
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 288 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/nuK6vh519YE?si=u7iVdOhcr6MlmyRS"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 463 рет қаралды
Ұстаз – білім мен тәрбиенің негізін қалаушы, жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруші адам. Оның еңбегі тек сыныппен шектелмей, қоғамның дамуына, ұлттың болашағына зор әсер етеді. Осындай өз ісінің үздік маманы, әр оқушының потенциалын ашуға бағытталған әдістерді жетік меңгерген, жаңа идеяларды іске асыру жолында толассыз тер төгіп жүрген аяулы да ардақты ұстазымыз – Алгожаева Ая Баженовна.
Еңбек жолының барысында көптеген оқушылардың өміріне ықпал етіп қана қоймай, оларды тәрбиелеп, білім беріп келе жатыр. Әрдайым өз кәсібіне адал, мейірімді әрі ізгі ниетті бола отырып, олардың болашағын бағыттады. Ұлағатты істері жастардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, оларға дұрыс жол көрсетуге септігін тигізуде.
Ая Баженовна өз білімін жастардың болашағы үшін арнап, тәрбие мен тәлімін берді. Еңбегінің нәтижесі оқушылардың жетістіктері мен әлеуметтік дамуынан көрініс тапты. Атап айтсақ, тәрбиелеген білім алушылардың көпшілігі Қазақстан Республикасының тыныштығын қорғайтын жоғарғы шенді офицерлер, Қазақ телевидениясының қызметкерлері, қоғам дамуының тұтқасы болатын мұғалімдер қауымы да түлеп шыққан.
Ұстаздың көп жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі – бұл тек оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен бірге ұлттың мәдениеті мен білім деңгейінің көрсеткіші. Еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арналған табысты еңбегі үшін бірнеше дүркін Алматы облысының Білім Басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталып, Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту Министрлігінің Алғыс Хатын иеленді. Сондықтан ұстазды бағалау, оған құрмет көрсету – қоғамның басты міндеті.
Ая Баженовна тек пәнді оқытушы ғана емес, өмір мектебінің нағыз ұстазы. Қайсарлығы мен еңбекқорлығы, мейірімділігі мен төзімділігі көпшілікке үлгі. Шәкірттердің жүрегінде жарқын із қалдырып, олардың армандарын жүзеге асыруға жол ашты.
Көктемнің шуақты күндерімен және 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, көктемдей жарқырап, әрдайым өз мейіріміңіз бен күш-қуатыңызды шәкірттеріңізге, әріптестеріңізге арнап жүрген сізге тек сәттілік, денсаулық, бақыт және қуаныш тілейміз! Ұстаздық қызметіңізде әрдайым жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыра беріңіз.
Жарқыраған көктемдей көңіл күй, мол қуаныш, бақыт пен береке сізбен болып, өмірдің бағыттаушы шамшырағы, өмір мектебінің ұстазы болып қала беріңіз!
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Білім бөлімінің “Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен” КММ директоры Атагелдиев Берікбай Тұрлыбекұлы

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 461 рет қаралды
Мектебіміздің ұлағатты ұстазы, білікті математик, 38 жылдық тәжірибесі бар Сарсембекова Зейін апай – саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған нағыз майталман маман. Ұстаздық жолы 1986 жылы басталып, содан бері талай шәкірттің жүрегіне білім мен ізгілік нұрын септі.
Құрметті Зейін апайымызды көктемнің ең әдемі мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Білім берудегі табандылығыңыз бен шәкірттерге деген шексіз махаббатын әрі қарай тарқатамын.
Зейін апай Пржевальск қаласындағы университетті бітіріп, алғашқы еңбек жолын Нарынқол ауданы Тегістік совхозында бастады. Кейін туған ауылында үш жыл қызмет етіп, одан әрі Шонжы ауылына қоныс аударды. Мұнда 32-балабақшада екі жылдай еңбек етті. 1992 жылдың ақпан айында Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектепке ауысып, содан бері осы білім ордасында шәкірт тәрбиелеп келеді. Кез келген оқушы үшін математика – ең қиын әрі маңызды пәндердің бірі. Ал Зейін апай осы пәнді оқушыларға қызықты, түсінікті әрі жүйелі түрде жеткізе білетін нағыз шебер. Оның әр сабағы – есепке ғана емес, өмірге де баулитын үлкен мектеп. Шәкірттері тек формуланы жаттап қана қоймай, логикалық ойлау, талдау, шешім қабылдау дағдыларын меңгереді. Осы қасиеттерімен апайымыз жас мамандарға да үлгі болып келеді.
