- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 1461
https://www.youtube.com/embed/0lvpnfuZI3I?si=3fAARaKyR_DhlKPz"
Осыдан 17 жыл бұрын "Жас ұлан" студиясы ұсынған "Жаралы сезім" атты көркем фильм көрермен көңілінен шығып, ескірмейтін естелік болып ел жадында қалған. Айтулы туындының авторы ортаға ұзақ жылдар салып, фильмнің екінші бөлімін жарыққа шығарды. Туындының тұсау кесерін біздің арна тілшілері де түсіріп қайтты.
Мына дауыстар мен әуен көпшіліктің құлағына таныс шығар. Тәуелсіз Қазақстанның кинематографиясы енді дамып келе жатқан тұста қосыла алмай қиналған ғашықтар туралы фильммен көптің көзайымына айналған кейіпкерлер сағынған көрерменіне қайта оралды. Бірақ, бұл жолы фильм риясыз махаббаттың аясында емес, қоғамдық дерт - есірткі мәселесі көтерілген.
ЕРКІН РАҚЫШҰЛЫ РЕЖИССЕР: «Кинода бірнеше қазіргі заманның актуалды мәселелері көтеріледі. Соның бірі – есірткі. Әсіресе, синтетикалық есірткі қатты ушығып кетті Қазақстанда. Соңғы мәліметтерге қарағанда біздің ел адам басына шаққанда көп есірткі қолданатын 10 мемлекеттің ішіне кіреді екен,. Мынау сол синтетикалық есірткінің қандай қасірет алып келетіндігін, оның жақындарына, денсаулығына қандай қасірет алып келетінін көрсету».
Фильмнен ғашығы үшін барын салған Қанат рөлін сомдаған Берік Арықбаев, достары Сократ пен "Бокс" лақапатымен белгілі Ақылжан Мақашев, күніне қазақша бір сөзден жаттаймын деген Иванды сомдаған Виталий Куприянов сынды бұрынғы актерлық құрамды да көре аласыздар. Тек, Қанаттың сүйіктісі болған Арай ғана белгілі себептермен киноға түспеген.
БЕРІК АРЫҚБАЙҰЛЫ АКТЕР, РЕЖИССЕР: «Бұл киноның жалғасы болатынын 3-4 жыл көлемінде Еркін ағамен бір сөйлескенімде естіген болатынмын. Іштеу дайын жүрдім. Әрине, уайымдаулар да болды. Себебі, 17 жыл бұрын көрермендер мүлдем басқа болатын. Ал, қазір заманға қарай адамдар да өзгерген, бәрін тез байқайды, түсінеді. Сол себепті, рөлімді барынша жақсы алып шығуға тырыстым. Халық өз бағасын бере жатар. Жалпы, түсірілім тобы мен Еркін ағаға үлкен алғысымды білдіремін»
Жаңа кейіпкерлерді сомдаған әртістер де алдыңғылардан қалыс қалмаған. Артылған сенімді жауапкершілікпен алып шыққан актерлар өз әсерлерімен бөлісті.
ӘСЕМ СЕРІКҚЫЗЫ АКТРИСА: «Әрине ол оңай шешім болған жоқ мен үшін. Себебі, алдында өзі ойнаған актрисасы бар, оның көрермені бар деген сияқты. Оны көрермендер іздейді. Әлі күнге дейін өзі неге түспеді? Деген сұрақтар келіп жатыр. Мен ойлаймын, әрбір адам осы киноны көру арқылы өзіне дұрыс тәлімдік жағынан жақсы әсер ала алады деп ойлаймын»
АБАЙ БАТЫРБЕКҰЛЫ АКТЕР «Түрменің ішіндегі сахналар өте ауыр болды. Өйткені, түрменің аурасы маған ұнаған жоқ. Маған кәдімгідей сезілді. Ол жақта қаншама адамдар отырды түрмеде. Мен үшін ауыр сахналардың бірі сол жақта болды. Қиыншылық болды. Маған аурасы қатты сезілді».
