- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 385
https://www.youtube.com/embed/REPhr4uWyis?si=iQ8HwOKDzv6V4sPC"
«Ертегіге ұқсас есептеріңіз әдемі» Мәжіліс депутаттары министрлер жұмысына наразы. Олар елдегі ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге халық қалай күн көреді? дейді. Бүгін Мәжіліс «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырған болатын. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Бюджетте ақша жоқ. Оның барлығы халықтың ақшасы деген мәжілістегі депутаттар қазына қаражатының әр тиынын қызғыштай қорғау керек деген пікірде. Айтуларынша, ысырап көп. Керек емес іс-шараларды тоқтататын уақыт жетті дейді.
АНАС БАҚҚОЖАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бюджетте ысырап деген өте көп. Қазақта сөз бар, үзіп жеген үнемге жетпейді деген. Сауда және интеграция министрлігі. 7 зерттеуге 692 млн теңге бөлінген. Сауда саттықта нені зерттейді. Базардағы әйел бәрін айтып береді. Консалтинг деген барлық министрлікте бар. Ауыл шаруашылық министрлігінде ғана жоқ шығар. Мына 600 млн теңгеге пәтер алып 60 отбасын бақытты қылуға болатын еді мысалға».
Ал, депутат Ринат Зайытов болса, бір отбасын мысалға келтіріп, олардың бір айда тұтынатын тауарларының бағасын тізіп, аналиткика жасап келген. Алайда, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі депутатқа мардымды жауап бере алмады.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Ертегіге ұқсас есептеріңіз әдемі. Миллион, миллиард деген мен ондайға тілі келмейтін сайлаушылардың сұрақтарын қойғым келіп отыр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қойғым келеді. Қолдарыңызда қаламсап пен қалам болса алсаңыздар жақсы болатын еді, мен Сіздерге цифрларды келтіремін. Өйткені, Сіздер цифрларды жақсы көресіздер. Бұл қарапайым арифметика. Орташа статистикалық отбасының бір айлық шығындары. Мысалы, 5 адамнан тұратын жанұя. Әкесі театр қызметкері, 115 мың теңге. шешесі кітапханашы, 85 мың теңгені алады. Бірінші бала студент мемлекеттік, екіншісі 6 сыныпта оқиды. Үшінші балабақшада. Нан 180 теңгеден 10800, сүт 810 теңгеден 8100 теңге. Шай 500 теңгеден. Жалпы шығын 254 мың 215 теңге. Есепке алмаған шығындар, киім, ойыншық, демалыс ойын –сауық, жеміс –жидек жемейді. Крем тағы басқасын алмайды. Енді менің Сіздердің министрліктеріңізге үлкен сұрақ. Қалай есептедіңіздер? Және осы отбасы қала күн көреді?
Айта кетейік, 2024-2026 жылдардағы бюджет шығысының басым бөлігі әдеттегідей әлеуметтік салаға жұмсалады. Ал халықтың табысын арттыруға 3,5 трл теңге қарастырылған. Қазына қаражатының әр тиынының тиісті жерге жұмсалуын енді депутаттар өздері тікелей қатаң бақылауға алмақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 390
https://www.youtube.com/embed/55oBWI7RCak?si=iuAXkOsjyGGz5eIj"
Өткен демалыс күндері теңбіл доптан Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасында матч орын алды. Ойын елордадағы «Астана - Арена» стадионында өтті.Шараны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин трибунадан бірге тамашалады.Тартысты кездесу қазақстандықтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды шабуылшы Максим Самородов соқты.Президент футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы жарқын жеңісімен құттықтады.Өз кезегінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Президентке алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы матчтағы жалғыз гол авторы Максим Самородовқа ризашылығын білдірді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 363
https://www.youtube.com/embed/UQF7I4oUmnY?si=pu6nJW-9vMJAggDk"
Бүгін Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.Президентке ұлттық компанияның биылғы бірінші жартыжылдықтағы негізгі қаржы-шаруашылық көрсеткіштері және газ саласын реформалау жұмыстарының барысы туралы есеп берілді.Қасым-Жомарт Тоқаевқа «QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамы 2022 жылдың басынан бастап Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласында өз қаражаты есебінен сомасы 400 миллиард теңге болатын инвестициялық жобаларды іске асырғаны жөнінде баяндалды.
