- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 99
https://www.youtube.com/embed/bFDFLu5HZpE?si=obIvT3xbJciuO8HH"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 178
https://www.youtube.com/embed/MPt99_SOqNk?si=VRlYRkJ-XVJLTX2r"
Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүрген болатын. Осылайша 15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды. Абырой болғанда мал мен адам шығыны жоқ.
Оқиға орнына Ұзынағаш ауылында орналасқан №28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 54 адам мен 4 арнайы техника жұмылдырылған. Арнайы мотопомпалармен үйге кірген суға су сорғыту жұмыстары жүргізілді дейді мамандар.
АҚНИЕТ ТҰРЫСБЕКҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Екі жыл бұрын сол өзеннің арнасын кеңейту, қазу жұмыстарын жүргізу керектігі ұсынылған кезде, ауыл тұрғындары қарсы болған. Ол жердегі құм, қиыршық тастарды алуға, түрлі жұмыстарды жүргізуге қарсы болған. Осы жағдайдан кейін ауыл тұрғындары оған қарсылық білдірген жоқ».
Үйлер сайлы жерлерде орналасқандықтан қатты жауын шашын салдарынан бұндай жағдайлар бұрында орын алған екен. Қазір Алматы-Бішкек тас жолында жұмыс жүргізіп жатқан компания өзеннің арнасын кеңейтіп, тереңдетіп қазып беру туралы ұсыныс білдірген.
АҚНИЕТ ТҰРЫСБЕКҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ауыл тұрғындары да өздеріне қарасты ауланың бойындағы арық желілерін тазаламайды, кейде лас ұстайды. Соның әсерінен, осындай жағдайлар орын алады. Үйлердің ауласында су басу, су кіру тек селден ғана емес, еріген қар салдарынан да кіріп кетуі мүмкін деген жерлерде де жер деңгейін көтеру жұмыстарын да жүргізге екен деген өтініш білдіреміз жалпы ауыл тұрғындарына».
Сонымен қатар, кеше Кеген ауданы, Ақсай ауылының маңындағы таулы аймақта жауын-шашынның салдарынан ағын судың қалыптасуы орын алды. Ағын судан 2 жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалар мен 17 қызметкер жедел түрде жұмылдырылды.Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс жасауда. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 148
https://www.youtube.com/embed/77JqPeRQsLI?si=hU6qeMQYHrtd17lH"
Шымкентте 15 жастағы оқушылар ересек ер адамдарға боди-массаж қызметін көрсеткен. Бұл массаждың классикалық массаждан айырмашылығы – онда тұтынушылардың тек денесіне ғана емес, интимдік аймақтарына да массаж жасалады. Оны жас қыздар алғашында білмеген. Egovpress Telegram арнасының жариялаған мына видеоны сол 15 жасар қыздың біреуінің анасы түсірген. Шырылдаған ана қыздарды жұмысқа тартқандарды жазалауды сұрайды. Жасөспірім қыздар болса, бұл жұмысты интернеттегі хабарландырулар арқылы тапқандарын айтады.
Шымкент қаласының ПД мәліметінше, олар бұл істен хабардар. Бұл факт биыл мамырда анықатлған. Оған қатысы бар барлық адам полицияға жеткізіліп, қылмыстық іс қозағылыпты. Іс қазір тергелуде.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 106
https://www.youtube.com/embed/awz6G7N50Ag?si=2LBvEFmxr5VAnv-_"
Асыл тұқымды бұғыларға жататын маралдың мүйізі — емдік қасиетке ие әрі басқа тіршілік иелерінде кездеспейді. Қазір Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің орманшылары қызыл кітапқа енген жануарды қорғау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Біздің түсірілім тобымыз аңтанушылармен бірге маралдарды бақылап қайтты.
ШОЛПАН МАРАТҚЫЗЫ ЖУРНАЛИСТ
Маралдың басты қазынасы әрі қаруы – оның мүйізі. Медицинада мүйіздері мен қанынан түрлі дәрі-дәрмектер жасалады. Қуатты мүйіздерінің арқасында, ол кез-келген жыртқышқа төтеп бере алады.Қалаға жақын орналасқан Ілі-Алатау ұлттық табиғи паркінде 5 филиал бар. Түсірілім тобымызбен Медеу филиалында болып қайттық.
