- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 907
https://www.youtube.com/embed/aieb7g3Awd4?si=g40IsPVRa46VAFQ6"
Алматыда қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз конференциясы өтті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков қалада вакциналардың саны жеткілікті екендігін алға тартты. Брифинг барысында айтылған ақпаратқа сәйкес, СК-Фармация арқылы қызылшаға қарсы екпенінің қажетті 128 мыңнан астам дозасы сатып алынды.
ИРАН ШАМЕТЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «2023 жылғы 24 қарашада Денсаулық сақтау министрлігінен тарату бойынша СК-Фармация арқылы 67 350 доза мөлшерінде вакцинаның бірінші партиясы келді, 30 950 доза мөлшерінде вакцинаның екінші партиясы 30 қарашада келді. Осылайша, қалада қосымша жаппай иммундау және жоспарлы вакцинациялау үшін ККП вакцинасының 103 940 дозасы бар».
Ата-аналары вакцинациядан бас тартқандықтан, ауруға шалдыққандар арасында екпе алмаған балалар көп. Қызылшаға қарсы екпесі жоқ 2054 бала тіркелді, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 1466, медициналық қарсы көрсетілімдер – 289, 292 жағдайда жұқтырғандар егу жасына жетпеген және өзге себептермен егілмегендер – алтау. Қызылша жұқтыру жағдайларын тіркеу кезінде кабинеттік оқыту жүйесі жойылады, балалардың бір топтан/сыныптан басқа топқа/сыныпқа ауыстыруға жол берілмейді, сондай-ақ қызылшаға қарсы егілмеген балаларды ажырату жүргізіледі, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.
ҚАСЫМХАН АЛПЫСБАЙҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ «Ошақтарда науқаспен байланыс жасаған 19 092 адам анықталды, олардың барлығына инкубациялық кезең ішінде (12 күн) медициналық бақылау орнатылды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі 488 адам қызылшаға қарсы егілді»
Қазақстанда вакцинация жүргізу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген Үндістан өндірген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Serum Institute of India Ltd вакцинасы әлемнің 110-нан астам елінде, соның ішінде Еуропа елдерінде қолданылады. Айта кетейік, қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуын болдырмау үшін қазіргі уақытта толық штаттық режимде 78 вакцинация пункті, 92 егу бригадасы 276 адам жұмыс істейді. Қаладағы барлық егу кабинеттері күшейтілген жұмыс режиміне, демалыс және мереке күндері - сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс режиміне ауыстырылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 897
https://www.youtube.com/embed/PC9jzSlaoyA?si=LgTCDEv_uKeAFQyY"
Маңғыстаудағы балалар жататын жұқпалы ауруханада орын тапшы. Салдарынан науқас бүлдіршіндер ата-анасымен үш қабатты аурухананың палатасында емес, кәдімгі дәлізінде жатыр. Осыған шағымданған ата-аналардың бірі ауруханадағы мәселенің мән-жайын айтып берді.
Бұл балалар емделетін жұқпалы аурухананың ішіндегі көрініс. Ата-аналар балаларымен дәліздегі кереуетте жатуға мәжбүр. Себебі ауруханадағы палатада орын жоқ. Тамақты да осы жерде ішеміз дейді шағым айтушылардың бірі Ғалия Қайратқызы.
Бұдан бөлек ата-аналар аурухананың жағдайы да сын көтермей тұрғанына шағымданды. Айтуларынша қабырғасының сылағы түсіп, ішіндегі жиһаздары әбден тозған. Бір сөзбен айтқанда науқастар үшін жағдай жасалмаған дейді олар.
ҒАЛИЯ ҚАЙРАТҚЫЗЫ АТА-АНА: «Біз бүгінгі түнде коридорда 8 ана болып жаттық. Коридор салқын болды. Ингаляторды өзіміз үйден әкелдік, жетіспейтін болды. Балдарымызды курткамен ұйықтаттық. Уайыммен ұйықтадық. Екі палата босап, біздерді соған ауыстырды».
