
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 357 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/100Pf5b2EiM?si=76JWKAys6IFHyjmq"
Бишімбаев сотынан хабар таратқан журналистер жазаланды. Бұған дейінгі аты шулы сот отырысынан сюжет жасаған отандық телеарналардың бірі алқа билердің түрін көрсетті, алайда оларды көрсетпеу керектігі қатаң ескертілген болатын дейді судья. Сот ол арнаны анықтап, ескерту түрінде жаза тағайындады.
Алғашында, журналистерді сот залына қатыстыру не қатыстырмау жайында мәселе талқыланды. Айыптау тарапы, жәбірленуші тарап та бұған қарсылық білдірмеді, бірақ Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сот залына кіруіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Екінші сотталушы Байжанов журналистерді кіргізуге қарсылық білдірмеген еді. Нәтижесінде, судья сот залына журналистерді кіргізу жөнінде шешім қабылдады.
Бүгін сотта Бишімбаевтың телефонына қатысты өтінішхат қаралды. Тергеу кезінде ҰҚК мамандары оның телефонының парольін аша алмай қойған. Ал, Бишімбаевтың өзі болса судьяға телефонның паролін беруден бас тартады, оны тек адвокаттары сотта оқысын деп талап етеді. Айтуынша, телефонында оның кінәсіздігін дәлелдейтін айғақтар бар.
ЕРЛАН ҒАЗЫМЖАНОВ АДВОКАТ: «Сотталушы Бишимбаев телефонда қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру және қинау айыптауын жоққа шығаратын дәлелдер бар екенін айтты. Біз құпиясөзді сотқа берсек, қандай да бір түзету мен өзгеріс енгізіледі деп сескенеміз. Соған байланысты Бишімбаевтың телефонын өзіміз ашып, іс материалдары зерттелген соң құпиясөзді сотқа бере аламыз».
АЙЖАН ҚҰЛБАЕВА СУДЬЯ: «Ұялы телефон заттай дәлел ретінде танылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚР ҰҚК бесінші қызметінің 12-ші департаменті телефонға зерттеу жүргізді. Телефонда 6 таңбалы код пароль орнатылған әрі код-парольді қолда бар техникалық құралдармен айналып өту мүмкін болмады деген қорытынды берілді».
Телефонға қатысты Бишимбаевтың адвокаттарының өтінішхатын судья қабылдамады. Бұл атышулы сот процесі алда тағы жалғасатын болады. Алатау тв телеарнасының тілшілері тақырыпты назарда ұстайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 415 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/raXsciVlAqQ?si=EkKtJXkDDDgIDlu4"
БҚО-да Жайық пен Шаған өзендерінде су деңгейі жоғарылап бау-бақша серіктестіктері су құрсауында қалды. Тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәліметке сүйенсек 300 саяжайды су басқан.
Сең соққан балықтай есеңгіреп қалған тұрғындардың бүгінгі хәл ахуалы дәл осындай көрініс.
ЖАЙНАГҮЛ МАХРАЖАНОВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ: «Бүгін біздің сағымыз сынып отыр. Бәріміз осы шетте ұйықтаймыз кешке. Бармаймыз ешқайда. Жалаңаяқ қалдық. Мемлекет бірауыз сөз айту керек қой. Қаңғып қалдық. Ешкім ерігіп тұрып жатқан жоқ. Сендер білдіңдер дейді. Неге атып шығармады»
«Урожайный» саяжай бірлестігінде 24 үй бар. Дені көпбалалы отбасылар. Жылдың 4 мезгілінде саяжайды паналап отырған тұрғындар есеңгіреп қалғандарын айтады.
ИРИНА БЫЧЕНИНА «УРОЖАЙНЫЙ» САЯЖАЙ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Мұндағы тұрғындар қалада баспанасы болмағандықтан тұрып жатыр. Көріп тұрғаныңыздай, бәрінің үйін су басты. Бұрын жолдың жырын, жарық тарифінің тым қымбат екенін айтып келген едік. Енді оған баспанамыз қосылды. Күніміз не болар екен»?