САЙРАН ҰЛАНҰЛЫ ІЛЕ-АЛАТАУ ТАБИҒИ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ МЕДЕУ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҮЛКЕН АЛМАТЫ ОРМАНШЫЛЫҒЫНЫҢ ОРМАНШЫЛЫҚ БАСШЫСЫ «Үлкен Алматы орманшылығының жалпы жер көлемі 26,692 гектар жер. Бұл жерде 13 инспектор қызмет атқарады. 13 инспектордың әрқайсысының аумағында қалаға жақын орналасқан жер болса да жан-жануарлардың көптеген түрі мекендейді.Оның ішінде атап айтар болсақ: аю, қар барысы, марал, суыр әртүрлі аңдар мекендейді.Әр аңның өзінің мекен ететін жерлері бар. Қарап тұрсаңыздар, Көкжайлау жақтарда қарап тұрсаңыздар марал көптеп кездеседі».
Иә, Сайран Ұланұлы айтқандай Көкжайлау жерінің Күмбел шыңынан біздің де камерамызға маралдарды түсірудің сәті түсті. Байқағандарыңыздай, бұл тұяқтылар күндізгіге қарағанда кешке, түнде, таңсәріде өте белсенді.
КЕНЖЕ АМИРҰЛЫ ІЛЕ-АЛАТАУ ТАБИҒИ ҰЛТТЫҚ ПАРКТІҢ МЕДЕУ ФИЛИАЛЫНЫҢ АҢТАНУШЫ-БИОЛОГЫ «Маралдардың мүйіздерінің ұзындығы 1,5-2 м болады. Бір жағы 6-7 отростоктардан болады үлкендері. 20-25 жылға дейін өмір сүреді марал. Еркектері 340-300 үстінде болады, ұрғашыларының мүйіздері өспейді».
Сондай-ақ, аңтанушылар жабайы жануарлар жүретін арнайы орындарға фото-тұзақтарды орнатады. Бұл аппарат жануарлардың санын анықтауға әрі бақылауға көп септігін тигізеді дейді мамандар.
КЕНЖЕ АМИРҰЛЫ ІЛЕ-АЛАТАУ ТАБИҒИ ҰЛТТЫҚ ПАРКТІҢ МЕДЕУ ФИЛИАЛЫНЫҢ АҢТАНУШЫ-БИОЛОГЫ «Фото-тұзақ орнатамыз жыл бойы. Барысқа, маралға, таутекеге, сілеусінге қоямыз. Олардың санын, санағын білу үшін орнатамыз.Фото-тұзақтың батарейкалары 25-30 күнге, 2 айға дейін жетеді.500-700 сурет-видеоға дейін түсіреді».
Статистика сүйенсек, Медеу филиалында 182 марал бар. Сондай-ақ, қар барысы, сілеусін, таутеке сынды түрлі аңдарды да көруге болады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 185
https://www.youtube.com/embed/lMI10MfjgYw?si=uq-da-p-0ndBm52_"
Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті.
Қазақстандық спортшыларды Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиадаға шығарып салуға ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбрайымов, Ислам Байрамуков, Ольга Шишигина, Дмитрий Баландин және БАҚ өкілдері келді. Министр спортшылар және жаттықтырушылар құрамына алдағы жарыстарға сәттілік тілеп, бұл оқиғаның еліміз үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ «Олимпиада ойындары үлкен дода. Жарысқа 205 елден 10500 спортшы қатысады. 32 спорт түрінен болады. Бүгін Ұлттық құрама команда қызу дайындық жүргізіп жатыр. 92 жолдама, 80 спортшы спорттың 25 түрінен барамыз. 26 шілде ашылу рәсімі өтеді. 27 шілде күні дзюдодан жарыс басталады»
Сондай –ақ еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков, қазақстандық спортшыларға сенім мол екенін жеткізді.
ИСЛАМ БАЙРАМУКОВ СПОРТ ШЕБЕРІ « Олимпиада ойындарында білесіздер, бақ шаба ма, бап шаба ма? Сондықтан үміт бар. Балалар жеңіспен оралады деп ойлаймыз. Топ жарып, жүлделі орындардан көрінетін спортшылар құрама команда да бар.Еркін күрестен бара жатқандардан Азамат Дәулетбеков 86 келі салмақта шығады. Соңғы әлем чемпионатынан қола жүлдегері болып, оралған. Одан кейін Әлішер Ерғалиев, Юсуф Батырмұрзаев және Мейрамбек Қартбай.
