- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 297
https://www.youtube.com/embed/sZSSY59yTjs?si=0NX57VhswAHmJAai"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 210
https://www.youtube.com/embed/TVxtc7Ad4HQ?si=oAefWpE2pbZ6ZZTd"
Абай облысында ауа температурасының күрт жылынуынан қар еріп, көпшілікті әбігерге салып жатыр. Баспанасын су басып, бассауғалап қалған қара халық жергілікті биліктен көмек сұрауда.
Абай облысы Бақты ауылында еріген қар суы тұрғындардың түн тыныштығын бұзды. Көше бойын жағалап келген су, қара халықтың мал қорасы мен баспанасына дейін бойлаған. Тұрғындар жауаптылардың жалған сөздеріне наразылық білдіруде.
РАЗИЯ КӨКИЕВА АБАЙ ОБЛЫСЫ БАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Мына жерде тұрып МЧС-никтар ешқандай су кірген жоқ деп тура біздің дәл үйдің қасында айтып жатыр ғой. Неге кірген жоқ? Жаңағы тұрған үй осы әне ананың бәрі трещина берді. Ана жақтың бәрі, полдың бәріне құлағалы тұр. Мына үй білмеймін, үй болмайды ғой деймін. Өзі жаңа ғана жасаған болатын, әне ананың артын қарашы әне. Мынау шешемнің үйі, түк те су кірген жоқ дейді, неге кірмеді белуардан су көл болды».
ОРАЛХАН ЖАМАТАЕВА АБАЙ ОБЛЫСЫ БАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
"Су кірген жоқ дейді, жоқ су кірді. Неменеге өтірік айтамыз су кіргеннен қорыққанымыздан қашып, баларымда жүрек жоқ совсем. Мектепте мұғалімдер де келеді. Бәрі келеді деп балаларыма тоқтау айтып мектепке паналайын десем, одан шығарып жібергеннен кейін ағамның үйіне бардым".
Баспанасын су басып, бассауғалап қалған қара халық жергілікті биліктен көмек сұрауда. Құтқарушылардың сөзінше су тұрғындардың келісімімен жіберілген.
АЗАМАТ ОРЫНБАЕВ АБАЙ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
"Бұл қызыл су келеді ғой. Күн далада ерігенде таулардан келеді де ағысы бүкіл ауылмен ағып кетеді ғой. Сол жерден жырып өткізіп жіберген кезде аулалардың ортасына арнайы өткізген жерлер бар. Оны мысалыға үйдің иесімен келісілген. Мысалы қора мен үйдің ортасымен арнайы өткізіп жібереді. Ол ағындар көп уақыттар алмайды. Жарты сағат, көп болса бір сағаттың ішінде ағып өтіп кетеді".
Су деңгейі қазір айтарлықтай төмендеген. Қардың қарасы әлі болғанымен, су ағысы басты бақылауда тұр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 507
https://www.youtube.com/embed/m_L35_9LJvE?si=DphZRIhzKmiCumd8"
Алматы облысына қарасты Жайнақ ауылында "Арлан" бокс клубы ашылды. Осыған орай бокстан жастар және оқушылар арасында халықаралық турнир өтті.
Халықаралық турнирге Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің әр өңірінен 12 команда, 200-ден астам спортшы қатысты. Доданың басты мақсаты -жасөспірімдерді спортқа баулу және жоғары деңгейге көтерілуге мүмкіндік жасау.
КҮМІС ИСАЕВА, «АРЛАН» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ
БАУЫРЖАН ЖҰМАБАЕВ, А.ТОҚПАНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Ауыл азаматтары болып атсалысқан турнирде қарсылас шақ келтірмей, ел үмітін ақтап жастарымыз жеңіс тұғырынан көрінді.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 294
https://www.youtube.com/embed/9Y2TL0ul99c?si=3TeJVzNwpNXigmc1"
Сәбиін саудалаған атыраулық әйел 8 жылға сотталды. Атырау сотының шешімімен, сыбайлас болған 4 айыпталушыға шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жүкті кезінде өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, сәбиін туған соң, отбасылық жұпқа алдын ала келісім бойынша ақшаға сатып жіберген.
Бірнеше уақыттан кейін әйел қайтадан жүкті болған. Сөйтіп, ол баланы басқа мұқтаж отбасына 2,3 миллион теңгеге сатуға бел буған. Бірақ, күдікті қаржыны алған бетте ізім-қайым жоқ болған. Кейін, босанған соң басқа отбасына баласын сатып жіберген.
МЕЙРАМГҮЛ ӨТЕҒҰЛОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Қылмыстық іс операциялық тәртіпте қаралып, Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз, сотталғандар мен адвокаттардың аппеляциялық шағымдары қанағаттандырылусыз қалдырылды».