Су басқан саяжайлардағы 585 тұрғын эвакуацияланып, 35 ер адам үйлерді күзету үшін бекетте қалған. Бұған дейін тұрғындарға қауіпсіз жерге көшу туралы хабарлаған болатын. Мамандар қазіргі уақытта қалған тұрғындардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл жұмыстарға 230 жеке құрам, 23 техника және 10 су көлігі жұмылдырылған.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 386 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/CvtATVO9Dz8?si=V-Ew1aLZ6bw8hYVX"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 322 рет қаралды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының Дарын орталығы ұйымдастыруымен өтетін түрлі білім сайыстарында әділқазы алқасының мүшелері мен төрағалары болуда.
Республикалық сайыс дәстүрге айналған. Әрі мектеп оқушылары арасынан кіл үздіктерді анықтауға жол ашады.
2024 жылдың 10-сәуір күні Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» орталығы жас дарынды анықтау және оқушыларды дамыту жолында «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауын өткізді. Қалалық кезеңде қазылар қатарында болған А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының профессор-оқытушылары жас дарындардың білімді де, білікті, талантты да, талапты, өнерсүйгіш қасиеттеріне куә болды. Ұстаздарымыз көптеген ақыл-кеңестерін беріп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар балаларды іріктеді. Талантты жастарға республикалық олимпиадада сәттілік тіледі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
аға оқытушысы, PhD доктор Аккузова А.А.
кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс
және халықаралық байланыстар жөніндегі
орынбасары, оқытушы Игілікова С.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 407 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/HU8P95y25B0?si=zTNqt69SofOd8TDD"
Екі бірдей шенеунік парамен ұсталды. Бірі "Алматы су" бас директорының орынбасары болса, екіншісі Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы. Бұл ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік растады. Тергеушілердің айтуынша, «Алматы су» директорының орынбасары кәсіпкерден атқарылған жұмыстардың актісі үшін деп 75 млн теңге алып, оны заңсыз қалтасына басқан.
Екіншісі Қызылорда облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі кәсіпкерлерден келісімшарт мерзімін ұзарту және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту үшін қомақты сомада пара алып отырған. Екі күдікті де ұсталды. Тергеу басталды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 387 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9bDErYEk4Ro?si=Z7Dg8d1oH3eQnb9o"
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Январцев ауылындағы су деңгейи халықты үрейлендіруде. Төтеншеліктер мен әскери қызметметкерлер тасқын суға төтеп беру үшін бөгеттерді нығайту жұмыстарын белсенді жүргізу үстінде.
2 мыңнан астам тұрғыны бар Январцев ауылдық округинде жергілікти халықпен бірге өзге өңірлерден келген сарбаздар да ауылға көмек қолын созуда. Қарағанды қаласы 52859 әскери бөлимінің мерзімді әскери қызметкерлері бөгетти бииктету және нығайту жұмыстарына белсене атсалысуда.
ЕСЕНЕЙ ЕРСАЙЫН ҚР ТЖМ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ 52859 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ №1 ҚҰТҚАРУ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРИІ
Бөгеттің жалпы ұзындығы 5 500 м, бииктігі 4 метрге жуйқ. Қазіргі уақытта бөгет нығайтуға 47 техника, 220 қызметкер жұмылдырылған.
АБЫЛАЙ ЖҰМАҒАЛИЕВ ЯНВАРЦЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Жергілікти тұрғындар болса қауіп артып бара жатқанына алаңдаулы.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 1252 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2jbqPPn2UH4?si=T9U2c-9HnggDtkP8"
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қиналғанға қол ұшын созатын ата баба жолымен тасқын судан зардап шеккен Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданына Албан Әлмерек абыз ұрпақтарынан гуманитарлық көмек жолға шықты.
Әлмерек абыз ұрпақтары Жем ауданы әкімшілігімен,тұрғындарымен байланысқа шығып ең қажетті деген заттардың тізімін алған. 10 млн аса қаражат жиналып берілген тізім түгенделген. «Ойылға жәрдем» тобының жетекшісі қол ұшын созып жатқан ағайынға алғысын жеткізді.
