
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 645
https://www.youtube.com/embed/xQbmyr0SZws?si=UUEoeWZlaOL3Kt9P"
Қызылорда қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы кеңейтілген түрде өтті. Отырыста көптеген жеке балабақшалардың талапқа сай келмейтіндігі, бүлдіршіндердің шамадан тыс көп болуы, ең сорақысы бір балабақшада әжетхананың жоқтығы да анықталған.
Алдымен депутаттар отырысқа дейін «Мансап» мектебі, «Шұғыла» жеке балабақшасы және «Ұлағат білім ордасы» мектебінде болып, білім ұйымдарының қызметімен танысты, олардың материалдық-техникалық жағынан жарақтануы мәселелерін қарады. Аралудан кейін комиссия отырысы одан әрі талқылау отырысымен жалғасып, күн тәртібіндегі мәселе сала мамандарының қатысуымен жан-жақты талқыланды. Ғалия Ноғайқызының айтуынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бұзу, оның ішінде кейбір балабақшалардағы мамандардың педагогикалық білімдерінің жоқтығы, балаларға жайлы орындар қамтамасыз ете алмауы, төсек орындарының талапқа сәйкес болмауы, асханалардағы тамақ қорының жеткіліксіздігі, қарапайым санитарлық тораптардың қамтамасыз етілмеуі, тіпті бір балабақшада әжетхана жоқтығы анықталды. Аталған мекемеде бүлдіршіндер биотуалетке тәрбиешілерімен бірге отыруға мәжбүр болған.
ҒАЛИЯ ДӘУЛЕТОВА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Депуттардың көкейіндегі сауал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қалайша бұған жол берді деген сұрақ туындады. Ал бұған басқарманың жауабы көбінің танданысын тудырды.
ЕРЛАН ҰЗАҚБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Хош, солай дейік,солай боларына сенейік делік. Сонда балабақша орнасласқан ауылда білдей білім ордасы, халыққа қызмет көрсетіп отырған емхана бар. Олар қалай кәріз жүйесіне қосылғаны белгісіз. Бұл мәселелерден кейін Наталья Мишукова өз ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, санитарлық эпидемиология саласы тарапынан балабақшаларды ашуға рұқсат беруде кемшіліктерге жол беретіндігі, балаларды бақшаға «фейс-бақылау» арқылы кіргізу жобасының тиімділігін жан-жақты қарау және бұл салада баламалы тиімді әдістері қарастыру және басқа да ұсыныстарын айтты.
НАТАЛЬЯ МИШУКОВА "ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ЖЕТЕКШІСІ
Комиссия отырысы барысында мәслихат депутаттары тарапынан өрескел жағдайлаларға жол берген жеке білім беру ұйымдарының жұмысын дер кезінде қарау, жеке мектеп оқушыларын кітаптармен және бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету және басқа да ұсыныстарын жеткізді. Комисисия отырысына қатысқан қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев жеке меншік оқу ұйымдары өз қызметтерін ұйымдастыруда бала құқықтарының сақталуын бірінші кезекте қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.
ИБАДУЛЛА ҚҰТТЫҚОЖАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
Кеткен кемшіліктер түзеліп, назар аударылмаған мәселелерге ден қойылып,пайдадан гөрі адам өмірін бірінші орынға қоюкеректігін қаперден шықпаса игі еді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 611
https://www.youtube.com/embed/wriEmKPKqGY?si=GmQLNmTELb0fvs_X"
Зертханада өсірілген сиыр еті жақын арада мал азығында пайда болады. Чехияның Bene Meat стартабы Еуроодақта бірінші болып жасанды ет өндіру мен сатуға лицензия алды.
Бұл өнім өсімдік компоненттерінен жасалған еттің аналогына жатпайды. Жасанды етті биореактордағы қоректік ортаға орналастыратын жасушадан өсіреді.
РОМАН КРЖИЖ – BENE MEAT КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: "Біз бірінші болып осындай етті үй жануарларына арналған азық ретінде пайдалануға рұқсат алдық. Біздің бәсекелестеріміздің көпшілігі біздің тәжірибемізді қолдануға асықпайды, бәлкім, олардың бағаға қатысты мәселелері бар шығар. Бірақ біз бәрін шешкен сияқтымыз".
Жобаның зерттеліп, дайындалып жүргеніне бірнеше жыл болды.Компанияда 80 зерттеуші жұмыс істейді.
РОМАН КРЖИЖ – BENE MEAT КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: "Осы кезеңде біз өнімнің дәмдік қасиеттерін тексеріп, жануарларға ұнайтынын білеміз. Бұған бірнеше ай кетеді деп ойлаймын.Содан кейін келісімшарттар жасауға болады ".
