
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 329 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/5jeLm5_w2DE?si=Qo1K7Xq-Zd00HO2r"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 411 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/theXS4jMBWQ?si=KnKFLstCPBOdm1gK"
Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза болды. Қайғылы оқиға, Алматы-Бішкек тас жолының 102-ші шақырымында орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
ӘБДІНҰР ТАСЫБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД ЖПҚБ БАСШЫСЫ «Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан оқиға орнында үш адам қаз тапты. Құрметі Алматыоблысының тұрындары мен қонақары сіздерді екі бағыты, бір жолақты жолдарда жүру кезінде басып оз қағидаларын және жол ережесін қатаң сақауға шақырамыз».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 352 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7zkbgDJM4NU?si=l0IokH_Lh8n7VgTT"
Елорданың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз ету үші ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде 700-ден астам ұландық алғаш рет жауынгерлік қызметке кірісті. Енді олар бас қаланың көшелерінде патрульдік қызмет атқарып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеспек.
Қызметке кіріспес бұрын жас сарбаздар бір айлық әскери дайындықтан өтіп, әскери тәртіптің негіздерін меңгерді. Қалалық ортада қызмет етудің ерекшеліктерімен танысты және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуді үйренді. Азаматтармен қарым-қатынас жасау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
ДОСЖАН САХАРИЕВ БАТАЛЬОННЫҢ ШТАБ БАСТЫҒЫ: «Жауынгерлік қызметті атқару үшін бізге жыл сайын екі шақырылым мерзімді әскерге жауынерлер келеді. Әскеге келген әскери қызметшілермен 40 күндей көлемінде алғашқы әскери дайындық жүргізіледі. Оқу көлемі аяқталғанғаи дейін он төрт күн көлемінде жауынгерлік қызыметке енгізу бағдарламысы бойынша оқытылады. Яни жауынгерлік енгізу бағдарламасы үш кезеңнен тұрады Бірінші, екінші кезеңде жеке құрамда дайындық ботын болса, үшіншіде практикалық яғни тәлімгерліктен өткіземіз. Бұдан кейін олар сынақ тапсырады, сынатан өте жақсы баға алған жауынерлер өздігінен қызме атқару үшін жберіледі.»
Жас сарбаздар шынайы жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығулардан өтіп, жедел әрі батыл шешім қабылдау дағдыларын шыңдады. Негізгі мақсат – тек жедел әрекет ету ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу және елордада тұрақты жағдайды сақтау. Қазіргі уақытта құқықтық тәртіп әскерлерінің рөлі арта түсуде, өз кезегінде жас сарбаздар да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға дайын. Ұлттық ұлан жауынгерлері заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, өз қызметін абыроймен атқаруды жалғастырып келеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 419 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/YDuLm2_DxtA?si=df3Z59civ0eP0NI1"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 370 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/hKzI0_lJTgc?si=A_9SIinghxUkJvSM"
Бүгінде интернет алаяқтықтың ауқымы кеңейіп, әр түрлі интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, бәзбіреулердің арбауына түскендер саны күн санап өсуде. Осыған орай полиция қызметкерлері тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үн-парақтар таратуда.
Қызылорда облысының көлемінде интернет-алаяқтық қылмыстарының артуына байланысты өңірдің ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қала ішіндегі халық көп шоғырланған сауда орталықтарына барып, арнайы жадынама парақтарын тарату арқылы тұрғындарға ескерту жұмыстарын жүргізді. Сондай - ақ, кинотеатрларда,жарнамалық LED экрандарда арнайы бейнероликтер көрсетілуде. Құрметті облыс тұрғындары! Полиция қызметкерлері ешқашан телефон арқылы арнайы іс-шаралар мен тергеу әрекеттерін жүргізбейді. Сонымен қатар, банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыздың деректемелерін сұрамайтынын, сондай-ақ телефоныңызға келетін кіру кодтарын айтуды талап етпейтінін есте сақтаңыз. Мұндай жағдайларда телефон арқылы сөйлесуді тоқтатып, банк картасында немесе банктің сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалу керек. Осыған орай банк қызметкерлері картаңыздың ақпаратын немесе жеке ақпаратыңызды ешкіммен бөліспеу керектігін ескертеді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 409 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/9w2zYl-9eh0?si=MI6M0mtbehI1Xg4R"
2025 жылдың 1-2 ақпан күндері Қарасай ауданының №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында ашық дәстүрлі «KASKELEN CUP-2025» Республикалық турнирі өтті. Шара жайлы толығырақ тарқатсақ.