САНЖАР ЖАРКЕШОВ «QazaqGaz» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 350
https://www.youtube.com/embed/vVNcWINps5k?si=LmL4MpTK6mCgfmQ5"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 372
https://www.youtube.com/embed/HTUR0cZf8Jk?si=OXD6rvya-nn5CkSJ"
Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында,еліміздегі археологиялық қазба жұмыстарының жағдайы талқыланды. Онда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ескерткіштердің сақталуы бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалып, шетелдік және отандық ғалымдар пікір алмасты.
Ғылыми-практикалық семинарға АҚШ, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген білікті мамандар қатысты. Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалардың тарихы мен мәдениеті арналды.Осыған байланысты жергілікті органдардың назарын аудару,кейінгі буынға осы құндылықтарымыздың маңыздылығын жеткізу біздің негізгі мақсатымыз дейді «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорының директоры.
ГҮЛМИРА МҰҚТАРОВА «ЕСІК» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХА-МӘДЕНИ МУЗЕЙ- ҚОРЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Кәзір семинар өтіп жатыр. Өте құнды мәліметтер алып отырмыз. Қатысып жатқан ғалымдарымыздың өздері Талғар-Қойлық ескерткіштерін зерттеуге тікелей қатысқан мамандар болғандықтан,осы ескерткіштерді сақтаудағы өздерінің құнды ұсыныстарын ұсынып жатыр. Талғар-Қойлық қалашығын ары қарай музейлендіру,консервациялау қалпына келтіру жұмыстарын жасау біздің алдымызда тұр».
Көне Талғар қалашығы құрып кетудің алдында тұрған ескерткіштерінің тізіміне енгізілген. 2018 жылы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының балансына өткен соң, Талғар қалашығын қалпына келтіру,сақтау бойынша ауқымды шаралар жүргізілген. Осындай құндылықтарын шет мемлекеттер қалай сақтап отырғанымен тәжірибе алмасу біз үшін өте маңызды дейді министрліктің өкілдері.
ЖАНАТ СЕЙДАЛИЕВА ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ, МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Осы мәселелер бойынша шетелдіктердің де пікірлері бізге маңызды. Олар өздерінің обьектілерін қалай сақтап,қорғап отыр. Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген обьектілерді сақтаудың ЮНЕСКО алдындағы міндеттемелерімізді дұрыс орындауға септігін тигізетін болады. Жалпы Халықаралық тәжірибеде бар бүкіләлемдік мұра ескерткіштерінің аумағында электр жүйелері жүргізілмеу керек деген сияқты. Бүгінгі шара осы мәселелерді шешудің жолы деп айтсақ болады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 384
https://www.youtube.com/embed/33Zp2nxq9Eg?si=pxH2k8WjgXJuDDwb"
Германияда 30 градусқа дейінгі аптап ыстық орын алып, әйгілі немістің Роттер көліне келушілердің қатарын көйбейтті.Сондай-ақ улы көк-жасыл балдырлардың белең алуына әсер етуде. Соның салдарынан, шомылу аумағы да жабылуға жақын тұр.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай балдырлар адамдар мен жануарларға қауіп төндіреді.
РАЙНЕР МЕЙЛИКЕ ЗИГБУРГ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бұл адам өмірі үшін өте қауіпті. Егер балалар немесе жүкті әйелдер суды жұтып қойса, олар токсинді сіңіреді де, бауырына, бүйрегіне немесе жүйке талшықтарына зақым келтіреді».
Тұрақты күн сәулесі, аммоний нитраты және фосфаттың арқасында көк-жасыл балдырлар тез көбейеді.
РАЙНЕР МЕЙЛИКЕ ЗИГБУРГ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Бұл өте төзімді токсин. Тек балдырлар кеткенде ғана жоғалады. Егер көбірек жел немесе үлкен дауыл соқса желдің бағыты өзгеріп, балдырлардан құтылуымыз мүмкін. Сонда ғана, бактериялардың метаболизмі тоқтайды».
Демалушылар шомыла алмайтындарына ренжулі. Бірақ, бұл олардың табиғатта тынығуларына кедергі болмайды.
