- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 343
https://www.youtube.com/embed/itzf3YTVHos?si=rJ3US59RufUTTD4C"
Семейде мектеп оқушылары қазақ аңыз-әпсаналарына негізделген үстел ойынын ойлап тапты. Туынды шетелдік ойындардың негізінде жасалған. Оқушылар 1 жылға жуық уақыт еңбектенген. Қазір тіпті авторлық құқыққа иелік етіп, патенттеп алған.
Жезтырнақ, бір көзді Дәу, Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ пен Тазша бала. Жаңа мифологиялық ойынның алаңынан таза қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін көресіз. Бәрі де ағаштан ойып, жасалған. Авторлары алдымен зерттеу жасап сауалнама жүргізген. Нәтижесінде оқушылардың фантастикалық жанрға көбірек қызығатыны анықталған. Сондықтан аңыз-әпсана бағытын әдейі таңдадық дейді.
АЙЗЕРЕ НҰРБЕК 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: «Жастар арасындағы қазақ контентінің аздығы мәселесінен біз осы жобаны мақсат еттік және қолымызға алған болатынбыз. Біз жүргізген сауалнама бойынша қазақ жастары мифологиялық кейіпкерлердің 40-нан тек қана екеуін жалмауыз кемпір мен жезтырнақты ғана біледі екен. Сондықтан да біз осы тақырыпқа байланысты көптеген зерттеу жасадық».
Жобаны дайындауға оқушылар 1 жыл уақытын сарп еткен. Ойынның екі нұсқасы бар. Бірінде алты, ал екіншісінде 8 кейіпкері бар. Әрбір детальға жіті назар аударылған. Қиындық та болды дейді.
СЕНІМ ДҮЙСЕНОВА 11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: «Ойынмен айналысу кезінде көптеген кедергілер де болды. Мысалы біз Canva деген бағдарламаны қолданылған болатынбыз сол ойынның дизайнын жасауда. Бірақта ол Саnva-да төл сөздер жоқ. Төл әріптер жоқ қазақша. Сондықтан да біз барлық жазуларды өз қолымызбен жазып, арнайы бағдарлама арқылы компьютерге дизайнға енгізген болатынбыз».
Ойын оқушылардың білім көкжиегі кеңейіп, төл әдебиетке деген қызығушылығын арттырады. Қазір жобаға жан-жақтан қызығушылық танып жатқандар да көп.
АҚБОТА НҰРҒАЛИҚЫЗЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Авторлық құқық алғаннан кейін барып таратып, сайттарға ақпараттар тарата бастадық. Содан бері біршама сұраныс бар. Яғни ойынды қайдан сатып алсақ болады, қай жерде ол сатылады деген сұраныстар бар. Енді бізде болашаққа әлі де мақсатымыз ойынды нарыққа шығарып дамыту жетілдіру».
Қазақ мифологиясы туралы бұл ойын бүгінгі заманға лайықты етіп жасалған. Ойнауға да оңай. Ойлауға да септеседі. Қолдаушылар табылып жатса сатылымға шығатын күнде алыс емес.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 329
https://www.youtube.com/embed/uW7xIm4-3js?si=km1BIjmnwzWfzXfX"
Қызылшадан сақтаныңыз! Республика бойынша вирус өршіп тұр. Қызылшаның қауіпі қорқынышты. Бұл аурумен ауырған 20 баланың біреуі саңырау немесе ақыл-есі кем болып қалуы мүмкін. Сондықтан, дәрігерлер дабыл қағуда. Ауырмаудың бірден-бір жолы екпе алу. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» басқарма төрағасы Манар Смағұл халыққа сақ болуға, адам көп шоғырланған жерде жүрмеуге кеңес берді.
МАНАР СМАҒҰЛ ҚР ДСМ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Ата –аналардың назарына, балаларыңызды қызылшаға қарсы екпелерінің болуларын назар аударуларыңызды сұраймыз. Вакцинация болмаған жағдайда барлық емханада бар. Біздің өңірде вакцина тапшылығы жоқ. Бұл жұқпа тек вакцинамен алдын-алынатын ескере отырып, екпемен қамтуды ескертеміз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 337
https://www.youtube.com/embed/niMxSokiIO8?si=GvASXMShfv9VqHjc"
Жаңа махаббат хикаяларымен қоштасулар, жұлдыздардың балалары, 2023 жылы ең танымал актерлер мен музыканттардың жеке өмірінде не болды?
