- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 275
https://www.youtube.com/embed/PJ51RHp6uk0?si=H6W6MoLxPlmKKYc3"
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық өңірінде осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын шенеуніктердің қабылдаған қате шешімдері шаруаларды жерінен айырып,мыңнан астам адамның кәсібін тоқтатқалы тұр. Қожалық иелеріне «жерді заңсыз алғансыңдар, мемлекетке қайтарыңдар!»- деп әкімдік қызметкерлері талап қойған. 5 мыңнан астам шаруаның тағдыры қылыштың қырында,иненің ұшында тұр. Өңірдегі атқамінерлерден опа таппайтынын білген шаруалар елордаға ат басын тіреген. Қыстың көзі қырауда үміттерін үкілеп келген мақсаттары қайраңдаған кәсіптеріне ел тізгіндегендерден араша сұрау.
ТАЛҒАТ БАЙКЕНОВ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ИЕСІ
Жергілікті әкімдік тарапынан ешқандай конкурссыз,аукционсыз алған шаруалар жерлерді енді қайтарып беруге мәжбүр. Мал бағып,егін салып отырған ағайын бұл жерге қыруар қаржы салған.
АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ – «SHOPAN ATA» ҰЛТТЫҚ АГРО –ҚОЗҒАЛЫСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Шаруалар кезінде жерді оңды-солды таратқан шенеуніктер сүттен ақ, судан таза болып, зардабын біз тартып отырмыз дейді. Тіпті олардың үстінен тексеріс те болмады деп қапаланады.
АЛМАСБЕК САДЫРБАЙ – «SHOPAN ATA» ҰЛТТЫҚ АГРО –ҚОЗҒАЛЫСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Шаруалар Парламент депутатарына да арыз-шағымдарын жеткізген. Фермерлер егер жер дауына қатысты арызымыз ескерілмесе Астанада митинг өткіземіз деп отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 302
https://www.youtube.com/embed/3kOnnL-YnuQ?si=-jb2fAwWY69fTfKI"
Алматыда Асанәлі Әшімовтің құрметіне, тау тұлғаның өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін «Кино және театр тарланы – Асанәлі» музей-бұрышының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан театрлар Қауымдастығының президенті, театр педагогы, профессор Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, марапаттарын, фотоальбомдарын, сыйлықтарын, кітаптарын, ордендерін, төсбелгілері мен басқа да жеке заттарын ресми түрде Мемлекеттік архивке тапсырып,салтанатты түрде лентасын қиды.
АСАНӘЛІ ӘШІМОВ КСРО ХАЛЫҚ АРТИСІ:
Қазақ елінің өнері мен мәдениетіне орасан үлес қосқан тау тұлғаның музейге қойылған әр жәдігерінің астарында тарих жатыр. Жастарды тұлғаларымызды дәріптеу арқылы тәрбиелеу үшін бұл үлкен мүмкіндік дейді мекеме қызметкерлері.
НАҒИМА НҰРМАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ЖИНАҚТАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 260
https://www.youtube.com/embed/eTtHQ8pELgc?si=zVYPYe3Ppu4GqMmn"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 288
https://www.youtube.com/embed/CBHdpvYBgf0?si=FVWYmuVlPP0N2GwF"
Суретшінің жан серігі қылқаламы мен түрлі-түсті бояуы. Петропавл қаласының тұрғыны Карина Маруан суретшілік өнерімен көпшілікті сүйсіндіріп жүрген таланты жастарының бірі.
Әр туындының өз айтар ойы бар. Адамның ішкі әлемін суреттейтін туындыларымен танымал Карина осындай 100-ге жуық картинаның авторы. Бірнеше көрме ұйымдастырып, түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған. Мұнымен де тоқтап қалмай жан-жақты ізденіс үстінде.
КАРИНА МАРУАН СУРЕТШІ: «Жасым 19-да. Кішкентайымнан сурет салғанды жақсы көремін. Алғаш қолыма қылқаламды мектепте оқып жүрген кезде ұстадым. Бұдан бөлек ермексазбен де жұмыс істеп көрдім. Ата-анамның қолдауының арқасында қазір дизайн саласында білім алып жатырмын».
Суретші үшін қажет құрал-жабдықты таңдауға мұқияттылық қажет. Каринаның пікірінше, акрилмен жұмыста шапшаң, тез әрекет еткен жөн. Ал акварель мен гуашь бұл салаға жаңадан келгендер үшін қолайлы.
