
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 342
https://www.youtube.com/embed/b3fgF6CMwos?si=u5OHRURuW5NtTSPi"
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде республикада білім беруді дамыту саясатын талқылауға арналған «Қазақстан педагогикасы: білім және ғылым сабақтастығы» ғылыми-педагогикалық форумы өтті. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Форумға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы –көрнекті ғалымдар, оқытушылар және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Бүгін екі ірі организация мемарандумға қол қойып, жұмыстың бисмиллясын өздеріңіздің қолдауларыңызбен бастағалы отыр. Орталық жұмыс істегеннен кейін, сіздер жиі келіп бүкіл идеялар көтеріліп, идеялар айтылып, ол бірігіп, одан кейін министрліктің қолдауымен іске асып отыруы керек. Екі министрлік бұл мәселені ары қарай жүргізуге,сіздерді қолдап, бұның жандануына біз барынша күш-жігерімізді, барлық қолымыздағы тетіктерді аямай жұмсауға дайынбыз».
Форум барысында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелеріне арналған төрт секция жұмысы ұйымдастырылды. Бас қосу барысында бас мұғалім, қатысушылар алдында сүйінші жаңалықтарымен бөлісті.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: «Бүгінгі күні бірінші рет республикалық мекемелерге қазір біз қаржы бөліндіріп, оны жаңғыртып жатырмыз. Соның бірі 2-ші интернат, өздеріңізге белгілі Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын, сол Абай мектебі болды. Қазір біз 17 гектар жер бергізіп, жаңадан ғимарат соғылып жатыр, Құдай қаласа осы қыркүйекте жаңа мектеп бой көтеріп, ашылатын болады.Оның аты бірінші рет Абай Ұлттық мектебі болып аталғалы отыр. Екінші сүйінші жаңалық , Алматы Астанадан РФМШ-ның жаңа қолға алып отыр».
Қазақтың маңдайына біткен ірі тұлғаларын әлемге таныту үшін, олардың еңбегін бірінші өзіміздің балаларға сусындату мақсатында осы екі ірі мектепке ғұламалардың есімі беріліп отыр. Болашақ ұрпақ үшін бұл ең маңызды бастама диді Ғани Бейсембаев.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 364
https://www.youtube.com/embed/Xy9FPEnkHG8?si=kxJnDmz4MenxPUY8"
Қоғамды өзгертетін-білімді жастар.Алматыдағы қанатын кеңге жайып дамып келе жатқан Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Жаһандық студенттік көшбасшылық: дамуы, әсері, әрекеті» атты студенттік көшбасшылардың халықаралық форумы өтті. Оқу ордасынан түлеп ұшқан әлем елдерінен көшбасшы студенттерінің және елімізге белгілі тұлғалардың басын қосқан форум жайлы толығырақ тарқатсақ.
Оқу ордасындағы Студенттік өзін-өзі басқару жылына арналған халықаралық форумға әлемнің он бес елінен келіп білім алып жатқан шетел студенттері,еліміздің дамуына үлес қосып жүрген қоғам белсенділері, METU университетінің оқытушылары мен белсенді студенттері қатысты. Университет қабырғасында білім ала жүріп,қоғамдық жұмыстарға етене атсалысу,ел дамуына үлес қосатын тұлға болып қалыптасуды көздейтін бүгінгі шара салтанатты түрде ашылып,университет ректоры болашақтың кілті өз қолдарыңда деп шәкірттерге үлкен үміт артып,өз қолдауын жеткізді.
ГҮЛНАР СӘРСЕНБЕКОВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Халықаралық байланысы нығайып келе жатқан оқу ордасының студенттеріне өзін-өзі басқару,қоғаммен тығыз қарым қатынас орнату,жан-жақты даму жолында қолдау көрсетіліп,мүмкіншіліктер жолға қойылған. Еліміздің дамуына да үлесін қосар азамат болып қалыптасу мақсатында форумға қоғам белсенділері арнайы шақыртылып,студенттермен ой бөлісті.