Тейлор Свифт американдық футболшы Трэвис Келсимен кездесе бастады. Ал реалити-шоу жұлдызы Кайли Дженнерді қыркүйек айынан бастап актер Тимоти Шаламенің компаниясында байқайды. Бұл арада Кайлидің қарындасы, модель Кендалл «Грэмми» сыйлығының лауреаты пуэрторикандық рэпер Bad Bunny-мен кездесе бастаған. Актерлер Зои Кравиц пен Ченнинг Татум некелесті. Ал Наоми Уоттс өзінің актер әріптесі Билли Крудаппен некесін растады. Жұлдызды әнші Адель де өзінің серіктесі Рич Полға тұрмысқа шықты деген сыбыс шықты. Бір әңгімесінде ол оны күйеуі деп атады. Әйтсе де, олардың ешқайсысы әзірге ресми түрде расталған жоқ. Ал, 79 жастағы Роберт Де Ниро мен 83 жастағы Аль Пачино екеуі балалы болғандарын жариялаған кезде басылым беттерінің басты жаңалықтары болды. Бұл Де Нироның жетінші баласы. Оны досы Тиффани Чен дүниеге әкелді. Аль Пачино үшін бұл төртінші бала. Оның анасы - 29 жастағы Нұр Алфаллах. Әнші Рианна екінші ұлын дүниеге әкелді. Реалити-шоу жұлдызы Кортни Кардашьян мен оның күйеуі-музыкант Трэвис Баркердің де ұлы дүниеге келді. Жалпы, ерлі-зайыптылар алты баланы тәрбиелеп отыр. 2021 жылы қызды болған 53 жастағы модель Наоми Кэмпбелл әлеуметтік желіде дүниеге ұл әкелгенін хабарлаған. Актриса Линдси Лохан мен оның күйеуі қаржыгер Бадер Шаммастың биыл тұңғышы өмірге келді. Ұлдың есімі Луай. Ал енді ажырасулар мен айырылысулар туралы.
Актриса Джада Пинкетт Смит күйеуі Уилл Смитпен жеті жыл бұрын ажырасқанын жайып салды. Олар 1997 жылы бас қосқан. Бір жыл некеден кейін эстрада жұлдызы Бритни Спирс жас күйеуі Сэм Асгаримен ажырасқанын жариялады. Сондай-ақ 27 жыл некеден кейін австралиялық актер Хью Джекман мен оның әйелі Деборра-Ли Фернесстердің де жолы екіге айырылған. Жұп 1996 жылы некеге тұрып, екі баланы асырап алған. Мерил Стрип 1978 жылы тұрмысқа шыққан күйеуі Дон Гаммермен ажырасқан. Әнші Ариана Гранде екі жылдан кейін жылжымайтын мүлік агенті Далтон Гомеспен ажырасуға өтініш беріпті. Ал Оскар иегері Риз Уизерспун күйеуі Джими Тотпен ажырасқан. Сондай-ақ 18 жылдық некеден кейін Кевин Костнер мен оның әйелі Кристин Баумгартнер қарым-қатынасты үзген.
Олардың үш баласы бар. Ақырында, медиа магнат Руперт Мёрдок бір айдан кейін 66 жастағы Анн Лесли Смитпен некесін бұзды. 92 жастағы миллиардердің төрт некесі болған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 365
https://www.youtube.com/embed/qGjbLB5VoCU?si=ET_6mzsL95AEXkYk"
3 желтоқсанда Индонезияның Марапи жанартауы 3000 метр биіктіктен атқылаған. Бұл кезде тауда 75 альпинист болыпты. 50-ден астамы эвакуацияланған. Көбін қатты күйік шалған.
Марапи жанартауынан тағы он екі альпинистің денесі табылды. Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандар саны 23-ке жеткен. Құтқарушылар қаза тапқандардың денелерін шығарып жатыр. Жалпы, Марапи - Суматра аралындағы ең белсенді жанартаулардың бірі.
ЭДИ МАРДИАНТО – БАТЫС СУМАТРА ПОЛИЦИЯСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Бізде көптеген қиындықтар бар: күтпеген ауа райы, өтуге қиын жер. Жел жанартау күлін және ыстық бұлттарды әкеледі, сондықтан бізге денелерді шығару оңай емес ".