КАРИНА МАРУАН СУРЕТШІ: «Алдымен бәрін өзім үйрендім. Әлеуметтік желіні ақтарып, ғаламторда да тәжірбие жинадым. Алғашқы көрмем 2021 жылы өтті. Картиналарыма қызығушылық танытқандар қарасы аз болмады. Тіпті, алғашқы 3 туындым бірден сатылып кетті. Бұдан бөлек фестивалдар мен байқауларға да қатыстым».
Жас суретшінің алар асуы әлі алда. Қар көбесі сөгіле тағы бір сурет көрмесін өткізуді жоспарлап отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 283
https://www.youtube.com/embed/jumZZ-tBVwY?si=NKigrzlbRcM4dl15"
Орал қаласының бір топ тұрғыны Татарстанда қамауда отырған балалары мен бауырлары үшін алаңдап, көмек сұрайды. Тұтқынға түскен азаматтардан ешқандай хабар-ошар жоқ. Ұсталғандар төбелескені үшін істі болған. Ал бірнеше айға созылған тергеу әлі аяқталар емес.
Бұл әуесқой видео Татарстанда түсірілген. Былтыр күзде интернет дүкен қоймасының жұмысшылары бір-бірімен кикілжіңге келіп, арты осындай жаға жыртысуға ұласқан. Әріптестерімен келіспей қалған оралдық жігіттердің дені осы төбелестен кейін елге қайтыпты. Ал сол сәтте төсіндегі жазу белгісі түсіп қалған 15-інің жеке басын анықтаған полиция ұстап алып, қамап тастаған. Кейін төртеуінің үстінен іс қозғап, қалғандарын жөніне жіберген.
МИРА САТҚАНОВА АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ТУЫСЫ
АҚСҰЛУ АМАНГЕЛДИЕВА АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ ТУЫСЫ
Дәрменсіз күйде сары уайымға салынған оралдықтар Қазақстанның Ресейдегі елшілігінен көмек сұраса да, нәтиже болмапты.
АЙБЕК СМАДИЯРОВ ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ
Туыстарының айтуынша қамаудағы төрт оралдыққа қылмыстық ұйым мүшелері ретінде айып тағылыпты. Егер сот кінәлі деп тапса, 7 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 273
https://www.youtube.com/embed/n8_6q11IN18?si=xaW8GrFwWSaMptVP"
Қаржы Мониторинг Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен және әкімдіктің атсалысуымен Мақтаарал аудандық білім бөлімінің есепшілеріне 1,2 миллиард теңге және Бәйдібек аудандық білім басқармасымен 600 миллион көлемінде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Бүгінде аталған 2 аудан бойынша мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден асады.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: "2020-2023 жылдар аралығында "1С: Бухгалтерия" есеп бағдарламасында жалпы білім беретін мектептер қызметкерлерінің карточкалық шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлерінің (ЖСН) орнына олармен үлестес тұлғалардың ЖСН енгізген айыпталушылар анықталды. Соталды тергеп-тексеру аясында іс бойынша айыпталушыларға қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстары жүргізіліп, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды"
Қазіргі уақытта іс бойынша жауапкерлер 120 миллион теңге көлемінде келтірілген шығынды өз еркімен өтеп берді. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 258
https://www.youtube.com/embed/_sOT8ZG7-1I?si=u0Cl1v4gUwSgA2CX"
Йеменнің негізгі бөлігін бақылайтын Хуситтер БҰҰ мен гуманитарлық ұйымдардың американдық және британдық қызметкерлерін қуып шығаруда. Оларға елден кетуге бір ай уақыт берілді. Бұл туралы топтың ресми өкілі оқыған құжатта айтылған.
Содырлардың айтуынша, бұл шешім АҚШ, Ұлыбритания және басқа да одақтастардың Йемендегі хуси нысандарына зымыран соққысына берген жауабы болды. Қазір батыс елдері Қызыл теңізде Иранның қолдауына ие болған йемен содырларының шабуылынан коммерциялық кемелерді қорғау операциясын жүргізуде. Сондай-ақ олардың әлемдік кеме қатынасын бұзу қабілетін төмендету үшін хуситтердің нысаналарына соққы береді. Жақында АҚШ үкіметі де хуситтерді лаңкестік топтар қатарына қайта қосты.
Ал Ақ үйдің өкілі Джон Кирби хуситтердің нысандарына жасалған соққылар оң нәтиже бергенін айтты. Содырлардың өздері Израиль шабуыл жасайтын палестиналықтармен ынтымақтастық үшін кемелерге шабуыл жасайтынын айтады. Бұл олардың ең соңғы мәлімдемесі. Олар Аден шығанағы мен Баб-эль-Мандабада американдық бірнеше әскери кемеге баллистикалық зымырандармен шабуыл жасағанын хабарлады. Maersk компаниясының хабарлауынша, жарылыстар оның АҚШ-тағы еншілес компаниясы пайдаланатын және американдық әскери жүктерді тасымалдайтын екі кемені кері қайтуға мәжбүрледі. Хуситтер мәлімдемесінде шетелдік компанияларға сондай-ақ американдық және британдық азаматтарды жалдауға тыйым салынады.