Емдеу мекемесінің басшылығы орын жетіспей жатқанын жасырмады. Сондықтан 60 төсектік бөлімшеде қосымша 20 орын жасақтауға тура келген. Оның өзі аздық еткен соң жұқпалы аурулар бөлімшесін бірінші шағын аудандағы модульді стационарға көшіруге шешім қабылданған.
БИБІЗАДА ДҮЙСЕНБАЕВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бір жасқа дейінгі балалардың 39–ы жатыр. Жалпы саны 91. Сондықтан модульдік жаңа стационарға көшіргелі жатырмыз. Қазір «С» блокты дайындадық. Қабылдау бөлімі «С» блок арқылы өтеді және жанындағы блоктарды да дайындаймыз».
Қазір аймақта эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Себебі қызылшаға күдікті балалар көп түскен. Қызылшамен қатар, бронхиолит және пневмония аурулары да өршіп тұр дейді мамандар. Басты себеп-көпшіліктің вакцина алуға немқұрайлы қарағанынан. Сол себепті дәрігерлер тұрғындарды екпе алуға шақырады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 915
https://www.youtube.com/embed/FrOcELQKHyE?si=ay4_KIQ9b4XYvHgx"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 951
https://www.youtube.com/embed/JHjxQw1ERXE?si=C20QbL7mc87PVZDg"
Еліміздің батысында енді жарықпен тапшылық болмайды. Атырау облысында жаңа электр желілері іске қосылды. Ресми қосу рәсіміне телекөпір арқылы үкімет басшысы Әлихан Смайылов қатысты.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Мұның барлығы электр желілерінің өткізу қабілетін екі есеге ұлғайтуға, сондай-ақ еліміздің батыс өңіріндегі тұтынушылар үшін энергоблоктарда, оның ішінде МАЭК станциясында авариялық жағдайлардың санын едәуір азайатын болады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 866
https://www.youtube.com/embed/0k0KEMLwCAI?si=Kzb5isMTftE-dW2w"
Орал қаласының тұрғыны Сақыпжамал Дүйсалиева дәрігерлердің салғырттығынан қызының болашағына балта шабылғанын айтып, редакциямызға хабарласты. Ананың айтуынша, 32 жастағы қызына түсік жасау кезінде ақ халатты жандар алғашқы көмек көрсеткен. Ем-шараның дұрыс жасалмауы салдарынан енді ол сәби сүйе алмайды. Ашынған ананың жан-айқайын түсіру тобы тыңдап қайтты.
Биыл Айгерім Дүйсалиеваға 15 жылдан кейін ана болу мүмкіндігі туған. Жасанды ұрықтандыру тәсілі арқылы жатырына жан бітіп, жүктілігі ойдағыдай басталған. «Бұл қуанышымыз ұзаққа созылмады»,- дейді анасы Сақыпжамал Дүйсалиева. Жүктіліктің 3-ші айында Айгерім өзін жайсыз сезініп, қансырап, шақыртуға келген жедел жәрдем бригадасы жеке клиниканың мамандарына табыстаған. Бұл әрекет бірнеше мәрте қайталанған. Науқастың дене қызуы түспей, нашарлай бастағанда барып анасы алғашқы медициналық көмектің дұрыс жасалмағанын байқаған. Бүгінде Айгерім ана болу бақытынан біржола айырылып қана қоймай, обыр дертімен күресуде. Асқынған дерт өкпені де зақымдаған. Амалы таусылған отбасы Корея, Түркия мемлекетінің онколог дәрігерлерінен кеңес алған. Шетелдік мамандар сәтсіз ота жасалғанын айтқан.
САҚЫПЖАМАЛ ДҮЙСАЛИЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Сақыпжамал Дүйсалиеваның әділдік іздеп, тиісті органдардың табалдырығын тоздырғанына бірнеше айдың жүзі болған. Қызының жанына араша болудың орнына болашағына балта шапқан дәрігерлер жазаланып, материалдық-моральдық шығын өтелуі тиіс екенін айтады.
