- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 122
https://www.youtube.com/embed/nReWRY9QYyA?si=v1yZcqmeuvYhjiAM"
Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданы Шалқар көлінің айналасында сарыала қаздар мен өзгеде құстар белгісіз жағдайда қырылып жатыр. Жыл құсы болып есептелетін сарыалақаздың неліктен жағаға шығып қалғанын мамандар анықтау үстінде.
Көлдің айналасы экологиялық апатқа ұшыраған. Ауыл тұрғындары, орман инспекторлары соңғы екі күнде мыңнан астам құстың өлексесін жинап, өртегендерін айтады. Алайда жергілікті билік бұл ақпаратты жоққа шығарып өлексенің саны 150 ден аспайтынын айтып отыр.
АСЫЛТАС ТІЛЕУБАЕВ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бейнежазбадан байқағанымыздай, қауырсын қанаттылар көл айнала жаппай жусап жатыр. Басқарма өкілі апта бұрын Астанаға жіберілген сынаманың нәтижесі әлі шықпағанын. Сондықтан да жергілікті ветеринарлар құстарға тиген аурудың не екенін дөп басып айта алмай отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 112
https://www.youtube.com/embed/SMCQfH1weGQ?si=lPzpGbiJ3aMtbmqL"
Жаңа оқу жылы қарсаңында Петропавлда да студенттерге жатақхана мен пәтер табу қиынға соғады. Жатақханаға жайғаса алмағандар жалдамалы пәтер жағалап кетеді. Ал жалға берілетін пәтер бағасы аспандап кететіні тағы бар.
Төрт мыңнан астам студент білім алатын Манаш Қозыбаев атындағы СҚ университетінің студенттерінің жартысынан астамына биыл жатақханада орын жоқ.аталмыш оқу ордасының басқарма төрағасы-ректор Ербол Исақаевтың сөзінше қазір университетке тиесілі жатақханалар барлығы 1800 орынға шақталған.
ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР: «Қазір университет жаңа оқу жылына дайындалып жатыр. Корпустар мен жатақханалдар жөнделіп жатыр. Бүгінде студенттерге жағдайын жасау үшін кір жуғыш машина, теледидар, жаңа жихаздар алып жатырмыз. Одан бөлек әкімдік 1200 орынға шақталған жатақхананың жөндеу жұмыстарын жақын арада аяқтайды. Және шет елден келетін, өзіміздің мұғалімдерге арналған 306 орындық жатақхана қолданысқа берілді. Ал қазір университетке тиесілі жатақханаларда 1800 орын бар. Жаңадан салынып жатқан жатақханалар қолданысқа берілген кезде бізде барлығы 3000-нан астам орын болады».
Университеттің 4-ші курс студенті Аружан Асау 1-ші курстан бастап пәтер жалдап тұрып келеді. Бастапқы жылдары пәтердің бағалары 60-70 мың болса, қазір бір бөлмелі пәтерді жалдау 100-120 мың теңге, екі-үш бөлмелі пәтер 160 мың теңгеге дейін баратынын алға тартты. Ол оқуы мен пәтердің ақшасын төлеу үшін қазір қосымша жұмыс істеуге мәжбүр.
АРУЖАН АСАУ СТУДЕНТ: «Үстінен коммуналка төлейміз. Өзім ақылы бөлімде оқығаннан кейін пәтердің ақшасын төлеу қиынға соғады. Сол себептен қазір жұмыс жасап пәтерімнің ақшасын төлеп жатырмын. Қазір мен өзім жалғыз емес қыздармен тұрамыз. 4 қыз болып бөліп төлейміз. Себебі олай бізге жеңіл. Және де қаражат жағынан аз болады».
Жыл сайынғы жырға айналатын пәтер бағасының өсуіне өңірдегі көктемгі су тасқыны да әсер еткен.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 103
https://www.youtube.com/embed/3U-FYdw54FA?si=_nmPWJfevwSiQ2in"
Қазақстандықтарға жылу үшін 768 млн теңге қайтарылады. Жылыту маусымы аяқталған соң шығындар қайта есептеліп жатыр. Бұл үлкен сома көрінгенмен, әр қазақстандыққа шаққанда сондай қомақты қаражат емес. Айта кетсек, артық ақша тек өлшеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ғана есептелген. Ал, биыл жылыту маусымында нақты қандай тариф бекітілгені әлі белгісіз. Жауапты ведомство тұтынушыларға берілетін қызметтің сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында қарқынды түрде күрделі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады.
