- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 670 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/ddoUxgJt8m0?si=JcXc4JogvE2dAl19"
Жылқы еті қымбаттамайды. Себебі, елімізде 4 млн бас жылқы бар. «Ұлытаудағы жұтқа қатысты енді ет қымбаттай ма?» деген журналистер сауалына Ауыл шаруашылық министрі осылай жауап берді. Ал, білдей бір облыста ірі қара малдың жаппай қырылып қалуына қолайсыз ауа-райы себеп деген қорытынды жасалған. Сондай-ақ, тек жергілікті әкімдік қана емес, жауапкершілік шаруалардың өздерінде де бар. Әйтпесе жем-шөп жеткілікті болған деп отыр ведомство басшысы Айдарбек Сапаров. Үкімет отырысынан толығырақ алдағы бейнематериалда.
Бүгінгі үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды. Алдын-ала болжам бойынша биыл егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрайды. Әдеттегідей әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдар көлемін арттыруға басымдық беріледі. Олар: майлы дақылдар, күнбағыс және қант қызылшасы. Былтырмен салыстырғанда бұл дақылдар биыл екі есеге көп егіледі. Жиында үкімет басшысы ауыл шаруашылығы техникаларың әбден тозғанын да бас айтты. Сондай-ақ, дизель отынына қатысты алыпсатарлармен қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керектігін қатаң ескертті.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Ауыл шаруашылығы техникасының тозуы өткір проблема күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда жалпы техника паркінің шамамен 75 пайыздан астамының тозығы жеткен. Бұл мәселе де тиісті шешімді талап етеді. Диқандардың жаңа техниканы сатып алуын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту қажет. Аталған мәселені шешу үшін фермердің өзі төлеп келген алғашқы 15 пайыз жарнаның орнына тікелей лизингтік компанияға инвестициялық субсидия салынуға тиіс».
Үкімет биыл да шаруаларға жеңілдетілген бағада дизель отынын береді. Бүгінде көктемгі егіс науқанына деп 360 мың тонна жанар-жағармай бөлінген.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
«Жиынтық өтінім негізінде Энергетика министрлігі дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекітіп беру графигін, сондай-ақ жеңілдікті дизель отынының құнын литріне 250 теңге деңгейінде бекітті (АЖС – литріне 295 теңге). 26 наурыздағы жағдай бойынша мұнай өңдеу зауыттарынан өңірлерге барлығы 67,7 мың тонна (немесе 20 пайыз) дизель отыны тиеп-жөнелтілді».
Айтпақшы, Айдарбек Сапаров үкімет отырысынан соң брифингте Ұлытаудағы жұтқа қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, 360 бас жылқы қырылған, бүгінде шығын көлемі анықталуда. Жем-шөп жеткілікті болған, алайда малдар ауа-райының қолайсыздығына байланысты қырылған деді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 623 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WlRqC8cFNeQ?si=vYewsxvm3f4y5lDS"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 728 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/48I-4TNsdzo?si=AyE-CWOwpmK3UOsJ"
Табиғатты ұйқысынан оятумен қатар даламызды әнге, халқымызды сәнге бөлейтін Әз Наурыз мейрамы келіп жетті. Мерекелік шара Алматы қаласы, Алатау ауданындағы № 210 мектеп-лицейінде де өз деңгейінде аталып өтті.
Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелетін ұлттық мерекеде мектеп оқушылары домбыра шанағынан күй төгілтіп тарту етті. Ұлттық ойындарымыз асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрестен жарыстар ұйымдастырылды.
Табиғатты аялау тәрбиенің төресі демекші білім ордасы ауласында шәкірттер тазалық жұмыстарын да жүргізді. Мерекені рухани тұрғыдан құп көрген жастарымыздың жалынды тілегінде тыңдадық.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 660 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/p1fmCKUcSIc?si=Vdp-WjryELasELdb"
Келешек ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында Іле Алатауы мемелекеттік ұлттық табиғи паркі Медеу филиалы ұжымы Аюсай шатқалында «Парктер шеруі» атты іс шара өткізді. Жобаны ұлттық парктің экологиялық ағарту және туризм бөлімі жүзеге асырып келеді. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан шара аясында биыл 20 дан аса табиғат қорғауға бағытталған тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізілмек. Маңызды шараға Алматы қаласы мен Алматы облысы Талғар ауданының мектеп оқушылары қатысты.
