- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 81
https://www.youtube.com/embed/y1aoLvk1HOs?si=OaWHWSU9b3X0X_a1"
СҚО-да өткен жеті айда 231 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан, 21 адам қаза тауып, 315-і жарақат алған. Оқиғаның 130 дан астам фактісі жүргізушілер кінәсінен болған.
Мамандардың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі ереже сақтамау салдарынан болады. Жалпы өңірде жол ережесін бұзғаны үшін 41 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 6953-і белгіленген жылдамдықты асырса, 660 жүргізуші көлік тізгінінде мас күйде болған. Сонымен қатар, 19 мыңнан астам жол ережелерін өрескел бұзудың фактісі тіркелді.
ГРИГОРИЙ ТЫШ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Ел аумағында жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 26 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз, балалар! » акциясы өтіп жатыр. Осы іс-шара барысында патрульдік бағыттар білім беру ұйымдарына жақындатылады, әкімшілік полиция қызметкерлері жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелер орналасқан жерлерде жол желісінің және көлік қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарына тексеру жүргізеді.
Айта кетейік, өткен жеті айда балалардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан, 1 бала қаза тауып, 65-і жарақат алған. Сол себепті де, полицейлер жол ережелерін қатаң сақтап, абай болуға шақырады.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 100
https://www.youtube.com/embed/IqH3vssUchI?si=1i5l-qvRD63aywHK"
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл датаның айтулы белес екенін атап өтіп, сала қызметкерлерін құттықтады. Президент Қазақстанның мұнай өнеркәсібі өз тарихы мен дәстүрі бар сала екеніне тоқталып, оның қалыптасып, дамуына елімізге белгілі тұлғалар зор еңбек сіңіргенін жеткізді. Сонымен қатар мұнай мен газды еліміздің стратегиялық ресурсы әрі мемлекет экономикасының тірегі деп атады. Бұл ретте мұнайшылардың еңбегін жоғары бағалады.
АЛМАГҮЛ ҚОШҚАРОВА « МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ ЗЕРТХАНАШЫСЫ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 103
https://www.youtube.com/embed/GjOvL99pUJM?si=xq-6l4FB2GbPK2fM"
Премьер-Министр және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Олжас Бектенов депутаттарға Президенттің Жолдаулары мен 2023-2029 жылдарға арналған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде мәлімет берді. Жиын барысында Олжас Бектенов Үкіметтің отандық тауар өндірушілерін қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жоба жүзеге асырылуда, бұл 26 мың жұмыс орнын құруға және импортқа тәуелділікті 1,5 трлн теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу шеңберінде қазақстандық кәсіпорындармен жасалған келісімшарттардың саны 1,4 есеге артқан, ал олардың жалпы сомасы 40%-ға өскен.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 91
https://www.youtube.com/embed/F0WRg-3Chsk?si=i6X_x73Srx248I8h"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 86
https://www.youtube.com/embed/z-fhSGUg7HM?si=yai7lii_ZaVCgSCV"
Ақмола облысындағы Целиноград ауданының 4 ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін топтық су құбырын салу жобасы іске асырылуда. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауыз судың болмауы олардың күнделікті өмірін едәуір қиындатқан. Мердігер компания мамандары болса Талапкер, Төңкеріс, Қажымұқан және Арайлы ауылдарында тіршілік нәрі келесі жылы қолжетімді болатынын жеткізді.Жаңа су құбыры Астана-Астрахан тас жолының бойы арқылы өтеді. Жоба құны 11 млрд теңгеден асқан.
ҚУАНЫШ САДЫРБАЙ ҚҰРЫЛЫС ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫҢ БАСШЫСЫ: «Жобаны іске асыру былтыр басталды. Жобада 21 ұңғыма бұрғылау қарастырылған. Сүзгі станциясы бар су тазарту қондырғылары. Сонымен қатар бастапқы ұңғымаларды байланыстыратын құбыр төсемі. Бұл 28 шақырымдай, сонымен қатар 58 шақырымдай негізгі су құбыры. Бүгінге бастапқы су құбыры арқылы 9 шақырым құбыры тартылды. Негізгі су құбыры бойынша 21 шақырым. Келесі жылы су қоймаларының құрылысын бастау қарастырылған. Жобаны 2025 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарланған. Қазір нысанда 30 адамнан жасақталған үш бригада жұмыс істейді. Арнайы техникамен де қамтамасыз етілген».