САҚЫПЖАМАЛ ДҮЙСАЛИЕВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Сақыпжамал Дүйсалиеваның арызы ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментіне жолданғанын мәлімдеді. Өз кезегінде департамент өкілдері биыл тұрғындардан келген талап-арыздар санының артуына байланысты өтініш қаралып жатқанын айтты. Облыста медициналық ұйымдардың қызметі және мамандар жұмысымен байланысты 370 арыз түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 70 арызға көп. «Арыз иесіне желтоқсанның ортасында жауап қайтарамыз» деді департамент басшысының орынбасары.
НАРИМАН НИЯРОВ ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айгерімге ем-дом жүргізген жеке клиника дәрігерлері оның өмірі қыл үстінде болғанын айтады. Жүктілік кезінде пайда болған хорионэпителиома дертінің асқынуына байланысты жатыр алынып тасталған. "Ота жасалмаған жағдайда, қан тоқтамай, науқастың беті бері қарамас еді" дейді. Баласы үшін шырылдап жүрген ана жауапты органдардың әділ шешім шығаратынына күмәнмен қарайды. Амалсыз жыл аяғына дейін мамандардың шешімін күтуге мәжбүр. Айгерім Дүйсалиева денсаулығына байланысты түсірілім тобымен сұхбаттасудан бас тартты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 949
https://www.youtube.com/embed/X8oS9a8CMzE?si=dbkBqESxppmt5tMz"
Моңғолия мал шаруашылығымен танымал ел. Бұл қызмет ел конституциясымен қорғалған. 80 миллион түйе, сиыр, қой, ешкі және жылқы төлдері мемлекет қорғауындағы «ұлттық байлық» ретінде саналады.
Көптеген отбасылар үшін бұл кәсіп емес. Бұл ұрпақтарды біріктіретін мәдени бірегейлік. Ал ол адам мен жануарлар арасындағы байланысқа негізделген.
Агваантогтох және оның отбасы ет және қатты ірімшік сияқты сүт өнімдерін шығарады. Олар жануарларды өздерінің меншігі деп санағанымен, оларды өз еркі бар тірі жан ретінде де көреді. Яғни, малдың өзі жайылымын таңдап, су табуына мүмкіндік береді. Олар жануарларды белгілі бір жерде ұстау адамды түрмеге отырғызумен бірдей деп есептейді.Соңғы кездегі климаттың өзгеруіне байланысты ауа райы жағдайлары олар үшін қиынға соғуда.
АГВААНТОГТОХ МАЛШЫ: «Бұрын жылдың әр мезгілі бойынша суық және ыстық болатын, қазір қысы-жазы қатты шаңды дауылдар соғады.Немесе күн жылы болғанда қар жауады».
Моңғолия құрғақшылық пен жылынудан зардап шегуде. 1940 жылдан бастап орташа температура Цельсий бойынша 2,2 градусқа көтерілген.Сонымен қатар, қақаған қарлы қыста жұт болып жем-шөп тапшылығы болған. Малдар да тебіндеп жайыла алмаған. Осы жұт малшының отбасын оңтүстік-батыс провинциядан көшуге мәжбүр еткен. Сол қыста оның 400 малы өлді.
ЛХЕБУМ МАЛШЫНЫҢ ӘКЕСІ: «Әрине,туған жерімді тастап кету қиын болды.Бірақ құрғақшылықтан қашу үшін басқа амал қалмады».
Бұл ретте мамандар моңғол малшыларынан бейімделу жағынан көп нәрсені үйренуге болатынын айтады.
АРИЭЛЬ АХЕРН ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗЕРТТЕУШІСІ: «Олардың көптеген тәжірибелері бар.Сондықтан моңғол малшыларынан үйренетін нәрсе көп».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 883
https://www.youtube.com/embed/c5Mc4MrdQpA?si=HjQfuW2GcD6Na_M1"
Бүгінде мал ұрлығы әрбір шаруаның мазасын алған мәселеге айналды. Осы орайда Қызылорда өңірінде ұрлықтың алдын алу мақсатында полицейлер бірқатар шараны қолға алды.
