- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 254
https://www.youtube.com/embed/17IEo__8g78?si=4RY6YwIRj3_NAyUD"
Алматы облысы,Жамбыл ауданы,Қарғалы ауылдық округінің қоғамдастық кеңесінің мүшелері ауылдағы қордаланған мәселелерін көтеріп баспасөз конференциясын өткізді.
40 мың қараша қоныстанған ауылда жол,ауыз су,мәдениет үйінің,спорттық комплекстердің жоқтығын жіпке тізген ауыл тұрғындары аталмыш мекенге ешқандай көңіл бөлініп отырмағанын айтып шағымданды. Тұралап тұрған ауыл мәселелерін көтеріп қайда шағымданғандарымен міз бақпайтын атқамінерлерден қайыр жоқ деп отыр.
Әкімдіктің құрғақ уәдесінен шаршаған ауыл тұрғындары тағы бірқатар мәселенің ұшын шығарды. Орталық кәріз жүйесі,интернет сапасының сын көтермейтіндігі,тіпті өрт сөндіру бөлімінің де жоқ екендігі айтылды.
Ауылымыз тозып кетті,соғыс киносын түсірсе дайын түсірілім алаңы деп күйінген ауыл тұрғындары елдімекеннің әлеуетін арттыру үшін ұсыныстарында жеткізді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 219
https://www.youtube.com/embed/X6AR1P6G_u4?si=lTbs-l0-KJYMJGiz"
Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік жануарын сақтап, қылмыстық жолмен пайда тапқысы келген 50 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.
САМАТ ЫСҚАҚОВ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында 10 киіктің ұшасы, ет және балта айғақ зат ретінде алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі күні күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 222
https://www.youtube.com/embed/ayY52W6MtFg?si=5ZKjF2m1EUsKnowE"
Маңғыстау облысында 37 адам астан ұшынды. Барлық Бейнеу ауданының тұрғыны фаст-фуд орталығына тапсырыс беріп тамақтанған. Уланғандардың арасында балалар мен жүкті әйелдер де бар.
Белгілі болғанындай уланған 37 адам фаст-фудтқа тапсырыс берген. Науқастардың алды 19 ақпан күні тұтынған. Содан 26-на дейін ауруханаға 37 адам денсаулығына шағымданып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.
БИБІЗАДА ДҮЙСЕНБАЕВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Фаст-фуд қоғамдық орында олар пицца, басқада фаст-фуд тапсырыс бергені анықталды. 19 ақпан тапсырыс берген, 20 ақпан күні қызулары көтеріліп, улану белгілері белгіленген. 21 күні жедел жәрдем шақыртқан. Содан бастап статиска жүргізе бастадық. Нақтырақ айтсақ 21-не 9 адам қаралып, оның 2 госпитализацияланды. 7 адам амбулаториялық деңгейде абсервациялық қағаздары ашылып бақылауға алына бастады. 22 күні 11 адам қаралды. Амбулаторияға кеткен біреуі келіп, жалпы саны 12 адам госпитализацияланды».
Тез дайындалатын тағамнан уланған науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі – 7 бала, 1 жасөспірім, 29 ерсек бар. Бейнеу аудандық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөлімінде алғашқы дәрігерлік көмектері ұйымдастырылып, 27 адам аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне стационарлық емге жатқызылды. Қазіргі таңда 7 науқастың жағдайы орташа ауырлықта, 20 жағдайы бірқалыпты, асқыну белгілері байқалмайды. Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаевтың айтуынша, фаст-орталығы жыбылды.
БЕРДІБЕК САРАЛТАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Анализдер алынды, тамақ анализдері, жұғындылар алдық. Ішіндегі қызметкерлер тексерілді. Брақ олар әлі шыққан жоқ бүгінге. Жұмыс барысында зертханада. Одан бөлек, біздер енді жоспардан тыс тағы тексеру тағайындап жатырмыз».
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты ҚР ҚК 304 бабы 1 бөлігі, яғни санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 241
https://www.youtube.com/embed/wgHfJK3lFnY?si=fGfK8pDnTRnURN3t"
Бүгін Алматыда Қарасу ықшам ауданының Мостовая көшесінің бойында автобус өртенді. Оқиға орнына Алатау ауданының құтқарушылары дереу жеткен. Қабылданған жедел шаралар мен өрт сөндірушілер келген сәттен бастап 7 минут ішінде 10 шаршы метр аумағында өрт ауыздықталған.
ГҮЛДАНА НҰРЫМБЕТОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: «Өрттің алдын ала себебі – бұл автобустың маторы орналасқан бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Атап өту қажет, көлік құралдарындағы өрт тез 2-3 минуттың ішінде таралады. Осыған байланысты өрттің алғашқы белгілері пайда болған кезде, жолаушыларды дереу эвакуауиялық жолдардан шығаруы тиіс».
Оқиға орнына Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техника тартылды. Абырой болғанда зардап шеккен адам жоқ.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 219
https://www.youtube.com/embed/XBp-zLTufgg?si=OceMQcB2RDekGIDF"
Бүгін таңертең Астана әуежайынан өрт шығып, адамдар эвакуацияланды. Аброй болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 76 адамы және 18 техникасы жұмылдырылды.