МИРАС ЗЕРІПБАЕВ ҚР ҰЭМ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Әр өңірде тариф әр түрлі. Ол жақта жылуды өңдеуші ұйым және жылыту тасымалдаушы ұйым экономикасы әр түрлі болғандықтан, белгіленген бір тариф жоқ. 20 өңірде 20 түрлі тариф болады. Ауқымды бағдарлама іске асырудамыз. Тарифті инвестицияға айырбастау деген. Тұтынушыларға берілетін қызметтің сапасы мен сенімділігін арттыру барысында қарқынды түрде күрделі жұмыстары жүргізілуде. Әр траиф ол құжаттарға негізделген. Олар жария тыңдау арқылы өтеді. Қосалқы шығындарды тарифке қоспаймыз. Тарифке кететін шығындарды ғана есепке алады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 110
https://www.youtube.com/embed/d1DGQ5DgUTU?si=ribSzYA3B6lfi976"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 96
https://www.youtube.com/embed/Asitj_zA_y0?si=vmLXzuErztyy_ngJ"
Әлеуметтік желілерде Атыраудағы «Мұнайшы» спорт кешеніндегі әжетханасының бейне ролигі тарады. Іші лас, санитарлық ережелер сақталмаған кешеннің жайы көпшіліктің ашуын туғызды. Видеодан спортшыларға арналған кешеннің тазаланбағанына біраз уақыт болғанын көруге болады. Қолқаны алатын жағымсыз иіс пен әжетхананың ит байласа тұрғысыз жайы көрсетілген.
«Мынау Атырау қаласындағы «Мұнайшы» спорт коплексінің әжетханасы. Мынандай жағдайда тұр. Иесіз қалған әжетхан секілді. Оданда жаманы бар. Мына жаққа бармай-ақ қояық».
Осы жағдайға байланысты Атырау облысының атқа мінерлері пікір білдірді. Айтуларынша, спортшылар мен қызметкерлер аталған дәретхананы пайдаланбайды. Алдағы уақытта бұл жерге жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін.
ТІЛЕКҚАБЫЛ ЕСДӘУЛЕТОВ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 144
https://www.youtube.com/embed/fOrpn_fjGs4?si=a4wZ5wz_NpbLNldy"
Бүгін Жоғары білімнен кейінгі комитет төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан мен БАҚ өкілдері Алматы қаласындағы жатақханалардың жаңа оқу жылына қаншалықты дайын екенін көріп қайтты.
Биыл елімізде 27 жатақхана салу жоспарланған болатын.Онда 10 000 нан аса орын қарастырылған. ЖОО-да орын алып отырған мәселелердің оңтайлы шешімін табуда бірқатар жұмыстар атқарылуда.
АҚЕРКЕ АБЫЛАЙХАН ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ, ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Жалпы бүгінгі таңда Республика бойынша 27 жатақхана аяқталады деп күтіліп отыр.Бүгінгі таңда 10 жатахана пайдалануға берілді,құжаттар қабылдануда.Алматы қаласында және Астана қаласында бізде былтырғы жылы ең көп жатахана тапшылығы болған болатын.Сондықтан Инфроструктураның қаншалықты студенттерді қабылдауға жеткілікті екендігі, оларды жатаханамен қабылдау ЖОО-на міндеттеме тапсырылғандықтан бұрынғыдай грантпен немесе ақылы түрде бүкіл студенттерді жинап алуға мүдделі емес.Яғни бірінші кезекте, тек қана қаржы мәселесі емес,бірінші кезекте студенттерге жағдай жасау мәселесі тұр.Жалпы қазір ЖОО биылғы оқу жылына құжаттар қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.Сондықтан келіп түскен өтініштер негізінде университеттерде қазір тапшылық жоқ».
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры Сәбит Құрманжанұлы жатақхана тапшылығын шешу тапсырмаларына сәйкес атқарылған жұмыстарды атап өтті.
