған бала басқа адамның атынан букмекерлік кеңселерге бәс тігіп, азарттық ойындар ойнайды екен. Өзге адамның логинімен букмекерлік кеңселерге бәс тігуші адамдардың саны белгісіз».
Құмар ойынның құрығына іліккендердің орташа жасы 18 бен 40 жасты құрайды. Ал әлеуметтік портреттері, орташа қанағаттанарлық деп бағаланады. Ешбіреуінің жағдайы тым нашар емес, араларында «жерге нан таба алмай жүргендері мүлдем жоқ», оның үстіне күн санап ойынқұмарлар қатары артып барады. Тіпті араларында қыздар да бар дейді мамандар. Сондықтан, депутаттардың дабыл қаққаны түсінікті де.
ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Ойын нарығы айналасында үлкен қаражат айналып жатыр. Мәселен, былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен екен. Демек, мұның айналасында мүдделі топтар, лоббистер болатыны сөзсіз. Осында келтірілген мәліметтерден Қазақстанда ойынқұмарлық індеттей өршіп, ел қауіпсіздігіне қатер төндіре бастағанын байқаймыз. Бүгін қарастырғалы отырған заң жобалары осы мәселені барынша ауыздықтап, реттеуге арналған».
Сонымен жаңа заңға енген өзгерістерді тізсек: енді 18 жастан лотерея ойнауға тиым салынады, рұқсат тек 25 жастан, одан бөлек мойнында қарызы барлар лотерея ойынына жолтылмайды, ал ойын бизнесін жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Тағы басқа мақалалар...
98 ішінен 232 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.