- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 297
https://www.youtube.com/embed/7VPMud2dzt8?si=MyAfIQq0ya5eNZTN"
Мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамыз, арзан автокөлік пен нарықтағы бағадан төмен тұрғын-үй алып береміз деп халықты алдап, сан соқтырған алаяқтар тобы ұсталды. Олар қазақстандықтардың 112 млн теңгесін қолды қылған. Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық фактісін анықтады.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС ҚР ІІМ ҰҚҚКД ӨКІЛІ: «Қаскөйлер мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастыру, сондай-ақ автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып-сату сылтауымен 112 млн теңгеден астам қаражатты иемденген. – Бүгінде полицияға республиканың әр өңірінен 20 адам арызбен жүгінді. Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта топтың үш мүшесі қамауда. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарды және оған қатысты деп айыпталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 637
https://www.youtube.com/embed/FxEm1K6MasQ?si=REYejlp35jwakS08"
«Әже даналығы» - ұлттық құндылықтар тәрбиесінің түп қазығы» тақырыбында Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қазақ салт-дәстүрі мен идеологиясының жанашыры Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті.Шара Алматы қаласындағы №40 жалпы білім беретін мектептің базасында орын алды. Зейнеп Ахметова ұлттық тәрбие, рухани құндылық, салт-дәстүр, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі туралы өзінің өмірден түйген тәжірибесінен кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ, қалам мен қаруды қатар ұстаған батыр баба Бауыржан Момышұлының өмірі, оның өсиеттері мен есте қаларлық қызықты оқиғаларымен бөлісті.
ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ КЕЛІНІ,ЖАЗУШЫ
Өскелең ұрпаққа қажетті өсиетін айта жүретін Зейнеп Ахметова Бауыржан атамыздың бастан кешкендері жайлы қалам тербеп, кітап жазды. «Шуақты күндер», «Бауыржан батыр», «Бабалар аманаты», «Әзіліңді сағындық» және бала тәрбиесіне арналған «Күретамыр» туындыларының авторы. Кітапты қолына алған оқырмандар қазақы салт пен дәстүрді танып,өмірге қажетті бағыт-бағдарға қанығады.Бұл жолғы кездесудің де мәні осыда. Саналы ұрпақ тәрбиелеу дейді білім ошағының ұстаздары.
БИБІГҮЛ БЕЙСЕНБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №40 ЖББ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 299
https://www.youtube.com/embed/eGO6e86C1Fk?si=CmcB3vHYy3pHOvFY"
19 қаңтарда Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында IV қысқы Олимпиада ойындары басталады. Бұл байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасы төртінші рет қатысқалы отыр. Жалпы 70 елден 1800 спортшы бақ сынамақ. IV қысқы Олимпиадаға конькимен жүгіруден Солтүстік Қазақстандық егіз Алина мен Кристина Шумековалар қатысады. 17 жастағы қыздардың екеуі де Қазақстан Республикасының спорт шебері. Олар Астана қаласында жаттығып жатыр. Олимпиада да егіздер 500 метр, 1500 метр, мастард және гендерлік жарыс санаттары бойынша сынға түседі. Жарыстың ашылу салтанатында егіздің бірі Кристина Шумекова еліміздің көк туын ұстап шығады.
ОЛЬГА ИХТЕНДРИС, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: «Әрине, Олимпаиадаға жолдама алу оңай емес. Оған тынымсыз дайындық пен мықты күш-жігер керек. Спортшы қыздар конькимен жүгіруден 12 жастан бастап айналысады. Жалпы, олар бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем кубогына қатысты. Ел біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегерлері атанды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 294
https://www.youtube.com/embed/xoA8F4v1r4g?si=Nr5nYIPHAr79wfJ_"
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жаңа әлеуметтік төлем енгізіледі. Әлеуметтік төлем мамандардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Төлемді тағайындаудың негізгі шарттары: 55 жасқа толу және зейнеткерлік жасқа әлі жетпеуі, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы болып табылады.
АСҚАР АЙМАҒАМБЕТОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:«Қазір әрбір қызметкерге БЖЗҚ-ның 10% табысынан, ал жұмыс беруші зиянды еңбек жағдайларында жұмыскерлер үшін 5% аударылады. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемдер алуға құқық берілген жағдайда орташа мөлшері шамамен 200 мың теңгені құрайды. Ал егер осындай салаларда жұмыс істейтін қызметкерлердің табысын ескере отырып, жеке қарайтын болсақ, олардың мөлшері әлдеқайда жоғары болуы мүмкін».
Талап - зиянды еңбек жағдайындағы жұмысты тоқтату. Осылайша, жұмысшы жұмыс берушімен келісім бойынша зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыса алады немесе еңбек шартын бұзуға құқы бар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 355
https://www.youtube.com/embed/ZwBC71PHqpk?si=nN4TploqoxTXXkye"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады. Президентке Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді.
