НОВОСТИ

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматы облысындағы 300-ден аса саяжайжақын маңдағы елді-мекендерге қосылады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Аlataunews.kz-тің жазуынша, бүгінде Алматы облысында барлығы 674 саяжай бар. Атап айтсақ, Қарасай ауданында 200, Іле 157, Талғар 152, Еңбекшіқазақ 135, Жамбыл аудандарында 21 және Қонаев қаласында 9 саяжай орналасқан.
Десе де елді-мекен мәртебесі жоқ болғандықтан, саяжай тұрғындарының мәселесі жиі көтерілетін. Осы мақсатта сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Болат Мусылманбеков саяжай жайы шешімін тапқанын баяндады.
“Саяжайлардың қосылу жоспары былтырдан бері қаралуда.Алдымен оларға елді мекен мәртебесі берілуі керек. Қазіргі таңда тұрғындар санын есептеп, бала-бақшалар мен мектептер саны бас жоспарға кіргізілуде. Халықпен бірге тыңдаулар өткіздік. Ұсыныстарды мәслихат шешімімен бекітіп жатырмыз”, - деді Болат Аманжолұлы.
Сондай-ақ, ол қазіргі таңда 333 саяжайды жақын маңдағы елді мекендердің шекарасына енгізе отырып, бас жоспарды өзгерту жұмыстары аяқталғанына да тоқталды. Мәселен, Іле ауданында 5 елді мекеннің бас жоспарына 109 саяжай, Қарасай ауданында 4 елді мекеннің шекарасына 88 саяжай ,Талғар ауданында 6 елді мекеннің шекарасына 92 саяжай, Еңбекшіқазақ ауданында 2 елді мекеннің шекарасына 44 саяжай массиві қосылмақ.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Ел мектептерінде мұғалімдерге тапшылық ерекше байқалады. Оқу-ағарту министрлігі бұл көрсеткіштің нақты санын жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Агенттік дерегіне сүйенсек, бүгінде еліміздің мемлекеттік мектептерінде 2 817 педагог жетіспейді екен.
“Бүгінгі таңда мемлекеттік мектеп педагогтеріне қажеттілік 2 817 адамды құрайды. Оның ішінде математика, орыс тілі мен әдебиеті, физика, бастауыш сыныптар, химия, ағылшын тілі, музыка, информатика, тарих, құқық негіздері, көркем еңбек, география, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, бастапқы әскери және технологиялық дайындық педагогтеріне сұраныс бар”, - делінген министрлік ақпаратында.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматыда эстрада әншілерінің қатысуымен ауқымды ән кеші өтеді. Шара көктем мерекесі қарсаңына жоспарланған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мерекелі кеш Алматыдағы Республика Сарайында өтеді. Наурыз айының 1-де еліміздің танымал әншілері өнер көрсетпек.
Ән кеші кешкі сағат 19:00 –ге жоспарланған.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алғашқы қаражат алатын балалар тізімін жасады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
“Ұлттық қор - балаларға” жобасы аясында қаражат аударылатын балалар тізімі 1 ақпанда ашық жарияланады. Дерекке сүйенек, қазір тізімде 7 миллионға жуық бала бар.
"БЖЗҚ жобасының операторы "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша алғашқы аудармаларды алатын қазақстандықтардың тізімін жасап қойды. 2024 жылы 18 жасқа толатындарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады. Қазір тізім тексеріліп жатыр", - делінген БЖЗҚ ақпаратында.
