- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 631 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2Rj10dho7zg?si=wDmzcNTBoqMOltoB"
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы жауапты өкілдердің салғырттығын сынады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бұл нені білдіреді? Болжам жұмыстары мүлдем болмаған. Жағдай салалық мамандардың тапшылығынан туындап отыр. Егер әкімдіктер жыл сайын су тасқынына қарсы жоспарланған барлық іс-шараны тиісті деңгейде жүзеге асырғанда, ауа-райы жағдайын ескергеннің өзінде, апаттың салдары мен ауқымы мұншалықты болмас еді. Соған қарағанда, әкімдіктер бұл жұмыстармен айналыспаған. Қазір су тасқынынан төнетін қауіп сейілді деуге келмейді. Сондықтан Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның, Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық күші мен құралын, оның ішінде кадрлық және техникалық ресурсын барынша жұмылдыру қажет. Сонымен қатар еріктілерді, жәрдем бергісі келетін азаматтарды тарту керек. Алайда, ең бастысы – мемлекеттік органдар. Ахуал кез келген сәтте ушығып кетуі мүмкін. Қазіргі басты міндет – адам шығынына жол бермеу. Бұл орайда жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеруіміз қажет».
Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін. Бұл мақсатқа Үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, «Қазақстан халқына» қорының қаржысын да пайдалану қажет. Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын деді Қасым-Жомарт Тоқаев штабтың отырысында. Сондай-ақ Президент су басқан аймақтарда әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу мәселесіне Үкімет назарын аударды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Су тасқыны мен өртке қатысты жағдай жыл сайын қайталанады. Жауапты органдар мен салалық қызметтердің (Қазсушар, Қазгидромет) жобалау, сараптама жасау жұмыстары нашар ұйымдастырылған. Тиісті шаралар, негізінен, жағдай орын алғаннан кейін немесе толыққанды болжам жасалмай қабылданады. Сондықтан бізге дағдарыс жағдайларын болжаудың нақты тетігі өте қажет. Цифрлық даму министрлігі Экология, Су ресурстары және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп жыл соңына дейін барлық ықтимал төтенше жағдайларды (су тасқыны, өрт және т.б.) модельдеуге, тиісті болжамдар, ұсынымдар мен іс-қимыл жоспарын жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе әзірлеуге тиіс. Айтпақшы, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар, ең алдымен, облыстардың әкімдері жазғы маусымға да дайын болуы қажет. Өрт немесе басқа да табиғи апаттардың болуы әбден мүмкін. Қазіргідей қамсыз отырмай, алдын ала әрекет ету керек. Су тасқынын көргенде, көктен түскендей абдырап қалдыңыздар. Осы ретте еліміздің шығыс өңірлеріндегі су тасқынын модельдеу жөніндегі ТЖМ мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының бірлескен жұмыс тәжірибесін қолдануға болады».
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 628 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Ay7rcONkPnQ?si=RBhXoUiS4vOgSPUn"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 535 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hR9KHN9Uyg8?si=qF_SYezPwO3TWbyx"
Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Miami Open турнирінің жартылай финалында Беларусь теннисшісі Виктория Азаренканы жеңді. Ойын 2 сағат, 36 минутқа созылды. Бұл екі теннисші арасындағы 4-ші ойын. Барлық матчта Елена Рыбакина басым түскен. Осыған дейін Майами корытындысындағы ширек финалда Грекиялық Мария Саккариді ұтқан болатын.
Финалда Елена АҚШ теннисші Даниэль Коллинзбен сынға түседі. Айта кетейік, Майамидегі турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,7 млн доллар құрайды.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 665 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6oR4vqVKGxY?si=eAdazkzO0g2NkMks"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа орталықтың құрамына 10 инновациялық зертхана кіреді және олардың қызметі БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.
Орталықтың ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, РФ Ғылым және жоғары білім вице министрі Константин Могилевский, Қазақстан және Ресей ЖОО Ректорлары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев, ғалымдар, профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты.Орталықтың негізгі мақсаты – қоршаған ортаның жаһандық өзгеруі жағдайында табиғат пен қоғамның өзара іс-қимыл заңдылықтарын анықтау, Қазақстан өңірлерін тұрақты дамыту мақсатында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша жасыл технологияларды әзірлеу және енгізу.
САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ
Ғылыми орталықтағы 10 зертхана климат және модельдеу, цифрлық картография және қолданбалы геодезия, су ресурстарының сапасын талдау, геодезиялық және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер, топырақ экологиясы, қоршаған ортаны бақылау, экологиялық қауіпсіздік салаларын зерттеу мақсатында ашылған.
