- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 98
https://www.youtube.com/embed/xM5TSSFPpa4?si=tQt6AwnoKEFOvuz8"
Жығылғанға жұдырық.Тасқын судың зардабынан Орал қаласының Бортау ауданындағы Комарово бау-бақша серіктестігінің тұрғындары құжат мәселесі салдарынан үй ала алмай жүр. Не өтемақы, не баспанасы жоқ отбасы жалдамалы пәтер жағалап күнелтуде. Толығырақ келесі бейне материалда.
Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде баспанасынан айырылғандардың бірі Амангелді Компаковтың отбасы. Ауыздарынан жырып, бар жиған-тергенін баспана тұрғызуға жұмсаған тұрғын әп сәтте барлығынан айырылған. Әкімдіктегілер оның пәтер сұраған өтінішін қанағаттандырмаған. Құжаттың жоқтығынан өтініштің кешіктіріліп берілуі өз кесірін тигізіп отыр.Тұрғын үстіміздегі жылдың ақпан айында жер телімін екіге бөлу туралы өтініш қалдырғанымен, құжат жасау маусым айына дейін жалғасқан.
АМАНГЕЛДІ КОМПАКОВ ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕГУШІ:«Жерімізді бөліп алайық деп енді бастағанбыз. Құжаттар толығымен жасалғанша үлгермеді. Қолымызға алып үлгермей үй суға кетіп қалды».
Құжаттың жоқтығынан үйді техникалық бағалау жұмыстары жүргізілмеген. Жер қатынастары бөлімі басшысының айтуынша, жер телімін бөлу рәсімі кезінде ешқандай заң бұзушылық болмаған. Барлық шара өз мерзімі бойынша жасалған.
МИРАС МҰХИТОВ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі уақытта жас отбасы пәтер жалдап тұрып жатыр. Мардымсыз айлыққа күн көріп отырған отбасының тағдыры шарасыз хәлде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 82
https://www.youtube.com/embed/qRqAoiPKkgw?si=wl4FsPpA1sJkPzom"
Жыл басынан бері Петропавл қаласының аумағында 63 өрт тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тапты. Тілсіз жаудың негізгі себептерінің бірі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы.
Жыл басынан бері Петропавлда 60-тан астам өрт тіркелген. Материалдық шығын– 1 млн.700 мыңнан асып жығылады. Төтеншеліктердің айтуынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% - ға төмендеген.
ЕРЖАН ШӘРІПОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ: «Биыл өртте 6 адам мерт болды. Оның 3-еуі егде жастағы адам. Жыл басынан бері өрттен 7 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырсақ, 2 жағдайға өскен».
Айта кетейік, 63 өрттің 45-і тұрғын үй секторында тұтанған. Бақылаудағы объектілерде 12 өрт болған. Олардың материалдық шығын көлемі -765 мың теңге.
ЕРЖАН ШӘРІПОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ «Өрттің негізгі шығу себептері- электр жабдықтарын орнату және техникалық пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы. Мұндай 26 оқиға болды. 17 жағдай жылыту пешін орнату және пайдалану ережелерін бұзу себебінен болса, қалған 4-еуі тұрғындардың отты дұрыс пайдаланбауынан шыққан».