Бүгін, 27 ақпан таңғы сағат сегіздер шамасында 112-ге Астана қаласының халықаралық әуежайындағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. №1 және №2 терминалдар арасындағы галереядан қою түтін шығып, адамдар дереу эвакуацияланды.Төтеншеліктер өртті сағат 8:24-те толық сөндірді. Салдарынан Астана халықаралық әуежайында рейстер кешігіп ұшты.
ТОЙГҮЛ ЖҰБАНЫСОВА АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАУЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Астана әуежайындағы жағдай тұрақты. Ішкі және сыртқы рейстердің ұшуына тіркеу басталды. Астана әуежайынан ұшатын 18 рейс (14 рейс Қазақстан ішінде, 4 халықаралық рейс) кешіктірілген еді».
Төтенше жағдай кезінде елорда әуежайында ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің басшылығы, ҚР Авиациялық әкімшілігі және әуежай қызметкерлерінің қатысуымен оперативті штаб құрылып, жедел әрекет етті. Эвакуацияланған жолаушыларға салқын және ыстық сусын, жеңіл тағам ұсынылды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 237
https://www.youtube.com/embed/2AMPSzFxecI?si=1csL0enUEbvWJhwh"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 248
https://www.youtube.com/embed/jpTPdJKA5S0?si=6l03fh0C-nOIEMR0"
Бұдан былай мектепке 1-ші сыныпқа қабылданатын балалар емтихан тапсырмайды. Бұл туралы Оқу –ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев айтты. Заңға осындай жаңа өзгеріс енгізілді. Себебі, емтихан тапсырту мектепке енді келген баланы күйзеліске ұшыратып, психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін дейді мамандар. Сондықтан, заңнан бұндай норма алынып тасталды.
ҚАНЫБЕК ЖҰМАШЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ОРТА БІЛІМ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Балалардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңда лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Бұл шешім неге негізділген? Біріншіден, бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан, барлық типтегі және барлық балаларға мектепке қабылдау кезінде шектеулерді алып тастайды. Бастапқы білімді игеруге, танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндіктерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді».
Айта кетейік, бұл өзгеріс биыл 1-ші сыныпқа баратын балаларға қатысты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 618
https://www.youtube.com/embed/plhmRsCjuhU?si=VbRA6YkkkCzqlhUX"
Бүгінгі қазақ қоғамында Әкелердің қадірі қаншалықты? Әр отбасының тірегі болған жандарды ұлықтау мақсатында өткен «Әке жолы-ізгіліктің іздері» атты әкелер форумына арнамыздың түсірілім тобы қатысып қайтқан еді.
Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды деген нақыл сөз «әке» атауының қадір-қасиетін,мәртебесін,отбасында алатын айырықша орнын айшықтап асқақтатып тұр. Өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы жоғары,бала өміріндегі тұлғалық орны ерекше болған әкелерді бүгінгі шарада зор ілтипатпен қарсы алды.
НАЗЫМ СӘРСЕБАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ,ТАЛҒАР АУДАНЫ, БЕСАҒАШ АУЫЛЫ №29 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
ЕРНАР ЖҮНІСОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Бір отбасының көшін ілгері сүйреп келе жатқан,тәрбиесімен де тәлімімен де ұлдарына үлгі болып бүгінгі шараға арнайы келген Айбек есімді асқар таумен тілдескен едік.
АЙБЕК МҰҚАЕВ, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ ӘКЕ
Әке- отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы ғана емес мейірімімен қоса қаталдығымен де ұрпақтарының бойына сенімділік қалыптастыратын,шешім қабылдай білуге,еңбекқорлыққа баулитын рухани қазына.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 210
https://www.youtube.com/embed/TRtJ6z1H77o?si=tXm5RjmCLrRHwGSI"
Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Заңсыздық Целиноград ауданында орын алды. Жергілікті прокуратура атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеріс жүргізген. Оның қорытындысы бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігі лауазымды тұлғаларының 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн. теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды.
МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: «Бұл факт бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігіне сәйкес аса ірі мөлшерде жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 206
https://www.youtube.com/embed/ZHtScOc1c-4?si=hKQd3od4aRuIpy1d"
Астанадағы «Eolus» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Оның 2023 жылы АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу желеуімен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында кеңсе жалдап, «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ны тіркегені анықталды.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ: «Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылды және есепке алу мен қайта бөлу үшін қызмет шетелдік хакерлер жасаған «energyeolus.info» платформасында көрсетілді. Астанада ақшасын салған 535 адам тартылды. Сот шешімімен 187 млн теңгеге тең 408 мың USDt көлеміндегі криптовалюта мемлекет пайдасына тәркіленді».
Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 239
https://www.youtube.com/embed/_5ELcaKf2qM?si=5xbaOBUO46qHByTs"
Сағат бойы кептелісте тұрған кез келген адам бір сәтте аспанға ұшып, қала жолдарын артта қалдыруды армандайтын шығар. Бұл қиял жақын арада шындыққа айналуы мүмкін.