Әзірге зертханада бір күнде бір килограмм ет өсіріледі. Келесі жылы өндірісті бірнеше жүз килограмға дейін, содан кейін күніне бірнеше тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазір ғалымдар сиыр етін өсіріп, болашақта шошқа және тауық етін жасауды жоспарлауда. Чех зерттеушілері азық өндірушілерге олардың өнімдері нағыз еттен арзан болады дейді. Оның үстіне ол әрдайым сапалы болады - гормонсыз, антибиотиктерсіз және артық майсыз. Бастапқыда жасанды ет өте қымбат болды. Мысалы, 2008 жылы түтікшеде өсірілген 250 грамм сиыр еті миллион долларға бағаланған.Технологиялардың дамуымен құны ондаған мың есеге төмендеп отыр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 663
https://www.youtube.com/embed/3uV6scxkkB8?si=iqIfzLOFmXu7qb5A"
Бүгін 71 жасқа қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды. Ол 1953 жылы 23 наурызда туған. 1973-1988 жылдары «Шамалған» кеңшарында механик, аға механик, бригадир, директордың орынбасары болған. 1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары.1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан. «Инкар Агро» ЖШС-ның вице-президенті, BN Invest холдингінің директоры қызметін атқарды. Сонымен қатар, «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ ҚР Президентінің Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайтыны да хабарланды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 662
https://www.youtube.com/embed/rYAG8TXji3o?si=VO4m-VVVeN5xVRGH"
Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков халыққа есеп берді. Аудандағы білім саласы,денсаулық, көгалдандыру,жол мәселелері,жарықтандыру секілді бірқатар салалар бойынша ақпарат беріп,тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізген Алатау ауданы әкімінің баяндамасы әдемі статистикамен басталды. Атқарылған істерді орыс тілінде тәптіштеген ол, журналисттердің ана тілінде қойған сауалдарына ғана жауап қатты. Анығын айту керек,Алаутау ауданында мақтанудан көрі,көпшілікті мазалайтын мәселе көп.Жаңа Қазақстанға қадам бассақта жол,су,жарық секілді инфрақұрылымдар толық шешімін таппаған. Ауруды жасырғанмен өлім әшкерелейді дегендей ауданның кейбір көшелерінде жағдайдың ақсап тұрған жері де жоқ емес. Соның бірі Шаңырақ шағын ауданы,Қосағаш көшесінің сиқы. Осыдан үш жыл бұрын су құбырларын жүргізу үшін қазылып осы күйге түскен көшелердің тұрғындары арнамызға осыған дейін де хабарласып жағдайларынан әкімшілікті құлағдар еткен едік. Толассыз жауған соңғы күндердегі жауын салдарынан көшелері көлкіген көлшікке айналған тұрғындардың биліктегілерге назы көп.
ТҰРҒЫН
Әкімнің кезекті есеп беру шарасында тұрғындардың көкейлеріндегі сауалды жолдаған едік.
АЗАМАТ ҚАЛДЫБЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Әкімнің берер жауабы осы. Әзірге тұрғындар сиырқұйымшақтанған жолдың азабын көре тұруға мәжбүр.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 644
https://www.youtube.com/embed/38LLIS3CPSI?si=MKOnCS-duL-S6Fev"
Маңғыстау жастырының тазы өсіруге қызығушылығы жоғары. Тіпті кейбірі республикалық жарыстарда жүлделі орыннан көрініп жүр. Солардың бірі - Дінмұхамед Бақтыбай. Оның күшігінен асыраған төрт тазысы әзірге төртаяқтылардың ішінде ешқайсына дес бермей келеді. Ендігі мұраты - қазақтың құмай тазысын әлемге дәріптеу.
Дінмұхамед мына қара тазыны Ақтөбеден алдыртқан. Ол алыс қашықтықтағы бірнеше сайыста өзінің төзімділігі мен жүйріктігін байқатқан. Жақында аңшылықта шиебөрімен алысып, аяғын жаралап алыпты. Ақтаулық тазыбегінің бұдан басқа тағы бірнеше иті бар.
ДІНМҰХАММЕД БАҚТЫБАЙ ИТБЕГІ: «Жарыстың алдында 1-2 ай шамасында дайындаймыз тазыларды. Семіз тазы арықтатып, арығын семіртіп дегендей. Бос жіберіп, жүгіртеміз. Дайындық былай айтқанда. 5-тен 30 шақырымға дейін бара береді. Оның әртүрлі тәсілдері бар жүгіртудің. Бабына-бағына қарай».
Тазы ұстауға әуес жастар топ құрған. Жүйрік ит баптауда өзара тәжірибе алмасып тұрады. Елдос Аязбай 2013 жылдан бері тазы өсіреді. Кезекті жарыста кейбір тазының көкжал қасқырға бата алмағанын көрген. Досымен баптаған иттер еш тайсалмай бөріге шауып, көрерменді таң қалдырыпты.
