- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 597
https://www.youtube.com/embed/kyXkTxlCixs?si=Ozq-7lauWCJiKLIW"
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсіміне қатысты. Президент, ең алдымен, бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Қазақстанның 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты. Қасым-Жомарт Тоқаев топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысқанына назар аударды. Құтқару операциясы барысында 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз жерге көшірілді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бұл – құтқарушылар мен ұшқыштардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әбіш Кекілбаев «Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу» деп айтқан. Ұлттық еріктілер желісі табиғи апат болған сәттен бастап ерекше белсенді болды. 50 мыңнан астам волонтер көмек керуендерін ұйымдастырды. Олар апат аймақтарына азық-түлік және басқа да қажетті заттарды жеткізуге атсалысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы ортақ іске мол септігін тигізді».
Президент баспанасыз қалған адамдарға «Қазақстан халқына» қорынан тұрғын үй салуға қаражат бөлінгенін айтты. Жалпы, 2200-ден астам үй салынады. Сондай-ақ 10 мыңға жуық баспана күрделі жөндеуден өтеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Тасқынның зардабын жоюға бірқатар кәсіпкеріміз қомақты қаражат бөлді. Олар әрдайым туған елімен бірге екенін нақты іспен дәлелдеді. Ұлт мүддесіне сай жауапкершілігі мол кәсіпкерлік дегеніміз – осы. Әрине, қалыс қалған кәсіпкерлер де аз емес, олардың кім екенін де жақсы білеміз. Біз ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз. Әркім өз таңдауын жасады».
Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы шараларға белсене атсалысқан бір топ құтқарушыны, волонтерлер мен қоғам белсенділерін, әскери қызметшілер мен дәрігерлерді, қарапайым жұмысшыларды, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерін марапаттады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 582
https://www.youtube.com/embed/uRqeS_N5gJQ?si=6o6nza7ieEZg1lX6"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 645
https://www.youtube.com/embed/VBcBawIEvFU?si=ih4Wgh1OflUdtlYf"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 679
https://www.youtube.com/embed/FLOUBSR6cZY?si=wvhyKOIFRPsU4ueM"
Қазақстанда көлік саны 5 жарым миллионға жақындады. Бұл тек тіркелгені. Ұлттық статистика бюросы бүгін еліміздегі тіркелген автокөлік құралдарының санын жариялады. Ондағы дерекке сүйенсек, 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 миллион 442,9 мың бірлікті құраған. Оның ішінде 88%-ы жеңіл автомобильдер, 9,9%-ы жүк автомобильдері және 2,1%-ы автобустар. Ал жеңіл көліктер тізбегінде 20 жылдан асып кеткендер мөлшері – 44,8%, 10 жылдан асқан, бірақ 20 жылдан кем – автомобильдер 23,6%, 7 жылдан асқан, бірақ 10 жылдан кем – 12,7%, 3 жылдан асқан, бірақ 7 жылдан кем көліктер – 12,7% және автокөлік құралдарының тек 6,2% -ы 3 жылдан кем емес екен.
Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 325,7 мың бірлік, Алматы қаласында – 189,7 мың бірлік, Жамбыл облысында – 167,8 мың бірлік, Қарағанды облысында – 162,8 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында-154,4 мың бірлік тіркелді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 511
https://www.youtube.com/embed/5sN5_ixlBzk?si=pYK3hjwpc3iGUuXn"
Алматыда түнгі ойын сауық орындарында есірткі сатқан ер адам 10 жылға сотталып кетті. Бұл туралы Polisia.kz медиа-порталы жазды. Дерекке сүйенсек, өткен жылдың қыркүйек айында болған. Алматы полициясы ойын-сауық мекемесінің аумағында синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігітті ұстаған еді. 1996 жылы туған Р.есімді азамат түнгі клубқа келушінің атын жамылып, есірткі таратумен айналысқан. Ұсталған кезде, оны тінту барысында құрамында синтетикалық заты бар, ашық түсті, ұнтақ түріндегі байлам табылды.