Екі ірі компания әуе таксилеріне мөлшерлеме жасайды. Олар өз әзірлемелерін Сингапурдағы авиашоуда көрсетті. Hyundai Supernal және Eve Air Mobility алдағы екі-төрт жылда электрлі жетекті әуе таксилерін ресми түрде іске қосуға үміттенеді.
ШИН ДЖАЙВОН - Supernal БАСШЫСЫ: "Жерүсті көлігі де дамып, жетілдірілуде. Бірақ қалалық аудандардағы адамдардың мобильділігінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жер үсті көлігі жеткіліксіз болады, сондықтан бізге аспанды ашуға тура келеді".
S-A2 Supernal компаниясының электр ұшағы сегіз бұрандамен жабдықталған және ұшқыш пен төрт жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның жүріс қоры - 40-60 километр. Тігінен ұшып көтеріледі және қонады. Сынақтар биыл басталады. Компания сондай-ақ сертификаттау саясаты мен мәселелерін талқылау үшін түрлі елдердегі реттеуші органдармен келіссөздер жүргізуде.Бразилиялық Eve Air Mobility фирмасы, Embrarer ұшақтарының үшінші ірі өндірушісінің еншілес компаниясы, сондай-ақ әуе таксиін әзірлеуде. Бұл тігінен ұшып көтерілетін және қонатын электр ұшағы. Ол 2026 жылға қарай шығарылады деп күтілуде. Ол көмірқышқыл газын шығармай, 100 шақырымға жуық қашықтықта төрт-алты жолаушыны тасымалдайтын болады. Мұндай көлік көп жылдар бойы авиациялық өнеркәсіптің зиянды шығарындыларын қысқарту мүмкіндігі ретінде қарастырылды. Алайда батареяның қызмет ету мерзiмiн шектеу және нормативтiк кедергiлер бұл технологияны iске асыруға мүмкiндiк бермедi. Дегенмен, қазір аккумуляторлар бағасының құлдырауы мен технологиялық жетістіктердің арқасында нарыққа ірі ойыншылар шығады. Олар үшін әзірге түрлі елдерде әуе көлігіне құқықтық шектеулер кедергі болып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 247
https://www.youtube.com/embed/e2uL93waVGs?si=N5imDMnhskps_dZ2"
Шетел жаңалықтарына кезек берсек. Тағылымдамадан өтуші дәрігерлердің жаппай ереуілі кезінде Оңтүстік Корея денсаулық сақтау саласындағы қауіптілік деңгейін ең жоғары деңгейге көтерді.
Премьер-Министр Хан Док Су кеңесте мемлекеттік ауруханалар медициналық жүйеге жүктеменің артуына байланысты ұзақ уақыт жұмыс істейтінін мәлімдеді. Ол сондай-ақ үкімет шұғыл шаралар қабылдай бастайтынын айтты.
ХАН ДОК СУ ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: "Біз Премьер-Министрдің төрағалығымен қауіпсіздікке қатер төндіретін орталық штаб құрып, жалпы үкіметтік комитет құратын боламыз. Бұл тиісті министрліктермен және елдің барлық қалалары мен провинцияларымен жаппай әрекет ету жүйесі болады ".
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ереуілге Оңтүстік Кореяның барлық ординатор-дәрігерлері мен интерндерінің 64% қосылды.
ХАН ДОК СУ ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: "22 ақпандағы жағдай бойынша біз жүз ірі ауруханадан тағылымдамадан өтуші дәрігерлер саны бойынша мәліметтер алдық. 8900-ге жуық дәрігер-тағылымдамадан өтушілер жұмыстан босату туралы өтініш берді, олардың 7800-і өз жұмыс орындарын тастап кетті ".
Дәрігерлер медициналық ЖОО-да қабылдау квотасын ұлғайту жоспарына байланысты ереуіл жасай бастады. 2025 жылдан бастап квоталарды 2000 орынға ұлғайту жоспарланып отыр, Бүгінде бүкіл ел бойынша 3000-ден сәл асады. Оған қоса, 2035 жылға қарай лимитті 10 мың орынға дейін көтергісі келеді. Билік бұл шарамен ауылдық жерлердегі дәрігерлер тапшылығының орнын толтырғысы келетінін, сондай-ақ хирургия, педиатрия және акушерлік сияқты мамандықтар бойынша дәрігерлер санын арттырғысы келетінін айтады. Дәрігерлер бұл білім беру мен қызмет көрсету сапасына қауіп төндіреді, сондай-ақ олардың жалақысына әсер етеді деп мәлімдейді. Тағылымдамадан өтуші дәрігерлерге жұмыс орындарына оралу туралы бұйрық берілді. Бірақ бұл әсер еткен жоқ. Билік, сондай-ақ, егер олардың әрекеттері пациенттердің өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса, ереуіл ұйымдастырушыларды тұтқындаумен қорқытты.
Еще материалы
Страница 87 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.