НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруймен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады де п жоспарланып отыр.
Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатардың Power International Holding компаниясының иелері Рамез Әл-Хаят пен Муатаз Әл-Хаятты қабылдады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды. Кездесу барысында Президент еліміздің Таяу Шығыстағы стратегиялық серіктесі саналатын Power International Holding компаниясы Қазақстан мен Қатар арасындағы экономикалық байланыстарды жолға қою ісіне тың серпін беретінін атап өтті.
Сонымен қатар кездесуде энергетика және геологиялық барлау салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы, девелопмент-жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау бағыттарындағы қарым-қатынастардың перспективалары талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамыту бойынша Қазақстанда кешенді шаралар қабылданып жатқанын және шетелден тікелей инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Берік Уәли бұрынғы лауазымына қайтадан тағайындалды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметке Нұрмұхамед Байғараев тағайындалған еді. Алайда ол бір апта өтпей денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен кетті.
Ал Берік Уәли президентінің баспасөз хатшысы қызметін 2019-2022 жылдары атқарған. Кейін "Хабар" агенттігі АҚ Басқарма төрағасы болды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан 9 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Оқиға 25 тамыз күні Қостанай облысындағы Ұзынкөл кентінде тіркелді. Жастар күніне арналған іс-шарада 9 жасар қызды тоқ соққан болатын. Анықталғандай ол 12 қыркүйек күні таңертең көз жұмды. Жасөспірім ауруханаға ес-түссіз күйде ауыр жағдайда түсіп еді. Қыздың қайтыс болғанын Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов растады.
"Дәрігерлеріміз бар күшін салды. Өкінішке орай ем-дом нәтиже бермеді. Жасөспірім қыздың жүрегі тоқтады. Әзірге толық ақпарат бере алмаймыз. Біз тек 9 жастағы қыздың көз жұмғанын растауға жиналып отырмыз", - деді Нұрлан Ержанов.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын Польшада өткен командалық әлем чемпионатында күміс медальға ие болуымен құттықтады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Президент құттықтауын Іnstagram-дағы парақшасында жазды. Онда мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете беретініне тоқталған.
“Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын! Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға. Байрақты бәсекеде қыздарымыз асқан шеберліктің және жеңіске деген шексіз ерік-жігердің озық үлгісін көрсетті. Сіздердің тамаша жетістіктеріңіз шахмат спортын жан-жақты дәріптеп, өскелең ұрпақтың оған деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық. Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді. Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін! – деп жазды Президент.
Айта кетейік, шахматтан 2023 жылғы командалық әлем чемпионаты Польшаның Быдгощ қаласында өтті. Онда 12 команда бақ сынады. Турнир 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бірақ Қазақстан бұған дейін ширек финалдан әрі асып көрген емес.
Биылғы Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті.
Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасына жол берді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Сыртқы істер министрлігі Мароккодағы зілзаладан зардап шеккен жерлестеріміз жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Мароккода ел азаматтары тұратынын айтты. Сөзінше олардың бәрі де дін аман.
“Мароккода Елшілігіміз бар. Елшілік қызметкерлері мен басқа да қазақстандықтарды қосқанда 30-дан астам азаматымыз тұрады. Барлығы аман-есен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бәрімен байланысып отырмыз. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматы жоқ”, - деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, 8 қыркүйек Мароккода 6,9 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан көптеген ғимарат қирап, адамдар зардап шекті. Соңғы дерекке сүйенсек, зілзаладан қайтыс болғандар қатары 3 мыңға жуықтаған.
Еще материалы
Страница 49 из 58
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.