Ұстаздың ең үлкен марапаты – шәкіртінің жетістігі. Осы жылдар ішінде Зейін апайдың алдынан қаншама түлек түлеп ұшты. Қазір олар әртүрлі салада табысты еңбек етіп, ұстаздарының еңбегін ақтап жүр. Әріптестері арасында сыйлы, оқушылары үшін қадірлі ұстаздың еңбегі облыстық, аудандық алғыс хаттармен де талай рет марапатталған. Бірақ марапаттан да биік тұратын бір нәрсе бар – ол шәкірттің жүрегінде қалған ұстаздық із. Зейін апайдың алдында құрметті зейнетке шыққалы тұрған жылдар тосып тұр. Алайда, мұндай ұстаздардың еңбегі ешқашан ескірмейді, олар ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Білім бөлімінің “Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен” КММ директоры Атагелдиев Берікбай Тұрлыбекұлы

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 299 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/mzZdt5cgjPM?si=4uUjBhRXKP000KBz"
Су тасқыны тағы қайталануы бек мүмкін. Себебі, наурыз және сәуір айларында күн күрт жылынады деген болжам бар. Үкімет басшысы Олжас Бектенов тасқынның алдын алып, дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Ұлытау мен Абай облыстары аса қауіпті аймаққа кірді. Аталған өңірлерде наурызда тасқын жүруі мүмкін.
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ: «Еліміздің оңтүстігіндегі, атап айтсақ Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында және Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр. Наурыз айында температураның көтерілуі мен жаңбыр түріндегі қатты жауын-шашын болған жағдайда тау өзендерінде еріген қар суының әсерінен жоғары тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар жиналу үрдісі жалғасуда, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түсуі күтіледі. Мысалы, Астанада айлық жауын-шашын мөлшері бірінші онкүндікте ғана түсіп үлгерді».
Ал, үкімет басшысы Олжас Бектенов жауаптыларға дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйелердің тұрақты қамтамасыз ету керек. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс, сондай-ақ орталық және жергілікті органдардың жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етсін».
Одан бөлек, бүгін Үкімет отырысында ғылымның бүгінгі аяқ алысы сөз болды. Салаға жауапты министр Саясат Нұрбек ғылымның жасарып келе жатқанын айтты. Еліміз бойынша ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істеп тұр, онда 26 мыңға жуық ғалым еңбек етеді десек, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар.
САЯСАТ НҰРБЕК ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ: «Гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі. Бұрын 3 жылда бір өткізілетін. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазіргі таңда 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2 361 ғылыми жоба (оның 835-і жас ғалымдарға тиесілі) және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1 475 ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті соңғы үш жылдың ішінде».
Үкімет отырысынан соң журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылымның бүгінгі жетістігін жіпке тізді. Айтуынша, биыл жыл соңына қатерлі ісікке қатысты отандық препарат экспортқа шығарылмақ. Қазір бұл дәрінің екінші деңгейлі клиникалық сынақтары қарқынды жүріп жатқан көрінеді. Ведомство басшысы сынақтардың нәтижесі өте жақсы әрі тұрақты, ал пациенттердің реакциясы оң екенін айтты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 346 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Sc0Jkjkpzu8?si=JrkL1xUgyRX5SN_R"
Жасанды интеллект – тек технологиялық жаңалық емес, ол қоғамның өзгеруі мен болашағын қалыптастыратын күш.Ол үлкен деректер жиынтығын өңдеп, жаңа ақпаратты болжауға немесе шешімдер қабылдауға тырысады. Осы орайда, Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект туралы қазақ тілінде жазылған «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсауы кесілді.
МЕЙІРЖАН ӘУЕЛХАНҰЛЫ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ КІТӘБІНІҢ АВТОРЫ «Жалпы Жасанды интеллект кітабының ең басты ерекшелігі ол қарапайым тілде, қазақ тілінде жарық көргені, яғни басқа ағылшын тіліндегі, орыс тіліндегі, қытыай тіліндегі ақпараттар өте көп, ал бұл кітап ең алғаш рет ЖИ деген не, онымен қалай жұмыс істеуге болады, оның ішкі құрылымдары қандай және ЖИ бірге келген мәселелер де бар, авторлық құқық мәселесі, этика мәселесі деген сияқты, сол мәселелермен біздің бетпе-бет келгеніміз оны қалай реттеуге болады сол тараптағы өзіміздің ұсынысымыз.Бұл кітаптың ең басты ерекшелігі осы деп мен айта аламын».
