НОВОСТИ

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апатқа байланысты келіп түскен көңіл айту жеделхаттары мен телефон қоңыраулары келіп түсуде, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды. Қазақстан Президентінің атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсуде. Сондай-ақ мемлекеттер басшылары телефон арқылы да көңіл айтып жатыр. Олар қаза тапқан кеншілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.
Соның ішінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров телефон арқылы көңіл айтты және жеделхаттарын да жолдады.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына өздерінің көңіл айту жеделхаттарын Ресей Президенті Владимир Путин, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раев және басқалар жолдады.
Айта кетейік, бұған дейін шахтадағы апатқа байланысты елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланғанын жазған едік.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні. Қаралы күн Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты жарияланып отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында апат болып, 36 кеншінің өлі денесі табылды. Күні кеше Мемлекет басшысы қайғылы жағдайға байланысты кеншілердің отбасына көңіл айтты. Әрі 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын мәлімдеді.
"Бүкіл еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланады. Мен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма бердім. Бұл мекеме Үкіметпен және кәсіпорынмен ынтымақтастық тұрғысынан біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды. Енді кәсіпорынның өзіне қатысты шаралар қабылдау туралы ойлануымыз керек. Басин Вадим Борисович деген азамат бар. Сіздер оны білесіздер. Ол бір кездері "АрселорМитталда" жұмыс істеген. Облыс әкімінің орынбасары болды. Мен оған қайтып келіп, кәсіпорынды басқаруды тапсырамын. Кәсіпорынның қазіргі басшылығының қолынан ештеңе келмейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына сапары барысында.
Сондай-ақ Президент "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты тиісті шара қабылданатынын жеткізді.
Айта кетейік, 28 қазан күні сағат 2.33-те Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылды. Соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны 36 адамға жеткен. Төтенше жағдай министрлігінде тағы 10 адам әлі іздестіріліп жатқанын хабарлады.
Бас прокуратура Костенко шахтасындағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Болжам бойынша, компанияның мәліметінше, лавада газ метанының жарылған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Штаб құрылды.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына сапары аясында Қаратал тарихи-өлкетану музей в аралап көрді, де хабарлайды Алатау телеарнасы.
Президент аудан орталығы – Үштөбе қаласындағы Қаратал тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей биыл пайдалануға берілген. Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын қос қабатты ғимаратта өлке тарихына қатысты 350-ге жуық экспонат қойылған.
Мемлекет басшысына музейдегі археологическиелық артефактілер, этнографические жәдігерлер көрсетіліп, Қаратал ауданынытарихы және жазуши Кемел Тохаев, Қазақ ССР халық әртісі Бикен Римова, осы өңірден шққан ақ ын-жыраулар, би-шешендер мен елге еңбегі сіңген басқа да тұлғалар туралы тың деректер таныстырылды.
Президент музея де жергілікти зиялы қауым өкілдерімен жүздесу барысында мұражайды аралап шыққанын және ондағы жәдігерлерді көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ қоғам дамуы үшін мұндай мәдени нысандардың қажет екеніне назар аударды.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндалды. Аида Балаева министрлікті қайта құру нетижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жоб алар жайында мәлимет берді.
Сонымен қатар креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонимен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тохаев министрликке аталған бахыттарды одан әрі илгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан және Республика атауларымен байланысты адам есімінің санын жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Статистика бюросы дерегіне сүйенсек, Казахстан немесе Қазақстан деген есім 31 адамға қойылған. Олардың бірі – әйел, қалғаны – ер.
Олардың 8-і Ақмола облысында, 7-еуі Қарағанды облысында, 5-еуі Астанада, 3-еуі Қостанай облысында, 2-еуі Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бірден.
Ал Республика есімді адам жоқ. Бірақ «Республика» атауы берілген 6 көше және 1 партия бар.
Атап айтқанда, 7 қалада Республика атымен аталған 2 көше мен 4 даңғыл, 1 алаң бар. Ол Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды және Ақмола облыстары.

- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жзды.
Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту кетеру салтанатты рәсіміне қатысты. Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейин Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтерілип, еліміздің Әнұраны орындалды.
Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттик ту кетеру рәсіми өтеді.
Еще материалы
Страница 50 из 67
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.