Естеріңізге сала кетейік, Талапкер ауылында сумен жабдықтаудың таратушы желілерінің құрылысы бойынша нысан 2021 жылы пайдалануға берілген еді. Оның ұзындығы 170 шақырымнан асты. Су құбыры магистралін салуға 2 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 94
https://www.youtube.com/embed/VuAbB-ygaa0?si=5DmUEb5D7FjNsCvI"
Орал қаласына қарасты саяжайдың тұрғындары автобус аялдамасының қолайсыздығын айтып, наразылығын білдірді. Айтуларынша, аялдамаға жету үшін бірнеше шақырымды еңсеру қажет. Саяжай халқы неге кенеттен аялдаманы алып тастағанын білмей аң-таң.
Даудың басы жолдың шетіне сары жолақты салудан басталған. Саяжай тұрғындары содан бері автобустың тоқтамайтынына наразы. Жақын аялдамаға жету үшін жолдан өтуге тура келеді. Ал жүру бөлігінде жаяу жүргінші өткелі атымен жоқ. Салдарынан балалар жолды кесіп өтеміз деп мертігіп қала ма деп алаңдаулы.
ЗИБАШ ІЗБАСАРОВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ «Мына арадан үлкен кісінің өзі өте алмайды. Өте көп көлік жүреді. Аялдама осы арада болу керек деп есептейміз. Аялдама тек бұл жерде емес маңайдағы біраз елді мекенде жоқ. Ар жағында алабай ит жатыр. Ол адамды талап тасайды.»
СӘРСЕНБЕК САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ «Аялдама әрине болу керек. Ана бұрылыстан тастап жатыр. Балалар үшін алаңдайсың. Балаларды байқамай басып кетсе, содан кейін басталады. Жағдай болса жасай салсын, құдай да тыныш құдағай да тыныш болады»
АСЫЛАЙ АХМЕТОВА САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ «Біздер пешеходный переход сұраймыз. Жолдың ар жақ шетінен бер жағына өту қауіпті. Жүк көліктері күндіз түні жүріп жатады, тоқтамайды. Сол себептенде өзіміз үшін, балаларымыз үшін пешеходный переход және де остановка сұраймыз»
Жол жүру ережесі бойынша біртұтас сары жол таңбасына аялдауға тыйым салынады. Ал маршруттық көлік құралдары аялдама белгісімен белгіленген жерден тыс тоқтай алмайды. Мәселенің анық-қанығын білу үшін атқа мінерлерден жауап алдық.
АЛЬБЕРТ БЕКМУХАМБЕТОВ ҚАЛАЛЫҚ ТКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Бізге бірнеше мәрте өтініштер келіп түсті. Біз өз кезегімізде аялдама белгісі жоқ жерлерде белгі орнату жұмыстарын қолға алдық. Бір-екі күнде белгі толықтай орнатылады. Ал жаяу жүргінші өткеліне келер болсақ, бұл мәселе қаралуда. Бұйырса қыркүйек айында оптомаркет тұсында жаяу жүргінші өткелі салынады»
Жауапты мамандардың сөзінше, аялдама мен жол белгісі орнатылады. Тұрғындар сәл сабырлық танытса болғаны.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 91
https://www.youtube.com/embed/jROr1AEn590?si=8M6S-_L0MgLJKTlV"
Алматы мәслихатының кезекті сессиясында қала бюджеті қайта қаралып, үнемделген қаражат маңызды бағыттарға қайта бөлінді.
Алматыда үнемделген қаражат 54,9 млрд теңге. Аталған ақша қала тұрғындары үшін аса құнды және әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Мәселен, білім беру саласына қосымша 6,7 млрд теңгеге бөлінді.