ЕРЖАН ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, АЛАТАУ АҚПАРАТ МЕДИА ХОЛДИНГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ «Бұл оқулықтың ерекшелігі - алғашқы рет қазақша жазылуында және түпнұсқалығында яғни ешқандай аудармасыз тікелей қазақ азаматының жазып шығуы бұл Орта Азиядағы ерекше оқиға деп айтуға болады. Өйткені қазірдің өзінде Қырғыздар мен Өзбектер біз аударсақ деп, өздерінің ұсынысын білдіріп жатыр.»
Жасанды интеллект – бұл тез дамып келе жатқан сала, ол адам өмірінің барлық саласына елеулі әсер етеді. Оның мүмкіндіктері шексіз, бірақ оның этикалық және әлеуметтік салдарларын ескеру маңызды. Жасанды интеллектпен байланысты технологиялардың дамуы жалғасып, біздің өмірімізді одан әрі өзгертетіні сөзсіз.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 345 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/xvEzoPl9MW4?si=lAF3t3AgXYglUwh1"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 361 рет қаралды
Алматыда 1 наурыздан 1 сәуірге дейін "Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасы аясында "Алматы – біздің ортақ үйіміз" ауқымды экологиялық науқаны өткізілуде. Бұл іс-шара аясында қала тазалығы, абаттандыру мен көгалдандыру сынды үлкен жұмыстар атқарылады, деп хабарлайды Almaty.tv. Жалпы, науқан төрт кезеңге бөлінген:
- «Таза көшелер» (1-9 наурыз) - аялдамаларды, жол белгілерін жинау, қоқыс жәшіктерін орнату, магистральдарды абаттандыру;
- «Таза саябақтар, скверлер мен таулар» (10-16 наурыз) – табиғи аймақтардағы сенбіліктер және қоқыс жинау жұмыстары;
- «Таза аулалар» (17-23 наурыз) - аула аумақтарын, балалар және спорт алаңдарын, абаттандыру элементтерін жинау және сырлау, көгалдандыру, «Үздік аула/аула сыпырушы/алдыңғыконкурстары»;
- «Біздің қала – біздің мақтанышымыз» (24 наурыз – 1 сәуір) – Ескерткіштерді абаттандыру және ағаштарды жаппай отырғызу.
Науқан аясында Медеу ауданында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Көктөбедегі соңғы аялдамада Омаров көшесінде "Алматы-біздің ортақ үйіміз" экокампаниясы аясында "Қасбеттен қасбетке дейін" кешенді тазалау жұмыстары жүргізілді. Аумақты тазарту үшін 20 жұмысшы мен 10 арнайы техника тартылған.
"Қазіргі уақытта басты көшелер бойында саябақтар, гүлзарлар, жаяу жүргіншілер жолдары мен канал жүйелері жабдықталуда. Көктемгі абаттандыру жұмыстарының бір бағыты-жолдарды жөндеу. Енді шұңқырларды жөндеу басталды, кюветтер мен шекаралар қалпына келтірілуде. Біздің мақсатымыз – аудан тұрғындарын таза, әдемі және жайлы ортамен қамтамасыз ету. Қала тұрғындарын осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!" - деді Медеу ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің басшысы Абылай Макей.
Айта кетейік, Медеу ауданында жалпы ұзындығы 3000 шақырым болатын 480 көше бар. Аудан көшелерін жинауға 200-ге жуық жұмысшы мен 80 арнайы техника жұмылдырылды.
Қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын алматылықтардың арасында еріктілер де бар. Мысалы, Сергей Статьев бірнеше жылдан бері волонтерлік отрядтармен бірге көктем мен жаз айларында қаланы тазартуға қатысып келеді.