ДИНА ДӘУЛЕТҚЫЗЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
Бүгінгі ұйымдастырылып отырған форумда студенттердің өздерінің бастамасымен жарық көрген, университет өмірінен ақпарат тарататын,әр студенттің жетістігін жіпке тізу арқылы ынтасын оятатын «METU life» журналының тұсауы кесілді.
АЛИНА ЕРНАЗАРҚЫЗЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 3 КУРС СТУДЕНТІ
Студенттердің игілігіне ұйымдастырылған халықаралық форумда білімгерлер үшін іске қосылған осы игі бастамалардан бөлек, үздік студенттерді марапаттау, арнайы стипендиялар тағайындау, жұмысберушілер тарапынан жаңа жұмыс орындарына шақыру салтанатты шарасы орын алды. METU университетінің оннан аса үздік студенттеріне кәсіпорындар «Жұмысқа шақыру» сертифиткаттарымен марапаттап, арнайы тағайындалған атаулы шәкіртақыларын табыстады. Халықаралық дәрежеде бас қосып отырған жастар форумында Студенттік жобалардан көрме ұйымдастырылып,көшбасшылардың арнайы бағыттар бойынша жұмыстары таныстырылды.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 270
https://www.youtube.com/embed/Of_n2i1GSDI?si=1Tfc58mrmPofSekp"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 320
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы келіп, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесу өткізді.
Сапар аясында ведомство басшысы сапалы мамандар даярлау, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін дамыту мәселелері және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар, министр Ғани Бейсембаев: «Білім басқармаларымен ақылдаса отырып, Абай университетінің барлық шәкірттерін, бірінде қалдырмай мұғалімдік қызметке тағайындау қазірден бастап қолға алынады. Осы арқылы болашақ педагогтың төртінші курсынан емес, бірінші курсынан-ақ қай мектепте және қанша сағатпен жұмыс істейтіндігі анықталады», - деді кездесу барысында.
Сондай-ақ, «Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген Мағжан Жұмабайұлының аталы сөзін мысалға келтірген министр, қоғамның басты кейіпкері - ұстаз болуы керектігін атап өтті.
Ал кездесу соңында Ғани Бейсембаев университетіміздің қабырғасынан түлеп ұшқан түлек екенін айта келе, Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орнының ғылым мен білім берудегі әлеуетін жоғары бағалап, еліміз үшін жоғары білікті кадрлар даярлап жатқан педагогтарға алғысын білдірді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 359
https://www.youtube.com/embed/EnmNirtyI4U?si=U4ijxuPweMxGIEjL"
Ұлттық ұлан ерлеп тұр. Ұлан қызметкерлері түзеу мекемелеріне 140 ұялы телефонды өткізу әрекеттерін тоқтатты. Қазіргі уақытта қарауылдау және әскери жасақ бақылаушылары Қазақстанның қылмыстық-атқару мекемелерін қорғауда. Күн сайын осы мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазасын өтеушілердің тәртібін бақылау үшін 2000-ға жуық әскери қызметші кезекшілік атқарады. Биыл күзет қызметі мен әскери жасақ бақылаушылары тыйым салынған заттарды өткізудің 20 оқиғасын болдырмады.
ЖАСҰЛАН ҚАПАҚОВ ЖАУЫНГЕРЛІК ҚЫЗМЕТ БАС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ: «Ұлттық ұлан жеке құрамы күн сайын қылмыстық атқару жүйесі мекемелерін күзету бойынша жауынгерлік қызмет атқарады. Жыл басынан бері 20 заңсыз заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды. 17 құқық бұзушы ұсталып, олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершлікке тартылды. Тексеру барысында есірткі заттар, ұялы телефондар, сим-карталар және спирттік сұйықтықтар тәркіленді».

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 339
https://www.youtube.com/embed/lWiJ2pVci64?si=lCjxRM9Q7EtUa_cP"
Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Жиында білім саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде оқу бағдарламаларын жаңарту, білім сапасын арттыру, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру және заманауи білім беру технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.