ЖӘРДЕМ АҚБИСЕНОВ «ОЙЫЛҒА ЖӘРДЕМ» ЫНТАЛЫ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Қарғыс алма, алғыс ал деген атам қазақ. Қиын қыстау күн туғанда бауырмалдылық таныту басты борышымыз дейді осындай игілікті іске мұрындық болып жүрген ел ағалары.
ЫСҚАҚ НҰРМҰХАНБЕТОВ ӘЛМЕРЕК МӘДЕНИ ТАРИХИ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Ағайынның көмегін артқан көлік ақ батамен жолға шықты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 381 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fIYpnrX69HY?si=zrXjlM7AuVifzDJa"
Жайықтың деңгейі 8 метрге жақындады. Соның салдарынан, Орал қаласы мен облыстың 4 ауданына қауіп төніп тұр. Шұғыл көмек ретінде ҚР Ұлттық ұлан 5547 әскери бөлімінен 200 әскери қызметші мен 7 техника жіберілді.
Көмекке келген әскерилер қызыл аймақтарда қызмет етіп қана қоймай, бөгет үшін дайындалған қалау, қаптағы құмдарды жинап, өңірлерден жіберілген гуманитарлық көмектерді таратуға көмектеседі.
Сондай ақ, Орал қаласындағы № 27 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер Қазақстанның Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылорда өңірлеріне жөнелтіліп, толық медициналық тексерілуден өткізілді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 343 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/T6-wJw60C_4?si=V_zenLfri7S5UE_C"
Маңғыстауға төтенше жағдайға байланысты 27 мыңнан астам адам эвакуацияланған болатын. Қазір 9 мыңға жуық адам өз үйлерінде болса, 1600 адам әлі де эвакуациялық пункттерде. Атырау облысынан келген эвакуацияланған халық арасында коммуникациялық және ақпараттық жұмыстар негізінде Маңғыстауда қоғамдық штаб құрылды. Штаб мүшелері зардап шеккендермен кездесіп, оларға психологиялық және ақпараттық қолдау көрсетуде.
НҰРЛАН НОҒАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Статистикалық деректерге сәйкес 27 мың 800 адам келді, осы жағдай болғаннан бері. Оның 17 мыңы балалар. Қазіргі таңда 9 мың адам кері қайтты, өздерінің елдімекендеріне, ауылдарына. Сіздерге және маңғыстаулық барлық азаматтарға осы уақытта жұмыла білгендеріңіз үшін, қажет кезде материалдық, қаржылық қолдау, ең бастысы моральдық қолдау көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 370 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hrAtCnIAfaY?si=DlSgb_8-83RckqPQ"
Елдің бес облысында 5 мыңнан аса үй әлі де су астында. Солтүстікте жағдай тұрақталғандай. Дегенмен, бұл өңірде су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін деп болжайды мамандар. Батыста ахуал әлі де күрделі. Ал, бүгін бас шаһар Астананың басты көшелерінің бірін су басып қалды.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстары қауіпті аймақ тізіміне енді. Аталған өңірлерде күннің күрт жылынуына байланысты су деңгейі көтерілуі мүмкін. «Қазгидромет» солай дейді. Қазір еліміздің барлық өңірінде құтқарушылар мен еріктілер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
ДИНАРА НҰРҒАЛИЕВА ҚР ТЖМ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Су тасқыны басталғалы бері барлығы 118 180 адам, оның ішінде 44 254 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 8821 адам, оның ішінде 3 885 бала эвакуациялау пункттеріне орналастырылды. 4370 тұрғын үй мен 2737 аула аумағынан судың бағыты бұрылды».
Солтүстікте жағдай тұрақталды. Дегенмен екінші толқын қаупі бар. Сондықтан, теріскейліктерге арқаны кеңге салуға әлі ерте.