Еліміздің тоғыз өңірінен,көрші Қырғыз елінен 300 ге жуық спортшы қатысқан турнир осымен оныншы мәрте өзінің жалауын желбіретті. Болашақ ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, Салауатты өмір салтын насихаттау,қалалар арасында байланысты нығайту,спортшылардың шеберлігін көтеру мақсатында өткен жарыстың Ұлттық Республикалық киокушинкай -кан каратэ федерациясы Алматы облыстық филиалының президенті Бауыржан Бақтыбайұлы салтанатты түрде тұсауын кесіп,жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
БАУЫРЖАН БАҚТЫБАЙҰЛЫ ҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Айтулы шара Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен және Алматы облысының спортты және дене шынықтыруды дамыту орталығы мен Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен жүзеге асқан.
ДӘУЛЕТ ЖАРАСБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Бүгін сегіз облыстан,Қырғызстаннан спортсмендер келіп жатыр. Бүгінгі Қаскелең кап деген турниріның бірінші жоспары есірткіге қарсы деген жоспар. Соған байланысты балаларды жинап осы керемет турнир өтіп жатыр. 48 номинация бойынша медальдар таратылады. Балалар өте қуанышты жүзбен келген. Екі күн болып жатыр кеше және бүгін. Барлық жастарға,спортсмендерге сәттілік тілеймін. Алыс жерлерден келіп жатыр олар».
44 салмақ және 7 жас санатында «Кумите» ережесі бойынша өткен Республикалық турнирде әлем чемпиондары,азия чемпиондары да бақтарын сынады. Жастарды есірткіден қорғау,денсаулықтарын нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараны халықаралық деңгейге көтеру басты мақсат.
БЕКЖАН БАТЫРБЕКҰЛЫ ҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Аталмыш жарысқа Азия чемпиондары, әлем чемпиондары да бақтарын сынап жатыр. Жыл сайын дәстүрге айналған турнирдің де жыл санап ауқымы кеңеюде».
АНУАР МАҚСҰТҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ
Екі күнге жалғасқан «KASKELEN CUP-2025» республикалық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы тағайындалған кубок, медаль, дипломдармен марапатталды. Ел ертеңі жастардың салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің көк туын биікке желбіретер нағыз патриот тұлға болып қалыптасуына бүгінгі шараның берері мол.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 430 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/6HhOWDhj054?si=Vdniovwuog6nujgA"
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде EdUHK -Қазақстан білім академиясының және озық тәжірибе орталықтары ашылды. Бұл іс-шара Гонконг білім академиясының, Абай атындағы ҚазҰПУ мен Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде Академиялық ортаны жақсартуға және жаһандық білім беру практикасын дамытуға бағытталған.
Академияның қызметі білім беру саласындағы инновациялық зерттеулер мен идеялармен алмасуды ілгерілетуге бағытталан. Сондай-ақ Қазақстан мен жалпы Орталық Азиядағы білім беру жүйелерін жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазақстандық білім беру академиясының ашылуы халықаралық білім мен тәжірибе алмасуға, озық технологияларды оқу үдерісіне енгізуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
БОЛАТ ТІЛЕП АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Академияның негізгі бағыты педагок, мұғалім мамандығын даярлаумен айналысып келе жатқан өте білікті жоғарғы деңгейдегі ЖОО болып табылады. Осы жұмыс бұдан 6 ай бұрын басталған жұмыс. Біз соның нәтижесіне күә болып отырмыз. Яғни қазіргі таңда Абай атындағы университетінің қабырғасында қазақ- гонконг академиялық орталық ашылып отыр. Бұл жерде Қазақ ұлттық педагокиалық университетінің негізінде Гонконгтық әріптестерімізбен бірге жалпы инклюзивті білім беру бағытындағы ғылыми жетістіктермен басқада академиялық жетістіктермен бөлісетін боламыз. Яғни бұл жерде барлық форматтағы жұмыстар бар, қос дипломдық оқыту жалпы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша, оқытушылар алмасу бойынша дегендей. Бұл орталықтың қазіргі таңда маңызды бір бөлігі. Оқыту барысында жасанды интеллекті қолдану мүмкіндігі. Қазіргі таңда бұл бағыта біз жұмыс бастап жатырмыз».
Гонконг білім беру университетінен және еліміздің өзге өңірлеріндегі жоғары оқу орындарынан келген қонақтар Абай университеті жанынан ашылған «Инклюзивті білім беру және білім берудегі жасанды интеллект» орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық алдағы уақытта білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізуге және оқыту сапасын жақсартуға ықпалын тигізетін болады. Жаңа білім беру нысаны педагогика және білім беру саласында озық зерттеулер жүргізетін орынға айналады деген жоспар бар. Заманауи технологиялар мен тәсілдерді үйрету арқылы педагогтартарды даярлау бағытында да жұмыс жасайтын болады.