Режиссер Еркін Рақышев осы уақытқа дейін 20 жуық кино түсірген. Солардың бірі «Жетімдер» көркем фильмі. Алдағы уақыттарда режиссер сол кинолардың жалғасын түсірмек ойы бар. «Жаралы сезім – 2» фильмі 22 ақпаннан бастап көрерменге жол тартпақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 678
https://www.youtube.com/embed/GFhqJxX8LMk?si=sC6GKOWlTtRq0yi9"
Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный Яр кентінің тұрғындары уақытылы тазаланбайтын кәріз жүйесінің кесірінен жағымсыз иіспен дем алуға мәжбүр. Тез толып қалатын кәріздегі қалдықтар сыртқа шығып, аулаға жайылады.
Красный яр кентінде орналасқан Целинная көшесінің тұрғындары қолқаны қабатын иіске шамданды. Оған аталған көше бойында орналасқан 58-ші және 60-шы үй иелері кінәлі көрінеді. Яғни, екі күн сайын шақыртылуы тиіс арнайы машинаны аптасына 1 рет қана шақыртады екен. 7 күннің ішінде кәріз толып, барлық қалдық сыртқа шығады. Тұрғындар көршілерімізді тазалыққа шақырудан шаршадық,-дейді.
БЕРІК СӘКЕНОВ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бесполезно. Олар жинамайды. Потому что, мына үй мысалы үстінде тұр. Мына үй тоже возвышенносьтта тұр. Анау септик құйылғанда мына жерге құйылады. Толғанда бізге қарай кетеді. Олардың нелері бізге қарай кетеді. Засыпка қылғанбыз. Біз төмен тұрғасын олардың нелері бізге келеді постоянно. Біз постоянно акиматқа барамыз,айтамыз».
Бұл проблема кеше пайда болған жоқ. Түйіні жоқ мәселеге 32 жыл болыпты.Тұрғындар әсіресе, көктем, жаз айларында қиналамыз дейді. Жергілікті әкімдікке де, облыс басшылығына да талай барған. Бірақ, жоғары билік өкілдері бұл мәселеге тек биыл назар аударған.
АМАНГЕЛДІ БАЯЗИТОВ КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Көкшетау құрылыс бөлімінің мамандарымен сөйлескенде ол кісі айтты жоба істелініп жатыр. Жоба істелінгесін мемлекеттік экспертизадан өтеді. Содан кейін бюджеттік өтінім беріледі. Қаражат бөлінуге. Деп осы қазіргі кездегі біздің білетін мәліметіміз осы. Енді бізге амал қалмайды. Қалалық эпидемиологиялық станциясының мамандарын шақыртып. Бұл кісілерді кішкене тәртіпке шақырамыз деген ойымыз бар».
Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ал, көршілерінің ауласын нәжіске толтырып, жәйбарақат жүрген тұрғындарға қатысты шара қолданбаса болмайды,-дейді. Бұл мәселе де алдағы уақытта шешілуі тиіс.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 843
https://www.youtube.com/embed/tTjwVJiTPFk?si=d_MLXdExMu5Bkh9_"
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бір аптада 8 буллинг фактісі тіркелді. Оның бесеуі облыс орталығында, ал қалған үшеуі аудан мектептерінде анықталған. Петропавл қаласы мен 6 ауданда кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін қол жеткізгені белгілі болды. Бұл туралы облыстық прокуратура мамандары жиын барысында айтты.
Тыйым салынған интернет-контенттер Тайынша, М. Жұмабаев, Ақжар, Шал ақын, Мамлют, Айыртау аудандары және Петропавл қаласының білім мекемелерінде қолжетімді болған. Енді аталған мектеп директорлары мен жауапты тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылады. Облыстық прокуратура мамандарының айтуынша қазір интернет-сайттарға кіруге шектеулер қойылып жатыр. Сондай-ақ, мектептердегі мониторинг жұмыстары әрі қарай жалғасады.
ҚАЗБЕК ҒАЛЫМЖАН СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ: «Жалпы білім беру ұйымдарында информатика кабинетінде тыйым салынған сайттар қолжетімді болған. Олар балалардың өміріне және денсаулығына қауіп келтіреді. Сондай-ақ, суицид фактісіне әкелетін сайттар.Осы заң бұзушылықтар тексеріс барысында анықталды».