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 256
https://www.youtube.com/embed/QfctbOhmzFk?si=aNC4P0BFOOebVE4_"
Бүгін 74 жасқа қараған шағында қазақ прозасына «Аспанқора», «Шал мен жылқы», «Құралайдың салқыны» сияқты классикалық шығармаларды сыйлаған жазушы, бірқатар басылымда бас редактор қызметін атқарған журналист Жұмабай Шаштайұлы өмірден озды. Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген қаламгер кезінде «Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Жалын» журналында жұмыс істеді. «Қазақ тілі» қоғамының Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Кейін «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде істеп, «Заман-Қазақстан» газетінің, сосын Қазақ радиосының бас редакторы қызметтерін атқарды. «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор болған. Ол оқырманға «Қызыл қар» , «Жала мен нала», «Жыр жолбарыс», «Біздің заманның Аяз биі» , «Жаңғырық» шығармаларымен таныс.
Ал телеарна көрермендері оны «Үзеңгі жолдас» телехабары арқылы жақсы біледі. Ол Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР Президентінің стипендиаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты атақтарын иеленген.
Мемлекет басшысы жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары кеңінен насихатталып, оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Өнегелі ғұмыр кешкен Жұмабай Шаштайұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 204
https://www.youtube.com/embed/t7H9uZqThoU?si=EpkudP4ANlnKnr43"
Қосшы қаласының полицейлері «әскери билетті» заңсыз жасамақ болған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Нақтырақ айтсақ, аталмыш қала тұрғыны елордалық азаматқа әскери билет жасап беретінін және көлік құжаттарын рәсімдеуге көмектесетінін айтқан. Танысының бір ауыз сөзіне сенген астаналық оған айтылған қаражатты ойланбастан аударып жіберген. Бірақ, ол не құжаттарды әзірлемей, не ақшасын қайтармай ізім-ғайым жоқ болған. Алданғанын түсінген азамат полицияға шағым түсірді.
ГҮЛНӘР ПИНЧУК, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ Ақмолалық қызметі үшін 260 мың теңге сұраған. Қазіргі таңда, бұл іс алаяқтық ретінде тексеріліп жатыр, күдіктінің жеке басы анықталды. Облыс тұрғындарын мұқият болуға шақырамыз. Ақша, құжат немесе басқа да ақпараттарды таратпауды, белгілі бір мәселені оңай шешіп беруге көмектесемін дейтіндерге сенбеуді сұраймыз .
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 253
https://www.youtube.com/embed/9b1TWrsVYvc?si=UICjRvfI-8BHhfC6"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен бірге Физули қаласындағы қираған жерлерді аралап көріп, шаһарды дамытуға арналған бас жоспармен танысты.
Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының екінші күні Физули қаласындағы қираған жерлерді аралап көріп, шаһарды дамытуға арналған бас жоспармен танысты.
Мемлекеттер басшыларына қаланы және оның төңірегіндегі аумақтарды қайта қалпына келтіру үшін қолға алынған шаралар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ шаһардың жаңа келбеті: келешек әкімшілік орталықтың, саябақтың және басқа да маңызды нысандардың эскиздері мен жобалары көрсетілді.
Бұдан бөлек, екі ел президенттеріне қазіргі уақытта қалада ауқымды құрылыс және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндалды. Былтыр мамыр айында қала ішіндегі көшелер мен жолдар желісінің негізі қаланып, ауызсумен қамтамасыз ету, кәріз және жауын суының ағып кету жүйесін тарту жұмыстары басталған.
Сондай-ақ цифрлық қосалқы станция мен «Физули» басқару орталығы іске қосылған. Сонымен қатар бір мезгілде әкімшілік ғимараттардың, коммуналдық үй-жайлардың, тұрғын үй кварталының құрылысы басталған. Қазір Физулиде 38 көпқабатты ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 246
https://www.youtube.com/embed/hDpcHoAh2T0?si=tlsEGqgddyUdT_A4"
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 274
https://www.youtube.com/embed/ypa-n8TTNKI?si=j3qXki6AtIVTDJFJ"
Музей үйіне 113 млн жыл бұрын Тетис мұхитында тіршілік еткен ихтиозаврдың қаңқасы қойылды. Олардың сүйектері мен тістері 2019 жылы Маңғыстау жерінен табылған болатын.
2019 жылы Маңғыстаудың Шетпе ауылы Сулы қапы жерінен табылған қаңқаларды негізінен 6 жарым метрлік етіп құрау жоспарда болған. Дегенмен, музей ішіне тек 1 метр 70 см көлемі тура келген. Оның өзіне мамандар жарты жылға жуық уақыт жұмсаған.