Құтқарушылардың айтуынша бір мәйітті шығару үшін төрт сағаттан алты сағатқа дейін уақыт қажет. Әзірге жанартаудан тек бес адамның денесін ғана ала алған, тағы 18-і қалыпты. Келесі күні Марапи тағы бір күл бағанын 800 метр биіктікке лақтырды. Сондықтан құтқарушылардың өміріне қауіп төндірмеу үшін түнгі уақытта операция тоқтатылады. Жанартаудың баурайында 1400 адам тұратын екі ауыл орналасқан. Жанартау атқылауы салдарынан айналаның бәрі күлмен жабылған. Билік адамдарға бетперде таратып, үйден шықпауды ұсынып отыр. Марапиды алдын ала болжау қиын, ол кенеттен орын алатын жарылыстармен белгілі. Бұған дейін жергілікті билік альпинистер мен тұрғындарға кратерге үш шақырымнан артық жақындауға тыйым салған болатын. Алайда, шенеуніктердің айтуынша, адамдар ескертулерге құлақ аспайды. Марапи өткен жолы қаңтардан ақпанға дейін биіктігі 1000 метрге дейінгі күл бағаналарын лақтырып атқан. Ол кезде құрбан болғандар жоқ. Ең қатерлі атқылау 1979 жылдың сәуірінде болып, ол кезде 60 адам қаза тапқан.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 741
https://www.youtube.com/embed/n6EFZNwBye0?si=2jpdqy09-rEUa9N9"
Бүгін Барахолка базарының кәсіпкерлері Алматы қаласы әкімдігінің мақсаты не? Барахолканы жабу ма,жаңғырту ма? тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Базынасын айтқан базар иелерінің жан айқайын тілшіміз тарқатып берсін.
Күндерін күнделікті тапқан тиындарымен көріп отырған мына кәсіпкерлердің тағдыры қылыштың қырында,иненің ұшында тұр. Базарды жаңғыртуды желеу еткен әкімдік пен саудагерлердің арасы қып-қызыл мылтықсыз майдан. Салығын төлеп,ешкімге алақан жаймай өз күндерін көріп отырғандардың кәсіптерінен береке,өмірлерінен мереке кеткен.
СӘУЛЕ АБДУЛЛИНА «ЕВРАЗИЯ» САУДА ҮЙІНІҢ КӘСІПКЕРІ
ЛӘЗЗАТ КӨПЕРБАЕВА «РАХАТ» БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРІ
Заң жүзінде күресіп келе жатқан кәсіпкерлер мұның астарында астыртын алақан майлау жатыр ма деп те ойлайды. Айдың күннің аманында орындарынан айырылып қаламыз ба деген күдікпен базар аумағында ішінара қауіпсіздіктерін де күшейткен.
ТАМАРА ЖҰМАНДЫҚОВА КӘСІПКЕР
Қай құзырлы органға барса да оң көзқарас көрмеген кәсіпкерлер заң үстемдігін талап етіп отыр. Енді бізге тек президентке үміт артудан басқа амалымыз қалмады деп ашығын айтты.
ЖАМИЛЯ ТӨЛЕНОВА ЗАҢГЕР ТКМ ЖШС ӨКІЛІ
Әділдік іздеп әлек болған кәсіпкерлердің тағдыры әзірге беймәлім күйде. Күндерін судамын көріп отырған олардың жағдайы оң шешімін табар деген үміттеміз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 341
https://www.youtube.com/embed/XKt0a-n7bag?si=nUYIQXr-PtFUkort"
Алматы қаласында ҚР Көлік министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қолдауымен ИКАО TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиумның ашылуы өтті. Вице-министрі Талғат Ластаевтың сөзінше, жақын арада жолаушыларға тіркеу пункті мен шекаралық бақылауға барудың қажеті болмайды. Жолаушыға тек электронды құжаттары мен биометриялық деректерін сканерден өткізетін арнайы аркадан өту жеткілікті болмақ.
«Traveller Identification Programme» деп аталатын аймақтық симпозиум алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылып отыр. Бұл жолаушыларды сәйкестендіру процесін басқарудың барлық аспектілері бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі іс-шара. Оның негізгі бағыты – технология мен инновация арқылы жолаушылардың ұтқырлық деңгейін арттыруға бағытталған.
ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Қазақстанның авиациялық билігі азаматтық авиацияның қауіпсіз дамуын және әуе транзитінің тартымдылығын арттыруды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, бұл саланы басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу және ұшу қауіпсіздігінің әлемдік стандарттарға сәйкес деңгейін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мұндай жүйені іске қосу үшін заңнаманы синхрондау қажет, яғни, бірінші кезекте биометриялық деректер базасына қол жеткізу, шекара қызметі, кеден қызметі және әуе компаниялары бар жүйелерді біріктіру қажет.Қазіргі уақытта бұл жұмыстар жүргізілуде».
TRIP симпозиумының жұмысына Канада, Франция, Швейцария, Түркия, Катар, Сингапур, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Сауд Арабиясы, Австралия және т. б. 30 елден ұсынылған 280-ден астам мамандар бас қосты. Іс-шараға қатысқан барлық мемлекеттік шенеуніктер, сондай-ақ азаматтық авиация субъектілері ИКАО-ның жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасын (TRIP) және онымен байланысты кездесулер туралы тың ақпараттармен хабардар болды.
СИЛЬВЭН ЛЕФУАЙЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ (ИКАО) АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ФОРМАЛЬДЫЛЫҚТЫ ОҢАЙЛАТУ СЕКТОРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біздің бірінші мақсатымыз – азаматтарды авиациялық қауіпсіздік тұрғысынан қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету, сондай-ақ ұшулардың экологиялық тазалығы тұрғысынан формальдылықты жеңілдету. Бүгін біз осы іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары деңгейдегі сарапшыларды шақырдық. Бұл біздің Қазақстанды аймақтық және әлемдік аренада танытуға деген ұмтылыстымызды көрсетеді. Сонымен қатар, авиациялық индустриядағы рөлін нығайту үшін Қазақстанның әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге дайын екенімізді айтқым келеді».
Сонымен қатар, симпозиумға қатысушылар ИКАО-ның ашық кілттер каталогы (PKD) кеңесімен танысты. Оның 9-қосымшасының 75-жылдығы мен маңыздылығының белгісі ретінде 2024 жылды «формальдылықты жеңілдету жылы» деп жариялау туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, іс-шара бағдарламасы үш күнге жалғаспақ. Осы уақыт шеңберінде ИКАО-ның TRIP стратегиясының бес элементімен тікелей байланысты 10 сессия өткізу жоспарланған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 364
https://www.youtube.com/embed/2b_EjPhN7gA?si=szULOOesJ8hasHHs"
Оқушының жүріс-тұрысы мен сабағына ұстаздар ғана жауап беруге міндетті емес.Бала тәрбиесі ең алдымен әр отбасынан басталуы тиіс. Бүгінде атылмыш мәселеге ерекше көңіл бөліне бастады.Өйткені жастардың арасында түрлі жағдайлардың орын алуы жиілеп барады. Кезкелген жағдайды алдын-алу арқылы тоқтатуға болатынын ескерсек, ата-ананың тәрбиесінен асқан құндылық жоқ екенін түсінеміз.Осы мақсатта білім ошақтарында әкелер мектебі жұмыс жасай бастады.
МАДИЯР АЗАНБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ № 13 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бала тәрбиесі ортақ мәселе болғандықтан мектеп қабырғасында әкелер аптасына үш мәрте кездесу шараларын өткізеді.Онда балаларды өнерге баулу мақсатында тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізеді. Ер балаға тән қасиеттерді бойларына сіңіруге тырысады.
ҚАСЫМЖАН СОПИЕВ ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ МҮШЕСІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 313
https://www.youtube.com/embed/HRHhHN4-hzo?si=2FKP8PS39QDDnXhn"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 354
https://www.youtube.com/embed/rQikB2gHTns?si=BVn2n95NjAlJ5qeb"
Енді мектеп оқушыларына сабақ үстінде телефон ұстауға тыйым салынады. Мәжіліс заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. Заңға мұндай норма енгізуге ұстаздардан түскен шағым себеп болған. Айтуларынша, бала мектепте смартфонмен отырса, сабаққа деген зейіні болмайды. Ал, сабақтан тыс мектептің дәлізінде телефон ұстауына шектеу жоқ. Одан бөлек, министр педагогикалық оқу орынын бітірген түлектерге қатысты жаңалықпен бөлісті.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Бітіруші түлектер жұмысқа орналасу алдында біліктілігін растау үшін міндетті түрде сертификаттаудан өтіп, содан кейін барып конкурсқа қатыса алады. Биылдан бастап министрлік колледждерге қойылатын біліктілік талаптарын күшейтті».
