НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей бәсеке өз мәресіне жетті. Еркін бағдарламада қазақстандық Михаил Шайдоров жарыс жолына шығып, сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Отандасымыз «Confessa» және «The Diva Dance» әнін таңдады. Сонымен қатар, Михаил алғашқы техеикалық элементке үштік аксель, бір эйлер және төрттік сальхау жасап, сәтті орындап шықты. Қорытындысында, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы техникалық элементтер орындаудан 114.68 ұпай, ал бағдарлама компоненттерін орындауда 83.96 ұпай еншіледі. Осылайша, Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадағы 92.94 ұпай және еркін бағдарламадағы 198.64 ұпайды қосқанда 291.58 ұпаймен бірінші орыннан көрініп, қысқы Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды. Жапондық Юма Кагияма және Сюн Сато үздік үштікті түйіндеді.
Өз кезегінде спортшы жеңіс жолының оңай болмағанын айтты.
"Маусым бойы өз-өзіммен күрестім. Жарыстарда бес бірдей төрттік секіруді шамамен үш рет орындап көруге тырыстым, бірақ бірде-бір рет сәтті шықпады. Ал бүгін бәрі сәтті орындалды. Сәті түсіп, қолымнан келді. Олимпиадаға ұзақ дайындалдым. Маусым бойы бар ойым — өз ісімді адал атқару болды. Енді еңбегімнің жемісін көріп отырмын. Бұл медальді Қазақстан халқына арнаймын. Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың дамығанын қалаймын. Менің медалім Денис Тен үшін де маңызды болар еді деп ойлаймын. Ол бізге жол ашты. Оның да жолы оңай болған жоқ, менікі де жеңіл болмады. Еліміздегі мәнерлеп сырғанау спортының дамуына қосқан үлесі үшін Дениске алғыс айтамын", — деді Олимпиада чемпионы.
Қазақстан өз тарихында мәнерлеп сырғанау спортынан екінші Олимпиада жүлдесін еншілеп отыр. Осыған дейін Денис Тен 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған еді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде ауа сапасын жақсарту үшін көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін. Спутниктің жазуынша, бүгінде Қазақстанның 11 қаласында ауа тұрақты түрде ластанатыны белгілі болған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Қолжетімді ең жақсы технологиялар қағидаттарына көшу жөніндегі іс-шаралар 21 ірі кәсіпорында басталды. Тағы 22 өтінім қаралуда. 22 энергия өндіруші нысан бойынша жылу энергетикасын жаңғыртудың кешенді жоспары бекітілді", - деп хабарлады министрлік.
-
субсидиялау және ынталандыру шаралары арқылы жеке секторды газдандыру;
-
қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде және шағын қазандықтарда қатты отынды пайдалануға тыйым салу;
-
объектілерді орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосуды ынталандыру;
-
қоғамдық көлік пен таксиді электр мен газға ауыстыру;
-
"жұп және тақ күн" жүйесі бойынша ерекше метеорологиялық жағдайға байланысты қозғалысты шектеу және экологиялық аймақтарға бөлуді жүргізу;
-
өнеркәсіптік аймақтардың айналасында жасыл белдеулер құру.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Демек, өткізілетін референдум барысында жаңа Конституция қабылданған жағдайда 15 наурыз — Конституция күні болып бекітіледі, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Осылайша ел азаматтары мемлекеттік мерекені келесі жылдан бастап дәл осы датамен атап өтеді.
Сонымен қатар, жалпыхалықтық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы қабылданған жағдайда Ата заңның нақты қашан күшіне енетіні анық жазылды. Жаңа Конституция жобасының «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын соңғы бөлімінің 94-бабы 1-тармағына сәйкес, республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.
Ал 2-тармақта республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланатыны нақты көрсетілген.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматыда 2026 жылы 30 желтоқсаннан бастап қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым енгізіледі. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәслихаттың 2025 жылы 30 желтоқсандағы шешімімен бекітілген Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларына сілтеме жасап хабарлады.
Аталған талаптар қаланың газдандырылған аумақтарына қатысты Қағидалардың 52-тармағында көзделген. Құжатқа сәйкес, газға қосылу мүмкіндігі бар жеке тұрғын үйлерде, моншаларда және көппәтерлі үйлерді жылытатын жекелеген қазандықтарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады.
Төтенше жағдай кезінде жылу және энергиямен жабдықтаудың резервтік көздерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Бұл талаптар жылыту қазандықтарын пайдаланатын шаруашылық субъектілеріне де қолданылады. Шығарындылар көздері ластаушы заттарды тазарту қондырғыларымен міндетті түрде жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар, арнайы техника, бензин және дизель генераторлары да экологиялық талаптарға сәйкес болуы қажет.
Осылайша, шектеу тек моншаға ғана емес, газдандырылған аумақтарда орналасқан жеке тұрғын үйлерге де қатысты.
Айта кетейік, қазіргі таңда Алматыдағы жеке сектордың газдандыру деңгейі шамамен 99,6%. Бұл үй иелерінің басым бөлігінде табиғи газға қосылуға техникалық мүмкіндік бар екенін көрсетеді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде зейнетақы жинағының шектік мөлшерін мерзімінен бұрын пайдалануда өзгерістер енгізілмек. Кемі шектік мөлшер 10 пайызға көтеріледі, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Сонымен қатар зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейі үшін алмастыру коэффициентін көтеру қажет. Бұл мерзімінен бұрын қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдатуды талап етеді",- деді Сүлейменов үкіметтің кеңейтілген отырысында.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде несие беру қарқыны төмендеген. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше халыққа берілетін кредиттер 2025 жылы 19,8%-ға 24,8 трлн теңгеге дейін өсіп (2025 жылғы желтоқсанда — 0,8%-ға өсу), 2024 жылғы 23,9%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңдеген, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Халыққа берілген кредиттер құрылымында ипотекалық кредиттер 2025 жылы 14,6%-ға 6,9 трлн теңгеге дейін, тұтынушылық кредиттер 21,0%-ға 16,7 трлн теңгеге дейін (2025 жылғы желтоқсанда 0,5%-ға өсу) өсіп, 2024 жылғы 33,5%-ға өсумен салыстырғанда бәсеңдеді, соның ішінде кепілсіз тұтынушылық кредиттердің өсуі 2024 жылғы 29,3%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 14,5%-ға дейін баяулады. Қабылданған тежеуші шаралардың нәтижесінде жаңа кепілсіз тұтынушылық қарыздар берудің өсу қарқыны 2024 жылғы 22,6%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,1%-ға дейін бәсеңдеді", — делінген хабарламада.
Бұл ретте тұтынушылық кредит беруді ұлғайтуға елеулі үлес автокредиттерге берілген кредит олар 2025 жылы 42,4%-ға өсіп, 4 трлн теңгеге жетті.
2025 жылғы желтоқсанда бизнес субъектілеріне ұлттық валютадағы кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 21,4% (2024 жылғы желтоқсанда — 19,7%), халыққа — 18,3% (2024 жылғы желтоқсанда — 17,0%).
Еще материалы
Страница 3 из 86

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.