ӘЛИЯ АҚТЫМБАЕВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
Заманауи құрылғылармен жабдықталған топырақ экологиясы зертханасының басты мақсаты өндіріс ошақтары орналасқан аумақтардағы ластану дәрежесін дер кезінде анықтап тиісті шаралар қолдану.
БАТЫРГЕЛДІ ШЫМШЫҚОВ, ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЮНЕСКО КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОР МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Шара барысында қонақтар білім ордасында күні кеше тұсауы кесілген Қытай-Қазақстан бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану зертханасының жұмысымен де танысты.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 682 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/XfagnMwmoe4?si=lToCTDxVr2J9qwyO"
Ең қауіпті болып саналатын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы Қызылорда қаласының әкімшілік аумағында тұр. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы 13 жағдай тіркеліп, оның 1 жағдайы клиникалық және зертханалық тұрғыда расталған. Бұған басты себеп қойылған ережені елемегендіктен дейді мамандар.
Қызылорда облысының «Байтерек», «Әл-Фараби» мөлтек аудандары мен Тасбөгет, Белкөл кенті, Абай, Баймұрат батыр сынды 12 орын қауіпті делініп, есепке алынған. Қазіргі уақытта аталған жерлердегі шаруа қожалықтары мен мал қораларға кенеге қарсы жұмыстарды бастау жоспарлануда.
ГҮЛМИРА СЫЗДЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Көктемгі кенеге қарсы жасалынатын жұмыстар 10 сәуір мен 23 сәуір аралығында басталмақ. Залалсыздандыру жұмысына арнайы «Дельтаметрин» препараты мен мал қора-жайларға арналған «Ципэк» препараты қолданылмақ.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 703 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/1U7_kgZnDQ8?si=dCVEi0aSk2eKMXat"
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Алқабилердің қатысуымен өткен отырыста жәбірленуші тарап марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіден жауап алынды.Сот барысында Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың арасындағы жанжалдың қандай жағдайда туындағаны жайлы баяндады. Жәбірленуші қарындасына қатысты жаңа деректер келтірді. Марқұм Салтанат Нүкенованың бет-жүзінің сау тамтығы қалмай көгерген фотосуретін көрсетіп,хабарлама жазбаларын да дәлелге алды.
Нақтырақ айтқанда айыпталушы Бишімбаевтың Нүкенованы тұрмысқа шыққаннан бері қысымда ұстағанын айтты. Айтбек Амангелді Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың арасында заңды неке болмағанын, тек екі рет мұсылмандық жолмен неке қидырғаны жайлы ақпаратпен бөлісті.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 746 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/2xOHWMvQU4U?si=tz6X9oCryuWnU8Ak"
Ойынқұмар азаматтар енді аурухана есігін тоздыруы мүмкін. Себебі, лудомания аурулар тізіміне енді. СҚО психологқа жүгінген адамның 70 пайызы құмар ойынға тәуелділер. Тәуелділіктен тәуелсіздікке шығар жол бар ма? Сюжет көрелік.
Облыста лудомандардың көшін бастап тұрған – студенттер. Әзірге, ойын аппараттары мен қаржылық ұйымдар көп кезде, ойынқұмарлардың саны көбеймесе азаймас.
ОЛЕГ МАТВЕЕВ, ПСИХОЛОГ «Жақында осы лудомания медициналық аурулар тізіміне енгізілді. Оны ойынқұмарлық, гемблинг деп те атайды. Жалпы облыста нақты статистика жүргізілмейді. Себебі, ондай ойын аппараттары тым көп. Бірақ маған көмекке жүгінетіндердің 60-70 пайызы дәл осы ойынқұмарлықтан арылғысы келетіндер».
Лудомания ауруының белгілері жүре келе білінеді дейді мамандар. Оны әдетте былыққа белшеден батқан кезінде барып жақындары байқай бастайды. Көбіне ондай адамдардың мінезі күннен күнге тұйықтала түседі екен.
ОЛЕГ МАТВЕЕВ, ПСИХОЛОГ «Лудомания бұл психологиялық ауру.Мәселен, ішідікке немесе есірткіге тәуелді адамдарды көзінің қарашығынан, иістен, оның өзін ұстауынан біле аламыз. Жалпы кез-келген құмарлық аурулары емделеді. Мәселен, химиялық тәуелделіктен 3 кезең бойынша айығуға болады. Бірінші ол арнайы дәрілер беріп, екіншісі әлеуметтік бейімделу болса, үшіншісі психотерапия. Ал ойынқұмарларға алғашқы екі кезең керек емес.Олар бірден мамандардың көмегіне жүгініп, өзінде осы аурудан арылам деген ерік-жігер болуы қажет».