Еске салайық, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ. Ерекше атап өтетіні Қазақстан құрамасының спортшылары биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енген брейкинг және бадминтон сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді. Брейкингтен ел намысын Әмір Закиров қорғаса, бадминтон сайысында Дмитрий Панарин бақ сынайды. Спорт саласының дамуына өзіндік үлес қосқан ардагер Анатолий Қожекенұлы Құлназаров Қазақстан құрамасына батасын берді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 101
https://www.youtube.com/embed/W9DygaZCp4k?si=x2Ad_mk0J2PDqelk"
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда салынып жатқан үйлердің сапасына енді тікелей әкімдер жауапты болады. Ақтөбе, Атырау, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында құрылыс қарқыны тым төмен. Осылай деген үкімет басшысы Олжас Бектенов Президент жүктеген міндеттерді орындау үшін бар жоғы 2,5 ай қалғанын жауаптылардың есіне салды. Сондай-ақ ол Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауды тапсырды. Кестеден кешігуге әкеліп соғатын барлық проблемалар туралы дереу орталыққа хабарлануы керек деді. Қажет болса, үкімет ресурстарды қайта бөліп, техника мен адамдарды көбейтуге дайын. Себебі, халық бұл мәселеге алаңдап, бас қатырмауы керек. Басты мақсат - алдағы 2,5 айдың ішінде тасқыннан зардап шеккен азаматтар түгел дерлік бапсанмен қамтамасыз ету.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Сіздердің берген қағаз жүзіндегі есептеріңізден барлық су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жұмыс басталғанын көріп отырмыз. Алайда, үйлерді салу мен оларды халыққа тапсыру қарқыны әр өңірде әр түрлі. Мәселен, СҚО-да 200, Павлодар облысында 5 жаңа үй құрылысы аяқталып тапсырылыпты. Сондай-ақ жуырда Қостанай облысында 22 үй тапсырылады. Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруді жеделдету үшін барлық шаралар қабылданған. Әкімдіктер қажетті қаржымен толық қамтамасыз етілді, барлық кемшіліктер жойылды, салынып жатқан үйлердің үлгілік жобалары бекітілді. Деседе, кейбір өңірлерде жұмыс кестесінен 15-25 күнге артта қалушылық бар. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола және Атырау облыстарында құрылыс қарқыны өте төмен. Құрметті, әкімдер бұл жұмысты тездету керек. Басты назарға алыңыздар!»
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 117
https://www.youtube.com/embed/dufymLFkjzM?si=bnXLoD5vuHB9uL4o"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 99
https://www.youtube.com/embed/kP57V0DVnhw?si=7IsBOhhYvvrKxso4"
СҚО-да тасқын судың астында қалған баспаналарды қайта жөндеу, ретке келтіру жұмыстары жалғасуда. Бір ғана Заречный кентінде 239 үй су астында қалған еді. Мұнда арнайы жұмысшылар тобы апатты болып танылған баспалардың жұмыстарымен айналысып, жөндеуге жарамдыларын қалпына келтіруде.
Тасқын судан зардап шеккен тұрғындардың бірі Любовь Ликанцева. Ол бұл баспанасында 30 жылдан астам уақыт тұрған. Апат кезінде жиһаздары мен тұрмыстық техникалары жарамсыз күйге түсті. Енді үйге кететін шығынды арнайы тексеретін мамандар 6 миллионға бағалап отыр. Соның салдарынан қалада пәтер жалдап тұруға мәжбүр.
ЛЮБОВЬ ЛИКАНЦЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Жігіттердің жұмысына көіңілім толуда, олардың жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанына 2 аптадан асты.Тезірек баспанамызға кірсек екен деймін. Қазіргі таңда қабырғаларды жөндеп, еден ауыстырып жатыр. Бригада өкілдерінің айтуы бойынша тамызға дейін құрылысты аяқтайды.»
Сарапшылар қазіргі таңда 120 үйдің 19-ын жөндеуге жарамды деп таныған. 9 баспанада қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда 13 бірлік техника мен 35 адам жұмылдырылған. Олар 3 мамырдан бері Заречный кентінде жұмыс істеуде.
ТЕМІРЛАН МАМАШӘРІПОВ – МАМЛЮТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қазір тұрғындардың үйіне күніне 3 рет кіріп, аралап, мехбригаданың жұмысын бақылап отырамыз. Мұнда келгенімізге 3 айға жуық уақыт болды. Зардап шеккен 10 үйдің иесі баспаналарын өздері жөндеуге шешім қабылдады. Ал қалған 9 үйді мехбригада істеп жатыр.»