ЮЛИЯ ВЕРВЕЙН ДЕМАЛУШЫ: «Кешіріңіздер! Бірақ мен әлі де күнге қыздырынып жатамын. Балам құмда ойыншықтармен ойнайды. Кейде ауа райы жақсы болған кезде, шомылғанды да ұнатамыз. Алдағы уақытта жағдай өзгереді деп үміттенеміз».
КАТЯ ПЕТЕРЕЙТ ДЕМАЛУШЫ: «Егер суға түсуге рұқсат етілмесе, мен қарсы болмаймын. Бірақ, тағы да демалуға келемін. Бұл – табиғат. Сондықтан, бәрі мүмкін. Оған ренжігеніміз орынсыз болар».
Көлді физикалық тұрғыдан тазарту мүмкін емес. Енді жергілікті тұрғындар мен билік өкілдері тек ауа райына ғана үміт артып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 376
https://www.youtube.com/embed/jzsXoq5chS0?si=v6LLlCS6a7dnVjxY"
500 жыл бұрын қазіргі Мексика территориясын жаулап алған испандықтар Майели Гарсияның жасаған бояуын алтын мен күмістей құнды деп санайды. Себебі, Майели Гарсия жәндіктерді пайдалана отырып, қою қызыл түсті табиғи бояу жасап шығарады.
МАЙЕЛИ ГАРСИЯ БОЯУ ӨНДІРУШІ:
«Мексикада бояуларды испандық дәуірге дейін жәндіктерді пайдаланып жасаған. Ал біздің ата-бабаларымыз жәндіктерді қолмен жинаған. Кошениль жәндігі – нопал кактусының паразиті. Осы арқылы ол қоректеніп, керек заттарды алады».
Колумбияға дейінгі дәуірде қазіргі Мексиканың Оахака штатында өмір сүрген миштеки халқы испандықтар келгенге дейін бірнеше ғасыр бұрын қымбат пигмент алу әдісін ойлап тапқан болатын. Ал, ежелгі дәуірде байырғы халықтардың Кармин қызыл түсі мәртебенің символы болған. Оларды дворяндардың киімдерін бояуға, сондай-ақ керамиканы безендіруге, фрескаларды бояуға және құжаттарды жазуға қолданған.
МАЙЕЛИ ГАРСИЯ БОЯУ ӨНДІРУШІ:
«Бұл өте қиын жұмыс. Өндіріс жұмыс күші жағынан да, шығындар жағынан да қымбат. Бірақ, біз бұл жұмысты жасауды тоқтатсақ, өндірушілер азайып кетпек».
Қызыл бояғыш кармин ұсақ ұрғашы жәндіктерден алынады. Олардың құрамында кармин қышқылы бар. Дернәсілдік кезеңдегі әрбір жәндік кактусқа отырғызылып, жетілуі үшін бірнеше айға қалдырылады. Содан кейін дернәсілдерді қолмен немесе кішкентай щеткамен жинайды. Осыдан кейін күн астында кептіріледі.
Жылыжай Мехико қаласынан шығысқа қарай кеткен Сан-Францисконың Тепея деген ауылында орналасқан. Ол жерде бояуды ескі әдіспен жасайды. Бұл жерде жылына кемінде 100 келіге жуық бояу өндіріледі. Кейін бояуды қолөнершілер кілемдер мен маталарды бояу үшін пайдаланады.
МАЙЕЛИ ГАРСИЯ БОЯУ ӨНДІРУШІ:
«Мәдениетіміз бен ата-баба мұрасын сақтаудың маңыздылығын түсінетіндер көбейіп келеді. Киім бояйтындар табиғи бояуды жақсы түсініп, дұрыс пайдалануда. Сондай-ақ жоғары сапалы өнім іздейтіндер де көбеюде. Сондықтан біз өндірісті тоқтатпаймыз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 372
https://www.youtube.com/embed/Gtmv37yEuvg?si=dY8I3P_rbpDd0vRM"
Қызылорда да қоғамдық көлік мәселесі шешімін таба бастады.Автобустардың кестеге сәйкес жүріп-тұруын бақылау мақсатында арнайы рейдттік шаралар ұйымдастырды.