Аурудың емін табушылар әзірге Астана, Алматы мен Павлодар қалаларында орналасқан.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 647 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Agz-i7gmn70?si=nNucqIQLVSs54pp0"
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға қатысты құтқару жұмыстары қарқынды жүруде. Қазір, БҚО-ның Қаратөбе, Теректі, Сырым, Бөрлі аудандарының тұрғындарын құтқарушылар тікұшақ пен қайықты пайдалану арқылы аман алып қалуда.
Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында 600-ден аса халық бар екен. Қазір тұрғындардың барлығы аудан орталығында. Ал, ауыл іске мүлдем жарамсыз. Себебі, екі метрлік бөгетті үш метрден асатын су айнала өтіп, ауылды толықтай су алып кеткен. Салдарынан халықтың мал жайына шығын келді. Үлкендердің сөзінше, бұндай жағдай тіпті кеңес үкіметі кезінде де болмаған.
БАҚЫТЖАН НАРЫМБЕТОВ БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
БҚО қырық сегіз сағат ішінде қырық бес мм ден аса ылғал түскен. Комиссия мүшелері бар шығынды есептеп, өтемақы төленетіндігін айтты. Осы сынды Сырым ауданының да жағдайы мәз емес. Өлеңті өзені арнасынан 600-см көтерілген.
НҰРАЛЫ МУСИЕВ БҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, қосымша күш ретінде Алматы мен Маңғыстаудан көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта оқиға орнында 300-ден аса техника мен 1000-нан аса адам бар күштерін салуда.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 742 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/A_TcuCm94bQ?si=70Nn4ARugITliPgs"
1-ші сәуірден бастап электр энергия саласы толықтай тоқырауға ұшырауы мүмкін. Себебі, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жұмысы тоқтатылмақ. Үкіметтің шешімі осындай деп аталған ұйымға хат келген. Алайда, энергиямен жабдықтаушы қауымдастық бұл бір қайнауы кем, асығыс шығарылған ұйғарым деп келіспей отыр. Егер, расымен де қауымдастық жұмысы тоқтатылса, онда бүкіл ел жарықсыз қалмақ. Ал, аталған саладағы он мыңдаған адам толық қысқартуға ұшырайды.
СЕРГЕЙ АГАФОНОВ "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУШЫ ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ" ТӨРАҒАСЫ: "Қазіргі таңда электр энергиясының бағасы қымбат. Астанада халық әр киловатқа 29 теңге төлесе, заңды тұлғалар тіпті 40 теңгеге дейін төлейді. Егер біз сияқты қауымдастықтарды жабатын болса,онда жарық бағасы тағы қымбаттауы мүмкін. Ал, егер керісінше бұл салада бәсекелестік болса, онда бағаны 5-7 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік болатын еді".
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 673 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nCZKQTmucyY?si=ge9WrfrdQX9fk2ZL"
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына жасаған іс сапары барысында Sany Group Co. Ltd Директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбоны қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сян Вэньбо «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Корпорация Қазақстанда жалпы қуаты 1-ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруға қатысып жатыр және жаңартылатын энергия көздеріне арналған мұнара, қалақ және гондола құрастыратын зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда. Сондай-ақ Мемлекет басшысы State Power Investment Corporation компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнді қабылдады.Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне негізделген серіктестік перспективасы талқыланды.
НҰРЛАН ЖАҚЫПОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘҚҚ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 592 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/AzsqtO10NXM?si=NGnTTCWGp7W-Y9of"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 648 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ZXfJpBiQL_E?si=E15N_jUC0PZIzKeU"
Қазақстандағы концерт залдары мен адам көп шоғырланатын орындарға яғни сауда үйлеріне тексеріс жүргізіледі. Бұндай тексеріс қауіпсіздік мақсатында жасалмақшы. Мәскеудегі террактіден кейін ішкі істер министрлігі осындай жұмысты қолға алмақ. Кез келген ауданы 500 шаршы метр болатын объектілер террористік тұрғыдан осал нысандарға жатады деді Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ҚР ІІМ ОРЫНБАСАРЫ: «Бүгінде сауда үйлері, концерт залдары терроризм қаупі бар нысандарға жатады. Жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын объектілер террористік тұрғыдан осал нысандар категориясына жатады. Сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары бар. Жалпы мұндай жерлерде адам көп жиналады. Бұрын ұйғарым болған объектілерді тексереміз, ал тексерілмеген нысандар болса, оларды тағы тексереміз. Қалған нысандардың иелерімен сөйлесіп, оларға кеңес береміз».
Тағы басқа мақалалар...
119 ішінен 240 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.