АҚШ елшілігі бұл хатты білетінін, бірақ ол Йемендегі БҰҰ немесе гуманитарлық ұйымдар атынан мәлімдеме жасай алмайтынын айтты. Ұлыбритания елшілігінің айтуынша, оның қызметкерлері әлі елден кетуге бұйрық алған жоқ және оның мақсаты бұл мәселе бойынша БҰҰ-мен тығыз байланыста болу .
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 298
https://www.youtube.com/embed/Yb2Mg8xWKLE?si=GT5MlAkU8ZkL_vdU"
Маңғыстауда бір топ жасөспірім 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі жанды соққыға жыққан. Шырылдаған анасы кінәлілердің қатаң жазалануын талап етіп отыр. Себебі аталмыш жағдай бірінші рет емес екен. Мейрамбек Рақымбердіні өткен жылы да бірнеше бала көшеде тепкінің астына алған.
Екінші рет жәбір көрген Мейрамбекті былтыр да 10 бала жабылып ұрып, алған жарақаттарынан 4 күн есін жия алмай жатыпты. Кейін жасөспірімде селкілдек ұстамасы пайда болған. «2-дәрежелі эпилепсия» диагнозы қойылып, үшінші топтағы мүгедектік тағайындалған. Баламның денсаулығын қалпына келтіру талабым дейді Анасы.
ӘСЕМ РАҚЫМБЕРДИЕВА М. РАҚЫМБЕРДІНІҢ АНАСЫ:«Менің күдігім алдыңғы балалармен тікелей байланысты деп ойлаймын. Себебі тек менің баламды басынан тебе берген 10 шақты бала.Барлығы бір команда деп ойлаймын. Себебі алдыңғы іс 1 жыл болды жүріп жатыр.Менің талабым - баламның денсаулығын орнына келтіру, емдету».
Соққыға жыққан жеткіншектер әкімшілік жазаға тартылған. Одан кейін ұрып-соғу ісі әкімшілік істен қылмыстық іске ауыстырылғанын мәлім етті облыстық полиция департаменті .Күдікке 14 және 15 жастағы 2 мектеп оқушысы ілінген.
БАЙЖАН БАЙГЕЛДІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Маңғыстау облысында жасөспірімдердің кәмелетке толмағанды ұрып-соғуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта полициямен кінәлі адамдар анықталды. Іс Маңғыстау облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында».
Алғашқы жағдайдан кейін құзырлы органға жазылған арыз бойынша іс әлі сотта қаралып жатыр. Сол шағымға қатысты өш алу мақсатында кінәлілер тағы да соққыға жыққан болу керек деп топшылайды Анасы.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 291
https://www.youtube.com/embed/xAMmxh2m-qs?si=PooDXc72EKhQnot_"
Кениялық үй қызметкері Вероника Маге ешқашан бөтен елде модель боламын деп ойламаған. Бірақ қазір Бейрутта әдемі киім киіп фотокамера алдында сәнденуде. Қызды Камерундағы мигрант және сәнді брендтің негізін қалаушы Джуффа Виани жалдаған. Оның киімдерін Миша Алис көрсетеді. Ол да Камеруннан.
Әйелдер Ливанға араб тіліндегі «кафала» жалдау жүйесін пайдаланып келді. Құқық қорғаушылар оны құлдықтың жаңа түрі деп атайды. Мигранттар үшін оларды жалдаған адам жауап береді. Ол төлқұжатын алып, қызметкерді демалысынан және жеке өмірінен шектей алады.
НГЕМАКУЭ ДЖУФФА ВИАНИ СӘНГЕР: "Мен Ливанда үй тазалаушы болдым. Онда көптеген қысымшылыққа тап болдым. Мен есіме алғым келмейтіндей қиын жағдайларды бастан кештім ".
МИША АЛИС СӘНГЕР: "Басқалардай өмір сүруге құқық жоқ.Түрмеге түсіп, сені біреу басқарып жатқандай.Өмір енді толығымен сенікі емес. Бірақ біз егерде қиындыққа тап болсаң, шағымданба қайта, одан шығу жолын ізде деп жиі айтамыз».
Джуффа тығырықтан шығу жолын модельер болу арқылы тапқан. Бір кездері осы мамандықты Парижде үйренуді армандаған. Арманына жетуге Камерунда алған білімі көмектескен. Енді африкалық маталардан түрлі киімдер тігеді.