Жыл сайын өңірде жеке тұрғын үйлердегі өртті болдырмау және оның алдын алу жөнінде іс-шаралар белсенді түрді ұйымдастырылады. Десекте тілсіз жауды елемейтіндер бар.Мамандар жылыту маусымы кезінде ақпарат тарату шараларын күшейтуді жоспарлап отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 96
https://www.youtube.com/embed/xAJc_XrPqhY?si=gfVnDEqbVTBnNomh"
Қазақстанда оқу бағдарламалары әр 5 жыл сайын өзгертіліп тұратын болды. Бұл өз кезегінде балаларды технологиялардағы, цифрландырудағы басқа да әлемдік өзгерістерге икемдеу үшін қажет. Бұл туралы бүгін «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында Астанада өткен республикалық тамыз конференциясында Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова айтты. Бүгінде Ыбырай Алтынсарин атындағы академия ұжымы жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеп те қойыпты. Жаңа бағдарлама екі жыл бойы жасалынған. Онда басымдық цифрландыру мен ақпараттандыру және айти мен робототехникаға екпін беріледі. Алайда, ол жүйе бірден енгізілмейді. Кезең-кезең бойынша жүреді. Алғашқы кезең 2025-2026 оқу жылынан басталады. Жаңа бағдарламаға ұстаздар мен мектептер біртіндеп дайындала беруі керек. Сонымен қатар педагогтерді дайындайтын жоғарғы оқу орындары мен колледж бағдарламалары да қайта қаралатын болады. Айтпақшы, мұғалімдерді аттестаттауға қатысты да, студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге де қатысты бірқатар жаңашылдықтар бар.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Мұғалімдердің кәсіби өсуі - негізгі мәселелердің қатарында. Сондықтан аттестаттау ережелері де қайта қаралды. Талаптарға сай ол ережелер әлі де өзгереді. Қазір қолданыста 2 жүйе қатар пайдаланылып жүр. Оны өздеріңіз білесіздер. 2025 жылдан бастап 2018 жылы басталған жүйе толығымен іске қосылады. Келесі жылдан мұғалімдердің сатылап кәсіби өсуін ынталандыратын 2018 жылдан бастау алған жүйе толығымен іске қосылады. Қазіргі таңда мұғалімдердің 80% сол жүйемен аттестатталып, санатын жоғарылатып еңбекақысын көбейтті. Ендігі кезекте бұл жүйені денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қолдау салаларында еңбек етіп жүрген педагогтерге де оны енгізу қажет».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 97
https://www.youtube.com/embed/EGSpNeUxTbk?si=-D_GVD0P9ZfgiOgq"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 125
https://www.youtube.com/embed/vvNXipcugXc?si=zeTDKy9GgLhjNGw8"
Орталық Азияда алдағы 10 жылда энергетикалық коллапс болуы мүмкін. Сондықтан, атом электр станциясы Қазақстанға ауадай қажет. Тұрақты әрі үздіксіз энергия қуатын қаласақ, онда тездетіп Атом электр станциясын салуымыз керек. Қоғамда көтеріліп жатқан ауқымды тақырыптың мән жайын әріптесім бақылап көрді.
Бүгін Астанада АЭС-ке қатысты қоғамдық пікірталастар циклін жабатын соңғы жария талқылау өтті. Жиынға келген халықтың қарасы көп. Алматымен салыстырғанда бас шаһардағы жиын әлдеқайда тыныш өтті. Бірақ, қолдаушылармен қатар қарсы тарап та табылды. Олар қауіпсіздік мәселесін көтеріп, келер ұрпақтың болашағын ойласақ атомға жоламау керек деді. Дегенмен, көпшілік қолдайтындарын айтуда. Тіпті жастар жағы жаңа мақал шығарып келген. «Ат-ер қанаты, Атом- ел қанаты», «АЭС – болашақ қуаты» деген тіркестер жазылған плакаттарды жиынның басынан соңына дейін екі сағаттан астам уақыт бойы тапжылмастан ұстап тұрды. Осылайша, олар жастардың АЭС-ке қатысты көзқарасын білдірмек ниетте болған сыңайлы. Жария талқылау барысында азаматтар технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да өздерін қызықтыратын кез келген сұрағын қоя алды. Қарсы тарап жауапты мамандарды дебатқа шақырып еді, егер білікті ғалымдар болса, сарапшылар пікір таласқа дайынбыз деп отыр.
АСУАН СИЯБЕКОВ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ» ЖШС ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ: «Осы жобаны қолдайтын тараптың басым екенін айтып кеткен жөн. Себебі, энергетикалық тұрақтылық, экономикалық тұрақтылық баршамызға керек. Егерде осындай үлкен генерациялық жабдықтарды дамытпайтын болсақ, онда өнеркәсіп дамуы тежеледі. Қазіргі кезде ұсынылып отырған генерациялық жабдықтардың бірі ол атом электр станциясы».