САМАЛ АБИЛОВА ІЛЕ- АЛАТАУ МҰТП ЭКОЛОГ АҒАРТУШЫСЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 760 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5ZcxbjMFgms?si=OsJk-Daww-EHYXtV"
Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Алматы облысы Қарасай ауданында орын алған шараға назар аударсақ.
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.
ҚОРЛАН ТҰРСЫНОВА ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алып, арықтарды тазалап, су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егуден бастайды. Бұл күн жер-жерде ат бәйгесі, көкпар тарту, қыз қуу, палуандар күресі тектес ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады.
ЛИЗА САДЫҚОВА АУДАН ТҰРҒЫНЫ
ЕРІК ШҮКЕЕВ АУДАН ТҰРҒЫНЫ
Наурыз мейрамында әркім жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісулерімен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алады. Биыл елімізде мерекеге демалыс күндері жалғасып, қазақстандықтар Наурыз мейрамын бес күн бойы атап өтпек.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 658 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/yDUZoTg4uZc?si=GHHSNT08sl1akoEW"
Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесін еліміздегі әрбір мекемелер жоғары деңгейде атап өтуде. Алматы қаласы,Бостандық ауданындағы Бақытты отбасы орталығында да Наурыз мерекесі тойланды. Мерекелік бағдарлама аясында Наурыз көжеден дәм татылып,ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді. Ұлттық киім-ұлт ажары,Салт дәстүр қойылымы,Қолөнер көрмесі,ұлттық тағамдарды әзірлеу тақырыптары бойынша келіндер байқауы ұйымдастырылып жиылған көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
СНХ РУСЛАН ҚАЛИОЛЛАЕВ «PROFEXSPERT FONDATION» ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
САЛТАНАТ АШИМБАЕВА АЛАТАУ АУДАНЫ №210 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
БЕЙБАРЫС ҒАЗИЗҰЛЫ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 836 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/JCF0nDCx0bI?si=okEAFhSPlzK9PMNq"
21 наурыз түні ел аралайтын Қыдыр атаның қазақ өміріндегі орны қандай? Бұл сауалға этнограф-ғалым, фольклоршы, қазақ дүниетанымына байланысты көптеген кітаптың авторы Болат Бопайұлы жауап берді. Этнографтардың айтуынша, Бақ иесі – Қыдыр ата періште бейнесіндегі пайғамбар. «Пайғамбар екі түрлі болады. Біріншісі, пенде бітімді, екіншісі періште бітімді. Қыдыр ата – бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші.Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Сондай–ақ «Көктем ханымы» бар. Ол үлкен түйеге мініп, шашу шашады. Қазір, сол кейіпкерді жасау керек», – дейді Болат Бопайұлы.
БОЛАТ БОПАЙҰЛЫ ЭТНОГРАФ
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 700 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/SB89UcZXYmw?si=oak583YQQGpEhZ_D"
Ақтаулық депутаттар мен «Аналар кеңесінің» өкілдері «Ана мен бала» орталығындағы жас босанған келіншектерді Наурыз мерекесімен құттықтады. Шара Наурызнама тұжырымдамасының аясында ұйымдастырылды.
Гауһар Райханова көпбалалы ана. Жолдасы екеуі 4 қыз, 2 ұл тәрибелеп отыр. Үлкені 6- сыныпта оқиды. Ал кенжесін 17 наурыз «Шаңырақ» күні дүниеге әкелді. 35 жастағы жаңа босанған ана мереке қарсаңында құттықтаған ақтаулық депутаттар мен «Аналар кеңесіне» алғысын айтты.
ГАУҺАР РАЙХАНОВА КӨПБАЛАЛЫ АНА: «Сағат 4 жарымда келіп түстім роддомға. Аллаға шүкір жақсы акушерлердің, мықты дәрігерлердің арқасында сағат 7:15-те балапанымды қолға алдым. Мереке қарсаңында босанып жатқан аналарға барлықтарына балапандарының бауы берік болсын. Мерекелеріміз бітпесін. Әрқашан Қазақстан елінде тек той, думан бола берсін».