АЛИНА БИСЕМБАЕВА, ЖӘДІГЕРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУШІ: «Ихтиозаврды бірінші рет құрастырып шығардым. Көптеген деректерді ақтарып, шынайы тұрпатына ұқсатуға барымызды салдық. 45 қабырғасы болуы тиіс еді. Аздап өлшемін өзгертіп, 21 қабырғамен жасап шықтым. Аяқтарын құру қиынға соқты, сына берді. Металмен бекітуге тура келді».
Негізінен Маңғыстау бұрын Тетис мұхиты болған. Тарихқа сүйенсек, 100-113 млн жыл бұрын ихтиозаврлар суда тіршілік еткен. Мезозой заманынының дәуірі кезінде жаһандық жылыну орнап, салдарынан ихтиозаврлар жойылып кеткен. Ихтиозаврлардың дене ұзындығы 6-7 метр, көзі 20 см көлемінде, бас сүйегі бір метрден асса, аяқтары екі метрге жеткен. Олар өте жылдам әрі киттер секілді жүзе алатын болған деседі. Терісі қара-көкшіл, тістері өткір. Олардың қорегі: балық пен теңіз жәндігі.
САЛИМА ҮСЕНОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ Ә.КЕКІЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙДІҢ МАМАНЫ «Баласын құрсағында көтеріп дүниеге әкелетін жыртқыш жануар болған. Суда еркін жүзген. Бір ерекшелігі - балық сияқты желбезектерімен емес, өкпемен тыныс алған. Өкпесіне оттекті жинау үшін су бетіне қалқып шыққан».
КӨРКЕМ САЗДЫБАЙ, ӨҢІР ТҰРҒЫНЫ: «Маған өте ұнаған ихтиозаврлар өте қорқынышты көрінеді. Дауысын музыкамен қосқанда ғажап екен. Мультфильм, кинодан қарайтын едік. Өтірік шығар деп ойладық. Шын екен».
Сондай ақ, теңіз жыртқышының сүйектері бір айға жуық қазылған. Сипаттама беруге Ресейден мамандар арнайы шақыртылған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 278
https://www.youtube.com/embed/Lgtm4O56fmg?si=bt-VYbx-A6Uh2xOw"
Бауыр еті баласының тағдырына алаңдамайтын әкелердің мүлкі тәркіленуде. Оралда алимент төлемей, қашып жүрген әкелердің құны 3 млн 300 мың теңгені құрайтын «Volkswagen Passat» және "Ваз-2110" маркалы 2 көлік тәркіленіп, айып тұрағына қамалды. БҚО-да алимент бойынша қарыздарды азайтуға бағытталған "Алимент бойынша 10 қадам" жобасы аясында алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтау және ұстау бойынша рейдтік шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта сот орындаушылары мүлікті бағалау және сату бойынша шаралар қабылдауда.
ӘДІЛ НҰРМҰХАНОВ, АҒА ПРОКУРОР
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 219
https://www.youtube.com/embed/RT6hPEexPQg?si=OEcwWtY5CuBAhBEa"
Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев және оқиға болған гастро-орталықтың директорына қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.Іс елорданың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Бишімбаевтың сотына 80-ге жуық БАҚ өкілдері қатысты.Соттың ақпаратында айтылғандай, күдікті Қуандық Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылып отыр.
Ал екінші күдікті Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша аса ауыр қылмысты жасыру және Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 256
https://www.youtube.com/embed/-FS7nVzm0TU?si=MViQEvFpoMEsJRPV"
Ораза айының алғашқы күні Ақмешіт-Сырдария орталық мешітінде «Рамазан қоржыны» толтырылған азық-түлік себеттері мен «Ел үлесі — пәтерге» жобасы аясында пәтер кілттері табысталды. Сонымен қатар жаңадан ашылған «Zeket Hub» орталығының жұмысы таныстырылды.
«Zeket Hub» орталығында тігінге қызығушылығы бар жандарға арналған тегін тігін курсы өз жұмысын бастады. Қосымша әлеуметтік желімен жұмыс жасағысы келетіндерге смм мамандығы және кілт көшірмелерін жасау курстарын өткізу қолға алынған.
МАДИНА ТЕМІРОВА, ТІГІН КУРСЫНЫҢ ҰСТАЗЫ
Баспанаға мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға баспана алып беру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ел үлесі — пәтерге» жобасын қолға алғаны белгілі. Осы жоба аясында 721-722-ші баспаналардың кілттері табысталды.
ДҮЙСЕНБАЙ КЕНЖЕТАЙ ҚАЖЫ, БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ
Шара барысында «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы да өткізілді. Бұл «Рамазан қоржыны» 100 отбасына, онда көпбалалы және аз қамтамасыз етілген, мүмкіндігі шектеулі отбасыларына сонымен қатар Соқылар қоғамына үлестірілді.
Еще материалы
Страница 80 из 194
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.