Шөп тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша тіркелді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осылайша сот үкімімен Р.есімді азамат кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 682
https://www.youtube.com/embed/IDo5gYFoCzw?si=aItNspQMUzHu2Jn3"
Ислам адамзаттың рухани өмірінің кемелденуіне және мәдениеті мен өркениетінің дамуына зор үлес қосып келе жатқан дін. Осы тұрғыдан Алматы қаласында барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесіне орай, «Ислам руханияты» көрмесі ашылды.
Көрме төрінен орын алып отырған экспонаттарды мазмұндық ерекшеліктеріне қарай Құрандар, тәпсірлер, мұхаммадия және мұхтасар кітаптар, діни мазмұнды кітаптар деп бірнеше топқа бөлуге болады. Бұрама қағаз түрінде жасалған пайғамбарлар шежіресі Адам Атадан бастап Мұхаммед пайғамбарымызды қоса алғанда 25 пайғамбар әулетінің, төрт әділ халифаның және ортағасырдағы сопылық ағымның ұстазы Жәлаладдин Румидің шежіресі қамтылған құнды қолжазба көрермендер назарына ұсынылды.
ЖАСҰЛАН МӘЗУЛӘҰЛЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ МУЗЕЙЛІК ДЕРЕКТАНУ ЖӘНЕ ҚОЛЖАЗБА БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Бұдан басқа шығыстың көне қалалары Стамбул, Бомбей, Мысыр баспаханаларында, Ресейдің Петербор, Қазан сияқты ірі орталықтары мен Омбы, Орынбор, Ташкент, Самарқанд шаһарларының баспаларынан басылып шыққан Құран кітаптар мен әртүрлі діни мазмұнды басылымдар құнды мұра ретінде аталмыш көрмеден орын алып отыр. Бұл іс-шаралар өскелең ұрпақтың иманды болып қалыптасуына зор әсерін тигізетіні тілге тиек етілді.
ӘБДІРАЙЫМ АЛТАЙ
Аталмыш көрме Орталық музейдің 3-залындағы арнайы алаңда орналасқан,шілде айына дейін жалғаспақ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 631
https://www.youtube.com/embed/NRVKCR2-w7c?si=rHOTHtXWZWR9ws4P"
Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт бір емес екі бап бойынша сотталады. Енді күдікті Нұрболат Дәкебаевқа бірден екі бап бойынша айып тағылмақ. Бірі: бұзақылық, екіншісі: денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Оның қамауға алу мерзімі де бір айға дейін ұзартылды. Осы аталған екі бапты біріктіру үшін іс прокурорлардың қарауына қайта жіберілді. Егер оның бұл кінәсі дәлелденсе, екі мың АЕК-ке дейін айыппұл ол - 7,4 млн теңгеге жуық ақша немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс я болмаса екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда, айыпталушының адвокаты бұл айыппен келіспейді. Жедел жәрдем жүргізушісі бұл оқиғаға өзі кінәлі ол осы арқылы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына оқырман жинағысы келді дейді. Себебі, бұл оқиғадан соң бір аптадан кейін ол жаттығу залындағы видеосын жариялаған дегенді негізге келтірді. Алайда, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Ал, бүгін сотта сөз сөйлеген сарапшы да жәбірленушінің орташа деңгейде жарақат алғанын айтты. Бұл процесс бүгін тікелей эфирде көрсетілді.
БАҚТИЯР АҚАНОВ СУДЬЯ: «Сот сот отырысында сөз сөйлеген қос тарапты бірдей тыңдап келісідей мәмілеге келді: Айыпталушы Нұрболат Дәкебаев ісі бойынша қаралып жатқан қылмыстық іс Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуроратурасына қайта жіберіледі. Яғни, олар айыпталушыға тағылған екі айып ҚР ҚК 107 бабы 1 бөлімі және ҚР ҚК 107 бабы екі қылмыстық істі қосып, байланыстырулары керек».