Сәби - шаңырақтың шаттығы. Ал ана отбасының ұйытқысы. Осы қағиданы ұстанған ұймдастырушылар бұл күні ана мен сәбиді мерекемен құттықтап, құрмет көрсетуден бастады.
МАНАРБЕК БИСЕКЕНОВ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Жас келіншектерді, аналарымызды, жеңгелерімізді құттықтауға арнайы келіп жатырмыз. Барлық депуттар мен әкімдіктің атынан арнайы сыйлықтарымызды жасап, жылы тілек, лебіздерімізді білдіріп жатырмыз. Аналар да көңілді. Біз де ризамыз. Жүрек жарты тілегімізбен құттықтап шығып жатырмыз».
ГҮЛЗИРА ЕСЕТОВА - АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ «АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ» ТӨРАҒАСЫ: «Біз жылдағы дәстүріміз бойныша жас босанған әйелдерге, келіншектерге, аналарға келіп өзіміздің құттықтаымызды жеткізіп отырмыз. Барлығына кіріп шықтық. еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, дүниеге келіп жатқан нәрестелер аман болсын».
Осылайша, 25 жас анаға гүл шоқтары, тәттілер үлестіріліп, ал сәбилерге киім дүкеніне сертификат берді. Айта кетейік ұйымдастырушылар жыл сайын перзентханаға келіп, аналарды құттықтауды дәстүрге айналдырған.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 624 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/juO3UujZZm4?si=Rhsag2FXP_qeSwSm"
Енді қарызы бар азаматтарға лотерея ойнауға тиым салынады. Бүгін Мәжіліс ойын бизнесі мен адам саудасына қатысты заңға енген өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады. Заң жобасын таныстырған Ішкі істер министрлігіне депутаттардың сауалы да көп болды. Жаңа құжатты сынағандар да табылды. Деседе, бірауыздан заң қабылданды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Ойын бизнесі мен адам саудасы туралы заң бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданып кетті. Жаңа құжатқа сәйкес енді қанау мақсатында ұрлап кетіп, салдарынан жәбір көрген адамдар және бас бостандығынан заңсыз айырылғандар мен еркінен тыс жезөкшеліктің құрбаны болғандар мемлекеттен өтемақы алуы мүмкін. Осылай деп ішкі істер министрінің баяндама жасағаны сол еді, жаңа құжат бірден депутаттардың қатал сынына ілікті.
БАҚЫТЖАН БАЗАРБЕК ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Қазір әртүрлі сайттарда жыныстық қызмет көрсету, адам ағзалары мен тіндерін сатып алу, сату, сондай-ақ балаларды заңсыз асырауға беру туралы жарнамаларды көруге болады. Заманауи технологияларды ескере отырып, мұндай чаттар шетелде де, бізде де ашылады. Мұнда республика азаматтары және шетелдіктер ұйымдастырушылар бола алады. Осыған байланысты бірнеше сұрағым бар. Осындай хабарландыруды бақылауды қашан қолға аласыздар? Мұндай жабық топтар қалай анықталады? Егер олар шетелде болса, осындай чаттарды ұйымдастырушылар қалай жауапқа тартылады? Заң жобасын қарасам, өте әлсіз, механизмдері аз. Осындай хабарламаларды қалай бақылайсыздар? Оларды ұйымдастырушылар қалай жауапқа тартылады? Өте әлсіз заң жобасы. Менің қолымда сіздің орынбасарыңыз Лепеханың жауабы. Мен сізден осыдан бір жыл бұрын нақты сұрақ қойдым? 2023 жылы осы бағытта бес-ақ қана полицей жауапқа тартылыпты. Егер мен өзім іске кірісіп, бұл ақпаратты жоққа шығарсам, жалған болып шығады ғой».
