НОВОСТИ

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданындағы су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы alataunews.kz-ке сілтеме жасап.
Ондағы ақпаратқа сүйенсек, жұмыс сапарымен Талғар ауданына барған өңір басшысы су тасқынының алдын алуға ерекше назар аударып, оған қатысты шараларды дер кезінде қолға алу керегін баса айтқан. Алдымен аса қауіпті аймақ саналатын Бесағаш ауылдық округі мен Талғар қаласындағы селден қорғайтын бөгетті аралау барысында мұндағы қауіпті учаскелерді көріп шықты. Үлкен Алматы каналы орналасқан Бесағаш ауылының №1 учаскесі басты назарда болды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен селден қорғау мамандары еріген қар мен жаңбырдың салдарынан су басуы мүмкін аймақ туралы егжей-тегжей баяндады. Әсіресе Алатау тас жолының Бесағаштан өтетін тұсындағы жағдай қауіпті, мұнда 300 адам тұратын 60-қа жуық үйді басуы мүмкін. Бұл қауіп-қатердің алдын алу үшін дренаждық құрылысты салу, құбырлар мен суағарларды орнату ұсынылды.
Сонымен қатар, Мұратбаев көшесінен бастау алып, аймақтың жолымен Үлкен Алматы тасжолын кесіп өтіп, 6,45 шақырымға созылып жатқан Талғар өзенінің арнасын реттеу жоспарланды. Мақсат – өзен арнасының жағалауы мен түбін нығайту.
Марат Елеусізұлы осыдан 6 жыл бұрын Бесағаш ауылындағы бірнеше үйді су басқанын еске салып, шұғыл шара қолдану керектігін айтты. Сондай-ақ 2017 жылы Бурабай коттедж қалашығында үйлердің үстіне тау опырылып, үйді саз бен балшық басып қалғанын да тілге тиек етті. Саяжай иелері оның қауіпті екенін жерді сатып алып, құрылыс жұмыстарын жүргізгеннен кейін ғана білген.
Әкім жұмыс сапарының соңында 2005 жылы салынған селді бөгейтін Талғар бөгеніне барды. Бетоннан жасалған құрылымға 8,4 миллион текше метр су сыяды. Талғар өзенінің жоғарғы ағысында жалпы ауданы 117,9 шаршы метрді құрайтын 92 мұздық бар, сондай-ақ сол маңдағы басқа 20 мұздықтың жетеуі сел қаупін тудырады.Осы қауіптерге орай әкім селден қорғау органдарына бөгеттің жағдайын үздіксіз қадағалап, суды жіберуді тапсырды.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Алматылық полицейлер қоғамдық көліктерге “102” арнасына шығатын дабыл түймесін орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл Полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус парктерінің өкілдерімен кездесу барысында айтылды. Онда қандай да бір оқыс жағдайда дабыл түймесін басу арқылы бірден «102» арнасына түседі. Сондай-ақ көлік ұйымының диспетчерлік қызметіне де лезде хабар береді.
Бұған қоса қалалық Әкімшілік полиция басқармасының басшылығы автобустардағы бейне және дыбыс жазатын бақылау камераларын жаңартуды ұсынды.
“Басты мақсат – қоғамдық көліктегі кез келген құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету”, - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
БЖЗҚ төлемдері 5 пайызға өсті. Осылайша зейнеткерлерге төленетін қаражат мөлшері де артып отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Қор БЖЗҚ-дан төлемдер зейнетақы төлемдерінің сомасын есептеу әдістемесі бойынша жүзеге асырылатынын еске салды. Закон.кз-тің жазуынша белгілі бір санаттағы алушыларға: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектерге, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жалпы сомасы кемінде алпыс теңгені құрайтын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдарға ай сайын, әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін ұлғайту факторларын түзету қарастырылған.
"Әдістемеге сәйкес зейнеткерлікке шығатын азаматтарға төлемдер келесідей есептеледі: төлемдерді қабылдаудың бірінші жылында жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне 6,5% көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Жоғарыда аталған шарттардың біреуінен артық қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең жоғары мәнді түзету коэффициенті қолданылады", - делінген хабарламада.
Бұл ретте, Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің (2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің) кемінде 70%-ы мөлшерінде жүзеге асырылады. (Минимум 43 407 теңге). Мәселен, жыл басынан бері Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін ең төменгі төлем мөлшері 30 384,9 теңгені (70 % * 43 407 теңге) құрады.

Қазақстанға бір жыл ішінде шетелдік хакерлер 223 миллионнан аса кибершабуыл жасаған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ондағы дерекке сүйенсек, елімізге жасалған кибершабуылдардың дені Украина, АҚШ, Польша, Ресей және Қытайдан тіркелген. Атап айтқанда, Украинаның инфрақұрылымын пайдалану арқылы шабуыл жасау шілдеде болған және барлық шабуылдар (95%) Zyxcel жабдықтарын пайдалану әрекеттерімен байланысты.
Шетелдік хакерлер интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі клиенттерін қорғауда бар күшін салды. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі – интернетке кірген кезде телекоммуникациялық желілерді қорғауды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен.
Елімізге сырттан кибершабуылдар жергілікті атқарушы (133,5 млн әрекет) және мемлекеттік органдарға (47,7 млн), сонымен қоса квазимемлекеттік сектор (27 млн), байланыс операторы (19,9 млн) және жеке компанияларға (2,9 млн) жасалған.
Мемлекеттік секторға бағытталған шабуылдардың үлесі – 62%. Шабуылдардың көпшілігі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде, атап айтқанда СҚО, Ақмола облысы, Қостанай облысында тіркелді.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Биыл Ұлттық Бірыңғай тестілеу өзгеріссіз қалады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министр Саясат Нұрбек өзінің Тelegram-арнасында осындай хабарлама таратты.
“Сіздер үшін ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатындығын қуана хабарлаймын. Тестілеуде сіздер тек екі пән тапсырасыздар: Қазақстан тарихы (20 тапсырма, шекті балл – 5) және Оқу сауаттылығы (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді, - дейді министр.
Сонымен қатар, ол бұл шешім талапкерлердің қалауы мен бейінді ведомстволардың сараптамалық пікірі негізінде қабылданғанына тоқталған.
“Қорытындылай келе, өткен жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткенін еске саламын. Егер ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі (қаңтар, наурыз, тамыз) бар екенін ескеретін болсақ, онда 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады”, - деп қорытындылаған жазбасын.
ХХХХХ
Еще материалы
Страница 40 из 68
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.