Айта кетейік, оқиға 2024 жылдың қаңтар айының соңында болған. Жедел жәрдем жүргізушісінің арнайы көлікті тоқтатқаны Дәкебаевқа ұнамаған. Ол жүргізушіні балағаттап, бетінен бірнеше рет ұрған. Жәбірленуші көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Полицейлер Дәкебаевты іздеуге жарияланғаннан кейін жасырынып жүрген Қарқаралы ауданында бірнеше күннен кейін бірақ ұстаған еді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 680
https://www.youtube.com/embed/bfv9driisXc?si=G6vlt2UZ_MIQRIuR"
Мектеп бітіру кеші – мектеп тарихына енетін көңілді әрі есте қалатын оқиға. Биыл 11 сыныпты 186 мың түлек бітірді. Оның ішінде 7 420-сы "Алтын белгі" белгісімен марапатталса, 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болған. Сондай қуанышты күнде түсірілім тобымыз Шәмшә Беркімбаева атындағы қыздарға арналған лицейге барып қайтқан болатын.
Бұл – бітіруші түлектер үшін де, ұстаздар мен ата - аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт. Бүгінде Шәмшә Беркімбаева атындағы қыздарға арналған лицейде үздік оқып, білім алған 50 түлектің 3 оқушысы «Алтын белгіге» үміткер болса, 10 түлек «Ерекше үлгідегі аттестатқа» ие болып, өз білімдерін дәлелдей алды.
ТАМЕР ГЮР АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ Ш.БЕРКІМБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ «Лицейімізге 7 сыныптан бастап, оқушыларды емтихан арқылы қабылдаймыз. Мектебіміз құндылықтарға арналған. Оқушыларымыз олимпиада бойынша алғашқы 100 мектептің ішінде».
ГҮЛНАЗ ОРАЛХАНҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ Ш.БЕРКІМБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ «Жалпы біздің лицейімізде 340 оқушы бар. Мектепте жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде өтеді. Бітірген оқушыларымыз 4 тілді меңгеріп шығады. Олар: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілін меңгеріп шығады»
Сапалы білім мен саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін елеп, алақанына аялап өсірген ата-аналарының үмітін ақтап, биікке самғағалы тұрған түлектердің қос қанаттары да оқушыларға сәт сапар тілеп, өз жылы лебіздерін білдірді.
МАҚПАЛ ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ АТА-АНА «Бүгін міне өте керемет кеш, керемет күн. Өте қуанышқа толы күн. Себебі, Ажарлымыз мектепті өте жақсы нәтижемен аяқтап жатыр. Алтын белгісін алуға келіп тұрмыз. Өте қатты толқудамыз. Сондықтан, биыл мектеп бітіріп жатқан түлектердің барлығына ақ жол тілеймін.»
ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ ЖАЗУШЫ, АТА-АНА «Балалардың бойындағы әртүрлі қабілеттердің жақсы жетілуіне, жан-жақты кемелденуіне әр ұстаз ұжым болып жұмыс істеді, қызмет етті. Біз оған куә болдық. Мектептің жұмысына дән ризамыз. Ал, балаларға тек сәттілік тілейміз».
Алматы қаласының беделді де бірегей білім ордасында білімгердің тұлғалық қалыптасуын, сауатты әрі бәсекеге қабілетті болып дамуы үшін толық жағдай жасалған. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген білім орнының түлектері де 5 жыл білім берген алтын ұстаздарға дән ризамыз дейді.
АЖАРЛЫ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ ЖАС ТҮЛЕК «Бүгін мен үшін ерекше күн. Толқып тұрмын. 5 жыл оқыған лицейімді ешқашан қимаспын. Мәңгілік сағынатын боламын. Достарыма, мұғалімдеріме сәттілік тілеймін әрі оларды қатты жақсы көремін. Тек ақ жол тілеймін».
