
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 443 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RfN6p_cezaU?si=TIBDSxeHpHGO2xP0"
«Таза Қазақстан». Республикалық акциясы басталды. Ертең Астанада қалалық сенбілік. Жергілікті әкімдік сенбілікке шығатын адамдарды ынталандыру үшін 450 мың теңге жасырып қойды. Ақшаны қаланың үш орнына тығып қойған. Оны көше жинап жүргендердің бірі, тауып алуы керек.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 455 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WoptJZ0rnBo?si=6ABVM_S7dOYIK8sT"
12 сәуір ғарышкерлер күні. Атаулы күні жылда Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы «Байқоңыр» атты сурет көрмесін 5 мәрте ұйымдастырды.
Өнердің қара шаңырағында өткен көрмеге 26 шығармашылық туынды қойылды. Өнертанушылар, қала тұрғындары мен шетелдік қонақтар тамашалаған «Байқоңыр» атты көрменің мақсаты ғарыш саласына өнер академиясының шәкірттері бейнелеу өнері арқылы өз үлестерін қосу.
БАУЫРЖАН БАЙДІЛДӘ Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КЕСКІНДЕМЕ ЖӘНЕ ДИЗАЙН ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
Осымен бесінші мәрте өтіп жатқан шара арқылы шәкірттеріміздің кәсібилігін шыңдай отырып бейнелеу өнерімізді әлемдік деңгейге көтеру дейді жоба авторы.
БОЛАТ ТҰРҒЫНБАЙ ЖОБА АВТОРЫ

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 351 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RDBUSK9YkNQ?si=_sGpcOS5KIrZnQ3r"
Қызылордада кене шаққан 12 адам дәрігерге жүгінді. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Қазір мамандар кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл шара 10 сәуір мен 23 сәуір аралығында өтеді.
ГҮЛМИРА СЫЗДЫҚОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«2023 жылы 11 аймақ қолайсыз болып есепке алынса, 2024 жылы 12 аймақ болып өзгерді. Жыл басынан бері 12 кене шағу дерегі тіркелді. Оларға тиісінше емдік шаралар көрсетілді және қарым-қатынаста болған жанұя мүшелеріде тексерістен өтті. Бұл залалсыздандыру жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Биыл 10-23 сәуір болып бекітілді».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 430 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/f1sdNk4Rl1U?si=8oyTDqqNqQJiUd1O"
Қазір еліміздің біраз өңірлері тасқын судың зардабын тартып отыр. Осыған орай халық қалаулылары аймақтардағы су қоймаларының жағдайын тексеріп жүр. Алматы облысына іс сапармен келген Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Бартоғай су қоймасы күрделі жөндеуден өтетінін жеткізді.
Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев пен Су ресурстары және ирригация министрлігінің су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев Алматы облысындағы Бартоғай су қоймасының жағдайын тексерді.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ«Алматы облысында да үлкен-үлкен кәзіргі мына біз тұрған Бартоғай су қоймасы сияқты су қоймалар бар. Осылардың барлығын министрлік пен су комитетінің мамандары мен бірге жүріп алдын ала қандай шаралар жасалынуы керек,су тасқындарына ,апаттық жағдайларға жол бермеу үшін жұмыс жасап жатқан жөніміз бар».
Жанболат Жөргенбаев Бартоғай су қоймасын күрделі жөндеуден өтетінін жеткізді. Қазір жобаның сметалық құжаты әзірленіп жатыр.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР СЕНАТ ДЕПУТАТЫ «Су қоймаға күрделі жөндеу жұмыстары жасалынуы керек. Кәзіргі кезде сметалық жобалау құжаттарына қаражат бөлінді. Ары қарай сараптамалар жасалады.Сметалық құжаттары дайын болғаннан кейін су қоймаға жөндеу жұмыстары жасалынады. Бұл өте маңызды жоба. Өйткені бұл жерде 90 мыңға жуық гектар дәнді дақыл өсіріп, су алып отырған шаруалар бар».
Су шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев Бартоғай қоймасына жиналған судың деңгейіне тоқталды.
МАҚСАТ АЯШОВ СУ ШАРУАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бартоғай су қоймасының кәзіргі жағдайын апаттық емес деп айтуға болады. Өйткені, кәзіргі су көлемі 280 млн текше метр. Су тасқынына қарсы жағдай реттелген. Енді келе жатқан мұздықтардың сулары маусым немесе шілде айларында күтіледі. Әлі 40 млн текше метр су сыйымдылығы бар. Сондықтан вегитациялық мерзімге дайын деп айтуға болады».