Айта кетейік, 2023 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси аспект екенін айтқан болатын. Алайда, бұл мәселенің соңғы нүктесін халық қояды. Биыл күзде референдум өтеді деп жоспарланып отыр. Референдумның нақты қай күні болатыны әзірге белгісіз.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 109
https://www.youtube.com/embed/WyW46thpAzI?si=S430ZTx9gSC0vQf5"
Бүгін Алматыда Париж Олимпиада жүлдегерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері - Ғұсман Қырғызбаев, Ислам Сатпаев, Александра Ле және Назым Қызайбай қатысты. Жеңімпаздарымыз алдағы жоспарымен ,Олимпиададан кейінгі өзгерістерімен бөлісті.
ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: «Олимпиада ойындарынан кейін,дзюдо күресінен өзіміздің достарымыз, жаттықтырушы болып істеп жүрген бауырларымыз бәрі айтып жатыр залдарымыз балаға толды дейді.Елдос екеуіңнің арасында кеше Олимпиада ойындарынан кейін бәрі хабарласып жатыр бәрі Мен беремін деген сияқты.Енді жас балаларға алдарына қойған арман – мақсат жолында аянбай еңбек етіп, жаттықтырушының айтқанын екі етпей орындап, алға қойған арман – мақсаттарына жетуге тілектеспін».
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ:«Әрине, біздің жетістіктер ол жастарға үлгі болады деп ойлаймын.Олимпиада 4 жылда бір болатын ең үлкен жарыс.Біздің жетістік кішкентай балаларға үлгі және де осылай спортқа келуіне себеп ойлаймын.Енді жас спортшыларға тілейтінім тек қана сол еңбектену, сынбау себебі спортта қиыншылықтар көп болады.Спортта болсын әр салада өзінің қиыншылығы болады, сондықтан енді әркім келгеннен кейін еңбектену керек деп ойлаймын. Ең бастысы еңбектеніп алға қойған мақсаттарына жету үшін шаршамау керек».
Спортшылар COVID-19 індетінің пайда болу деректеріне байланысты өздерінің пікірлерімен бөлісті.
НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: «Шыны керек, мен жарыста жүрген кезде біреулердің ауырып жатқанын естімедім бірақ, былай көрдім 1-2-н, бірақ спортсмен ауырды деп олай хабар болған жоқ.Осы біз келгеннен кейін ғана, негізі спортсмендер өздерінің арасында ауырғандар жоқ тек, анализ тапсырғанда вирус шығып тұр, ол легкий формасы деп ойлаймын».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 114
https://www.youtube.com/embed/QsAHp0UunsE?si=q9pRhlnOe0EW05Fz"
Келесі жылдан бастап елімізде рөлі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтатады. Себебі олар қауіпті көліктер санатына кірген. Көлік министрі Марат Қарабаевтың сөзінше, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Яндекс. Такси" мен InDriver өз платформаларында теріс рөлді көліктерді тіркемейді.
Елімізде бұндай көліктерге сұраныстың артуы оның бағасының арзандығы себеп болған. Айта кетейік, рөлі оң жақтағы көліктердің басты кемшілігі – біздің жолдарымызда қолданудың қолайсыздығы. Яғни, елімізде аталған көліктер үшін жол қарастырылмаған.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ: «1 қаңтарға дейін такси агрегаторлары түгендеу жүргізіп, оң рульді көліктерді анықтап, оларға кіруді шектейді. Денсаулық пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін оң рульді сол жақ рульге ауыстырған көліктер де қызметтен шығарылады. Себебі олар да қауіптілер санатында.»
Қарабаев конверттелген көліктер VIN кодтарымен сәйкестендірілетінін атап өтті. Оң жақ рөлді көліктерде 13 таңбалы VIN коды, ал сол жақтағы көліктерде 17 таңбалы VIN коды болады. Бұл жұмысқа полицейлер де қосылып, жолдардағы тәртіп бұзушыларды анықтайды. Еске сала кетейік, биыл қаңтарда елімізге оң жақтағы көліктерді бөлшектелген түрде әкелуге уақытша тыйым салынған еді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 128
https://www.youtube.com/embed/nU14BgKu7v4?si=pTUJCA4-rMcJ6mrj"
Бүгіннен бастап елдегі әуежайлар мен шекара бекеттерінде бақылау күшейеді. Ауруханалар мен емханалардағы медицина қызметкерлері маска киіп жүруі керек. «Сақтансаң сақтаймын» деген. Арқаны кеңге салатын уақыт емес, -деді үкімет басшысы Олжас Бектенов. Өйткені, әлемде маймыл шешегі ауруы дендеп келеді. Ал, Қазақстанда әзірге жағдай тұрақты.
Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты, маймыл шешегін жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелген жоқ. Деседе, сақтық шаралары қатаңдатылады. Әсіресе, Африка елдері мен инфекция тіркелген жерлерден келген басқа елдердің азаматтары қатаң тексеріледі. Қолайсыз елдердің тізімі үнемі жаңартылып, барлық қажетті алдын алу шаралары жүріп жатыр деді бүгін үкіметте баяндама жасаған денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.
ЕРЖАН НҰРЛЫБАЕВ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Қазақстан Республикасының аумағында індеттің пайда болуы минималды.Осыған қарамастан, министрлік аталған инфекцияның ел аумағына енуіне жол бермеу үшін барлық қажетті профилактикалық шараларды қабылдауда. Бүгінгі таңда мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді. Осы инфекцияға күдікті науқастарды әкелу және сәйкестендіру жағдайында әртүрлі сценарийлер үшін медициналық қызметтердің әрекеттерінің алгоритмдері әзірленді»
Ғалымдардың пікірінше, бұл аурудың жұқпалылығы жоғары емес. Сондықтан үрейге берілудің қажеті жоқ. Дегенмен, премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда маймыл шешегі таралмауы үшін әуежайлар мен шекара бекеттерінде бақылауды күшейтуді қатаң тапсырды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Көріп отырғанымыздай алаңдауға негіз жоқ. Қазақстанда қауіпті індетті жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Алайда арқаны кеңге салуға болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі ахуалды әрі қарай бақылауда ұстап, жұқпалы аурудың ел аумағында таралу қаупін болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдасын. Әсіресе, әуежайлар мен шекарадағы өткізу бекеттеріне қатысты».
Одан бөлек, бүгін үкіметте алдағы жылыту маусыма дайындық жұмыстары баяндалды. Алдағы қысқа дайындық мәз емес. Көмірді ерте осы бастан сатып алмаса, қазақстандықтар көмірсіз қалуы мүмкін. 6 өңірде, атап айтқанда Абай, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласында көмірді дайындау жұмыстары өте төмен. Жылу қазандықтары да толық жөнделіп бітпеген.
ҚАНАТ ШАРЛАПАЕВ ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ: «Білім беру нысандарының дайындығы - 88 пайыз. Бес 5 өңір жоспардан қалыс келеді. Бұл Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар,Алматы, облыстары және Алматы қаласы. Денсаулық сақтау объектілері бойынша дайындық - 87 пайыз. Төмен көрсеткіштер Қарағанды,Алматы, Ақмола, облыстарында және Шымкент, Алматы қалаларында. Тұрғын үйлер бойынша дайындық жұмыстары 34,169 үй қамтылған, бұл жоспардың 68 пайызына жетеді. Шымкент қаласында тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығының төмендігі байқалады».
Қысқасын айтқанда, жылыту маусымына бір айдай ғана уақыт қалды. Бірақ, дайындық жұмысының қарқыны тым төмен. Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің де әріптестеріне көңілі толмайды. Жұмысына салғырт қараған басшылар жаппай жауапқа тартылатынын премьер-министр қатаң ескертті.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Бүгін басшылардың көпшілігі қанша жерден сенімді сөйлеуге тырысса да, жұмыстың нәтижелі болмайтынына менің көзім анық жетіп тұрған жоқ. Жұмыстардың ауқымды бөлігін ең соңғы күндерге қалдыру қалыпты әдетке айналды. Яғни, дұрыс жоспарлау жоқ. Бекітілген жөндеу жұмыстарының кестесін ауыстыра салу, құжат дайындау және отын қорын жинау мерзімдерін сақтамау фактілері жылдан жылға қайталанып келеді. Әркім өз ісіне жауапты қарайтын болса, мұндай келеңсіз жағдайлар болмас еді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 100
https://www.youtube.com/embed/GEErxCvIw_A?si=ta9TnlqbCVHFRmdo"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 118
https://www.youtube.com/embed/CpF1RfJ8mYk?si=rTJEqsDNq7hWMJ0a"
Алматыда 11 жасар бала терең орға құлап кетіп,дер уақытында жеткен құтқарушылардың арқасында ол дін аман қалды. Оқиға Наурызбай ауданында болған. Тереңдігі 4 метр болатын шұңқырға 2013 жылғы бала құлады деген шақыртуға жедел құтқару жасағының мамандары жетеді. Мына видеода құтқарушылар зембілдің көмегімен баланы алып шығып жатқанын көруге болады. Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп,жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
СЕРҒАЗЫ ӘБДІҚАДЫР ҚР ТЖМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ
Аталған дерек бойынша оқиғаның мән жайы анықталуда.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 110
https://www.youtube.com/embed/IPUPiiSR_ZI?si=llcajlCTHyr3sfq5"
Базарлар мен интернет дүкендерінде контрафактілік өнімдердің саудасы қызып тұр. Заңсыз өнімдерге деген сұраныс халықтың табысының төмендегі мен тауарлардың арзандығынан туындап жатқанын жоққа шығармау қажет. Өткен жылдың өзінде елімізде контрафактілік өнімдерді сату бойынша 12 мың заң бұзушылық дерегі анықталып 81 млн-ға жуық айыппұл салынған.