Айта кетейік, еліміздегі колледждерде мұғалім тапшы. Шамамен 5 мың маман жетіспейді. Сондықтан, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мұғалім болғысы келетін жастарды қолдау керек деді.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Енді оқыту сапасын арттырып, педагогикалық жоғарғы оқу орындарымен колледждердің студенттерін оқыту әдістемесін қайта қарау қажет. Қазіргі заманғы талаптардың барлығын ескеру қажет».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 313
https://www.youtube.com/embed/YrZC0BAnLpc?si=Zor-ZGl9ttfiecV_"
Қазақстанның жүк көліктері Батыс елдеріне жете алмай жатыр. Себебі, Ресей мен Белорусь арқылы жүк тасымалдау қиындаған. Сондықтан Қазақстан балама жол іздеуге мәжбүр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев айтты. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Ресей мен Беларуське салынған санкция Қазақстанның жүк тасымалына да салқынын тигізіп отыр. Вице-министрдің ақпараты бойынша Беларусь пен Еуропа елдері арасындағы орналасқан 13 өткізу пунктінің 8-і және Ресей мен Финляндия арасындағы барлық өткізу пункті жабық. Баламалы жол ретінде Қазақстан Түркіменстан мен Иран елдері арқылы еркін транзитті қамтамасыз ету үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Айтпақшы, алдағы жылдары Қытаймен жүк тасымалы артып, бюджетке қомақты қаржы түседі деген де болжам бар.
СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Қазақстан арқылы автокөлікпен тасымалданатын транзинттік жүк көлемі 1 пайыздан аспайды. Әлемдік тәжірибеде тез бүлінетін медициналық, қымбат және қысқа мерзімде жеткізілуді талап ететін тауарлар негізінен автокөлікпен тасымалданады. Сондықтан Қытайдан Еуропаға баратын жүктердің Қазақстан арқылы транзинтпен өту көлемін ұлғайтудың үлкен әлеуеті бар. Алдағы уақытта жыл сайынғы тасымал көлемі артады деп болжанып отыр».
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық жүк тасымалдаушыларға артық талап қоймау керек деп отыр. Құжаттардың ұзақ тексерілуі мен шекарадағы кептеліске көлік иелері наразы.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Негізгі күре жолдардың қатарында Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Солтүстік – Оңтүстік, ТРАСЕКА және басқаларын айтуға болады. Сондықтан аталған бағыттар бойынша жүк тасымалын ұлғайту және жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз ету үшін бұл саладағы кедергілерді барынша қысқарту қажет. Олардың қатарына шекарадағы кептелістер мен құжаттардың ұзақ рәсімделуін, инфрақұрылым сапасын, ұйымдастыру жұмыстарының нашарлығын және көптеген басқа да жайттарды жатқызуға болады. Көлік иелерінен келіп түсетін шағымдар көбіне осы мәселелерге қатысты. Сонымен қатар жүктер мен құжаттардың тым ұзақ тексерілуі де наразылық туғызады».
Одан бөлек, Премьер-Министр жол бойындағы сервис сапасын да сынға алды.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Жол бойындағы сервис бойынша сұрақтар бар. Мәселен Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік дәлізінің іске қосылғанына 5 жылдан асса да, жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз. Бұл туралы бірнеше рет айтылды, тиісті тапсырмалар берілді,бірақ өзгерген ештеңе жоқ. Халықаралық жолдар мен ішкі маршруттардың бәрінде де осындай жағдай. Сервис объектілері үшін жол бойынан жер учаскесін беруді әкімдіктер созып жіберді. Осыған байланысты инфрақұрылымның дамуы тоқтап тұр».
Айта кету керек, алдағы уақытта жүк тасымалдаушыларға бланк беру механизімі айтарлықтай жеңілдеуі мүмкін.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 340
https://www.youtube.com/embed/ZLfgdKasywo?si=PvSxJDbvsmDjam56"
Солтүстік Қазақстан облысында 18 часов действия 817 очков туа биткен жүрек ақаулары бойынша есепте тұр. Бірақ, оларға консультативтік көмекті Астана қаласының ғылыми медицина орталығынан келген кардиохирург мамандар береді. Себебі, өңірде балалардың кардиохирурги жоқ. Елордалық дерігерлер қазір облыстық балалар ауруханасында қабылдау жүргізіп жатыр.
