НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентінде бірнеше көше атауы қазақшаланды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
Добровольский көшесі – Кенесары Қасымұлы көшесіне;
Спортивная көшесі – Тұран көшесіне;
Суворов көшесі – Әділ Нұркенов көшесіне;
Свердлов көшесі – Гүлдер көшесіне;
Вишневая көшесі – Шиелі көшесіне;
Строителей және Строительная көшелері – Бауыржан Момышұлы көшесіне;
Старый Шахан, Совхозная, Центральная Абай көшелері – Мәнжі батыр көшесіне өзгертілді.
Тиісті шешім күшіне енді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында қазақ балуаны топ жарды. Ол 92 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Финалға дейін қазақстандық балуан үш қарсыласты жалпы 32:4 есебімен жеңді. Шешуші айқаста спортшы әзербайжандық Осман Нурмагомедовке есе жібергенімен, 5:2 есебімен жеңісті жұлып алды.
Жалпы 92 келі дәрежесіндегі жетістік бұрын-соңды ел тарихында болмаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады.
"Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін", – деді Президент.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды.
“Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды”, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ беттерінде Солтүстік өңірдегі толассыз жауған жаңбыр алқаптағы астықты бүлдіріп, шаруаларды шарасыз күйде қалдырғаны жазылған еді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде көлік саны 5 миллион межесінен асқан. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро мәліметінше, 2023 жылғы шілдеде 169,3 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге артық.
Оның ішінде жеңіл автомобильдер 1,8 есеге, автобустар – 2,2 есеге және жүк автомобильдері 1,8 есе артты.
Мәселен, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 миллион 15,2 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 87,9% жеңіл автомобильдер, 10% жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар. Өткен жылғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде жемқорлықпен ұсталып, сотталған адамдардың тізімі жалпыға қолжетімді болады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Агенттік дерегіне сүйенсек, тізілімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық деректері қамтылады. Бұл жұмыс берушілерге әлеуетті үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік береді.
Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды.
Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды.
Сондай-ақ, Парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралуда.
Пара беру ұсынысы деп ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық нысанда пара беру туралы анық және түсінікті сөз, ал пара беру уәдесі деп пара беру уақыты, орны, тәсілі туралы хабарламасы бар осындай сөз түсінілетін болады.
Заңдарға енгізілген бұл өзгерістер жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, олар ГРЕКО, ЭЫДҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша дайындалған.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Еліміздде қылмыстың 15,2 пайызға төмендеуи байқалуда. Бұл туралы Бас Прокуратура жезды , деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Яғни 116 101-ден 98 454-ке төмендеп отыр. Они говорят:
4,1%-ға (1 693 - 1 624) аса ауыр қылмыстар;
16,5%- ға (31 128 - 25 990) ауыр қылмыстар;
17,9%-ға (49 762 - 40 857) ауырлығы орташа қылмыстар;
9,8%-ға (17 514 - 15 793) онша ауыр емес қылмыстар.
Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурор 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатқан. 671 адам прокурорлармен қызметтик үй-жайлар мен изоляторлардан босатылды.
Азаматтардың конституционалық құқықтарын бұзу саны 14%-ға қысқарды. 9 тұлға прокурор актімен ақталды.
Еще материалы
Страница 48 из 58
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.