НГЕМАКУЭ ДЖУФФА ВИАНИ СӘНГЕР: «Осы матамен жұмыс істеу маған өзмәдениетіммен, отаныммен, Африкада,Камерунда болатын мерекелермен байланысуға мүмкіндік береді».
Дизайнер екі жыл бұрын «Виани де Марсо» брендін құрған. Кәсібі дөңгелене кеткен ол енді басқа мигранттарға жұмыс бере алады.
ВЕРОНИКА ВАНИЙКУ МАГЕ МОДЕЛЬ: "Зорлық-зомбылық көрген әйелдің осындай жетістікке жеткені таң қаларлық құбылыс. Мұндай адамдар өздерін сөз ғана емес, шығармашылық арқылы да танытады ".
Ал модельер өзінің өмір тарихын бүкіл әлемге айтып, туған мәдениетін дәріптеуді мақсат етуде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 259
https://www.youtube.com/embed/Ci-LdHDIcQc?si=wjDqYxDe5MP82ZDY"
Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды.Өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында.
Алаңдауға негіз жоқ.Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасау қаупі туралы хабарлама таралғаннан кейін полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау жүйесі арқылы және олардың маңына полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейткен болатын. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды.
ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 285
https://www.youtube.com/embed/ZozKA8KFwGI?si=vwGxVoFdCqUxDBO0"
Ақмола облысында ондаған жұмысшы 2 жылға жуық маңдай термен тапқан еңбекақыларын ала алмай жүр. Олар Көкшетаудағы 9-шы орта мектептің құрылысында еңбек еткен. Әділдік іздеп әлек болған жұмысшылар «НИКС Инжиниринг Групп» мердігер ұйымының басшысын кінәлап отыр.
Айта кетейік бұл ұйым сот рәсімдерінің қорытындысы бойынша міндеттемелерді дұрыс орындамағаны үшін қара тізімге ілінген. Құрылыс нысанында бірнеше шағын компания да кейбір жұмыстарды атқарған. Енді сол мекемелер жұмысшылар алдындағы қарызды өтеу үшін мүліктерін сатып, тіпті несие алуға да мәжбүр болған.
ОЛЬГА ӘБІЛОВА, ШАҒЫН КОМПАНИЯНЫҢ ИЕСІ:«Бір әрдайым жалақының тең жартысын алып отырдық. Толық ешқашан алған емеспіз. Сондықтан қарызға белшеден баттық. Миға қонымсыз дүние. Облыстық басқармаға берді, одан соң қаладан қайта облысқа берілді. Демек, бұл ақша әрі-бері жүргенде бір жерде тұрып қалуы да мүмкін ғой. Мектеп қолданысқа берілді. Соңына дейін үмітімізді үзген жоқпыз, қарызымызды қайтарады деп сендік».
Таңат Әлібеков те нысанды салу кезінде учаске бастығы болып жұмыс істеген. Мердігер ұйымның төлемеген қарызы 3 миллион теңгеден асады.
ТАҢАТ ӘЛІБЕКОВ, БҰРЫНҒЫ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ: «Салық қызметі мен еңбек инспекциясы қайда қарап отырғанына таң қаламын. Біз біреудің ақшасын есептемейміз. Адал еңбегіміздің өтеуін қайтарса болғаны. Әркім адал еңбегінің табысын сұрайды».
Шағымданушылар қалған ақшаны төлейміз деген құр уәден шаршаған. «НИКС Инжиниринг Групп» мердігер ұйымының директоры Владимир Пинчук жұмысшыларға 2-3 айдың ішінде толық қарызды өтейтінін айтып сендіріп отыр.
ВЛАДИМИР ПИНЧУК, «НИКС ИНЖИНИРИНГ ГРУПП ИВ»МЕРДІГЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Қарыз бізбен арадағы келісім-шарт бұзылып, жосықсыз тұлғаларды есепке алу журналына жіберілгендіктен, осындай қиындыққа тап болып отырмыз. Бүгінгі күні компания жұмыс істеп жатқан жоқ. Бірақ қарызды өтеу үшін қаражат іздестіріп жатырмыз. Жұмысшылар алдындағы қарыздан бас тартпаймыз».
Бұрынғы жұмысшылар да қол қусырып қарап отырған жоқ. Олар құзырлы орғандарға хабарласып, облыс әкімдігіне ұжымдық хат та жолдады. Алайда, мәселе әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Жалақы проблемасы шешілмесе, жұмысшылар Мемлекет басшысынан көмек сұрамақ ниетте.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 286
https://www.youtube.com/embed/Bn7B-JjKZQk?si=gU3w4sFs5b4TTyI1"
Еще материалы
Страница 104 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.