"Мен әрқашан тазалықты жақтаймын. Қала таза болған кезде көз қуанып, көңіл-күй көтеріледі. Сондықтан мен достарыммен сенбілікке жиі барамын. Бүгін коммуналдық қызметкерлердің жұмысы қуантты, олар қаланы одан да әдемі етуге көмектеседі және адамдарға тәртіпті қалыптастырады", - деді ол.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 314 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/rL9PqfnuvdQ?si=aNkbhDbBdo_gxa7x"
Алматыда Корей музыкалық комедия театрында Сеул филармониялық оркестрінің қайырымдылық концерті өтті. Шара екі маңызды оқиғаға арналған: Корея Республикасы Тәуелсіздігінің 80 жылдығы мен ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына бағытталды.
ЛЮБОВЬ НИ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Бүгін біздің сахнамызда халықаралық танымал Сеул филармониялық оркестрі өнер көрсетеді. Олар өз өнерлерін көрсету арқылы Қазақстан мәдениетіне, Қазақстандағы Корей мемлекеттік театрына деген құрметтерін білдіру үшін келді. Бұл концерт Корея тәуелсіздігінің 80 жылдығы және атақты ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында, 8 Наурыз мерекесіне орай өткізілуде. Өткен жылы келіссөз жүргізгенде, олардың халықаралық әйелдер күні жоқ екенін түсіндік. Әртүрлі күндер ұсынылды, бірақ олар қазақстандық әйелдер мерекесіне орай өткізуді ұсынды. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Корея арасындағы тығыз серіктестік қарым-қатынас, мәдениет саласы мен мемлекеттік саясаттың арқасы. Біз екі ел арасындағы мәдени алмасудың бастамашысы болғанымызға қуанамыз және мақтанамыз».
Концертке қазақстандық композитор, орындаушы Еркеш Шәкеев қатысты. Сондай-ақ әлемдік классиктердің, қазақ авторларының шығармалары, Манарбек Ержановтың «Қуанамын» әні ұсынылды.Бүгінде корей театры Қазақстан корейлерінің ең басты мәдени ошақтарының бірі болып саналады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 321 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/krDQqIP-GWM?si=VPytEMj4ghD-8ZFm"
Бүгін Алматыда елімізде алғаш рет құрсақ ішінде ұрыққа сәтті ота жасап, 30 сәбидің дені сау болып тууына көмектескен дәрігерлермен кездесу ұйымдастырылды. Ақ халатты абзал жандар феталды хирургия құрсақ ішінде араласу арқылы жүректің, қуықтың туа біткен ақауларын, диафрагма жарығын және орталық жүйке жүйесін түзетуге мүмкіндік беретін отаның еркшеліктеріне тоқталды.
Қазақстан үшін феталдық хирургия - медицинаның жаңа бағыты. Жобаны Денсаулық сақтау министрлігі AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырып жатыр.Отандық дәрігерлер алғаш рет ұрықтың патологиясы мен даму ақауларын түзету арқылы ұрыққа операция жасай бастады. Ұрыққа операциялар болашақ баланың денсаулығы мен өмірін жақсартады дейді мамадар.
ГҮЛНӘР НҰРЛАНОВА ПЕРИНАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Былтыр 13 июнь күні бізде бірінші операция жасалды. «Аяла» фонды «Шеврон» қажетті құрал жабдық алып беріп, пилоттық жоба болып бізде ота жасалды. УЗД-ден кейін екі скринг жасалады, 11 аптадан, 13 аптаға дейін. Сондай-ақ 19 аптадан 20 аптаға дейін. Сол кезде табылған финталды синдром, баланың суы көбейіп немесе баланың суы азайып немесе гидронифроз деген болады, 3-4 сатыдағы сол отаны істеп жатырмыз. Қорқатын ешнарсесі жоқ. Бала егіз болғанда бір емес екі балада шетінеп кетуі мүмкін. Сол үшін лазерлі ота жасап, әр балаға өз қаны жүретінін жөндеп ота жасалады. Со үшін қорықпастан келе берсін. 16-20 аптаға дейін істейміз бәрін. Қазірдің өзінде барлық балалар аман-есен үйлеріне шығып жатыр, қорқатын ешнарсесі жоқ. Қазақстан бойынша қабылдап жатырмыз, есік ашық».
Бүгінгі күні феталдық хирургия арқылы 36-дан асатам ота жасалған. Отадан кейін ана мен баланың да жағдайы жақсарып, дүние есігін ашқан. Дәрігерлердің сөзінше, қазір науқастардың жағдайы тұрақты. Мамандар олардың жүктілік кезіндегі денсаулығын бақылап, ұрықтың одан әрі дұрыс дамуын жіті қадағалайды.
