- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 19 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/isc-yvxUEk4?si=GGZvvM-Rv2pgwdwp"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 16 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MIBFPWB4T3M?si=jMqy-UWq2mREYqFw"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 18 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/MuWlM_RFK54?si=BI-4lSz6F11LRqwB"
Бүгін, 18 қараша еліміздегі айырбас пункттерінде доллар орташа есеппен 495 теңгеден сатып алынып, 500 теңгеден сатылды. АҚШ долларының құбылмалы бағамы тұрғындарға қалай әсер етіп жатыр, келесі бейнематериалға назар аударсақ.
Доллар бағамының қымбаттауының әсері ме, бүгін ақша айырбастау пунктерінде тұрғындардың қарасы қалың. Кейбірі доллардың көтерілуінен бейхабар болса, енді бірі қарабайыр халыққа келіп кетер пайдасы жоғын атап өтті. Айтуларынша, доллардың өсуі елдегі азық-түліктің қымбаттауына, күнделікті құрал жабдықтардың бағасына да әсер етуі бек мүмкін.
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Зейнеткер болғаннан кейін, бізге әсер ете қоймайды. Дегенмен жас отбасыларға, кішкентай балалары барларға қымбаттағаны білінеді. Аз ғана уақыттың ішінде баға тым шарықтады. Ал теңге құнсызданып барады. Жалақы мен зейнетақы мөлшері сол қалпы. Сол себептен мемлекет дұрыс шешім қабылдап, елдегі тауар мен, өнімдердің бағасын қымбаттатпаудың жолын қарастырар деген сенімдемін»
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ “Доллар бағамының өсуі мемлекетке тиімді. Себебі біз шет елге мұнай сынды шикізат сатамыз. Бұл ел экономикасына жақсы әсер етеді. Ал біз шикізат емес, жеміс-жидектер мен өнімдерді сататын болсақ, біз өзіміздің өнімді теңгеге алып, долларға халық тәуелді болмас еді. Ал қазіргі уақытта өнімді шет елден алғандықтан доллар мен бірге өнімдердің де бағасы көтерілмек. Осы бір теңдік орнағанда баға тұрақты, ел экономикасы дамый беретін еді»
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Нарыққа байланысты ғой бәрі. Бізге халыққа кішкене қиын болайын деп тұр. Себебі теңге құнсызданып барады, әсер етеді деп ойлаймын»
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде Еуро 522,5 — 527 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,05 аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, 15 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,97 теңгеге қымбаттап, 496,01 теңге болған.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 19 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4YaqXUstbcY?si=AYox6ycRQsPjkyCq"
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин пікір білдірді. Ол бұл жаңалықты еш таңданыссыз қабылдағанын айтты. Өйткені соңғы күндер тым қарабалас болды дейді шенеунік.
Айта кетейік, қазір Перизат Қайрат ісі тергеліп жатыр. Тергеу аяқталғанша ол 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қазір танымал блогерге екі айып тағылып отыр. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған және Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету кезіндегі 200 млн теңгеден аса қаражатты қалтасына басты деп күдіктелуде.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 19 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/vrrs0ZQDFls?si=w-om_TCRkHt32GrT"
Фермелерге берілетін субсидия келесі жылдан бастап алынып тасталады. Оның орнына жеңілдетілген, арзан пайызбен несие беріледі. Әзірге оның пайызы 5 процент көлемінде болады деген жоспар бар. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен комитет отырысында айтылды. Депутаттар болса, елімізде шаруаларға қолайлы жағдай жасалып отырған жоқ дейді. Егер бұлай жалғаса беретін болса, шаруалар хәлі мүлдем құрдымға кетеді. Қазірдің өзінде ахуал күрделі. Шарулар дайын өнімдерін сата алмай отыр деген мәжілісмендер үкімет пен жауапты министрден мәселені оң шешуді сұрады.
ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Бұл азаматтардың барлығы нан жейді ғой айналайындар-ау? Үкімет бір үкімет емес па? Серік Мақашұлы сіздің құзырыңызда ғой, бұлардың барлығын шақырып алып, уақытылы орындалу керек қой. Мәселен, қазір 194 млрд теңгенің өзі келесі жылға қалып қояйын деп тұр. Былтыр да осындай әңгіме болған. Қараша айының соңына дейін бір жағына шығарыңыздаршы. Олар дайын өнімді өткізе алмай жатыр. Қазір қарасақ, сіздердің барлықтарыңыздың жағдайларыңыз жақсы. Теміржол жақсы, Бәйтерек жақсы, АКК жақсы. Қалай жақсы болады сіздерге? Егер, мына фермерге жақсы болмайтын болса, онда сіздерге мүлдем жаман болады. Сіздердің мекемелеріңіз жабылып қалады. Егер фермер дән егіп, мал бақпайтын болса, сіздердің мекемелеріңіз жабылып қалады. Сондықтан, неге осыған дұрыс, оң көзқараспен қарамайсыздар? Басы ауырмаған жанның құдаймен ісі жоқ деген әңгіме бар. Осыларды бір шақырып алып, жөнге салу керек. Құрметті, Серік Мақашұлы бұл сіздің құзіретіңіздегі әңгіме ғой».
СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Келесі жылдан бастап біздер қаржылық субсидия бермейміз. Кеше Президент тапсырма берді 5 пайыздан астам болмасын деп ферлерге беретін несие. Ертең Үкімет отырысында қаралады. Фермерлер қабылданады. Нақты жоспар бар бізде».
Айтпақшы, мәжіліс отырысынан соң, ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров «Шопан-ата» агро-қозғалысының төрағасы, ел арасында «қойшы» атауымен танымал Алмасбек Садырбайдың ұсталуы туралы пікір білдірді. Өз кезегінде ол, министрліктің бұған ешқандай қатысы жоғын айтты. Айта кетсек, қаржы мониторинг агенттігі Алмасбек Садырбайды "аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады" деген күдікпен үйқамаққа алынғанын хабарлаған болатын. Ол өзі басқаратын адамдар тобымен 1,2 млрд теңгені жымқырды. Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында “жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды” деген күдікке ілінген еді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 18 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gjfOeqW71mE?si=5deV6Gh_miAGXwSE"
Биыл теңге айналымға енгеніне 31 жыл толып отыр.1997 жылы 15 қараша – төл валютамыздың туған күні болып белгіленді. Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді. Ал ең алғашқы төл теңгемізде қазақтың ұлы ойшылдары, күйші-ақындары мен хандарының бейнесі бейнеленгені есімізде.
Олар әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр мен Абылай хандардың суреті болатын. Қазіргі уақытта Алматыда Ұлттық валюта күніне орай теңге банкноталары мен монеталар көрмесі өтіп жатыр. Келушілер жаңа шыққан ақша мен соңғы үлгідегі монеталарды осы жерден көре алады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 25 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9OABvESwJOw?si=EthgeRW3KVKLhwsX"
Орал қаласында лотерея клубынан жалған ақша айналымы анықталды. БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Полиция Департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасымен бірлесіп аталмыш қылмыстық істі ашты. Бір топ қала тұрғыны 25 000 АҚШ долларын және 10 000 мың еуро сомасында жалған валюта сатқаны үшін күдікке ілінді. Ақша лотерея клубында анықталып, дереу 1 адам қамауға алынған.
АЙДАРБЕК ҚАДІРҰЛЫ БҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: «БҚО-ның тұрғындары алдын ала сөз байласу арқылы Орал қаласының аумағында щетел валюталарының жалған ақшаларын дайындап өткізенін анықтады. Мәселен осы жылдың қазан айында заңды ойын-сауық кешенінде бір топ азаматтар әртүрлі ойындарға ставкалар жүзеге асыру арқылы жалған шетелдік валюталарды кассаға тапсырып кейін ұтыстар немесе шоттардан 25 мың АҚШ доллар алған. Осы іс бойынша бір адам қамауға алдынды. ҚР 201-бабына сәйкес өзге де мәліметер жария етуге жатпайды».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 25 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/z6GqB7NjgG4?si=hi0Hnfq1t4YbuQXc"
Петропавлда жастар ресурстық орталығының еріктілері жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетуде. Олар қарттардың аулаларын қардан тазартып, көмір әкеліп, үй шаруасындағы басқа да жұмыстарды атқарады. Толығырақ тілші материалында.
Жалғызбасты зейнеткерлерге үйдің ауласын қардан тазарту қиын, әсіресе жеке тұрғын үйде тұратындар үшін қыста жұмыс көбейеді.75 жастағы Галина Малыгина өмірінің жартысын зауытта жұмыс істеп өткізген. Оның жолдасы осыдан 17 жыл бұрын қайтыс болды. Еріктілер Галинаға жыл сайын көмек көрсетіп келеді. Бүгін олар оның үйінің ауласын қардан тазартуға көмектесті.
ГАЛИНА МАЛЫГИНА, ЗЕЙНЕТКЕР «Балалар келіп, қарды шығарып, көмір, су әкеліп, үй шаруасында көмектеседі. Мен оларға өте ризамын, рахмет».
Жалпы облыста көмек алушылардың саны 25-ке жуық. Осы аптада еріктілер 10 зейнеткердің ауласын тазалауға көмектескен. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалмайды. Жастар ресурстық еріктілер орталығы тұрақты түрде жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетіп келеді, апта сайын барып барынша қолдау білдіреді.
АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, ПЕТРОПАВЛ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НҰСҚАУШЫСЫ «Біз мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмек көрсетеміз. Бұл — жүріп-тұруы қиын адамдар. Біз оларға суларын, отындары мен көмірлерін тасып, аулаларын қардан тазартып береміз. Сонымен қатар, азық-түлік сатып алып, ас әзірлеуге де көмектесеміз».
Қазіргі таңда жастар ресурстық орталығында 70 ерікті бар. Облыс аудандарында тағы 40 ерікті мұқтаж жандарға көмектеседі.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 19 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/piGQALDb3Xk?si=Ur_4Jv25KFQ672r8"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 21 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xzY5aaYKun4?si=asBRjNdgMZAj48Bm"
Елімізде жүргізуші куәлігін алу қиындады. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап автомектептерге оқуға келген әрбір үміткердің құжаты Ішкі Істер Министрлігінің базасында автоматты түрде тіркелетін болады және министрлік олардың сабаққа нақты келген, келмегендерін бақылап, көріп отырады. Құжатты өткізіп қойып, жүру деген енді болмайды. Себебі, көлік жүргізушілерінің дайындығы сын көтермейді деді бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев. Статистикаға сүйенсек, биыл 22 мыңнан астам жол апаты тіркелген, онда 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алған.
ҚАЙСАР СҰЛТАНБАЕВ ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Бизнеске қолайлы жағдай жасаймыз деп кейбір жағдайларды қолдан шығарып алдық. Өзін-өзі дайындау, онлайн, жүргізушілерді дайындайтын автомектеп бақылаусыз өздері ашып, өздері жүргізу деген ұғым енгізілген болатын. Соның нәтижесін біз енді көріп отырмыз. Жүргізушілердің сапасы төмендеп кеткеніне көз жетті. Мемлдекеттік органдармен бірлесіп автомектептерге талап күшейттік».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 19 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Wi3mTtQS9AQ?si=n5moBsJkrr4WbDaq"
Алматыда қолайсыз күн райынан бір түнде 52 жол апаты орын алды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі.Айтулы жағдайға байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады.
Алматы полициясы қала жолдарындағы көлік қозғалысы жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қолға алған. «Қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 262 патрульдік автокөлікте 611 полиция қызметкері кезекшілік етуде. Сағат 20:00-ден таңғы 06:00-ге дейінгі аралықта Жедел басқару Орталығына жол-көлік оқиғасы туралы 52 қоңырау келіп түсті, оның 18-і зардап шеккендерден», - дейді, Алматы қалалық Полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.Мамандар жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты шектен асырмауға, тежегіш педалін қатты баспауға, ең бастысы, басқа жол қозғалысына қатысушыларды орындалатын маневр туралы алдын ала ескертуге шақырады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 32 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/gkTS2lSYNY8?si=ysrHiuER2jgDGxfS"
«Жақсының аты өлмейді». Алматы облысында белгілі ақын Серік Қалиевті еске алуға арналған кеш ұйымдастырылды. «Болашаққа хат» деп аталатын шарада, айтулы азаматтың біз білетін және білмейтін қырлары ашылды.
Серік Қалиев – қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол өзінің шығармаларында халықтың рухын, дәстүрін, мәдениетін дәріптеп, еліне сіңірген еңбектерімен танымал. Оның поэзиясында елінің тарихы, тұрмысы, табиғаты және адамдардың сезімдері кеңінен өлең болып өрнектелген. Ақын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосып, жастарды тәрбиелеуге, патриотизмді насихаттауға күш жігерін салған еді. Ол сонымен қатар, әлеуметтік мәселелерге, елдің болашағына алаңдай отырып, өзінің ой-пікірлерін ашық білдіріп, әдебиет арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосты.
БАҒЛАН ОМАРОВ САЗГЕР,ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Ақынның еңбегі тек поэзиямен шектелмей, өзінің шығармашылығымен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысып, жастарды мәдениетке және өнерге баулыды. Серік Қалиевтің еңбектері арқылы қазақ әдебиетінің рухы, қазақ халқына деген сүйіспеншілік, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеу сынды аспектілер айқын көрініс тапты. Марқұм еліміздің тарихи-өлкетану саласының ілгері басуына да азаматтық үлесін қосып кеткен болатын.
НАРГИЗА ЕРҒАЗИЕВА ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ
«Болашаққа хат» деп аталған шарада әнішлер ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, көптің көңілін босатты.Жергілікті әкімдік өкілдері Серік Қалиевтің жұбайын сахна төріне шақырып, сый-сияпатын жасады.Сондай-ақ ақын кітабының тұсау кесер рәсімі болып өтті.
Тағы басқа мақалалар...
2 ішінен 194 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.