НОВОСТИ
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Үндістан мемлекеттің атын өзгертуі мүмкін. Шешім қабылданса Бхарат болады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Закон.кз-ке сілтеме жасап.
Дерекке сүйенсек, Үндістанды ежелгі Бхарат атауына өзгерту туралы қарар парламенттің 18-22 қыркүйекте өтетін сессиясына енгізу жоспарланып отыр.
Бұл ақпаратты Конгресс жетекшісі Джайрам Рамеш те растаған. Ол Раштрапати-Бхаван президент Бхараттың атынан G20 елдерінің қатысушыларына шақыру жібергенін атап өтті.
"Демек, бұл жаңалық рас. Енді Конституцияның 1-бабында: "Үндістан болған Бхарат Штаттар одағы болуға тиіс" деп жазылуы мүмкін", – деп нақтылады Рамеш.
Бхарат – хинди тілінде Үндістанның тарихи атауы. Елдің "Үндістан" атауын солтүстік-батыс еуропалықтар елдің солтүстігінде ағып жатқан Үнді өзеніне байланысты қойған. Ал үнділер оны "Синдху" деп атайды.
Ассамның бас министрі Химанта Бисва Сарма сейсенбіде елдің атауын Бхарат деп өзгертуді қолдады.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қазақстанда шұғыл қызметтер тізімі тағы бір байланыс нөмірімен толығады. Ол бойынша елдегі әйелдер мен балалар өз құқықтарын қорғай алады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжатта әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі "111 Аманат" байланыс орталығы пайда болатыны көрсетілген.
“Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін. Көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын, - делінген бұйрық жобасында.
Атап айтқанда тізім "отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі "111 Аманат" байланыс орталығымен" толығады.
Жобаның негізгі мақсаты – ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселе бойынша бастапқы консультациялар өткізу үшін әрбір азаматқа тегін қосылу байланыс қызметтерін ұсыну.
"111" бірыңғай нөміріне ересектер мен балалар қоңырау шала алады. Азаматтар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар құқығының бұзылғаны, өмірі мен денсаулығына төнген қауіп және тағы басқалар туралы хабарлай алады.
Жоба 18 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында халық арасындағы құмар ойынға тәуелділік мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Ақордаға сілтеме жасап.
Президент осы жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды.
“Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс", – деді Президент.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы салалық министрліктерге нақты міндеттер жүктеді. Әрі құмар ойынға тәуелді азаматтардың қатысы бар қылмыстар көбейгеніне құқық қорғау органдарының назарын аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.
Президент елімізде лудоманияның белең алуына қарсы бағытталған әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда қоғамның, дін қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы ойын бизнесі саласындағы қаржылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру қажет екеніне назар аударды
Жиын барысында Үкімет мүшелері мен бірқатар мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасындағы құмар ойынға тәуелділікпен күресу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-идеологиялық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елдегі тұрғындардың орташа жасы тізімделді. Ұлттық статистика бюросы өңірлердегі көрсеткішті жариялап отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бюро жариялаған дерекке сүйенсек, қазақстандықтардың орташа жасы 2023 жыл басына 32,1 жасты құраған. 2018 жылдан бастап орташа жас болмашы артқан.
Орта жас өсімі ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалған. Жыл басындағы ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жас.
Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас.
Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 38,9 жас. Ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жастан.
Ноутбук, бейнекамера: Қазақстанда ұшақта тасымалдауға тиым салынған заттардың жаңа тізімі жарияланды
- Информация о материале
- Категория: Жаңалықтар
Елімізде ұшақ бортына бірге алып жүруге тиым салынған заттардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Закон.кз-ке сілтеме жасап.
Онда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Министрдің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерінде тасымалдау қағидаларындағы маңызды өзгерістер жазылған.
Яғни жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында әуе кемелерінің бортында электрондық құрылғылар мен электрондық темекілерді тасымалдауға қойылатын талаптарға елеулі өзгерістер енгізілді.
Мысалы, жаңа талаптар бойынша багажда литий немесе литий-ионды элементтері, сондай-ақ қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды (планшеттер, сағаттар, калькуляторлар, камералар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнекамералар және т.б.) тасымалдауға тыйым салынады.
Сонымен қатар багажда электрон темекі мен вейп тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Осыған байланысты жолаушылардан көрсетілген заттарды қол жүгінде тасымалдауын сұраймыз:
- ноутбуктер;
- ұялы телефондар;
- камералар;
- планшеттер;
- электрон темекі;
- литий-ионды батареялары бар барлық электрон құрылғы;
- қосалқы батареялар мен қуат банктері.
Еще материалы
Страница 52 из 58
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.