АЛИНА ТӨЛЕПБИЕВА: «Бізге 19-шы аптада дәрігерлер осы синдромды қойды. Бізді Басеноваға жіберді. Басеноваға келдік. Дәрігерлер диагнозды растады. Сосын бізді операцияға жіберді, келісесіздер ма? деп. Басында біз қорықтық ол не операция екен деп. Сосын келістік 21 аптасында операция жасады, ота сәтті өтті. Басеводағы барлық ақ халатты абзал жандарға алғыс білдіргіміз келеді. Қыздарымыз аман-есен дүниеге келді. Сондай-ақ «Аяла» қорына алғысымызды білдіргіміз келеді.»
Енді қазақстандық әйелдер әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары технологиялы көмекті алып, дүниеге дені сау бала әкелу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Аталған жоба озық медициналық технологияларға қолжетімділікті ұлғайтуға және Қазақстандағы жүкті әйелдердің босанар алдындағы көмек деңгейін жақсартуға бағытталған, ол болашақ аналарға баласын аман алып қалуға мүмкіндік береді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 357 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/l2ICj5Aejk8?si=h0wB90DfTVx3BQyL"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 325 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/zB1R1wDZA90?si=tVZ7Wrj-vJuidefv"
46 кеншінің өмірін жалмаған апат бойынша Қарағанды прокурорлары бүгін алдын-ала тыңдауды бастады. 2023 жылы 28 қазанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылыс орын алған еді. Осы аталған іске қатысты қылмыстық іс төрт айдай тергелді. Енді сот отырысы басталады деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
ӘДІЛ САДЫҚОВ МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ: «2023 жылғы 28 қазанда жер астындағы тазарту кен қазбаларында орын алған қайғылы оқиға салдарынан 46 кенші қаза тауып, тағы 28 адам жарақат алған болатын. Қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп, оның қорытындысы бойынша шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарынан 10 адам сот алдында жауап беруде. Барлығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша айып тағылды. Айыпталушылар қамауда отыр. Бұл іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды.Қылмыстық істі қарау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты «№61 мекеме» ғимаратында өтеді».
Сондай-ақ бүгін «Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындысы да шықты. Оны үкімет жанынан арнайы құрылған комиссия жариялады. Қорытындыға сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша айтарлықтай ереже бұзушылықтар анықталған. Жауапты тұлғалар тобы да белгілі болды делінген комиссия таратқан ақпаратта. Айта кетсек, 17 ақпан күні Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлап, жеті қызметкер қаза тапқан болатын.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 325 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/-fJgdpbM3Ho?si=MGQV2BgyrzAcRxlv"
Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Тілтанымдық мектептер: академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаев» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Шараға жиналғандар ғалымның өмір жолы мен ғылымға қосқан өлшеусіз үлесін сөз етті.
АНАР ФАЗЫЛЖАН А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Бүгінгі іс-шара атақты ғалым Сарыбаевтар әулетінен шыққан жарық жұлдыз, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академиг Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың 100 жылдық мерей тойына арналған конференция, халықаралық іс-шара. Биылғы жыл тілтанушылар үшін, жалпы қазақ ғылымы үшін атаулы жыл. Өйткені біздің академик Шора ағайымыздың 100 жылдық мерей тойы аталып жатыр.Сол себепті институтымыз бұл мерейтойды бір жылдың көлемінде атқарады.Шора ағайымыз көзінің тірісінде қазақ диалектілерін түгендеп, диалектологиялық қорын жасап, тұңғыш диалектологиялық іргелі сөздіктерді әсірлеп кеткен ғалым еді. Биылғы жылы Тіл білімі институты үлкен халықаралық конгресс өткізеді, ол конгресс те Шора шамғалиұлы Сарыбаевтың 100 жылдығына арналады».
Академик Шора Сарыбаевтың сан қырлы қасиетін бір сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ол музыканы, ән өнерін, спортты сүйді. Оның жинаған коллекциясы мазмұнымен, тағылымдық үлгісімен жан баурады. Ғылымға, әдебиетке, тарихқа, мәдениетке, спортқа қатысты дүниелер ғажайып әсерге бөлейді. Тіл ғылымында өшпестей із қалдырған академиктің әр шығармасы келер ұрпаққа өшпес мұра, өнеге болары сөзсіз.
Тағы басқа мақалалар...
24 ішінен 237 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.