ЕВГЕНИЙ ЖУРАВЛЕВ СҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Есіл, Қызылжар аудандарының елді мекендерінде және Петропавл қаласында су баяу болса да кетіп жатыр. Су тасқынының екінші толқыны күтілуде. Оны біз Сергеев су қоймасына қарап байқап отырмыз. Қазіргі уақытта су бөгет шыңынан 2 м 93 см асты, тәулігіне 18 см артқан».
Оралда ахуал әлі де күрделі. Жайық өзеніндегі су деңгейі 8 метрге жеткен. Ел үрейленіп, жандарын шүберекке түйіп отыр. Ал, төтенше жағдайлар министрлігі болса, халықты тыныштық сақтап, балаларын қараусыз қалдырмай, эвакуациялық пункттерден рұқсатсыз шықпауды сұрады. Айтпақшы, Астананың қақ ортасындағы Ұлы дала көшесін су басты.
Төтеншеліктер бұл қардың қарқынды еруі салдарынан болған жағдай дейді. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органмен бірлесе су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 353 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/V7-qMx1-rhU?si=uVe4W8oUnw2DY87_"
Елімізге ресми сапармен бауырлас елдің Президенті Садыр Жапаров келді. Құрметті қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше ықыласпен қарсы алды.
Қазақ-қырғыз бір туған, белбеулерін бір буған.Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы байланыс қай кезде де берік болған. Ауылымыз аралас, қойымыз қоралас жатқан ел болғаннан кейін экономикалық һәм әлеуметтік тұрғыда мәмілеміз мызғыған емес. Ел басына күн туып, бір қатар өңірлерімізді топан су жуып жатқан шақта,алғаш болып қол ұшын берген қырғыз ағайындардың бұл әрекеті көптеген көршілерімізге үлгі болғаны анық. Міне бүгін қазақ жеріне айыр қалпақты ағайынның басшысы арнайы келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты ерекше ілтипатпен қарсы алды. Келіссөз алдында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.Содан кейін президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бүгін біз Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз байланыстарының дамуына тың серпін беретініне сенімдімін. Ел аузында «Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ» деген сөз бар. Бұл – дұрыс айтылған тұжырым».
Мемлекет басшысы Қазақстанның бұрын-соңды болмаған су тасқынымен күресіп жатқанын атап өтіп, осындай қиын-қыстау кезде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қырғызстан Президентіне және барша қырғыз халқына алғыс айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, бұған белсенді саяси диалог, үкіметаралық және парламентаралық тығыз байланыстар ерекше серпін беріп отыр.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті, яғни 26 пайызға өсті. Алдағы мақсатымыз алыс-беріс көлемін 2 миллиард долларға жеткізу. Сонымен қатар осы бағытта болашағы зор бірқатар жоба қолға алынды. Жалпы, сауда-экономикалық саладағы уағдаластықтар орындалып жатыр».
Өз кезегінде Садыр Жапаров қырғыз делегациясына қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.
САДЫР ЖАПАРОВ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қазақстан біздің ең жақын көршіміз. Сыртқы саясатымызда ерекше артықшылықтарға ие болған бауырлас мемлекет әрі негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Екі ел арасында ешқандай саяси, аймақтық қайшылық жоқ. Мемлекет басшысы лауазымына келгелі бері қырғыз-қазақ қарым-қатынасы болсын, халықаралық құрылымдарда болсын, маған қолдау көрсетіп келесіз. Біз бауырлас қазақ халқына су тасқыны салдарынан туындаған қиын кезде қолдан келген көмекті беруге дайынбыз. Екі елді ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, бауырластық, тату көршілік байланыстар, сондай-ақ ортақ мәдени, рухани және діни құндылықтар біріктіреді. Өзара ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігіміздің одан әрі нығая беретініне сенімдімін».
Бұдан бөлек, келіссөз барысында тараптар саяси, көлік-транзиттік, энергетикалық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 435 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/W3T-Zyviu4I?si=4BdMpdusPlzDPtDI"
Тағы басқа мақалалар...
91 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.