ҚАНАТ СУХАМБЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде Ақбұлақ Саялы және Теректі шағын ауданындарында, Розыбақиев – Левитан көшесінде 5 600 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталуда. Жаңа оқу жылында аталған мекемелерді қамтамасыз ету үшін 1,1 млрд. теңге бөлу жоспарда. Сондай-ақ, құрылысы жүріп жатқан 2 мың орындық мектепке кіреберіс жол мен автомобиль тұрағын салу үшін 856 млн теңге қарастырылған», Аталған мектептер үшін қосымша 110 мың данадан астам оқу құралдарын сатып алуға, сондай-ақ 2017 жылғы 100 мыңнан астам ескі оқулықтарды ауыстыруға 225 млн теңге бөлінеді, бұл оқушыларды заманауи материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, көлік инфрақұрылымын қаржыландыруға 13,9 млрд теңге қарастырылған. Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығын іске қосу бірқатар көшелердің өткізу қабілетін орта есеппен 15-20%- ға арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті
САҒЫНДЫҚ ТЕЛІБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МОБИЛДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығына келер болсақ, он мен сол жақ сьездері толық аяқталды. Тротуарларды салу аяқталды. Қазір туннель жқмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда екі бағытта қарастырылған. Жолды ашайық деп отырмыз»
Жалпы 126 жер учаскесін сатып алу үшін 9 млрд теңге бөлінеді. Алынған учаскелер қолданыстағы көшелерді кеңейту және жаңа метро бекетін салуға қажет.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 80
https://www.youtube.com/embed/o3RD_fRS4LE?si=63r8kWJ69jglPEwB"
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Большая Малышка ауылындағы 324 үй көктемгі су тасқынынын зардап шеккен еді. 251 баспана жөндеуге жарамды,73 үй апатты деп танылған. Қазіргі таңда тасқын зардабын жою мақсатында жұмыстар қызу жүріп жатыр.
Қазір мұнда Есіл ауданынан келген механикалық бригада жұмыс істеп жатыр. Олар жөндеу жұмыстарын маусым айының соңында бастаған. Көктемгі тасқын кезінде баспанасын су жайлағандардың бірі Тамара Непомнящая. Тұрмысқа шығып, келін атанғанда осы шаңырақтың босағасынан аттапты.
ТАМАРА НЕПОМНЯЩАЯ БОЛЬШАЯ МАЛЫШКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Жігіттер бірден іске кірісті. Еденді алып, қабырғаларды жөндеді. Күнде 1-2 жігіт келіп жұмыс істейді. Біз үнемі қастарында боламыз. Барлық істі жақсы атқарып жатыр. Енді жұмыстар тезірек аяқталып, ертерек үйге кіріп алсақ дейміз».
Ал, Төлеген Оспановтың үйіне сәуірдің 15-сі күні су кірген. Алайда тұрғын іштегі барлық тұрмыстық техникаларды шығарып үлгерген. Тұрғынның баспанасы аяқталуға жақын қалған.
ТӨЛЕГЕН ОСПАНОВ БОЛЬШАЯ МАЛЫШКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Қазір енді жігіттер ұсақ-түйек жұмыстарды істеп жатыр. Еденді салып, линониум төседі. Қабырғаға түсқағаз жабыстырып қойды. Қазір есіктерді салып жатыр. Жаңадан пеш салып қойды».
Жалпы, Большая Малышка ауылында 251 үй қайта жөндеуге жарамды. Оның 36-сын механикалық бригадалар қалыпқа келтіріп жатыр. Ал 215 баспананы тұрғындар өздері жөндеуге ниет білдірген.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 89
https://www.youtube.com/embed/gVeexBFIXi0?si=qgUD-uo3BzUauchv"
Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – уақтында екпе қабылдау.Бүгін Алматыда жіті респираторлық вирустық инфекцияға қарсы күресті нығайтуға байланысты баспаөз мәслихаты ұйымдастырылды. Мамандардың айтуынша
тұмау вирусы жыл сайын мутацияланады,емдеу процесі де ұзаққа созылады. Күн суыта күшіне енеді деп отыр. Осыған орай Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мектепке дейінгі балалар мен тұрғындарды маусымдық эпидемиядан қорғау үшін кешенді шараларды қабылдаған.