СӘБИТ ҚҰРМАНЖАНҰЛЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚҰУ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:«Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚҰУ қарасты 15 жатақхана, 23 оқу және әкімшілік ғимараты бар.Жатақхананың салынғанына 70 жыл болған.Қазіргі таңда жалпы университет бойынша 56 пункте дабыл кнопкасы іске қосылған.Университет қазір 5890 студентіне біз орынды қамтамасыз ете аламыз.Одан бөлек, 3 жекеменшік хостелдермен келісімшартқа отырдық, 1500-2000 студенттерді қамтамасыз ету жоспарлануда.Келісім шарт толықтай жасалынды.Біз бірінші кезекте ережеге сәйкес көпбалалы отбасылар,әлеуметтік деңгейі төмен балаларға беріледі».
Оңтүстік астанамыз Алматыдағы жатақхана жыры жаңа оқу жылы жақындағанымен жедел шешуді талап етеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 243
https://www.youtube.com/embed/Cx8vZsS-fKA?si=4AqlA6i7Olrm3oGw"
Жарты жыл жан түршігерлік оқиғаны бастап өткерген 16 жасар қыздың тағдыры көптің жағасын ұстатты. «Не Молчи!» қорының таратқан мәліметіне сүйенсек, кәмелет жасына толмаған қызды сыныптастары жыныстық құлдықта ұстап, тәнін саудалап, табыс тапқан.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.
Қыз тәнін саудаға айырбастаған ашкөз, намыссыз жасөспірімдердің қылығы бүгін желіні шулатуда. Алты ай бойы зорлық көріп, азапталған, бопсаның астында қалған бейкүнә қыздың қазіргі жағдайын анасы былай деп күйіне айтты.
ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: «Ол күлмейді не жыламайды. Тамақ та ішпейтін болған. Қызым барлығына көніп, қабылдап үйренген секілді. Ең сорақысы, ол бұның барлығын автоматты түрде жасады».
Қыздың тәнін саудалаған сорақылар, атақты Қыздар.нет сайтында айына кемі екі-үш миллион теңге табыс тапқан. Сондай ақ, мектеп оқушылары «біреуге тіс жарсаң, Астанадағы «көкелерімізге айтып, әке-шешеңді өлтіртеміз» деп қызды қорқытқан.
ДИНАРА СМАИЛОВА #НЕМОЛЧИКЗ ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: «Полиция, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектор, мектеп басшылығы қызды іздеудің орнына, бұл отбасының әлеуметтік жағдайы нашар деп шешіп, ата-анасын ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан. Мектеп басшылығы мен педагогтар уәкілетті органдардан оқушының сабаққа қатыспағанын жасырып, емтихандар бойынша жалған баға қойған».
Жантүршігерлік оқиғағағ қатысты Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін ҚР ҚК-нің 134-бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын растады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 158
https://www.youtube.com/embed/F2CQ8ga3BWQ?si=tsm1KJGQX_W_itCl"
Маңғыстауда нәпақаларын жалған дипломмен тауып келген 60 мұғалім бірнеше жыл жұмыс істеген. Алаяқтық дерегіне қатысы барлар жұмыстан босатылыпты. Олардың қатарында 20 жылдан бері жалған құжатпен қызмет атқарып келгендер де болған. Олардың осы күнге дейін алған жалақыларына қатысты, әрі оған қосылған үстемақыға байланысты сотқа шағым түсіпті. Бұл бағыт бойынша өзге мектептерді тексеру де жалғасын таппақ.
БАҚТЫГҮЛ ӨМІРБЕКОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «2023-ші, 2024-ші оқу жылы ғой. Сол кездегі мониторинг кезінде, басым көпшілігі бізде Мұнайлы ауданы және Жаңаөзен қаласынан болып шықты өкінішке орай. Бұл жерде Мұнайлы ауданында 26, Жаңаөзен қаласында 13. Негізі қазіргі таңда барлығы тексеруде. Еңбек ақысы еңбек нарығы бойынша еңбек етті ол мекемеде, оны ешкім жоққа шығармайды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 118
https://www.youtube.com/embed/gVmayF80ieU?si=prIelPMryVd687hk"
Оралда дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты және БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатына оқушыларды конкурстық іріктеуге байланысты шу шықты.
Сәкен Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған және Айти мектепке баласын оқыту үшін емтихан тапсыртқан бір топ ата-ана білім басқармасының алдында жиналды. Оқушылар маусымның 8-інде тест тапсырады. Ата-аналар осының нәтижесінде балаларын мектепке қабылдауын талап етуде.
