"2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады, бұл республика халқының жалпы санының 33,6% құрайды", - деп жазылған хабарламада.
НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде балалар саны нақтыланды. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда балалар халықтың жалпы санының 33,6%-ын құрайды екен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
"Сондықтан гранттарды бөлуде инженерлік, IT, аграрлық, педагогикалық және жаратылыстану бағыттарына басымдық берілді. Гранттардың 60 проценті инженерлік-техникалық, ИТ және ауыл шаруашылығы мамандықтарына бағытталды", - деді Нұрбек үкіметтің бүгінгі отырысында.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
20 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) кеңесі спортшыларға арналған тағам өнімдерін сәйкестендіру құралдары арқылы міндетті түрде таңбалау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, құжатқа сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер спорттық тағамдарға таңбалауды өз аумағында қашан енгізетінін және оның нақты тәртібін өздері белгілейді. Бірақ бұл туралы олар ЕЭК-ке алдын ала, кемінде алты ай бұрын хабарлауға тиіс.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
"Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға 31 мыңнан астам, ал 11-сыныпты үздік аяқтауға 18 мың оқушы үміткер болып отыр. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етіп жүр. Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы мен қаулысына сәйкес мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шараларды мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынады", - деп ескертті министрлік.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау, зерделі ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар мәдениет, білім беру және инновациялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып айқындалсын:
кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру;
оқырмандарға арналған заманауи инфрақұрылымды дамыту: цифрлық құралдарды кеңінен қолдана отырып, жаңа форматтағы кітапханалар, қоғамдық кеңістіктер құру;
туындылары жас ұрпақты Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары мен ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге ықпал етіп жүрген отандық жазушылар мен ақындарды қолдау;
баспагерлер мен кітап өнімін таратушылардың мемлекет үшін пайдалы қызметтерін ынталандыру;
ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттау.
Толығырақ мына сілтемеде: www.akorda.kz
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанда некеге тұратындар саны 22%-ке азайған. Некеге тұратындар саны әсіресе Астанада көп, ал Қызылорда мен Батыс Қазақстанда некелесу жағынан көш соңында тұр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде некеге тұрғандар саны азайып кеткен. Ұлттық статистика бюросы дерегіне сүйенсек, 2015 жылмен салыстырғанда 2025 жылы тіркелген некелер саны 148,8 мыңнан 116 мыңға дейін төмендеді. Осылайша он жыл ішінде некелер саны шамамен 22%-ке азайған.
"Сәйкесінше, некелесу коэффициенті де төмендеген. Егер 2015 жылы 1000 адамға 8,48 неке тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 5,69 болды", - дейді бюрода.
Некеге тұру не үшін азайды
"Сонымен қатар қазақстандықтардың некеге кеш тұратын болды. Соңғы 10 жылда алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде 27, ал әйелдерде 25 жастан асып барып тұратын болды", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Еще материалы
Страница 2 из 91

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.