Шаһарда 34 бағыт бойынша қоғамдық көліктер халық игілігіне қызмет етуде. Оның 19-ы «Қызылорда автобус паркіне» тиесілі. 2022 жылдың қараша айында облыс әкімі Н.Нәлібаевтың тікелей қолдауымен серіктестікке «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус берілген. Бүгінде олардың қатынау интервалы 12-15 минутты құрайды.
ЖЕҢІСБЕК ФАЙЗУЛЛАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Рейд барысында жауаптылар жолаушылармен тілдесті. Олардың айтуынша №3 және №27, №7 қоғамдық көліктерде мәселе көп. Атап айтар болсақ, сыйымдылығы кішкентай, жүру интервалы ұзақ. Бұл сынға жауаптылардың айтары мынадай.
Айта кетейік, қалалық мәслихаттың соңғы отырысында қоғамдық көліктердің қолма-қол жолақысын 130 теңгеге көтеру туралы ұсыныс айтылып, қолдау тапты. Ал, электронды түрде төлем ақы 85 теңге болып қала бермек. Қазіргі таңда қала тұрғындарына электронды түрде төлем жасаудың 8 түрі ұсынылған. Олар: SMS, QR код, ұялы қосымша, көлік және банктік карталар арқылы жүзеге асады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 368
https://www.youtube.com/embed/ZYDhetcZQ1A?si=JpO8H6xya9oFqaLu"
Ақтау қаласындағы шағын аудандардың бірінде орналасқан Таунхаустың тұрғындары шу шығарды. Айтуларынша алған баспаналары сын көтермей тұр. Тіпті, жарық пен су мәселесі де әлі күнге дейін шешімін таппаған.
Бұл үйлер 3 жыл бұрын қоныстануға берілген. Мұнда 18 пәтер бар. Тұрғындар үйді алғаннан бастап, күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселенің көптігін айтып, шағымданған. Жаңбыр жауса, төбеден аққан су тұрғындарды әбірге салуда. Амалы таусылған жұрт, пәтерлерінің әр бұрышына шелек қойып әлек. Салдарынан баспаналарының қабырғалары көктеп, қолқаны қабатын жағымсыз иіс пайда бола бастаған. Жарық пен су мәселесі айтпаса да түсінікті. Екі жүйе де орталыққа қосылмаған. Сол себепті, тұрғындар енді тіршілік нәрінен ажыратылуы мүмкін.
ХАМИТ ЖҰМАБЕКОВ ТҰРҒЫН: «Су мәселесі, сосын, кәріз мәселесі. Осыларды шешіп берсе, бізге лицовой счетті берсе, үйдің шатырын жөндеп жауып берсе дейміз. Жаңбыр жауса төбемізден су ағады. Забор жоқ. Забор жоқ болғасын кіріп-шығушы көп. Су біздерге келіп тұр. Пайдаланып жатырмыз. Пайдаланғанмен оны МАЭК-ке, МРЭК-ке өткізген жоқ. Соны өткізіп, лицовой счетті берсе, пайдаланған затымызды төлейміз».
Тұрғындарды мазалап отырған тағы бір мәселе – кәріз жүйесі. Кәріз құбырлары бір-бірімен дұрыс жалғанбаған. Қолқаны алатын жағымсыз иіс үйге кіріп, дем алудың өзі қиындаған.
МЕДЕЛХАН САРАЙШЫҚОВ ТҰРҒЫН: «Мына 2-3 үйдің кәрізі біздің үйден шығады. 2-3 рет бітеліп қалды. Қайта-қайта тазаладық. Мына үйді салар кезде эскизде забор, фонтан, бәрі болды. Бірақ қазір ештеңе жоқ. Рядом тағы үй салды. Ол жақтан да адамдар аулаға кіріп жүре береді. Тұрғындар болып мердігер мекемеге бардық. Олар ештеңе шешпейді. Ештеңе айтпайды. «Ақшам жоқ» дейді. Болды».
Су мәселесі бойынша «Каспий жылу, су арнасымен» байланысқа шыққаннан кейін, Таунхаусты тұрғызған мердігер компанияның коммуналдық мекеме алдында қарызы шаш етектен екені белгілі болды.
