ЖАҢАЛЫҚТАР
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусының қайта күш алғанын мәлімдеп, халықты бетперде киюге шақырды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
COVID-19 күшейді деп дабыл қаққан ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус көптеген елде бірнеше апта ішінде сырқаттар санының артуына байланысты барлығын бетперде киюге және COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды.
"COVID-19, тұмау және басқа қоздырғыштар тудыратын респираторлық аурулар саны бірнеше апта ішінде көптеген елде өсті және бұл мерекелерден кейін де артуы мүмкін деген болжам бар", - деп жазды Тедрос әлеуметтік парақшасында.
Осыған байланысты ол барлығын COVID-19-ке тест тапсыруға және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырған. Әрі барынша жұқпалы аурудан сақтану үшін маска киіп, қашықтықты сақтауға үндеп отыр.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Соңғы күндері такси жүргізушілерінің қолма-қол ақша талап етуі мәселесі жиі айтыла бастады. Осы орайда Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер комитеті өзекті жайтқа жауап берді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматының Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері өзекті мәселелерге жауап берді. Ол қатарда такси қызметкерлерінің төлемді аударыммен қабылдаудан бас тартып, қолма-қол ақша талап еткен мәселесі де бар. Департаменттің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Айжан Бекеева мұндай әрекеттер заңсыз екенін алға тартты.
«Егер адам такси қызметін көрсетсе, онда ол тиісінше жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. Сіз такси агрегаторлары арқылы, арнайы қосымшаларда тіркеле аласыз. Оның өз пайыздары бар. Сіз e-Salyq Business немесе Яндекс таксиде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, басқа әлеуметтік төлемдермен бірге ай сайын 1 пайыз төлей аласыз. Қазір салық міндеттемелерін орындау жеңілдетілді. Есеп беруді тапсыру да жеңілдетілген. QR-кодтарды орналастыру да қиындық туғызбайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады. Біз бұған дейін айтқанымыздай, салық режимдерін қолданудың арнайы түрлері бар. Такси жүргізушілері үшін салық жүктемесінің пайызы небәрі 1 пайыз болатын режим өте ыңғайлы. Яғни, адам бір ай бойы такси болып жүріп, 100 мың теңге тапса, оның 1 пайыз салығы – 1000 теңге. Оған қоса оның әлеуметтік төлемдері. Сонымен, бұл қосымша не үшін ыңғайлы? Кассалық машина қазірдің өзінде орнатылған. Ай сайынғы қызметті сатып алу, төлеу қажеттілігі жоғалады. Яғни, ол такси қызметін көрсете алады, чекті электронды форматта жазып, оны клиентке жібере алады», – деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, мамандар қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері болған жағдайда Мемлекеттік кіріс органдарына хабарлау қажет екенін еске салды.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде 1 қаңтардан бастап “Ұлттық қор - балаларға” жобасы ресми түрде іске қосылды. Енді осы айдың 15-не дейін тізім жасалынбақ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Жоба аясында ел азаматы саналатын әр балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы есептеліп бөлінеді. Әрі ол сома әр бала есепшотына теңдей аударылып отырады. Тек 18 жасқа толған кезде ғана жинақ қаражатын өз мақсатына пайдалануға болады.
Закон.кз-тің жазуынша, бағдарламаны жүзеге асыру мынадай кезеңдерден тұрады. Яғни 2023 жылдың қазан айында БЖЗҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісі туралы ақпарат алған.
2024 жылғы 15 қаңтар
БЖЗҚ 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алынған ақпарат негізінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін қалыптастырады.
2024 жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей
БЖЗҚ 2023 жылғы есепті жылға бір балаға шаққандағы мақсатты талаптардың сомасын есептеп, ақпараттық жүйеге енгізеді.
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап
БЖЗҚ 2024 жылы 18 жасқа толған және толатын мақсатты жинақтарды алушылар үшін нысаналы жинақ шоттарын ашады.
Ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға (Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікті сатып алуға болады) немесе білім алуға (Қазақстан Республикасында да, одан тыс жерлерде де) пайдалануға болатынын айта кеткен жөн.
Десе де балалар есепшотына бірдей қаржы жиналмайды. Жас ерекшелігі мен бағдарлама іске қосылған мерзімге байланысты әртүрлі болмақ. Яғни, болжам бойынша, 2024 жылы 18 жасқа толған балалар бағдарлама аясында шамамен $160 ала алады. Сол секілді өзге балаларға да жас ерекшелігіне қарай 18-ге толғанда белгілі мөлшерде қаражат түседі. Ал 2023 жылы туылғандар есепшотына кәмелеттік жасқа толғанда шамамен 3,5-4 мың доллар жиналады.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде алтын мен күмістің қанша тонна қоры бары белгілі болды. Мұндай мәліметті Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі айтты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомство агенттің сауалына елімізде барланған алтын мен күміс қорына қатысты мынадай ақпар ұсынған.
"Пайдалы қазбалардың мемлекеттік есебінің 2023 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметіне сәйкес алтын қоры — 1,4 мың тонна, күміс қоры — 29,1 мың тонна", — делінген жауапта.
Министрлік мәліметінше, өткен жылы 9 айда уәкілетті ұйым бағалы металдар мен асыл тастан жасалған зергерлік бұйымдарды өндіретін 199 заңды және жеке тұлғаны тіркеген.
"Оның ішінде елімізде өндірілген алтын мен күмістен зергерлік бұйым жасайтын негізгі кәсіпорындар мыналар: "Қазақювелир" АҚ, "ЮП Жемчужина" ЖШС, "Алматинский ювелирный завод" АҚ, "Aisafi" АҚ, "Diamond Exclusive" АҚ, "Адамант Сервис" АҚ, "Зергер Плюс" ЖШС, "Kazyna Gold Jewelry" ЖШС, "KY Factory" ЖШС, "Senat Gold" ЖШС, "SILVER PRICE" ЖСШ, "ЮФ Тенгри Голд" ЖШС, "ADAMI" ЖК, "Т.Р.З.К." ЖК және "Кристалл-L" ЖК", — деп атап өтеді миинстрлікте.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген ақпаратта.
Ол 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастады. 2012 жылы Қарағанды облысының Салық басқармасының жетекші маманы болып жұмыс істеді.
201-2013 жылдары Қарағанды облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы, 2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті Баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы, 2016-2021 жылдары — ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы, 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Президентінің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.
- Толығырық
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі ең төменгі жалақы мөлшері өсті. Бұған дейін 70 000 теңге көлемінде болатын, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Енді Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 миллионға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі.
Бірінші кезекте ЕТЖ арттыру "жалақысы төмен" қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.
Тағы басқа мақалалар...
32 ішінен 58 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.