ЖАҢАЛЫҚТАР

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті халыққа ескерту жасады. Онда жұма күні, 15 наурызда таңертен және түнде *ҚАР, ЖАУЫН - ШАШЫН , ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ күтілетіні айтылған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Сондай-ақ, төтеншеліктер жауын-шашын туралы дауыл туралы ескерту негізінде автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да бекітілмеген құрылымдардың астына автокөліктерді қоймауға кеңес береді.
Ал жаяу жүргіншілерге мынадай ұсыныстар қалдырып отыр:
- есіңізде болсын , қар мен көктайғақ кезінде жүргізушінің көлікті жүргізу кезінде зейіні төмендеп, жолға мұқият қарай алмай, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;
- көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
- абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз.;
- әрқашан алдыңызда аяқтың астына қараңыз;
- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
- қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
– есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып табылады.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың жаңа тетігі жүзеге асады. Себебі есепке заңсыз қою жағдайлары жиілеп кеткен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бүгінде қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында төлемдердің дұрыс жүргізілгенін тексеру мақсатында жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру жүргізілуде. ҚМА бастамасымен алдын алу жұмыстары аясында Агенттік, Цифрлық даму министрлігі және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.
Тараптар жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою жағдайларының жиілеп кету фактілерінің алдын алу шараларын талқылады.
Кездесу барысында бүгінгі таңда алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталғаны атап өтілді.
ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мұндай кездесулер алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға қарсы тұрудың бірлескен тетіктерін әзірлеу мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті.
“Қылмыстық жауапкершілік шаралары ғана мәселені шеше алмайды. Болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық мүдделі тараптарды тыңдау қажет. Біздің басты міндетіміз – алдын алу шараларын жүргізу”, — деді Бижанов.
Цифрландыру Вице-министрі Асқар Жанбакин өз кезегінде ақпараттық жүйелердің толық интеграциясы жүргізілгенін хабарлады, бұл VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректерді автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік береді. Жүйені жаңарту ХҚКО қызметкерлерінің автокөлік туралы деректерді “қолмен” енгізудің жолын кеседі.
Атап айтқанда, 2023 жылдың тамыз айынан бастап ҚМА 23 қылмыстық іс тіркелді, аталған істер бойынша 3 мыңға жуық автокөлік өтуде. Мемлекетке келтірілген залал 14 млрд теңгеден асты.
Тараптар осындай құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың өзекті тетіктерін әзірлеу үшін осы бағытта одан әрі бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаласты.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Бүгін барша мұсылмандар үшін он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айы басталды. Рамазан айында мұсылман жамағаты бір ай бойы ораза тұтады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Барша мұсылман осы берекелі айды асыға күтеді. Бұл айда адамдар сауапты іске, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға, үлкендердің батасы мен алғысын алуға ұмтылады. Себебі Рамазан – тәрбие мен тағылым, мейірім мен кешірім айы. Осы айда мың айдан да қайырлы Қадір түні келеді.
Биыл Рамазан 11 наурызда басталып, 9 сәуірде аяқталады. Ораза айт мерекесі 10 наурызда болады. Ал сәуір айының 5-нен 6-сына қараған түн барша мұсылмандар Қадір түні қарсы алады.
Биыл пітір садақасының мөлшері 640 теңге болып бекітілді. Оның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде түрлі салада жұмыс істейтін әйелдер саны нақтыланды. Статистика бюросы дерегіне сүйенсек, жұмыспен қамтылған халықтың 48,3 пайызы қыз-келіншектер екен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, республикада түрлі салаларда 4 370 715 әйел жұмыс істейді. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3%-ы.
Олардың қатарында 3,4 миллион әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел өзін-өзі жұмыспен қамтыған.
Салалар бөлінісінде көрсеткіш мынадай: Яғни, әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді екен. Бұл барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 20%-ы. Ал көтерме және бөлшек саудада – 19,6%, ауыл шаруашылығында – 9,7%,денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6% және өнеркәсіпте – 7,8%.
Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстандықтар өткен жылы қанша гүл елге импорттағаны белгілі болды. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылы елімізге 149,8 миллион дана гүл жеткізіліпті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ең көп сұранысқа ие болғаны раушан гүлдері. Өткен жылы елімізге 40,2 млн долларға 112 млн дана көлемінде әкелінген. Ал жалпы 2023 жылы Қазақстан 61,1 млн долларға 149,8 млн дана көлемінде гүл импорттапты. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артық.
Сауда және интеграция министрлігі мәліметіне сүйенсек, импорттың ең үлкен көлемі Эквадорға тиесілі. Қазақстан аталмыш мемлекеттен 37,5 млн долларға гүл сатып алған. 2023 жылы Нидерландыдан жеткізілімдер 13,1 млн долларды, Кениядан 4,8 млн долларды, Колумбиядан - 3,4 млн долларды құрап отыр.
Сонымен қатар, хризантема 7,6 млн долларға 15,8 млн дана көлемінде сатып алынды. Лилияның импорттық жеткізілімі 3,3 млн данадан сәл ғана асып түсіп, 1,5 млн долларға жуықтады. 6 млн данадан астам қалампыр 1,2 млн долларға жеткізілген. 210,2 мың долларға 116,6 мың дана орхидея әкелініп отыр.

- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Әйелдер боксында енді шлем қолданылмайды. Алдағы уақытта нәзік жанды спортшылар да ерлер сияқты шаршы алаңға шлемсіз шығады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, аталған шешім халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) Сочиде өткен директорлар кеңесінің отырысында қабылданған. IBA әзірге бұл шешімге өту үшін үш кезең қарастырған.
Атап айтсақ, әйелдер арасындағы жекпе-жектерде шлемге тыйым салу маусым айынан соң күшіне енбек. Негізі бұл талап бір жыл бұрын талқылана бастаған екен.
Сонымен қатар Сочиде өткен директорлар кеңесінің отырысында Белград 2025 жылы әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болғаны ресми түрде жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ташкентте өткен Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) директорлар кеңесінің ресми отырысында 2024 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Астанада өтетіні туралы шешім қабылданған болатын.
Тағы басқа мақалалар...
30 ішінен 67 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.