РИММА ҚУАНБАЕВА «КАСПИЙ ЖЫЛУ, СУ АРНАСЫ» МКК ЭНЕРГИЯ ҚОРЛАРЫН ӨТКІЗУ, ТАРАТУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Мердігер мекеме өткен жылдың желтоқсан айынан бастап іс жүзінде төлем жасамайды. Бүгінгі таңда «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын алдында берешегі 1 267 000 теңгені құрайды. Ал МАЭК (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты) ЖШС алдында 1 690 000 теңге берешегі бар. Жалпы қарыз соммасы шамамен 3 миллион теңге. Бізде биллингті МАЭК (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты) ЖШС компаниясы қабылдайды. Бірақ, мердігер мекеме тарапынан биллинкке өту бойынша өтініш келген жоқ».
Құрылыс кезінде жіберілген қателіктің зардабын халық тартып отыр. Ал мердігер мекеме болса, аталған мәселеге қатысты ресми ақпарат беруден бас тартты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 360
https://www.youtube.com/embed/BvHieuzan0U?si=MFifAGzTbEvHKTfg"
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC корпорациясының басшысы Юй Баоцайды қабылдады. Мемлекет басшысына SINOPEC компаниясының еліміздегі қызметінің қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Әңгімелесу барысында геологиялық барлау және мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.Президент отандық компаниялардың SINOPEC корпорациясымен өзара іс-әрекеті Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктестігін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 359
https://www.youtube.com/embed/qz6qSYKpB9A?si=bNrBEhgoWdt0l5he"
Қаржы мониторинг агенттігі ескертеді! Әлеуметтік желіде құмар ойын ұйымдастыру заңсыз. Ол үшін қылмыстық жаза бар. Тик-токта бәс тігу арқылы ойын ұйымдастырып, халықты алдаған 4 бірдей алматылық 4 жылға сотталды. Айта кетейік, бұған дейін де әлеуметтік желіде құмар ойындарды тарату бойынша ірі қызметтің жолы кесілген болатын.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Тергеу барысында азаматтардың 4 ай ішінде 13 млн теңгеге жуық сомаға ірі мөлшерде табыс табумен үлескен стримдар ұйымдастырғаны дәлелденді. Аталған екі азамат кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды. Заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқық бұзушылықтар үшін 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамға сот 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 359
https://www.youtube.com/embed/c01h_NZeBRM?si=yl0sZAw9ymzGjGt4"
Бурабай курорттық аймағындағы «Rixos» қонақ үйінің 17 қызметкері астан уланып, 9 адам ауруханаға түсті. Ең қымбат қонақ үйде инфекцияның нақты қандай тағамнан шыққаны әзірге белгісіз.
Базарбек Бек аспазшының көмекшісі. Ауруханаға кеше түнде түскен.
БАЗАРБЕК БЕК НАУҚАС: «Ауруханаға кеше түнгі екіде түстім. Бірінші себептері –басым ауырды, температура болды. 38,2. Құсу. Өзімді нашар сезіндім».
Астан уланған қызметкерлердің алғашқы легі емдеу орнына осыдан екі күн бұрын түскен. Бүгін тағы екі адам аурухана төсегіне таңылды. Жұқпалы ауруханаға жеткізілген қызметкерлерге бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылып отыр. Қазір науқастардың дене қызуы түскен. Жағдайлары бірқалыпты. Ал үйлеріне жіберілген 8 адам дәрігерлердің жіті бақылауында.
СӘКЕН ҚАЛЫМЖАНОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: «Қызметкерлердің барлығы бір жерде тамақ ішкен. Оған қоса, науқастардың көбі бір бөлмеде жатқан. Бұл инфекциясы сапасыз тағам тұтынғандықтан пайда болады. Емдеу орнына жеткізілген жүкті әйелдердің жағдайы бірқалыпты. Денсаулығына ешқандай қауіп жоқ».
Қазір аудандық СЭС бақылау басқармасы қонақ үйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеруді бастап кетті. Барлық тағамнан сынамалар алынып, зертханаға жіберілген. Оның алғашқы қорытындысы үш күнде белгілі болады.
Еще материалы
- "Алатау ақпараты" Эфир 08.09.2023 Толық шығарылым!
- «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы көне қалашықтарымен таныстырды
- ҚазҰУ кітапханасында Мұрат Әуездің 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті
- Дүниежүзіндегі өсімдіктер мен жануарлардың таралуы төрт есе өсіп, экономикалық зиян келтіруде.
Страница 183 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.