ЕЛДОС АЯЗБАЙ ИТБЕГІ: «Таймас» дейтін итіміз болды. Барон, Құмай үшеуі түсті қасқырға. Біздікі қасқыр көрмеген ит шынын айтқанда. Шиебөрі көргенімен. Түспейді деп ойлағанбыз, бірінші жарысқа барып тұрғаннан кейін. Сол кезде таң қалдық, мәз боп».
Құмай тазы баптайтын жастар барлық шығынды өздері көтереді. Айтуларынша, әр итке айына 25-30 мың теңге керек. Қаражат тамақ, дәрумен алуға жұмсалады. Серілікті серік еткен жастар келешекте мемлекеттік бағдарлама қабылданып, қазақ тазысын өсіру барлық өңірде үрдіс аларына сенеді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 634
https://www.youtube.com/embed/XcNaCA4B_4E?si=bY_vMjPl5Z2pXNvD"
Ақмола облысы Шортанды ауданында орналасқан «Бектау» және «Новоселовка» серіктестіктерінің басшыларына айыппұл салынды. Олардың үстінен қос елдімекен тұрғындары мен жергілікті әкімдік қарамағындағы жерді дұрыс пайдаланбай, қазу жұмыстарын заңсыз жүргізді деген шағым түсірген. Шағымдарға сай облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің мамандары тиісті тергеу шараларын жүргізді.
Белгілі болғанындай, жерді ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланып отырған кәсіпкерлер 26 мың метрден астам жерді тереңдігін 1,5, енін 1 метр қылып қазып тастаған. Заңға сүйенсек, жалға алып отырған жерді қазуға рұқсат жоқ. Сәйкесінше, бұзушылық жасаған серіктестік басшыларының әрқайсысына 3,4 миллион теңгеден айыппұл салынды.
ШОЛПАН МОЛДАҒАЛИЕВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: «Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 337-ші бабына жатады. Яғни, жердің құнарлы қабатын заңсыз алып тастау немесе жою. Мұндай әрекет үшін жеке тұлғаларға 40 айлық есептік көрсеткіш, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 700 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 1 мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Сәйкесінше, «Бектау» және «Новоселовка» серіктестіктері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 1 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 588
https://www.youtube.com/embed/zlBOaPKHxqY?si=JNtXHOqAc_5NrdHQ"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 604
https://www.youtube.com/embed/0Fl6PX_ocY0?si=BF5vOQdNaV8lSpIg"
Салық саясатында бизнес пен мемлекет мүддесінің тепе-теңдігі керек. Осылай деген сенаторлар кәсіпкерлерге салынатын қосымша құн салығы саясатын үкімет қайта қарауы тиіс деп санайды. Айтуларынша, құн салығының көтерілуі бизнесмендерді алаңдатып отыр. Алайда, жауапты министрлік кәсіпкерлердің алаңдауына негіз жоқ дейді. 2024 жылдан бастап Қазақстанда бизнесті тексеру екі есеге азаяды, айыппұлдар саны да бірнеше есеге қысқартылады деп сендірді.
ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: «Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) автоматтандырылады, ол 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап адамның қатысуынсыз тексерулерді тағайындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды».
Айта кетейік, соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 46,5 пайызға артқан. Оған түрлі мемлекеттік бағдарламалар сеп болуда. Жастар да әйелдер де, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер де үкіметтен жеңілдетілген несие алып, кәсіп бастай алады.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 595
https://www.youtube.com/embed/foxTVQqILas?si=QUMIwSiFpnvDC8U3"
Азия пара ойындарынан Қазақстан құрамасы үздіктер қатарына ілікті. Спортшыларымыз жалпы саны 41 медель еншілеп, 44 мемлекет ішінде 11-ші орынға тұрақтады. Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов жеңімпаздармен кездесіп, оларға Мемлекет басшысының атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Спортшылармыз 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медельға қол жеткізді. Бұл жетістік қазақ спортының тарихына алтын әріппен жазылатын болады. Саңлақ спортшыларымыз мемлекеттің мерейін арттырып, абыройын асқақтатты. Біз оларды жас ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Сіздерді үлгі етеміз. Қазақстандықтар сіздердің жеңістеріңзді мақтан тұтады. Сіздер жеңістің биік шыңына жеттіңіздер».
АҚМАРАЛ НАУАТБЕК IV АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ: «Біздің құрама жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Біз 3 алтын, 4 күміс және 7 қолаға қол жеткіздік. Бұл үлкен жетістік. Алдында бізде алтын болған жоқ. Азия ойындары үлкен дайындық болғаны көрініп тұр. Қуаныштымыз. Жанкүйерлер жылы сөздер айтты. Ризамын қазақ халқына».