Депутаттың бұл сауалы министрдің шамына тигендей. Десе де, проблеманың өзекті екенін мойындады. Бірақ, алдағы уақытта мәселені шешу үшін тоқтаусыз еңбек етпек ниетте.Осылайша біртіндеп қылмысқа нөлдік төзімділік позициясын енгізбекші. Өйткені, бас полицей өзге де полицейлердің өз ісі мен антына адал екеніне бек сенімді.
ЕРЖАН СӘДЕНОВ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: «Сұрағыңызға рахмет деп айтпаймын. Орынды сұрақ. Ресурстар бойынша қараймыз. Сол бойынша біз осыны анықтаған кезде тоқсауыл қоямыз. Қылмыстық әрекеттері бар 6 мыңнан астам жарнамаға тоқсауыл қойдық. Біздің сұраққа қатысты 620. Бұл жұмысты ары қарай жүргіземіз. Расында да, өкінішке қарай әкімшіліктері, жетекшілері көбінесе шетелде отырады. Біз құқықтық көмек көрсетеміз. Дүние жүзінің 47 мемлекетімен келісімшартқа қол қойдық. Біз анықтасақ әрине, сұраныстарды жібереміз. Бұл жұмысты ары қарай ұйымдастыратын боламыз».
Енді бір топ депутат қыз алып қашу ол да қылмыспен пара пар деп санайды. Мәжілісменнің айтуынша бүгінде Қазақстан қыз алып қашу бойынша Эфиопиямен бірдей тұрған көрінеді.
АНАС БАҚҚОЖАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Оны көбі қазақтың дәстүрі деп шатастырды. Өзіңіз білесіз, біздің қазақ құда түсіп, жөн-жоралғысын әдемі орындайтын халық. Бірақ осы экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты 90-жылдары ондай фактілер болды. Қателесетін шығармын, бірақ менің білуімше, қазір қызды алып қашу жоқтың-қасы деуге де болады. Себебі еліміз дамыған өркениетті елміз. Батыс мемлекеттеріне теңесеміз дейміз. Бірақ википедияға қараңызшы, википедияда қызды ұрлау мәселесінде Қазақстан Эфиопиямен бірдей тұр. Эфиопия қайда? Қазақстан қайда?»
Ішкі істер министрі бұрынғыдай емес қазір жастардың көзі ашық. Тек бірен саран факт кездеседі. Әлі де түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізетін боламыз дейді.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 576 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UOO6U-Lu0Bw?si=kc4KCE-JZEis8gY9"
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш шартты түрде 8 жыл мерзімге сотталды.Бұл туралы агенттікке дереккөзден хабарланды. Сот отырысы жабық режиме өтті. Айта кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Осыған дейін Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 638 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/soigRfoYll8?si=RLKuvOJ3a-BlTBKI"
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 929 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Doi_9yz-JrA?si=j4pbhuYnqqURJK_a"
19 наурыз - жаңару күнінде жаңа тал егілді. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ 60 жылдық мерейтойына орай 600 түп ағаш отырғызуды жоспарлауда. Оның бір легі бүгін Қызылжарма ауылдық окуругінде орналасқан С. Майқанова атындағы мәдениет үйінің алдына егілді.
Табиғат оянып, тіршілік қайта жанданатын жаңару күні қарсаңында Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының қызметкерлері С. Майқанова атындағы мәдениет үйінің алдына 60 түп терек ағашын екті. Негізгі мақсат – экологиялық ақуалды жақсарту, тұрғылықты мекенді көгалдандырып гүлдендіру.
БАТЫРЖАН ҚАРАКӨЗОВ «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Бұл маңның жасыл желекке айналуына кедергі келтіріп тұрған бір кемшіл тұсы су мәселесі. Ал компания төрағасы аталған мәселені алдағы уақытта шешеміз, теректер көктеп-көгергенше қадағалауымызда болады - деді.
ҚЫЗЫЛЖАРМА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ
БАТЫРЖАН ҚАРАКӨЗОВ «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Аталмыш компанияның құрылғанына 60 жыл толуына орай бірқатар іс-шара жоспары бекітілген. Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесі мен қоса ауызашар рәсімі,сонымен қатар футболдан жарыста ұйымдастырылмақ.
Тағы басқа мақалалар...
122 ішінен 240 беті

Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.