МҰРАТ НҰРҒАЗИМОВ АТА-АНА « Ең көп жинаған жүз бала өтіп тұр. Бесінші сынып екеу, алты және жетіден бір сынып бар. Сол сыныптарға балалар өтсін делінген. 564 бап бойынша қайтадан емтихан тапсырылмайды...»
Ата-аналар Сәкен мен Айти мектепке оқушыларды қабылдау үшін қайтадан тест тапсыртуға үзілді-кесілді қарсы. Олар балаларымыз қанша жыл осы емтиханға дайындалды. Талай ақылы оқу орталығының табалдырығын тоздырдық. Енді баламызға екінші қайтара сынақ тапсыру керегін қалай түсіндіреміз деп сұрайды.
ЛУНАРА ОРАШАЕВА АТА-АНА « Түстік деп қуанып жүрдік. Енді он күн ішінде жариялау керек еді. Бұл кісілер ештеңе жарияламады, сот болып жатыр депте айтпады...»
Бұл жерде ата-аналардың үш тобының мүддесі бар. Олардың біріншісі емтихан нәтижесі күшінде қалып, балаларының оқуға түскенін қалайды. Екінші топ – балалары оқуға түсе алмай қалғандар. Олар емтихан кезінде әділетсіздік болғанын алға тартады. Үшіншісі – шақыртылмай, емтиханға қатыса алмай қалғандар. Басқарманың мәліметінше, Орал қаласының А.Байтұрсынов атындағы №10 орта мектеп базасында 8 маусым күні «Недвижимость Сити» ЖК өткізген емтиханның қорытындысы мектептер тарапынан техникалық сипаттамаға және мемлекеттік сатып алу шартының талаптарына сәйкес емес деп танылды. Осыған орай емтиханның қорытындысы заңды тұрғыда шешімін тапқанға дейін 2024-2025 оқу жылына оқушыларды қабылдау мектептер әкімшілігінің шешімімен уақытша тоқтатылған.
ЕЛДОС САФУЛЛИН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ « Комиссия құралады. Оны толығымен зерделейді. Мүмкіндігінше тест қайта тапсырмай барымен шешім қабылдауға тырысады. Бірақ, адал қарау керек»
Арнайы комиссия үш күннің ішінде оқушылардың мәселесін жан-жақты зерттемек. Ата-аналар бұл жағдай оңынан шешілмесе наразылық білдіріп, алаңға шығамыз деп отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 96
https://www.youtube.com/embed/ZNPwMCXr9tc?si=wJZL_maIxhyMwNJ_"
Шымкенттің екі тұрғыны жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан. Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, олар 11 және 5,5 ( бес жарым) жылға бас бостандығынан айырылды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:«Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді. Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты екенін растады. Сонымен қатар, аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын сату барысында ұсталды.Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді. Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 107
https://www.youtube.com/embed/mOXMSkzzNug?si=mV99KOACqccwpNng"
Енді су шаруашылығы саласындағы отандық мамандар Америка Құрама Штаттарында біліктілігін арттырып, сол жақта өндірістік тәжірбиеден өте алады. Су ресурстары және ирригация министрлігі АҚШ, Геологиялық қызметімен ынтымақтастық орнатты. Өз кезегінде америкалық тарап су тасқынының алдын алу және жедел ден қою, оның салдарымен күресу мәселесінде қолдау көрсетеді. Демек, елімізге АҚШ сарапшылары көптеп келетін болады.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: «Америка Құрама Штаттарымен су шаруашылығы саласында талқылайтын мәселе өте көп. Бұл мемлекеттің аталған салада тәжірбиесі мол. Соңғы заманауй технологиялар қолданылады. Сол технологияларды біздің елде де енгізу қажет. Қазақстандық су шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру да маңызды. Отандық кадрларды оқытуға болатын түрлі халықаралық бағдарламалар бар. Алдағы уақытта біртіндеп сол бағдарлама аясында мамандарымыздың біліктілігін арттыратын боламыз».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 98
https://www.youtube.com/embed/3qZf1XVpcq4?si=WApyLVxc63gaNulh"
Еще материалы
Страница 20 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.