ЗУЛЬФИЯ ҒАБИДУЛЛИНА IV АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ: «Мен төртінші рет қатысып жатырмын. Біздің спортшыларымыз керемет жетістік көрсетті. Баршаларыңызға ризамыз. Зор алғыс. Біз үшін жанкүйер болған еліме рахмет».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 675
https://www.youtube.com/embed/p0J2uwwUHWE?si=SFbH4McK22-yKV0V"
Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да «Орфандық аурулар. Диагностика мен емдеудің өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара жайлы толығырақ тарқатсақ.
Іс шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен С.Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының,ҒЗИ өкілдері қатысып,сирек кездесетін орфандық аурулары бар науқастарды диагностикалау, бағыт беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
АРАЙ БАТЫРБАЕВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЛЛЕРГОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша медициналық көмек басқармасының басшысы Гүлнар Мақсұтованың айтуынша, Қазақстанда аталған ауруларды емдеу көп қаражатты қажет етеді, мемлекет пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде терапиямен қамтамасыз ету шығындарын өзіне алады.
АРАЙ БАТЫРБАЕВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЛЛЕРГОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Мысалы, бір баланы емдеуге республикалық бюджеттен жылына 40-тан 80 млн теңгеге дейін бөлінеді, себебі бір ампуланың құны 300-ден 600 мың теңгеге дейін болуы мүмкін. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарды емдеуді мемлекет есебінен толық қаржыландыратын мемлекеттердің бірі. Қазақстанда аталмыш аурудың 66 түрі ресми түрде тіркелген. 2017 жылдан бері кардиологиялық ҒЗИ орфандық ауруларды қадағалайтын орталық болып саналады.
МАЙСА БАЙЗАҚҚЫЗЫ ҒЗИ ЕКІНШІ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Жалпы бүгінгі конференция медицина саласында пікір, тәжірибе және идеялармен алмасуға, сондай-ақ орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеу жөнінде ақпарат беру бағытында жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 712
https://www.youtube.com/embed/uNCYGwVOGXc?si=yHFaFGE9-Un6Gqbq"
UHZ1 деп аталатын қара тесік ғалымдарды таңқалдырды. Себебі, бұның мөлшері Құс жолының орталығындағы қара тесіктен он есеге үлкен. Сонымен қатар, біздің ғаламымызға 13 миллиард 700 миллион жыл болса, бұл бізден 500 миллион жылға жас екен.
Мұндай деректер NASA-ның Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы мен Чандра рентгендік обсерваториясының арқасында алынды. Зерттеу нәтижелері супермассивті қара тесіктер Ғаламның басында болған деген теорияға шықты. Астрофизиктердің пайымдауынша, бұл қара құрдымның массасы галактикадағы барлық жұлдыздардың массасының 10% құрайды. Ол екі галактиканың соқтығысуы нәтижесінде үлкен газ бұлттарынан пайда болған деп есептеледі. Джеймс Уэбб және Чандра ғарыштық телескоптары қара тесік галактикасы орналасқан ғарыш аймағын масштабтау үшін гравитациялық линзалау деп аталатын әдісті пайдаланды. Әдіс - галактикалардың жақынырақ шоғырынан түсетін жарық әлдеқайда алыс орналасқан аймақты үлкейтуге көмектесті.
Джеймс Уэбб телескопы 2021 жылы ұшырылды. Ол Жерден бір миллион 600 мың шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл ғарышқа жіберілген ең үлкен және ең қуатты астрономиялық зертхана. Ол ғаламды инфрақызыл сәулелерде көреді. «Чандра» ғарыштық телскопы әлдеқайда ескі және рентгендік көру қабілеті бар. Бұл телескоп 1999 жылы жұмысын бастады. Сол жылы NASA Cassiopeia A супернованың алғашқы суреттерін ұсынды. Ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, бұл телескоп әлі де ғаламды зерттеуге өз үлесін қосуда.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 570
https://www.youtube.com/embed/pJ0dkqw8MWs?si=ULsbbHJGTsnTjfZ9"
Алматы қаласында Қазақстандық тараптың төрағалығымен кезекті Өңірлік форум – Орталық Азия елдерінің Төтенше жағдайлар департаменттері басшыларының кеңесі өтті. Форумға Қазақстан Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы, БҰҰ агенттіктерінің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Өңірлік форумды аша отырып, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бұл іс-шараның сындарлы диалог, ақпарат және тәжірибе алмасу, өңірдегі жағдайды талқылау және қауіпсіздікті арттыру кезеңінде негізгі міндеттерді анықтау үшін маңыздылығын атап өтті.Әртүрлі апаттар кезіндегі алдын ала ескерту жүйелеріне халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше мәнге ие болды.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТЖ МИНИСТРІ
Еще материалы
Страница 187 из 234
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.