Осыған дейін жұмысшылар 59 үйдің сүру жұмыстарын аяқтаған. Су тасқынынан зардап шеккен баспаналарды 1-ші тамызға дейін қалпына келтіріп, толықтай бітіру жоспарланып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 133
https://www.youtube.com/embed/d8QnEHvF7MQ?si=wahtuMlQpkcP-vt1"
Алматы маңындағы мореналық көлдердің деңгейі көтерілген. Қазірдің өзінде 6 көл жауын шашын мөлшері мен қарқындылығына, температура жоғарлығы мен жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты қауіпті саналады. Сол себепті ол аумақтарда арнайы жұмыстар жүргізілуде.
БАУЫРЖАН ЖҰМАҒАЗЫҰЛЫ ҚР ТЖМ «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» ММ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫШ ҚҰРЫЛЫСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Қазіргі таңда, үш көлдің бірінші көлінде көлдерді түсіру бойынша екі сифон жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде көлдің деңгейі түсіп жатыр. Қалған екі көлде, яғни, Түрген -2 мен Талғар өзенінде жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі таңда сел қауіпті кезеңінде төтенше жағдай министрлігінің, қазселденқорғау мекемесінде арнайы жедел штаб құрылды. Одан бөлек Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімшіліктерінен қаржылай қолдау көрсетілді. Анықталған барлық қауіпті, қатерлі күндерге нақты іс шаралар жүргізілуде және жоспарлануда».
Айта кету керек, Талғарда 12 млн кубты ұстайтын сел ұстағыш бөгеттер салынған. Басқарма басшысы көлдерге қатысты жүргізіліп жатқан іс шаралардың қай уақытта тәмамдалатынын айта кетті.
АНРИ ДАНИЯР ҚР ТЖМ «КАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» ММ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Бұл жұмыстар ауа райына байланысты ағымдағы жылдың 18 шілдесіне дейін аяқталады деп күтілуде. Талғар бағытында жергілікті атқарушы билік тарапынан сел қаупін болдырмас үшін төтенше жағдай жарияланды. Қазір жағдай тұрақталды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 138
https://www.youtube.com/embed/l-hKSZk-wa0?si=6NtE9SA7LkDUejx3"
БҚО-да 3 жасөспірім қыз суға батып кетті. Қайғылы жағдай Ақжайық ауданының Мерген ауылында тіркелді. Қыздардың киім-кешегі Жайық өзенінің жағасынан табылып отыр. Артынша іздестіру шаралары барысында 2010 және 2011 жылы туған 3 қыздың мүрдесі табылды.
РАЙЫМБЕК ШАМАҚОВ БҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ
Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 6 адам суға кеткен.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 136
https://www.youtube.com/embed/vI6kCMflmrk?si=p122cGDeHJCj6NYa"
Алматының Наурызбай ауданында жүк көлігі автобуспен соқтығысты. Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы зардап шекті.
Оқиға сағат 9.15-те Наурызбай ауданында болды. Шаляпин көшесінің солтүстігінде Әшімов көшесімен келе жатқан жүк көлігі аялдамада тұрған нөмірі 137 автобусқа соқтығысқан. Инерцияның кесірінен автобус жолдың шығыс жағына шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған.Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 7 қалалық клиникалық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілген зардап шеккендер денсаулығы қаралып, қажетті тексерулер жүргізілген.
АСЫЛБЕК ЕМБЕРДИЕВ №7 ҚКА ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталуда. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстарын бастаған.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 106
https://www.youtube.com/embed/odvuTokKMJ0?si=J6-pt0UIkhGC4Tqz"
Алматыдағы Қазақ ұлттық унивеситетінің фонтанында қайтыс болған жасөспірімнің нақты неден көз жұмғаны әлі белгісіз. Бұл іспен Бостандық аудандық полиция департаменті айналысып жатыр деді бүгін үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Жас жігіт қаза тапқан мк бұрқақтан еш ақау табылмапты, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды Орда.кз.
САЯСАТ НҰРБЕК ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
«Өкінішке орай, ресми қорытындыны алған жоқпыз. Бұл мәселені ұмытқан жоқпыз, бірақ сот медиицналық сараптаманың қорытындысын күтуге мәжбүрміз. Ресми түрде ақпарат береміз. Оқиғаға қатысты барлық ақпарат сот-медициналық сараптаманың ресми қорытындысынан кейін жарияланады».
Еще материалы
Страница 31 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.