ЖАЙДАРКҮЛ ОТАРБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша ЖРВИ тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы қанағаттанарлық. 01:53\02:22 Ағымдағы жылдың 7 айында ЖРВИ-нің 447 062 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші 19 500,83 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8% - ға жоғары (көрсеткіш -17 917,23). Яғни былтырғыға қарағанда жоғарғы көрсеткішке ие болып отыр. 06:37\07:17 Бізде қызылшаға қарсы вакцинация жүргізілді.Толық иммунитетті қалыптастыру үшін және эпидемиологиялық қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында қосымша иммундау жұмыстары жасалды. Әрі қарай да ұжымдық иммунитетті әсіресе вакцинамен басқарылатын жұқпалардың эпидемиологиялық жағдайын жақсарту үшін қалада, қала тұрғындары мен қонақтарына айтатынымыз жоспарлы егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде екпе алсаңыздар».
Тұмауға қарсы вакцинация ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен басталып қараша айының аяғына дейін жалғасады. Басқарма мамандары тәуекел тобындағы азаматтарды вакцинациялау үшін 200 000 доза мөлшерінде «Гриппол Плюс» екпе партиясын сатып алғанын алға тартты.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 90
https://www.youtube.com/embed/4HXqgq6686E?si=0CmLP53PACoyy8lA"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 120
https://www.youtube.com/embed/c_2epQTEmPs?si=LiyGTXcyoN0WiAaW"
Үкімет АЭС бойынша референдум өткізу туралы жобаны мақұлдады. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ғалымдар мен сарапшылар энергетиканы дамытудың бағыттарын талқылады. Отырыс барысында қаулы жобасына дауыс беру жүргізілді, 22 адам толықтай қолдады.
Олжас Бектенов елімізге Атом электр станциясы салынса, құрылыс қатаң бақылауға алынатынын, тәжірбиелі мамандар даярланып жатқандығын айтты. Сондықтан атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам екендігін мәлімдеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Бұл саланың перспективасы зор екені анық. Бізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілген. Шағын реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталды. Бұл бағытта мамандар мен ғалымдарымыз да бар. Кадр даярлауға да көңіл бөлініп келеді. Сондықтан атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам. Әсіресе, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымына жүктеме артып отырған бүгінгідей жағдайда бұл мәселенің маңызы айрықша».
Үкімет басшысы бұл саланың перспективасы үлкен екенін және елімізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілгенін жеткізді. Қазақстан қазірдің өзінде энергетикалық қуаттың тапшылығын сезініп отыр. Оны тұтыну көлемі жыл өткен сайын артқанымен, өндіру жағы ақсап тұр, өйткені электр энергиясын өндіретін коммуналды инфрақұрылым тозған.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Біз қазірдің өзінде өзінде энергетикалық қуаттың тапшылығын сезініп отырмыз. Біздің еліміз секілді, ең көп энергияны пайдалатын экономиканы дамытуға дәл осы атом энергетикасы негіз болып, халқтың тұрмыс деңгейін одан әрі арттыруға көмек беруі тиіс. Сондақтан біз өзімізді баламасы жоқ,тұрақты және сенімді энергия көзімен қамтамасыз етуміз қажет».
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде Атом электр станциясы салынса 8000 жұмыс орны ашылып, 2000 адам жұмыс істейтінін мәлімдеді. Отырыс қорытындысы бойынша үкімет басшысы Энергетика министрлігіне үкімет аппаратымен бірлесіп Президент Әкімшілігіне жарлық жобасын енгізуді тапсырды.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 102
https://www.youtube.com/embed/9WqnLjfRlas?si=XRKpIXjjx9zocRlT"
Ақтөбеде жол апатынан бір отбасының 5 мүшесі мерт болды. 26 тамызда кешкі сағат жетілер шамасында Самара-Шымкент тасжолының Әлия ауылы маңында Mersedes жүк көлігі мен Volkswagen Polo көлігі соқтығысты. Жеңіл көліктегі төрт жолаушы тіл тартпастан көз жұмды. Жедел жәрдем 4 жасар бала мен 1996 жылы туған жүргізушіні ауруханаға жеткізген болатын. Өкінішке орай, түрлі дене жарақатын алған балақайды аман алып қалу мүмкін болмады. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
АСЛАН ШОТАНОВ ҚОБДА АУДАНЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қазіргі таңда Қобда аудандық полиция бөлімімен ҚР Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлігі бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде».
Еще материалы
Страница 15 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.