Жамбыл ауданында бір үйдің екі баласы екі жыл бойы мектепке мүлде бармаған. Ата-аналарына бірнеше рет ескерту берілгенімен, мәселе шешімін таппады. Сондықтан қазір оларға қатысты үстерінен іс қозғалып, ата-ана құқығынан айыру жазасы қолданылмақ.
ҚАЗБЕК ҒАЛЫМЖАН СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ: «Тексеріс барысында Айыртау ауданында мұғалімнің жалған дипломмен жұмыс істеу фактісі тіркелді. Ол бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өткізілген кеңестің нәтижелері бойынша балалар арасында профилактикалық тиімділікті арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді».
Биыл кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық 7 пайызға азайған. 62 жағдай тіркелген. Олардың дені ұрлық, қорқытып алу және бұзақылық. Сондай-ақ, оқушылар арасындағы буллинг те өршіп тұр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 667
https://www.youtube.com/embed/FRNBoyZpEsg?si=x7KfidSHctNB67dU"
Мәжіліс депутаттары заңсыз вейптарды әкелуге, өндіруге, өткізуге және таратуға толық тыйым салу туралы заң жобасын қолдағаны белгілі. Айтулы бастаманы көпшілік құп көргенімен, электронды шылым сатумен айналысатын сауда желілерінің иелері жапатармағай қарсылық таныта бастады. Түп мақсаты белгілі, зиянды заттардың жастарға тигізер залалы емес, пайдадан түсетін алары маңыздырақ болып тұр. Бүгін Алматыда тағы да вейптарға қатысты баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.
Спикерлердің пікірі бойынша елімізде заңды жұмыс жасайтындарға қиянат жасалмасын,керісінше көлеңкелі бизнеспен айналысатындардың жолын кескен маңызды деп отыр. Ал балаларға сататын жағдай орын алса, онда сол компанияның лицензиянан айырсын деген ойларымен бөлісті.
ЖАМАЛ МАНАС, КӘСІПКЕР
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 633
https://www.youtube.com/embed/OsZGFgTmGDo?si=TL8YM7xBilXf_n20"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 658
https://www.youtube.com/embed/a8qPCPhZjkw?si=yc3TZC1e4LadC8xI"
Жайлы мектептер оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының елімізге керекті, өте маңызды жоба екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Бұл – Мемлекет басшысының тікелей бастамасы. Біріншіден, жоба арқылы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мен оқушы орындарының тапшылығы сияқты кешенді проблемалар шешімін табуы тиіс. Екіншіден, салынып жатқан мектептердің саны әр өңірдің қажеттілігін және ондағы демографиялық ахуалды ескере отырып айқындалған».
Сондай-ақ үкімет отырысында су тасқынынан келетін қауіпте назардан тыс қалмады. Олжас Бектеновтің айтуынша жауапты министрліктер мен өңір әкімдері селқостық танытуға жол бермеулері керек.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Өңір әкімдері су тасқыны мәселелерін жеке бақылауда ұстауы тиіс. Бұл орайда Төтенше жағдайлар министрлігінің үйлестіруші рөлі өте маңызды. Министрлік жыл сайын «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуында су тасқыны кезеңіне дайындықты тексереді. Барлық өңірлер су тасқынына толық дайынбыз деп баяндайды. Ал сайып келгенде тұрғындар мен су басқан ғимараттар және инфрақұрылым зардап шегеді. Яғни, бұл оқу-жаттығулар формалды түрде өткізілетінін, ал дайындық қағаз жүзінде ғана қалатынын көрсетеді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 686
https://www.youtube.com/embed/nqZ1y2-022A?si=j4Fyc27dn_Tcoims"
Петропавл қаласының бірнеше мектебіне шабуылдаймыз деп әлеуметтік желіде жазба қалдырғандарды іздестіріп жатыр. Терроризм актісі туралы жалған хабарламалардың таралуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетейік өткен аптаның соңында әлеуметтік желіде 19-шы ақпан күні Петропавлдағы № 13,32,4,10,23,9 мектептер және Бэст гимназиясына шабуылдаймыз деген жазба тараған болатын. Белгісіз біреулер мектептерге қару-жарақ әкеліп, қантөгіс ұйымдастырамыз деп қорқытқан. Полиция департаменті жазба иелерін әзірге тапқан жоқ, оқу орындарындағы күзетті күшейтіп, қауіпсіздікті қамтамсыз ету шараларын қабылдады.
АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
«Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Петропавл қаласының мектептеріндегі терроризм актісі туралы жалған хабарлауға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамассыз ету және күзетті күшейту бойынша қажетті шаралар қабылданды. Облыс орталығындағы барлық оқу орнындарында жеке құрамның күшетері бөліп бекітілді. Халықты осындай үрейлі хабарларға берілмеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз».
Бүгін 102 арнасына көшеде қолына мылтық тәрізді зат ұстаған баланың кетіп бара жатқаны туралы хабарлама түсті. Көп ұзамай полицейлер жасөспірімді ұстады. Баланың қолындағы қару ойыншық болып шықты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 907
https://www.youtube.com/embed/vfEcD9DhwfM?si=tDQZOgYuzfY0a2ik"
Солтүстік Қазақстан облысында қыстың қаһарына мініп тұрғанына бір аптадан аса уақыт өтті. Ескерті елемегендердің саны көбеймесе, азаяр емес. Салдарынан үсікке шалдыққандар күннен күнге артып келеді. Үсіктің негізгі себептері: далада ұзақ жүруден, жұқа киіну, спирттік ішімдікті ішіп далада қалғандар дейді мамандар.
ЕКАТЕРИНА БЕЛОУСОВА ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Жыл басынан бері ауруханаға жарақат алған 1304 адам келіп, қаралды. Олардың 45-ін үсік шалған. Негізінен медициналық орталыққа науқастар аяқ-қолдарын сындырып түсіп жатыр. Жарақат бөлімінде оларға барлық тиісті ем-дом беріледі. Тәулігіне орта есеппен 50-60 адам медициналық көмекке жүгінеді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 706
https://www.youtube.com/embed/SFTT9sz--GM?si=YKlgedctiH_IN_lv"
Маңғыстаудағы теміржолшылардың еңбек жағдайы мәз емес. Бейнеу станциясының мамандары сақылдаған сары аяз бен ми қайнатар аптап ыстықта сонау 1960-шы жылдары салынған үйшікте отырып шойын жол мен вагондарды тексереді екен. Жұмысшылар сапалы жұмыс жасау үшін алдымен еңбек жағдайын дұрыстап беруін және жалақыларын екі есеге көтергенін қалайды.
Жолаушылар мен жүк тасымалдайтын пойызға қызмет көрсету үшін жұмысшылар бірнеше жыл осы үйшікте ауысымға шығып тұрған. Теміржолшы Аманжан Құлыбаев осындай ит байласа тұрғысыз жерде жұмыс істеп келеді.Жұмыстан шығып кетейін десе ауданда екі қолға бір күрек табу қиынның қиыны екен. Сол себептен де көпшілігі бар жұмыстан айырылғысы келмейді.
АМАНЖАН ҚҰЛЫБАЕВ БЕЙНЕУ ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖОЛ ЖӨНДЕУШІСІ
«Біздің әлі КТЖ-ға көңіліміз толып отырған жоқ, нәтиже ешқандай почти нөлдің қасы. Әңгіме жоқ, басында ұмтылады, өткенде азғантай вагондар берді, вагондардың да сапасы нашар. Киімнің өзі мынау, еңбек жағдайына осы да кіреді, киімі де нашар».
Айлықтары шайлықтарына жетпей отырған жұмысшылар мәселенің ауызша айтылып қалғанын емес, іс жүзінде жүзеге асқанын қалайды.
ЖІГЕР БАБАҚҰЛОВ БЕЙНЕУ ЖОЛ ДИСТАНЦИЯСЫ ПЧ-12 УЧАСКЕ БАСШЫСЫ
«Айлық жағынан сол әркімнің өзінің талап еткен жалақысын көтеріп, жұмыстың ауырлығына байланысты мәселесін қарастыруын, көтеруін сұраймын. Қазіргі таңда қалтаға тиіп тұр, дүкендерде тамақтың қымбаттауы байланысты елдің, қарайым халықтың қалтасына ауыр тиіп тұр. Менің айлығым жетіп жығылады. Оқытып отырған бала-шағам бар. Алматыда оқытып отырған студент балаларым бар. Өз алдына кредитім бар. Былайша айтқанда жетпейді деуге болады».
