НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Солтүтік Қазақстан облысының жаңа әкімі тағайындалды. Ашық дауыс беру нәтижесінде лауазымға Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов ие болды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Ақордаға сілтеме жасап.
Ондағы дерекке сүйенсек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысқан. Онда депутаттарға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына Сәтжан Әйтенұлы Аблалиев пен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовтің кандидатураларын ұсыну туралы Қазақстан Республикасы Президентінің хатын оқып берді.
Ашық дауыс берудің нәтижесінде 56 депутат Сәтжан Аблалиевке, ал 118 депутат Ғауез Нұрмұхамбетовке дауыс берді. Жиналысқа барлығы 174 депутат қатысты.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Президент Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
Өңір активіне жаңа әкімді таныстырған Олжас Бектенов Ғауез Нұрмұхамбетовтің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарғанын және мол тәжірибесі бар екенін атап өтті.
Президент Әкімшілігінің Басшысы өңірді дамытуға қосқан үлесі үшін бұрынғы облыс әкімі Айдарбек Сапаровқа алғыс айтты және оның басшылығымен аймақтағы агроөнеркәсіп кешенінің даму қарқыны артқанынын, жаңа кәсіпорындар ашу, инвестиция тарту, туризм саласын ілгерілету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларына ерекше назар аударылды. Облыстың жаңа басшылығына өңір экономикасын одан әрі дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен және қажетті әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, медицинаны дамыту, сондай-ақ екінші ЖЭО-ны жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.
Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің жауапты қызметіне табыс тіледі, сондай-ақ ол өңірді өркендетуге, дамытуға өз үлесін қосады, облыс тұрғындары мен Мемлекет басшысының жоғары сенімін ақтайды деп үміттенетінін айтты.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Еліміз бен Түркия мемлекеті арасындағы кедендік бақылау рәсімдері жеңілдейді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды. Онда Мемлекет басшысының заңға қол қойылғаны хабарланған.
“Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, - делінген ақпаратта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Арнаулы өкілге алдағы шараларға, атап айтқанда биыл қараша айына жоспарланған Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiзгi Конвенциясына қатысушы тараптардың 28-конференциясына және 2026 жылы БҰҰ аясында өтетін Аймақтық климаттық саммитке дайындық жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.
Сондай-ақ Президент шетелдік серіктестермен арадағы ықпалдастықты, соның ішінде экономиканы декарбонизациялау және ауаға таралатын метан мөлшерін азайту бағыттары бойынша ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Зүлфия Сүлейменованың жаңа қызметке тағайындалғанын жазған едік.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Бұрынғы экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді Президенттің кеңесшісі, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
“Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды”, - делінген Ақорда ақпаратында.
Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарған болатын.
Ол 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.
2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.
2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мысырда ерекше Құран Кәрім табылды. Небәрі 2 сантиметр болатын шағын көшірменің тіпті 150 жылдық тарихы бар көрінеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Yeniakit басылымы жазды. Дерекке сүйенсек, қасиетті кітап Мысырдың Эль-Минуфие провинциясында анықталған. Тұрғын Абде Месуд бұл кітап көшірмесінің арғы аталарынан мұраға қалғанын айтып берген.
"Осман империясының баспаханаларында басылған "Мушаф-и Шериф" жұқа және өте кішкентай қағазға кішкентай әріптермен жазылған. Месуд Құранды лупамен оқиды", - делінген ақпаратта.
Құран Кәрім көшірмесінің ерекшелігі оның өлшемінде. Яғни шағын ғана қасиетті кітап 2 сантиметр.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының БҰҰ мінберінде қасиетті кітапты өртеу әрекеттеріне байланысты пікір білдіргенін жазған едік.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында Құранды өртеу әрекеттеріне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жазды. Онда Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшы ұсынған “Бейбітшіліктің жаңа күн тәртібін” қолдайтынын, әрі бұл стратегиялық құжат әлемде белең алған сенімсіздік пен өшпенділікке қарсы тұруы керегіне тоқталды. Сонымен қатар жақында Еуропа мемлекеттерінде Құранды өртеу әрекеттерін де сөз етті.
“Жуырда қасиетті кітаптарға құрметсіздік таныту актілері болды. Біз осы жағдайға алаңдаушылық білдіреміз. Исламға және басқа да діндерге қатысты жасалған мұндай тағылық әрекеттерден еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышаны білінбейді. Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс”, - деді Президент.
Тоқаев осы орайда келер жылы өтетін Болашақ саммитінде Қазақстан қолдаушы рөлін атқаратынын атап өтті.
“Қазақстан келесі жылы өтетін Болашақ саммитінде Болашақ пактісін қабылдау ісінде сындарлы және қолдаушы рөлін атқарады. Бірақ қару-жараққа тыйым салумен немесе декларацияға қол қоюмен ғана бейбітшілік орнамайды. Бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруда дінаралық және конфессияаралық диалог маңызды рөл атқарады, - деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Данияда құран кітабы өртеліп, кейін билік қоғамдық орындарда діни мәтіндерді қорлауға тыйым салатын заң жобасын ұсынғанын жазған едік.
Еще материалы
Страница 47 из 58
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.