ЕРМАҒАНБЕТ БӨЛЕКПАЕВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Мемлекет басшысына жаңа инвестордың өндірісті тұрақтандыру және оның көлемін арттыру бағытында қабылдап жатқан шараларды, сондай-ақ өндірісті жаңғырту және компания жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жөнінде мәлімет бердім. Былтыр 11 айдың ішінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1 трлн теңге болған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,3 пайызға артып, 727 млрд теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібі салаларында: машина жасау ісінде 45%, жеңіл өнеркәсіпте 23,9%, фармацевтикада 20% өсімге қол жеткізілді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 274
https://www.youtube.com/embed/2xrDToBX7-w?si=7lVxc8Mj35xz8auU"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 302
https://www.youtube.com/embed/vczK7-SqMWg?si=Evt_-dBla3tlpyk4"
Қостанай, Түркістан, Ақтөбе облысының үнемі, жыл сайын су астында қалатын ауылдарынан тұрғындарды жаппай көшіріп, ол жерде құрылыс салуға тыйым салу қажет. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бүгін аяқ-асты Үкіметте осындай ұсыныс айтты. Министрлік су тасқынының алдын алуға дайын ба? Елдегі эпидемиалогиялық ахуал қандай? Бұл сұрақтар бүгін Үкімет үйінде талқыланды. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Қыс шанаңды жаз сайла демекші, су тасқынына дайындықты үкімет бүгіннен бастап пысықтауда. Көктем келсе, топан судың астында қалып, құты қашатын халыққа Төтенше жағдайлар министрі бірқатар кеңес берді. Өзен маңындағы және су қорғау белдеулеріне жақын орналасқан елді-мекендерден халық көшуі қажет немесе үкімет өзі оған жағдай жасауы керек және ол маңда тіптен құрылыс салмаған жөн дейді. Айтуынша, ондай елді-мекендер: Қостанай, Түркістан, Ақтөбе облыстарында бар.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:
«Су тасқыны жағдайына жедел ден қою мақсатында 39 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу құралдары және 3 мыңнан астам мотопомпалары бар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштер мен құралдардың арнайы топтары құрылды».
Су тасқынының астында қалмас үшін қарды уақытылы тазалау керек дейді министр. Осы мақсатта биыл әлеуметтік осал топтағы адамдардың ауласын қардан тазартуға басты назар аударылатын болды. Одан бөлек, бүгін үкіметте эпидемиологиялық ахуал сөз болды. Еліміздің бас дәрігері мен үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады.Елімізде жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам қызылша жұқтырған. Оның жартысынан көбі балалар екен. Сондықтан, бұл қауіпті індеттің алдын алмаса болмайды. Инфекцияны тоқтататын бір жол тек вакцинациялау.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Елімізде қызылшамен ауырғандар айтарлықтай өсіп кетті. Науқастар саны 31 мыңнан асты. Олардың 80%-ке жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың көпшілігі – тиісті екпе алмағандар. Екпе алмаған науқастардың ауруы асқынып кету қаупі жоғары. Мұндай жағдайлар қазірдің өзінде тіркеліп отыр. Өкінішке орай, ата-аналардың арасында екпені әдейі салғызбай, бас тартып отырғандар аз емес. Мұның соңы ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін».
Қызылшаға қарсы жаппай иммунизация жүргізу үшін Үкімет өткен жылдың қыркүйек айында резервтен 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлген. Бұл ақшаға 1,5 млн доза вакцина сатып алыныпты.
АЖАР ҒИНИЯТ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Барлық шалғай ауылдарда ауылдық жерлерде 2000-нан астам егу пункті 1100- ден астам мобильдік бригада ұйымдастырылды. Барлық бригада термоконтейнермен толық қамтамасыз етілді. Қаладан қарағанда ауылда егу шаралары қарқынды жүріп жатыр. Кейбір аудандар толық вакциналауды бітіріп те қалды. Ауылдық жерлерде жақсы жүріп жатыр».
Бас дәрігердің дерегінше, елімізде 800-ге жуық бала екпе алмаған. Сондықтан, министр Ажар Ғиният қазақстандық ата-аналарға үндеу жасап, тиісті екпелерді уақытында алуға шақырды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 302
https://www.youtube.com/embed/-ZsuGQEeqWs?si=b2ouJhcnVNaJAup2"
Қыс мезгілінде табиғатқа шығатын демалушыларға ТЖМ құтқарушылары сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Себебі, қауіпсіздік шараларын сақтау - ең қажетті шарттардың бірі.