Туа биткен жүрек ақауы өте күрделі процесса. Бұл ауды қазір нәресте анасының құрсағында жатқанда арнайы ультразвуковые арқылы анықтауға болады. Жүрек ақауы тұқым қуалауы мүмкін, агер әйел адам жүктілик кезинде қандай да бір аурумен айырып, антибиотики қабылдахан болса соның зияны балаға әсер етуі ықтимал дейді маминдар. Сонымен қатар, экология мен дұрыс тамақтанбау да индеттің пайда болуына сеп болатын көрінеді.
РИНАТ МАЙОРОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КАРДИОХИРУРГЫ: «Туа биткен жүрек ақауларының бірнеше түрі болады. Кейбірине туғанда осы диагноз қойылып, кейіннен жазылып кетуі мүмкін. Яғни, бұл жеңіл түрі. В конце концов, это еще не все, что вам нужно сделать, чтобы узнать больше о том, что происходит с вами. Бірақ, осы ауру бойынша есепке тұрған әр балла кардиологтың бақылауында болады».
Жалпы, ликвидируйте туа биткен жүрек ақауы ерте кезеңде анықталады. Соломедь де рігерлер уақтылы емдеуге кірисіп, аудың алдын алады. Өңірге іс-сапармен келген Астаналық мамандар екі күннен бері қабылдау жүргизіп жатыр. Бір күннің өзінде 80-нен астам баланы тексерген.
РИНАТ МАЙОРОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҒЫЛЫМИ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КАРДИОХИРУРГЫ: «Біз аудың дережесіне қараймыз. Егераны балң жағдайы ауыр болса Астана қаласына жолдама беременна де, соль жақта емдеп, ота жасаймыз. Если у вас есть проблемы с сердцем, кардиологи бақылауына болуы керек екенін айтамыз. Алайда, бұл ата-аналарға психологиялық жағынан ауыр тиеді. Баласына от жасатқан ана емдеу процесса қалай өтетінін біледі және олар сабырлылық танитады. Ал, кардиологтың бақылауында есепте тұрған балалардың, ата-аналардың бойында қорқыныш,үрей болады. Жалпы біздің орталық мамандары жыл сайын «консультативтік кеңес халыққа көмек» бағдарламасы аясында облыстарға шығып, осындай қабылдау өткізеді».
Бүгін кардиохирургтың қабылдауына келгендердің бірі – Надежда Свечкарева.Оның қызы Маргаритаға 2 ай болған кезде жүрегінің ақауы анықталған.
НАДЕЖДА СВЕЧКАРЕВА СҚО ТҰРҒЫНЫ: «Қызым екі айлық болған кезде біз пневмания болып ауруханаға яттық. Бұл диагноз соль кезде қойылды. Ешқандай емдік шараларын жүргізген жоқ. Тек бақылауда болды. Бүгін дерігердің қабылдауына келдік. Тексеріп, барлығы жқсы деді.Енді қайтадан бір жылдан кейин кардиологтың қабылдауына келеміз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 347
https://www.youtube.com/embed/s2aeo6oPMA8?si=CjTAvevo_o7KspjB"
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Жас ұстаз,табысқа апарар жол» деп аталатын форумдар ұйымдастырылуда.Шараның негізгі мақсаты, педагогика саласына қадам басқан мамандардың тәжірибиесін арттыру.
Республикалық форум ерекше көңіл-күймен бастау алды. Жас мамандар арнайы ұйымдастырылған флешмобқа қатысып, күн тәртібін серігіп алудан бастады.
Форум жұмысына Алматы облыстық білім басқармасының мамандары, педагогикалық шеберлік орталығының ғалымдары мен жастар қатысты. Онда таңдаған салаларының ұлт мұраты үшін маңыздылығы, біліктілік пен жаңа технологияға ептілік секілді ұстаздарға қажетті мәселелер әңгіме өзегіне айналды.
БЕРІК АСУБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПШО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Білім саласында жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында көптеген өзгерістер орын алып келеді.Онда жалақының өсуінен бөлек, статустарының жоғарылауы жастардың осы салаға бет бұруына септігін тигізіп отыр.Форумға қатысқан қонақтар, жастарды жігерлендірер мәселелерді алға тартты.
ӘЖМАТ ӘЛІМОВ ЗАПАСТАҒЫ ПОЛКОВНИК
Еще материалы
Страница 133 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.