Сонымен қатар, қор дерегінше алғашқы төлемдер ақпан айынан бастап аударылады.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы 18 жасқа толғандар қанша теңге ала алатынын жазған едік.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі ең ірі су қоймаларының бестігін тізбектеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ведомства дерегіне сүйенсек, бұл тізімге Сергеев, Шүлбі, Шардара, Қапшағай және Бұқтырма су қоймалары енген. Тізім мынадай:
1 ОРЫН. Бұқтырма су қоймасы
Қазақстандағы ауданы бойынша ең үлкен су қоймасы - Бұқтырма . Оның ауданы - 5490 шаршы шақырым, орташа тереңдігі - 9,6 м. Ертіс өзеніндегі Бұқтырма ГЭС бөгеті құрған су қоймасы 1967 жылы қолданысқа берілді. Нысан энергетика, су көлігі, өнеркәсіп, балық және ауыл шаруашылығы, ауыз су қажеттіліктерін реттейтін көп функциялы резервуар болып табылады. Бұдан бөлек, Бұқтырма су қоймасы ұзақ жылдар бойы Ертіс ағынын тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады. Осы арқылы су көлігінің қозғалысына қолайлы жағдай жасайды.
2 ОРЫН. Қапшағай су қоймасы
Алматы облысындағы Іле өзенінде орналасқан Қапшағай су қоймасы ауданы бойынша екінші орында. Іле өзенінің ағынын реттеу үшін салынған су қоймасы негізгі қызметімен қатар ирригациялық, балық өсіру және рекреациялық мақсаттарға да пайдаланылады. Қоймаға су жіберу 1970 жылы басталды. Бүгінде оның ауданы - 1847 шаршы шақырым, көлемі - 18,14 текше шақырым. Су қоймасына Түрген, Шілік, Есік, Талғар, Қаскелең өзендері де құяды. Қапшағай су қоймасы аймақтың көрікті әрі туристік орындарының бірі саналады. Сондай-ақ экономиканың түрлі салалары үшін су ресурсының маңызды көзі.
3 ОРЫН. Шардара су қоймасы
Сырдария өзенінде орналасқан Шардара су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілді. Ауданы - 783 шаршы шақырым, орташа тереңдігі - 6,3 метр болатын су қоймасы Түркістан облысының су шаруашылығы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол ағынды реттеп қана қоймай, аймақтың энергетикалық және ирригациялық қажеттіліктерін өтейді. Сондай-ақ Шардара қаласын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.
4 ОРЫН. Шүлбі су қоймасы
Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі ГЭС бөгеті қалыптастырған Шүлбі су қоймасы бүгінгі рейтингте төртінші орынға орналасты. Бұқтырма және Шүлбі ГЭС арасында орналасқан нысан жанама ағынды маусымдық реттеуді қамтамасыз етеді. Су қоймасының жалпы ауданы - 255 шаршы шақырым, көлемі - 2,39 текше шақырым.
5 ОРЫН. Сергеев су қоймасы
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы еліміздегі ең үлкен су қоймаларының «бестігіне» кіреді. Оның ауданы - 117 шаршы шақырым, көлемі - 693 млн. текше метр. Орташа тереңдігі – 5,9 м. 1969 жылы қолданысқа берілген су қоймасы ұзақ жылдар бойы су ағынын реттеп келеді. Мұнда Сергеев ГЭС орналасқан. Су қоймасы өңірдің энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерін, сонымен қатар ирригация жүйелерін сумен қамтамасыз етіп отыр. Сол себепті солтүстік өңір экономикасы үшін аса маңызды нысан саналады.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Енді Алматы облысының жолдарын камерасы бар патрульдік көліктер бақылайды. Осылайша полиция жол жүру ережесін бұзғандарды бірден тіркеп отырмақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Алматы облысындағы жол ережесін бақылауды қолға алған полиция жұмысын alataunews.kz жазды. Дерекке сүйенсек, полиция департаменті жол қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында 20 қызметтік көлікке арнайы құрылғы орнатқан.
“Аппараттық-бағдарламалық кешен фото және видео жазуға, көлік құралдарының жылдамдығын өлшеуге, көліктің мемлекеттік нөмірін тануға, жалпы көлік апатына әкелетін жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтауға арналған», – деп түсіндірді бұл жұмыс жоспарын Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.
Құрылғы жолдағы және тұрақтағы көліктердің нөмірін автоматты түрде таниды, алынған деректер Бас прокуратураның жанындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі.
Еще материалы
Страница 39 из 68
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.