Министр жоғары білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, ғылым мен өндірісті интеграциялау, сондай-ақ студенттердің практикалық білім алу мүмкіндіктерін кеңейту туралы сөз қозғады. Ұстаздардың статусы қашанда биік болуы керек,біз осы бағытта ауқымды жұмыстарды қолдан келгенше жүргізіп жатырмыз деді.Сондай-ақ мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру,ауылда еңбек етіп жатқан ұстаздардың да жаңа жүйелерге епті екендіктерін еске салды.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Министр білім мен тәрбие егіз ұғым екенін атап өтіп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөліне ерекше тоқталды. “Мектеп өз міндетін атқарып жатыр, бірақ бала тәрбиесіне ата-аналар да жауапты екендігін ұмытпауымыз керек. Мұғалім тек білім беруші емес, тәрбиеші де, алайда отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда ата-ананың орны бөлек”, – деді ол.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Сондай-ақ бас мұғалім сапалы білім беру маңызды, тәрбие де қалыс қалмауы керек, заң баршаға ортақ болғансоң, бүйректен сирақ шығарудың қажеті жоқ екенін алға тартты.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Кездесу барысында оқытушылар құрамымен студенттер министрге өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Ғани Бектайұлы білім беру жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтып, университет ұжымына сәттілік тіледі.
АЯГҮЛ МИРАЗОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 326
https://www.youtube.com/embed/Ud6XSMUO6tk?si=PiyK6RU9IIQtZoct"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 381
https://www.youtube.com/embed/Lyu00dLg-ow?si=0o8NsydcVmTkPHbw"
Қазақстанда АЭС құрылысының орны ресми түрде бекітілді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.
Атом электр стансасы құрылысының аймағы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы туралы шешім қабылдансын", - деп жазылған құжатта.Қаулы 25 ақпаннан бастап күшіне енеді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 341
https://www.youtube.com/embed/_3dZ_wrUU3I?si=u5uMy2neDK3oVXc2"
Биыл күллі иісі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Сауаптың сансыз есігі ашылатын он екі айдың сұлтаны Рамазан айының басталуына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатын өткізді.
Жиында «Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Биыл Рамазан айында 29 күн ораза ұстаймыз» деп мәлімдеді Наурызбай қажы Тағанұлы. Сонымен қатар көпшілікті қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға, кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасады.
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МҮФТИ: «Қадірлі отандастар! Баршаңызды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық».
Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі. Бұл айда тек табысқа кенелуге емес, ең бастысы Хақтың разылығы мен халықтың алғысын алуға асыққан абзал. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз» деді Бас мүфти. Ысырапшылдыққа жол бермеуде дініміз қолдайтын мәселе.
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ БАС МҮФТИ
Қасиетті айда берілетін пітір садақасы биыл 655 теңге болып бекітілді.

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 400
https://www.youtube.com/embed/7ETG9NT0Un0?si=UWurQEq4pliZT8D9"

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 488
Білім беру жүйесін оңтайландыру қазіргі қоғам қажеттілігінен туындаған мәселелердің бірі болып табылады. Бұған көз жеткізу үшін ширек ғасыр бұрынғы және қазіргі қоғамның, атап айтқанда, медицина, білім беру, массмедиа, банк жүйесі сияқты т.б. салалардың технологиялық қамтылуын ойша салыстыру я көзге елестету жетіп жатыр.
Ғылым дамуының қазіргі жаңартылуы мен өзгерістері, жаңадан пайда болып жатқан мамандықтар — 10 - 15 жыл бұрын, тіпті кейінгі 5 жыл бұрын даярланған мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетсіз болуының бірден бір факторы. Барлық салалар жұмыстарының машиналық автоматтандырылуы мен компьютерлік бағдарламалар көмегімен шешілуі, тіпті адам ойының пайымы мен парасатына тәуелді міндеттердің жасанды интеллектке ауысуы сол салалардағы мамандардың біліктілігін арттырумен шектелудің аздық ететінін, қосымша мамандану бойынша білікті иегерудің маңыздылығын көрсетеді. Және бұл мәселе жоғары оқу орындарының алдына қысқа уақытта мамандарды қайта даярлау курстарын жетілдіру, тіпті “нақты дағдылар мен біліктілікті игертуге бағытталған қысқа мерзімді білім бағдарламасы” түрінде анықталатын микрокавлификация тұрғысынан білім беруді оңтайландыру бойынша оқу бағдарламаларын құрастыру міндеттерін қойып отыр.