Елімізде сапасыз тағамнан уланып түрлі ауруларды жұқтырып алған науқастар көбейген. Мамандардың айтуынша, халықтың денсаулығына қауіп төндіретін маңызды фактордың бірі заңсыз тауарларды тұтыну. Әрбір сатып алушы өнімді аларда тексеріп, сапасына аса мән беру қажет.
БАҚЫТ ТҮМЕНОВА «ДЕНСАУЛЫҚ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Медицина саласында ауру туа біткен жене жүре пайда болған деп екіге бөлінеді. Туа біткен ауруларлы жазу мүмкін емес, ал жүре пайда болғандар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан. Отандық нарыққа зерттеу жүргіздік, халық тұтынатын тауарлардың 4 тобын қарастырдық. Олар азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар, темекі өнімдері, алкогольді және алкогольсіз сусындар. Контрафактілік өнімдер денсаулыққа қауіп төндіретінін атап өткен жөн. Тұтынушылар нарығында белсенді сатылып жатқан контрафактілік тауарлардың үлгілерін көрсеттік, олардың көлемі жыл сайын 10%-ға өсіп келеді. Нәтижесінде халық арасында резонанс туды. Осы ретте еліміздегі тауарларды жақсартуға ұсынымдар әзірлеп, оны халыққа ұсындық».
Жыл сайын контрафактілік өнімдердің көлемі 7-10 пайызға артып келеді.Өткен жылы Алматы қаласында 11 млн теңгеден астам сомаға 12 мыңға жуық контрафактілік өнім тәркіленген.
СВЕТЛАНА РОМАНОВСКАЯ, ҚАЗАҚСТАН ТҰТЫНУШЫЛАРЫ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің мәліметінше, 2022 жылы азаматтар тарапынан түскен шағымдардың саны алдыңғы жылмен салыстыранда 139%-ға, ал көлік, байланыс, коғамдық тамақтану және медицина секілді салаларда бірден 3 есе өскен».
Бүнгінгі күні контрафактілік өнімдер кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізіп отыр. Сол себептен тәркіленген тауарлар айналымнан алынып, бірден жойылады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 124
https://www.youtube.com/embed/fQ090T8KJj0?si=uFnBdP057CDyzSFf"
Маңғыстауда экология заңын бұзғаны үшін мұнай мекемесіне айыппұл салынды. Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушы "Жалғызтөбемұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылдың 1-ші және 11-ші қаңтар аралығында мұнай және ілеспе газ өндіруді рұқсатсыз жүзеге асырған. Заңбұзушылық табиғатты қорғау прокуратурасымен талдау жұмыстарын жүргізу барысында анықталыпты. Компанияға бұл заңсыз әрекеті үшін айыппұл салынды.
НҰРЛАН ОРАЗБАЕВ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: «ҚР ӘҚБ кодексінің 328-ші бабымен жауапкершілікке тартылды. Айыппұл соммасы 7,8 млн. Қазіргі таңда Табиғатты қорғау прокуратурасымен экологиялық заңының талаптары бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде».
Еще материалы
Страница 18 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.