Төтенше жағдайлардың негізгі себептері: балық аулау кезінде мұздағы қауіпсіздік талаптарын сақтамау, жұқа мұз үстімен көлікпен жүру және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру. Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мамандар толық ақпараттар беріп, журналисттердің сауалына жауап берді.
АНДРЕЙ БЫБЧЕНКО ҚР ТЖМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ СҮҢГУІР-ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: «Мұзды түсіне қарап білуге болады. Ең берік мұздың түсі мөлдір, көгілдір немесе көк болады. Ал сұр, сары, жасыл, басқа түстер мұздың жұқа екенін білдіреді. Мұздың қаншалықты берік екенін бұрғылау және қалыңдығын өлшеу кезінде ғана жүргізуге болады. Егер мұздағы қар жамылғысы болса, онда су қоймаларында, сондай-ақ қысқы балық аулау кезінде белгілі бір қауіпсіздік ережелері бар. Таяқ алып жүргеніңіз жақсы. Жаяу серуендеу кезінде сіз мұздың беріктігін таяқпен ұрып көру арқылы анықтай аласыз. Сондай - ақ мұзда болуы мүмкін шұңқырлар мен кедергілерді біле аласыз».
Сонымен қатар, қыс мезгілінде тауға шығу кезінде ерекше қырағалық пен дайындық қажет. Қауіпсіз сапар туралы ұсыныстарды еске сала отырып, құтқарушылар негізгі шараларды атап өтті.
АНДРЕЙ БЫБЧЕНКО ҚР ТЖМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ СҮҢГУІР-ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: «Әрине, кез-келген жерге барған кезде (таулы, дала, орман) сол жердің ерекшелігін ескеру керек (қарлы жер, суының көптігі, жауын-шашын ескерілуі керек). Соған қарай біз өзімізбен бірге алып жүретін жабдықтар мен киімдерді таңдай бастаймыз. Рюкзакта болуы керек ең қажетті заттар: қосымша жылы шұлықтар, су өткізбейтін қолғаптар, жылы куртка, қалпақшалар, күннен қорғайтын көзілдірік, өйткені қыста күн көзді қариды. Сондай-ақ сіріңке, пышақ, фонарь және қосымша батареялар да керек. Ұялы телефонға қандай да бір қосымша қауаттау құрылғысы, өйткені олар қатып суықта қуаты тауысылып қалады. Егер сіз көмек сұрағыңыз немесе қоңырау шалғыңыз келсе, батарея отырып қалуы мүмкін екеніне дайын болыңыз».
Құтқарушының айтуынша, алдымен ҚР аумағында бекітілген балық аулау ережелерін сақтау қажет-балық аулауға рұқсат етілген жерлерді таңдап, жағалау бойындағы белгіленген белгілерге назар аудару қажет. Қалыңдығы 10 сантиметр болатын мұз жалғыз жүру қауіпсіз болып саналады. Бұған дейін Алматы қаласы ТЖД өкілдері хабарлағандай, төтенше жағдайлар болуы ықтимал қалалық су айдындарында «Абайлаңыз, жұқа мұз!», «Мұздан өтуге тыйым салынады!». Осыған байланысты құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздік шараларын бей-жай қарамауды ескертеді және ұсынады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 345
https://www.youtube.com/embed/v_JfSXqWgOQ?si=KMuWmN3mP8mc25Ao"
«Төбемізден сорғалаған тамшы үйімізді көл-көсір суға батырды». Орал қаласының Украина 4 көшесіндегі үй тұрғындары қысты күні де, күн сәл жылыса төбеден аққан тамшыдан көресіні көріп отыр. Қолдарына шелегі мен шлапшынын алып, тамшы тосқан жұртшылық жайлы толығырақ тарқатсақ.
1985 жылы қабырғасы қаланған ғимараттың жөндеу көрмегеніне талай жылды жүзі болған. Бар дүниесін жиыстырып, судан қорғау үшін кленкамен қаптап қойған тұрғындардың тірлігі адам аярлық.
ЕВГЕНИЙ ДОЛЕВКИН ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «2 жыл болды біздің арыз-шағым жазғанымызға. Бір жауап келмеді. Біз «Альфа» ПИК-не қараймыз. Олардан да келіп кетер көмек болмады. Модернизациялануға берілген, алайда қанша жыл болды осы жерде тұрып жатқанымызға. Бірі келіп төбемізді қарап кеткендерін көрмедім. Аяқтай барып та айттық, бірақ ешбір жерден жауап болмады».
Әр бөлмеде тамшы астына қойылған ыдыстарға жарты сағатта су толып, ауыстырып отыруға тура келеді. 9 қабатты үйдің қылтимасы да қақырап тұр. Тұрғындардың жай-күйін көріп, арыздарын тыңдап, сол мекенжайға жауапты пәтер иелері кооперативі қызметкерлерін іздеп, жұмыс орындарына бардық. Олардың берер жауаптарды баяғыша жаттанды.