Жауаптылар соңғы екі жылда жағдайларды жақсарту және еңбекті ұйымдастыруды арттыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілгенін алға тартты.
НҰРБОЛАТ ШАЛҒАБАЙ МАҢҒЫСТАУ МАГИСТРАЛДЫҚ ЖЕЛІ БӨЛІМШЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қарайған жұмыс жасалып жатыр. Жасалмады деп айтуға болмайды. Себебі вокзалдың бәрі осы ғимаратқа да, одан басқа путь бар, капитальный ремонттар жүреді, оғанда қарайған қаражат құйылып жатыр. Биылға, екі здания біреуін 15-ші разъездке қойды, біреуін Жетібайға қойдық. Жігіттердің өздері ішін ремонттауға болады, енді кішкентац затқо өзің көріп тұрсыңғо. Қай ер азамат болсада май жағып, сылап істеуге боладығо».
ҚазақстанТемірЖолы басқарма төрағасы Сауранбаевтың сөзінше компанияда бүгінгі таңда 120 мыңға жуық адам жұмыс жасайды екен. Қызметкерлердің бір ғана жалақысына 600 млрд теңге жұмсалады. Ал теміржолшылардың демалу мәселесін келесі жылы толық шешіп береміз деп уәде беріпті-мыс.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 632
https://www.youtube.com/embed/CHjcXN3jl4c?si=zE1Syb7JFm3VxKQg"
Былтыр желтоқсан айының соңында Конго Демократиялық Республикасының шығысында жауған нөсер жаңбыр су тасқыны мен көшкінге ұласып, 220 адам қаза тапты. Қазір баспансыз қалған мыңдаған адамның жағдайы мүшкіл.
Сиприен Сека және оның отбасы Конго Демократиялық Республикасындағы су тасқынынан қашып, Киншасаның шетіндегі осы уақытша лагерьде тұрып жатыр. Басқалар сияқты олар да бар дүние-мүлкінен айырылды.
СИПРИЕН СЕКА МИГРАНТ: «Біз мұнда қиын жағдайда тұрып жатырмыз, өздеріңіз көріп отырсыздар. Барлық заттарымыз – киім-кешек, теледидар және басқа да мүлкімізден айырылдық».
Еске салайық, былтыр желтоқсан айының соңында Конгода рекордтық жауын жауды. Жарты миллионға жуық адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 220-дан астам тұрғын ұаза тапты. Он мыңдаған үй зардап қирады. Елдің 26 провинциясының 16-сы табиғи апаттың салдарын жою үшін күресіп жатыр. Зардап шеккен елді мекендерде безгек пен іш сүзегі ауру қаупі күрт артты. Босқындарға арналған бұл лагерьде 2400-ге жуық адам қалды. Көпшілігі ортақ шатырларда орын тапшылығына байланысты жерде ұйықтауға мәжбүр.
ПАНСЕЛЬ МИГРАНТ: «Мұнда түнеу өте қорқынышты. Адамдар көп. Тұншығып, дем жетпей қалады ».
Гидрологтар құзырлы орындарға шұғыл шара қолдану қажет, әйтпесе жаңа апаттың алдын алу мүмкін емес дейді. Олар ел астанасының инфрақұрылымын жаңғыртуға және ормандарды кесуді тоқтатуға шақырады.
РАФАЭЛЬ ЧИМАНГА КИНШАСА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫ: «Киншаса өміріне шынымен қауіп төніп тұр. Астанада шұғыл шаралар қабылдап, су тасқынына қарсы кешенді жоспар әзірлеу қажет. Бұл өте маңызды, өйткені егер олар ормандарды кесіп, канализацияларды бітеп тастаса, оның салдары тіпті нашар болмақ».
