НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз иемденилген активтерді қайтару мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Ақорда жзды.
Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов, Ұлттық қауіпсиздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Премьер-Министрің орынбасары – Сыртқы стер министрі Мұрат Нұртілеу және Бас прокурораның басшылығы қатысты.
Мемлекет басшысына кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданып жатқан шаралар мен бұған дейин берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елімізді дамыту үшін пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығы н атап өтти.
Мемлекет басшысы осы іске жұмылдырылған барлық мемлекеттік құрылымдардың жұмысын жандандыру қажет екенін айтты.
Жиын соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстан Азия ойындарында екінші алтын мадельге ие болды. Бұл жолы 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Зухра Ирназарова биіктен көрінді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды. Отандасымыз сайыста 560 ұпай жинады. Ал Солтүстік Кореядан келген екі мерген қыз 554 ұпай алған.
Осылайша Азия ойындарында ел құрамасының қоржынына екінші алтын түсті.
Еске салайық, бұған дейін Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған командамыз алғашқы алтынды қоржынға салған еді.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Ақордағы сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовті және Түрікменстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
“Қазақстандықтар Түрікменстанның зор жетістіктеріне шын ниетпен тілеулес және екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік қатынастар мен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді”, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы өзара бірлескен күш-жігердің нәтижесінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің көкжиегі кеңейіп, көпжақты қарым-қатынастың даму қарқыны арта түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Түрікменстан халқына бақ-береке тіледі.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Ел спортшылары “Азияда-2022” ойындарындғы алғашқы алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Тіпті бұл сайыста олар нәтижесімен рекордтық көрсеткіш орнатып отыр.
Алғашқы алтынды “скиттегі” топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина әкелді. Осылайша қоржынымызға алғашқы алтын медаль түсті.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 медаль бар.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Бұрынғы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сенат депутаты болды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген жарлықта.
Айта кетейік, Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.
2001-2005 жылдары – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер.
2005-2006 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары.
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде министрдің кеңесшісі.
2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.
2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.
2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2014 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясының президенті.
2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы.
2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде "Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі" атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде "2030 жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия" атты халықаралық симпозиумды және 2018 жылы "Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі" халықаралық мәдени іс-шараларын ұйымдастырды.
2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.
2018 жылдың қыркүйегінде Халықаралық Түркі академиясының президенті лауазымына екінші мерзімге тағайындалды.
Осы қызметке дейін 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Ақордаға сілтеме жасап.
“Құрметті отандастар! Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке. Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр. «Адал азаматқа» тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық және жақсыдан үйрену, жаманнан жирену сынды асыл қасиеттің бәрі шынайы еңбек адамының бойынан табылады. Сондықтан өз ісінің майталмандары қашанда қоғамның назарында болуға тиіс. Ал, жастарымыз соларға қарап бой түзеуі керек. Халқымыз «Еңбек – адамның көркі, адам – заманның көркі» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, адал еңбек – бүкіл жетістіктің бастауы, табысқа жетудің кілті. Мемлекет осы басты қағидат барлық жерде салтанат құруы үшін бәрін жасайды, - дейді Президент.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстанды еңбекқор, адал азаматтар ғана құра алатынына кәміл сенетініне тоқталған.
Еще материалы
Страница 46 из 58
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.