ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанға бір жыл ішінде шетелдік хакерлер 223 миллионнан аса кибершабуыл жасаған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ондағы дерекке сүйенсек, елімізге жасалған кибершабуылдардың дені Украина, АҚШ, Польша, Ресей және Қытайдан тіркелген. Атап айтқанда, Украинаның инфрақұрылымын пайдалану арқылы шабуыл жасау шілдеде болған және барлық шабуылдар (95%) Zyxcel жабдықтарын пайдалану әрекеттерімен байланысты.
Шетелдік хакерлер интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі клиенттерін қорғауда бар күшін салды. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі – интернетке кірген кезде телекоммуникациялық желілерді қорғауды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен.
Елімізге сырттан кибершабуылдар жергілікті атқарушы (133,5 млн әрекет) және мемлекеттік органдарға (47,7 млн), сонымен қоса квазимемлекеттік сектор (27 млн), байланыс операторы (19,9 млн) және жеке компанияларға (2,9 млн) жасалған.
Мемлекеттік секторға бағытталған шабуылдардың үлесі – 62%. Шабуылдардың көпшілігі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде, атап айтқанда СҚО, Ақмола облысы, Қостанай облысында тіркелді.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Биыл Ұлттық Бірыңғай тестілеу өзгеріссіз қалады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министр Саясат Нұрбек өзінің Тelegram-арнасында осындай хабарлама таратты.
“Сіздер үшін ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатындығын қуана хабарлаймын. Тестілеуде сіздер тек екі пән тапсырасыздар: Қазақстан тарихы (20 тапсырма, шекті балл – 5) және Оқу сауаттылығы (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді, - дейді министр.
Сонымен қатар, ол бұл шешім талапкерлердің қалауы мен бейінді ведомстволардың сараптамалық пікірі негізінде қабылданғанына тоқталған.
“Қорытындылай келе, өткен жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткенін еске саламын. Егер ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі (қаңтар, наурыз, тамыз) бар екенін ескеретін болсақ, онда 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады”, - деп қорытындылаған жазбасын.
ХХХХХ
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Алматы облысында жаңа Алатау қаласы құрылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ондағы дерекке сүйенсек, қала халқының саны 52,7 мың адамды құрайды. Ал қаланың жалпы ауданы – 88 мың гектар.
ҚР Президентінің тапсырмасын іске асыру аясында Ұлттық экономика министрлігі Алатау қаласын құру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының («Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы») Жоспарын әзірледі.
Жоспарға сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп экономикалық есептерді, жаңа қаланың схемалық картасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ халықпен жиын өткізіліп, соның негізінде Алматы облысы мен Іле, Талғар аудандары және Қонаев қаласы мәслихаттарының шешімдері қабылданды.
Жаңа қаланы құру жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін модернизациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестицияларды, технологияларды, қосымша қаржы ағындарын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, Үкімет АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін кеңейту мен G4 City АЭА-ны Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешімді мақұлдады. Осылайша, Алатау қаласының барлық аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі АЭА аумағына жатқызылады.
Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің басым түрлері бойынша ЭҚЖЖ-ның (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) 17 атауы негізінде 110 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 12,5 трлн теңгеге 170-тен астам жобаны орналастыру көзделіп отыр.
Болжамды деректерге сәйкес, АЭА объектілері жобалық қуатына шыққаннан кейін бүкіл кезеңдегі бағаланған жиынтық үлесі 47,3 трлн теңгені, оның ішінде мультипликативтік әсері 17 трлн теңгені құрайды. Айта кетерлігі, мемлекеттік инвестицияның әрбір 1 теңгесіне 3,8 теңге жеке инвестиция тартылатын болады.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде биыл көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Закон.кз-тің жазуынша жәрдемақы мөлшері бала туған кезде берілетін жәрдемақылар Әлеуметтік кодекстің 80-ші бабында айқындалады және ол айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленеді.
"2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сай, 1 АЕК - 3 мың 692 теңге болып белгіленген. Алғашқы 3 баласын туғандарға 38 АЕК – яғни 140 296 теңге жәрдемақы тағайындалды. 4-ші және одан да көп бала туғандарға 63 АЕК көлемінде бірретік жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар егер егіз немесе үшем туған болса, жәрдемақы баланың әрқайсысына жеке тағайындалады.
Бұл – бір реттік жәрдемақы мөлшері. Көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы да көбейген.
Әлеуметтік кодекстің 91-бабына сай, оның мөлшері мынадай: 4 балаға шамамен 59183 теңге, ал 5 балаға шамамен 74 мың, егер отбасында 8 немесе одан да көп болса, әр балаға 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді.
Егер отбасында 8 және одан да көп бала болса, әр балаға 4 АЕК, яғни 8 балаға 32 АЕК (118 144 теңге).
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
2024 - тарихтағы ең ыстық жыл болмақ. Ғалымдар тіпті аптап барлық рекордты бұзу мүмкін екенін алға тартуда, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Закон.кз-тің жазуынша, 2023 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болған. Десе де биыл бұл рекорд бұзылуы мүмкін.
"Температураның жоғарылауы Эль-Ниньо құбылысымен байланысты болады. Бұл экваторлық Тынық мұхитындағы судың беткі қабатының температурасының ауытқуымен байланысты жылыну", - дейді ғалымдар.
2023 жылы Эль-Ниньо зардаптарының бірі Орталық Америкадағы құрғақ ауа райы болды, бұл Панама каналын, Гатунды қоректендіретін негізгі көлдің құрғауына әкелген. Соның салдарынан арнадағы судың деңгейі төмендеп, өткізу қабілеті айтарлықтай төмендепті.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым жетекшісі Петтери Таалас 2024 жыл бұрынғыдан да "жылырақ" болатынын, әрі құрғақшылық немесе су тасқыны сияқты төтенше оқиғалардың көбейетінін де болжап отыр.
Дүние жүзіндегі температураның бұлайша көтерілуі ғалымдардың бірнеше жылдар бойы ескертіп келе жатқан қайтымсыз климаттық өзгерістерге қауіпті түрде жақындатады. Одан әрі жылыну - дауыл, құрғақшылық, су тасқыны және орман өрттері сияқты экстремалды ауа райы оқиғаларына әкелмек.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Соңғы күндері коронавирус індетінің қайта күш алуы әлемді алаңдатып отыр. Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі елімізде бетперде тағу мәселесіне жауап берді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министр Ажар Ғинаяттың айтуынша, елде індетті жұқтыру жағдайға бақылауда. Көбіне бұл вирустың шырмауына қарттар түсіп жатқан көрінеді. Одан бөлек созылмалы ауруы бар науқастар, әсіресе тыныс алу және жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққандарға да оңайға соқпайтың көрінеді.
"Біз маска тағуды ұсынамыз. ЖРВИ маусымы қалай басталады, яғни қазан-мамыр айлары аралығында бас санитарлық дәрігердің қаулысымен маска кию ұсынылады. Сонымен қатар медициналық ұйымдарда да маска режимі енгізіледі. Маскаға қатысты тағы бір нақтылағым келеді, біз тек ұсынамыз", - дейді министр.
Сондай-ақ, ол осы орайда жоғарыдағы азаматтарға ревакцинациядан өтуді ұсынды. Әрі өткен жылы 350 мың азамат COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алғанын да айта кетті.
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусының қайта күш алғанын мәлімдеп, халықты бетперде киюге шақырғанын жазған едік.
Тағы басқа мақалалар...
31 ішінен 58 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.