Еліміздегі іргелі білім ордаларының көшбасшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекет деңгейінде өзекті осы мәселені сауатты және тыңғылықты жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 20 ақпанында «Білім беру бағдарламалары сапасын қамтамасыз ету: академиялық тұрғыдан қарау және инновациялық шешімдер» сараптамалық стратегиялық сессиясын халықаралық деңгейде ұйымдастырды.
“Еңбек нарығы мен білім саласын үйлестіру жағдайында білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау мен дизайнға инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы сапасын арттыру” мақсатын көздеген сараптамалық стратегиялық сессияға отандық білім беру жүйесінің сарапшылары, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитеті мен Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының өкілдері, Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы сарапшылар, жұмыс берушілер, жас ғалымдар қатысты. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитеті мен Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы жетекші мамандарының тарапынан Қазақстандағы жаңа кәсіптер мен біліктіліктер атласы ЖОО оқытушылары мен жас ғалымдарының назарына ұсынылып, оларды даярлаудың өзектілігі мен алғашқы қазақстандық тәжірибелері нақты мысалдар негізінде дәйектелді. Білім беру жүйесінің шетелдік сарапшылары қатарында баяндама жасаған Санкт-Петербург Жоғары экономика мектебінің өкілі - PhD докторы Магдалена Гаете Сепулведа білім беру эволюциясын әлемдегі танымал университеттер мысалында талдады.
Еңбек нарығының талаптарына орайлас инновациялық біліктілікті меңгерген мамандар даярлауды ұйымдастырудың ғылыми және құқықтық қағидалары, микрокавлификация қажет етілетін мамандықтардың түрлері, сол мамандыққа мүдделі тараптар - стейкхолдер шарттары бойынша білім беру бағдарламасын құру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан ұйымдастырылған бұл сараптамалық сессияда қайырымды қоғам, ізгілікті білім беру қағидалары да назардан тыс қалған жоқ. Университет мүмкіндігі шектеулі жандарға инклюзивті жоғары білім беруді немесе кәсіби біліммен қамтамасыз етуді оңтайландырудың әдістемесімен де жас ғалымдар мен оқытушыларды таныстырып өтті.
Жалпы алғанда, «Білім беру бағдарламалары сапасын қамтамасыз ету: академиялық тұрғыдан қарау және инновациялық шешімдер» сараптамалық стратегиялық сессиясы білім беру жүйесі мамандарына заман қажеттілігінен туындаған біліктілікті қамтамасыз ету мақсатында микроквалификациялар бойынша білім бағдарламаларын құрастыру туралы тың идеяларға жол ашып, оны жүзеге асырудағы әрекеттерге бағыт беруімен пайдалы болды деген ойдамыз. Сонымен қатар аталған сараптамалық стратегиялық сессия Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кадрлар даярлаудағы тың идеялар мен инновациялардың көшбасшысы екеніне тағы бір мәрте көзімізді жеткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Түркітану және тіл теориясы кафедрасы
филол.ғ.к., доцент Таусоғарова Аяужан Қайратқызы

- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 426
https://www.youtube.com/embed/NHO24HGRE5A?si=u6UBqwbN_WbPETk1"
Қазақ әдебиеті алыбынан айырылып қара жамылды. Жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 83 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қабырғасы қайысқан қалың елі күні кеше жазушыны ақтық сапарға шығарып салды.
Көрнекті жазушы Дулат Исабеков қазақ әдебиетінің алтынқорын төл туындыларымен толтырып,артына өшпес рухани қазына қалдырды. Кейіпкерлерінің тағдырын тап басып,дәуірді дөп басып суреттеген жазушының шығармалары баға жетпес құндылық.
ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
ЕРЛАН ҚАРИН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ
Жазушы әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі , «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі, Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы, Қазақ теледидарының бас директоры, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылымизерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.
Еще материалы
Страница 26 из 237
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.