Ұрлықтың басым бөлігі өрісте қолды болған немесе иесіз жүрген малды сойып алып кететін жағдайларда орын алған. Мал ұрлығы тіркеліп, кейін ең далада табылды деген деректер де аз емес. Осыған байланысты 27-29 қараша аралығында облыс аумағында мал ұрлықтарының алдын-алу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың бірлесуімен тексеру жұмыстары жүргізілуде.
САХИ КҮШЕРОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПД КПБ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: «Тексеру жұмыстары қаламыздағы мал базарынан бастау алды. Көліктерге тиелген ірі қараларды тексеру барысында құжатсыз мал тасымалдаған 9 тұлға анықталып, Әкімшілік Кодекстің 406-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды».
Бүгінгі күнде дәл осындай жүргізілген тексеріс жұмыстарының арқасында облыс аумағында мал ұрлығының тіркелуі 45%-ға азайып, істі ашу көрсеткіші 30%-ға жақсарған дейді мамандар.
АЗАМАТ САХИТ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері халыққа жайылымдағы малды қараусыз қалдырмай, меншіктегі малды құжаттандыруын,таңбалау және JPS құрылғыларын орнату керек екендігін ескертеді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 907
https://www.youtube.com/embed/jszxMXzI188?si=gOAKEv9dvWPf6CFD"
Қызылордалық жүргізушілердің Грузиялық нөмірлері бар автокөліктерімізді жаппай қамап жатыр деген өзекті мәселесіне қатысты ОПД өкілдері арнайы баспасөз конференциясын өткізді. Басқосуда аталған проблеманың ақ-қарасы ажыратылды.
Мына ағылған жұрт Грузиядан арнайы автокөлік сатып алып келгендер. Айтар базыналары: полицейлер өзге елдің нөмірі бар теміртұлпарларды жаппай айып тұрағына қамауы.
НҰРБОЛ ДОСБОЛОВ АВТОКӨЛІК ИЕСІ
Бұл мәселеге қатысты құзырлы органдар заң аясында жауап берді. Айтуларынша, автокөлікті кедендік рәсімдеу үшін, ол экологиялық санатқа, «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс. Бұл процеске ең алдымен автокөлікті кедендік рәсімдеуден өткізу барысында құжаттарды жинақтау қажет. Техниканы рәсімдеу барысы үш кезеңнен тұрады. Бірінші сатып алу келісім шарты, екінші көліктің ілеспе құжаттары, транзиттік декларациясын алу және автокөлікті сәйкестендіру сертификаты.
БАҚТИЯРОВ НҰРКЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘП БАСҚАРМАСЫ ПРОЦЕСИНГТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2014 жылғы Жол жүрісі туралы заңының 66-бабына сәйкес, көлік құралдары иелерінің құқықтары мен міндеттері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында механикалық көлік құралдарын сатып алғаннан немесе жеке пайдалану, ішкі тұтыну үшін көлікті кедендік аймақтан шығарғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органда тіркеу міндеттелген. Республика аумағында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ немесе пайдалануға тиым салынғаннан кейін белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралдарын басқарған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады дейді мамандар.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 894
https://www.youtube.com/embed/DONP_bDvQ_Y?si=dh4otkV1kbixbFDB"
Бұдан былай Қожа Ахмет Яссауи кесенесін арнайы күзет бақылайтын болады. Себебі, бұл қасиетті нысан стратегиялық аймақ тізіміне енеді. Одан бөлек, арнайы комиссия да құрылған. Республикалық бюджеттен қаражат та бөлінген. Неліктен кесененің қабырғалары көгеріп, ылғалданып жатқанын шет елдік мамандар зерттеп жатыр. Нәтижесі бір жылдан кейін жарияланады деді бүгін Астанада орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Дархан Сатыбалды.