Global Forest Watch мәліметтері бойынша, 2022 жылы Конго әлемдегі ағаш жамылғысының жоғалуы бойынша Бразилиядан кейінгі екінші орында. Экологтардың айтуынша, бұл ормандағы ағаш тамырлары жаңбыр суын ұстайтындықтан, су басу қаупін төмендетеді. Конгода жаңбырлы маусым басталды, жауын-шашын қалыптыдан жоғары болады деп күтілуде. 83 миллион адам жаңа су тасқыны қаупіне тап болуы мүмкін.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 724
https://www.youtube.com/embed/yR4SW0S_1kY?si=o7pq-p3A1Vg96pna"
Қытай елі тыңшыларын жіберіп, диаспорадағы тибеттіктер туралы жеке ақпаратты жинап жатыр. Қытай билігі бізді қауіпті деп санайды. Бұл туралы Тибет адам құқықтарын қорғау ұйымы жариялаған баяндамада айтылған.
Қытай билігі қуғындағы диаспораға тыңшылық жасады. Мұндай айыптау Үндістанның солтүстігінде орналасқан Дхарамсала қаласынының Тибет адам құқықтарын қорғау ұйымы жариялаған баяндамада айтылған. Баяндама «2024 жыл,Тибет диаспорасының қытайлық трансұлттық репрессиясы» деп аталады. Оны Тибеттің адам құқықтары мен демократия орталығы жариялады. Ол шетелде тұратын тибеттіктердің тікелей куәгері болған тыңшылық істерін құжаттайды.
ТЕНЗИН ДАВА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫ: «Олар тыңшыларды жіберіп, диаспорадағы тибеттіктер туралы жеке ақпаратты жинап, сырттағы тибет қауымдастығына еніп, содан кейін оны диверсиялайды.Қытай билігі бізді қауіп деп санайды».
Қуғындағы парламент спикернің орынбасары Қытай билігі жеке деректерді жинау мақсатында бірнеше рет компьютерлер мен электрондық пошталарды бұзғанын жеткізді.
ДОЛМА ТСЕРИНГ ҚУҒЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біз кез келген әрекетпен айналысқанда, оған жауапты адамдардың электрондық пошталары бұзылады. Бірақ олар ештеңе таба алмайды, өйткені біз компьютерлеріміздегі барлық нәрселерді көпшілікке жария етеміз. Бізде жасыратын ештеңе жоқ».
Қытай коммунистік партиясы 1950 жылы алыстағы таулы Тибетке әскер жіберіп, сонда өз билігін орнатты. Ресми түрде олар мұны бейбіт жолмен азат ету деп атады. Қазіргі Далай- Лама және басқалары коммунистік билікке қарсы сәтсіз көтерілістен кейін Тибеттен қашып кетті. Қуғындағы Тибет үкіметі Үндістанда 1960 жылдан бері бар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 647
https://www.youtube.com/embed/_2zWBqJ_SXI?si=ISOHi8T_Jm8H6_D6"
Алматы әуежайының президенті Альп Эр Тунга Эрсой әуежай қызметі бойынша перезентация өткізді. Өткен жылға қорытынды жасай отырып,алдағы жоспарларымен бөліскен ол жаңа халықаралық терминалдың да құрылысы жайлы айта кетті. Жаңа терминалда қосымша қызметтер қолжетілімдігі артып,ұшып кету залында азаматтық авиацияның дамуына арналған музей ашылатынын айтты. Алматы әуежайының даму жолына қатысты дерек осы жерде таныстырылатын болады, – деді ол. Сонымен қатар жаңа әуежайдың жолаушылар келетін аумағында қазақ мәдениетіне арналған аймақ жасалмақ. Қазақстанға келген жолаушыларға мәдениетімізден мағлұмат беретін туындылар қойылады. БАҚ өкілдері тарапынан әуежайдағы көлік тұрағы мәселелері,өткен аптадағы рейстердің кешіктірілу себептері жайлы бір қатар мәселелер көтерілді.
АЛЬП ЭР ТУНГА ЭРСОЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Сол күні қар тым көп түсті.Мұндай қалың қарда әуежай жұмысын реттеу қиын. Ұшып келетін,ұшып кететін ұшақтарымыз көп болды.Сондықтан жолаушыларымыз күтіп қалды. Бізде екі рейс кешіктірілді, бірақ соған қарамастан әуежай ашық болды. қауіпсіздік ережелері қадағалау мақсатында кешігулер болды».
Еще материалы
Страница 136 из 240

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.