АМИНА ЕРКІНҚЫЗЫ ЖАС ТҮЛЕК «Бұл жерде менің ең жақсы есте қалар күндерім мен бақытты сәттерім өтті. Лицей маған көп мүмкіндіктер сыйлады. Алдағы уақытта Лондон қаласына барып достарыммен бірге оқуды жалғастырмақпын»
Түлектердің жанынан әркез табылған тәрбиеші ұстаздар да жүрек жарды тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, Райхан ханым қанат қағып ұшып бара жатқан сүйікті оқушысына ақ жол тілеп, түлегінің артылған үлкен жүкті ақтай алатынына кәміл сенімдімін дейді.
РАЙХАН АМАНЖОЛ 11 «А» СЫНЫБЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ «Ол әрдайым сыныптағы лидер, белсенді, жарқырап жүретін қыздардың бірі. Менің көмекшім. Ажарлыдай оқушыларымның болғанына өте қатты қуаныштымын»
Бізде ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастарына әрқашан сенім биігінен шыға білулеріне тілектеспіз!
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 620
https://www.youtube.com/embed/khmuAQhxfFg?si=SOnf2tNEfRpXiwGi"
Демалыс базасындағы атыс. Талдықорғанға демалуға барған ер адамдар өзара сөзге келіспей қалып, оның арты төбелеске, төбелес соңы атысқа ұласты. Салдарынан бір адам басынан жарақат алды. Мына видео әлеуметтік желіде бірден тарап кетті. Видеоны жариялған парақша «Мәдени демалыстың жоқтығы осындай болады» деп жазған.
Айтпақшы, демалушылардың біреуі әскери қызметкер. Жетісу облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Төбелесті бастағандар анықталды, олардың бірі әскери қызметші болып шықты, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 627
https://www.youtube.com/embed/g1Z-Ljzf-P0?si=N8Mb6jptvx9ke9OH"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды. Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.
Сондай-ақ, Президент ел халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам, дей келе әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тіледі.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 616
https://www.youtube.com/embed/axoUik1hn8I?si=UcBY7aIrK1-GCJrg"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 615
Дана халқымыз “Ғылымсыз елдің күні - түн” деп бекер айтпаса керек. Өйткені, қазіргі дамыған заманда мемлекеттің мәртебесін арттырып, мерейін үстем ететін ғылым, білім, білік. Президентіміз де бұл салаға ерекше салмақ артып отырғаны жайдан жай емес.
Бүгін елдегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының "Білім және қоғамдық ғылымдар" бөлімінің жас ғалымдар жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Мағыналы кездесу маңызды мәселелерді талқыға салды. Отандық ғылымды қолдау, дамыту, жүйелеу, жан бітіру тақырыбында түрлі көзқарас тыңдалды. Әрі нақты ұсыныстар сүзгіден өтті.
Осы орайда ерекше атап өткім келгені жастардың рухани-адамгершілік қасиетін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру, белсенді орта құру және отбасы құндылықтарын бағалау бағытындағы жобалар.
Әрине, “Жас келсе іске” демекші, жиынға қатысқан жас ғалымдар ел ғылымына барынша үлес қосу негізгі міндетіміз екенін жақсы түсінеміз. Ал бұл мақсаттағы бізге деген қолдау тіпті жігерлендіреді.
Еліміздегі осындай жас ғалымдардың бір мақсатқа жұмыла білгеніне қуаныштымын!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мына мәселелерді қарағанын да хабарлады:
- ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың отандық ғылымды қолдауға қатысты міндеттерін жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Ғылымды дамытуға қатысты Ұлттық баяндаманы әзірлеу бойынша жас ғалымдардың ұсыныстары;
- «Білім және азаматтық қоғам» ғылымдар бағыты бойынша жас ғалымдардың жұмыс тобына және Жас ғалымдар кеңесінің Президумына іріктеу;
- Әртүрлі меселелер.
ҚР ҰҒА “Білім және Азаматтық қоғам” жас ғалымдар жұмыс тобының мүшесі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор А.А.Аккузова
Еще материалы
Страница 89 из 243

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.