ДЖОН ЛИ ЧИ-КИН EDUHK ПРЕЗИДЕНТІ, ПРОФЕССОР «Біз Гонконг білім беру университетінен келіп тұрмыз. Академияны ашып, педагоктар білім беру орталығының бой көтергеніне қуаныштымыз. ҚР Ғылым және жоғарғы білім министірі Саясат Нұрбекке ерекше алғыс білдіргіміз келеді бізге осындай мүмкіндік сыйлаған. Бұл академияда конференциялар, семинарлар мен қызықты тренингтер ұйымдастыратын боламыз. Біздің ойымызша, академия Қазақстандық педагоктардың біліктілігін шыңдап қана қоймай Орталық Азия елдерінің педагоктарының білімін арттырады.»
Инклюзивті білім беретін инновациялық орталық еліміздің жоғары оқу орындары мен педагогикалық қоғамдастығы үшін үлгі болмақ. Қазақстанды Орталық Азияның білім беру ордасы ретінде танытуға септігін тигібек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 375 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/56Y1nBTOTIY?si=oReUPxgk-u-KPBt-"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 442 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/qdbh9EQYowI?si=R0jzAwZ_6NUkFPMJ"
Бүгін Маңғыстау облыстық сотында Алина Серікованың өліміне қатысты апелляциялық үкім жарияланды. Естеріңізде болса, былтыр 14-ші мамырда жұмыстан қайтып келе жатқан бойжеткенді 5 жігіттің бірнеше сағат бойы күштеп ұстағаны мәлім болған еді. Бұзақылардың бірі қызды көлік ішінде зорлап, арам ойын іске асырған. Кейіннен қорқытып, Серікованың атына 2 млн теңге несие де рәсімдеткен еді. Көрген қорлығына шыдай алмаған Алина 9-шы қабаттан құлап, ажал құшқан. Бүгінгі процессте сот шешімімен, айыпталушылардың бірі өмір бойына бас бостандығынан айырылса, қалғандары 13 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімде жаза арқалады. Сонымен қатар, сот үкімімен айыпталушылар жәбірленуші тарапқа 19 миллион теңге көлемінде материалдық және 30 миллион теңге моральдық шығын өтемақысын төлеуге міндеттелді.
НҰРСАПА ПІРІМАШЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Аппеляциялық сот алқасы үкім етті. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылы 19 желтоқсандағы Сейітқалиев Нұргелді Мұратұлына, Аманқос Еркебұлан Талғатұлына, Аралбай Мерей Асанұлына, Үсенғалиев Жалғас Қуанышұлына, Құлбас Дархан Төлегенұлына қатысты үкімінің күші жойылсын. Іс бойынша жаңа айыптау үкімі шығарылсын. Жазаларды толық қосу жолымен Сейітқалиевтіің түпкілікті өтеуіне өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 368 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/j6R8hWkn_9s?si=eU0le6R-ib6yBRRH"
"Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы ауысты. Қордың жаңа төрағасы болып Ләззат Шыңғысбаева тағайындалды. Қордың баспасөз қызметі мәліметінше, Болат Жәмішев басқарған уақытта "Қазақстан халқына" қоры "қордың қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан". Қор 100 ден астам қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болып, олардың 62-ін қазірдің өзінде жүзеге асырған.
Қор Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккен 627 отбасының үй құрылысын қаржыландырған. Айта кетейік Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорына 2022 жылы құрылғаннан сәттен бастап төрағалық етті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 402 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Af472eBKssY?si=Nh8VaNgGTzN1Bavv"
«Еуропада етікпен су кешкендер». Осындай атаумен Астананың әскери музейінде көрме ашылды. Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан қатысқан жауынгерлерге арналған. Көрмеге партизан жасақтары құрамында соғысқан қазақ жауынгерлерінің жеке заттары, құжаттары мен фотосуреттері қойылған. Жәдігерлер қатарында Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы американдық радио таратқышы, трофейлік далалық телефон және телеграф кілті бар. Одан өзге бірінші кеңестік партизандық полк құрамында Францияның оңтүстігін азат ету үшін шайқастарға қатысқан Әбибулла Қойшыбаевтың куәлігінің көшірмесі қойылған.
ДӘУЛЕТ ҚАДЫРОВ ҚР ҚК ҰӘПО БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бүгінгі көрмеге арнайы Франция елінде партизан отрядтарының командирі болғандардың да ұрпақтары келіп отыр. Біз үшін ол үлкен мәртебе, құрмет. Негізгі мақсаты – батырлардың есімін ұлықтау. ЖОО студенттері, Астана қаласындағы мектеп оқушылары келіп отыр. Олар өздеріне керекті алып кетті деген ойдамыз. Патриоттық сезімдерін оятуға сеп болды бұл іс-шара».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 352 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/euyKR9hg4_4?si=61ME92mSo85MfbjR"
Тағы басқа мақалалар...
30 ішінен 237 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.