СӘРСЕНБАЙ ҚАЖЫҒАЛИЕВ «АЛЬФА» ПИК ТӨРАҒАСЫ
Күзден жұмыс көктемге қалыпты-мыс. Енді сағызша созылмай осы жылдың жарты жылдығында тұрғындардың тілеуі орндалады деп үміттенеміз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 309
https://www.youtube.com/embed/-ZxmBpUb8ys?si=58gBfQzcbbPQPPDJ"
«Алтын глобус» марапаттау рәсімінде кино және телевидениенің танымал жұлдыздары қызыл кілемнен өтті. Бұл өткен жылғы қос ереуіл шоу-бизнесті тығырыққа тірегеннен бергі Голливудтағы алғашқы үлкен оқиға.
Марапатқа әлемнің түкпір-түкпірінен таңдалған кино және теледидар саласындағы үздіктер ие болады. Салтанатты шара Голливудтың жыл сайынғы марапаттау маусымын бастайды. Ол 10 наурызда Оскар сыйлығын табыстаумен аяқталады.
Енді әлем жұлдыздары бас қосып, соңғы фильмдері мен телешоуларын насихаттауға мүмкіндік алды.
НИКОЛАС КЕЙДЖ АКТЕР: «Мен өте тамаша сезімде тұрмын. Бұл мереке менің 60 жылдық мерейтойыммен тұспа-тұс келді. Бүгін мен 60-тамын. Бұл менің өмірімдегі екінші туған күнім. Біріншісі ең эпикалық болды. Бұл сюрреалистік Феллинидің туған күні, 60-шы туған күн кеші сияқты».
ДУА ЛИПА ӘНШІ: «Бұл өте қызықты, жаңа жылды бастаудың тамаша тәсілі. Менің мұнда бірінші рет келуім, сондықтан мен өте ризамын. Бұл әсерді сезіну қандай бақыт».
Бұл 81-ші «Алтын глобус» салтанаты. Басты жеңімпаз «Оппенгеймер» фильмі болды. Атап айтқанда, «Үздік драмалық фильм», «Үздік драмалық актер», «Үздік режиссер», «Екінші пландағы үздік ер адам» және «Үздік саундтрек» номинациялары бойынша.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 308
https://www.youtube.com/embed/kGktdi58vh4?si=jkzsQtUzNxJU3TWA"
Oлимпиадалық су спорты орталығы - алдағы жазғы ойындар үшін париж аймағында салынатын екі нысанның бірі. Ол 90% жаңартылатын энергиямен жұмыс істейтін болады.
Шатырдағы 4000-нан астам күн панельдері бассейн суын 27 градусқа дейін жылытуға көмектеседі, ал арқалықтардың қисық пішіні жылыту мен желдетуді қажет ететін кеңістікті шектеуге көмектеседі. Ішінде көрермендерге арналған 5000 орын бар. Мұнда көркем жүзу және суға секіру жарыстары, сондай-ақ су добы турнирінің іріктеу кезеңдері өтеді.Су орталығының бассейні алғаш рет 2023 жылдың желтоқсан айының ортасында сумен толтырылды. Бұл үшін 5500 текше метрден астам су қажет болды. Осылайша олар бассейндердің су өткізбейтіндігін, сондай-ақ бүкіл нысандағы су жүйелерін тексерді. Екінші кезең ақпан айында болмақ.
ПАТРИК ОЛЬЕ ПАРИЖ МИТРОПОЛИТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Ұзындығы мен көлденеңінен қозғалатын платформалар ұзындығы 70 метрлік бассейнде бірнеше бассейн жасауға мүмкіндік береді. Ұзындығы 25 метр, ені 10 метр көтеріліп-түсірілетін жылжымалы еден де бар. Бұл тереңдігі 1метрден асатын балалар бассейнін, сондай-ақ көркем жүзу бассейндерін жасай алатынымызды білдіреді. Мобильді платформалардың бұл жүйесі нысанды жылытуға қажетті жылудың шамамен 10 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді».
Бұл Париж Олимпиадасының ең қымбат ғимараты саналып отыр. Оған 160 миллион еуро жұмсалған. Су орталығы ақпан айының соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында өтеді. Көптеген спорттық жарыстар Франция астанасында өтпек.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 283
https://www.youtube.com/embed/ipdQ5N10F1w?si=27-E2rqXGljdwTTL"
Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді.Оңтүстік астанамыз бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы тазалық" мекемесінің директорына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр. "Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілініп отыр. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды", - делінген айтулы ведомствоның хабарламасында.
Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Еще материалы
Страница 115 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.