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Бұл мәселе Түркістан облыс орталығы болмағанда да мұндай проблема болған. 317 млн теңге бөлініп республикалық бюджеттен, зерттеу жұмыстары министрлік тарапынан жүргізілуде. Бір жылға созылады зерттеу. Ресей, Өзбекстан, Иран мемлекетінен тиісті мамандар шақырылып жұмыстар жүргізіліп жатыр».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 865
https://www.youtube.com/embed/7oC-ytQJIz0?si=tycLccQdF-8VZ3I6"
Израиль мен Хамас арасындағы уақытша атысты тоқтату келісімі ұзартылғаннан кейін тағы он екі кепілгерді 30 палестиналық тұтқынға айырбастады.
Израиль әскерилері елге Израильдің он азаматы мен екі шетелдіктің әкелінгенін растады. Бұл ХАМАС тұтқындарының Қызыл Крест ұйымына тапсырылғанын сәті.
Жалпы бітімгершілік алты күнге ұзартылды. Ол бұдан да ұзаққа созылуы мүмкін деген үміт бар.Дереккөздер Израиль барлау агенттігінің басшылары Дохада Катар премьер-министрімен кездескенін хабарлады. Олар әлеуетті келісімнің келесі кезеңін талқылады. Кездесуге Мысыр елінің ресми өкілдері де қатысты.Хамас тұтқындарға айырбастаған кепілге алынғандардың жалпы саны сейсенбідегі жағдай бойынша 81 болды. Олардың арасында 60 израильдік бар. Барлығы дерлік әйелдер мен балалар. Бұл жағдай екі жақтағы отбасылар үшін де қуанышты болды. Офри Бибас ағасының отбасын қайтаруға күш салуда. Олардың арасында Хамастың қолындағы ең кішкентай кепіл – 10 айлық Кфир Бибас бар.
ОФРИ БИБАС КЕПІЛГЕ АЛЫНҒАНДАРДЫҢ ТУЫСЫ: «Менің жалғыз ағамды Нир Оз қаласындағы үйінен бүкіл отбасымен: оның әйелі Шири және екі баласын қоса ұрлап әкетті. Біз хат жолдап отырмыз, өйткені ертең қазіргі атысты тоқтатудың және Израильмен кепілге алынғандарды босату туралы келісімнің соңғы күні, бірақ олар әлі де босатылған жоқ».
Израиль ХАМАС күніне кемінде он адамды кепілге жіберсе, бітімгершілікті ұзартуға дайын екенін мәлімдеді.Атысты тоқтату келісімі мақұлданса, кепілге алынған Израильдік ер азаматтар көп ұзамай босатылуы мүмкін.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 881
https://www.youtube.com/embed/7uNCxDIJYWE?si=EoAagWMSk9yheXxc"
Ауған соғысының ардагерлері майданда өздерімен бірге болып, ұрыс даласында ерлік көрсеткен достары Серікбай Жүсіповтың балаларына көмек қолын созуда. Соғыстан аман оралған Серікбай Жүсіпов тағдырдың жазуымен осыдан екі жыл бұрын ковид індетінен көз жұмған болатын.Марқұмның жұбайы да созылмалы дерттен мәңгілік өмірге аттанған. Ел аман,жұрт тынышта жетім қалған үш баласын,нағашы әжелері қолына алып,бағып-қағып отырған жайы бар.
ӘЛИ ДАУЫЛБЕК «АБЫРОЙ» АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Нағашы әжелерінің қолында өсіп жатқан үш бала,біздің де баламыз деп қарайтын ауғандықтар, олар тұратын баспананың тарлығы қолайсыздық туғызып отырғанын көзіміз көріп отыр дейді. Көп түкірсе көл болады, бірлесіп жылу жинасақ қосымша бөлме салып беруге мүмкіндік туар деген үмітте.
ӘЛИ ДАУЫЛБЕК «АБЫРОЙ» АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 863
https://www.youtube.com/embed/ESIivIxCneE?si=UXP-ub7PZpT_ib06"
Еще материалы
Страница 191 из 248

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.