Айта кетейік, Бартоғай су қоймасы Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай аудандарының шаруаларын сумен қамтамасыз етіп отыр.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 364 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/K95ePbE70dA?si=MX3kDeiPgCfS60ig"
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – қиын кезеңде елдің ынтымақ-бірлігі аса маңызды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сын сағатта әрдайым халықпен бірге. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы Атырау облысына барып, жергілікті бұқараға қолдау білдірді.
Бір болайық. «Бірлік болған жерде, тірлік болады» дейді қазақ. Бәріміз бір болсақ, Алладан тілейік және әрекет етейік. Тілеп жата бермейміз ғой, әрекет ету керек. Сонда ісіміздің берекесі болады.
Атырау шаһарын тасқыннан қорғау үшін жұмылған еріктілерге Бас мүфти арнайы дастархан жайып, Ораза айт мерекесімен құттықтады. Содан соң, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласына ат басын бұрды. Наурызбай қажы Тағанұлы су басқан елдімекен жұртымен кездесті.
«Айтпағым – бүкіл Қазақстан сіздермен бірге. Біз де сіздермен біргеміз. Бірге шүкіршілік ету арқылы кез-келген сынақты біз жақсылыққа ауыстыра аламыз. Өйткені, Алла Тағала бізге айтып тұр – «Егер де сіздер, сабыр етсеңіздер, тағдырға шүкір етсеңіздер, біз сіздерге жақсылығымызды еселеп береміз» – дейді».
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарына 100 тоннадан астам азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек, тұрмыстық заттар жіберіп гуманитарлық көмек көрсетті.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 451 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/b0LhPLkOsus?si=aEJphNa17ROyu6rD"
Алматы қаласы, Ақсай өзені бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу жұмысын іске асыру керек серіктестік иелері, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілікті. Залал сомасы алдын ала болжам бойынша - 775 млн теңгеден асады.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ «Осылайша, Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктенуде. ЖШС Алматы қаласы «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 350 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/UNc4SSa9KHw?si=t5Lu1p0tEHUfnFy2"
Алматыда белгісіз ер адам орындықта отырған әйелді киімінен тартып, сүйреді. Оның видеосы телеграмм каналдардың бірінде пайда болды. Арна мәліметінше, бұл 10 сәуір күні болған. Кадрдан жас жігіт орындықта отырған әйелге жақындап келіп, оның мойнынан ұстап, киімнен тартып сүйрегенін көруге болады. Өтіп бара жатқан адамдар әйелді шабуылдаушыдан арашалап қалды. Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПРОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
«Әйелге дене жарақатын салу фактісі бойынша тергеу басталды. Күдікті ер адам ұсталды. Жауапқа тартылды»,- деп хабарлады полициядан.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 402 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/bCBQCZ5PprY?si=bVTfNWGH5hIULFJh"
Есілдің тасыған суы Петропавлға жетті. Заречный кенті арқылы өтетін «Челябі-Новосібір» халықаралық маңыздағы жолдың учаскесін су шайды. Су басу қаупі бар қалған аудандарда да жағдай мәз емес.
ЗКТ: Заречный кентінің барлық тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылған. Қазір ол жерде күні-түні полицейлер мен ТЖ қызметкерлері кезекшілікте тұр. Жолдар жабылған. Ешкімге өтуге рұқсат жоқ. Былғары зауытын ауданында да жағдай мәз емес. Есілден келе жатқан судың ағысы қатты. Осыған байланысты 12-ші мектепте құрылған эвакуациялық пункт басқа жерге көшірілуі мүмкін. Ал ойқала ықшам ауданының тұрғындарына мамандар қауіпсіз жерге көшулері керек екенін хабарлап жүр.
САЯН АХМЕТЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАС МАМАНЫ
« Ойқала ықшам ауданында 1100-ден астам үй бар. Қазір барлығына эвакуацияға дайын болуы керек екендерін ескертіп жүрміз. Егер адамдардың барар жерлері болмаса 14 мектепте эвакуациялық пункт бар. Тасқын су облыс орталығына жетті. Сол себептен тұрғындар барлық жағдайға дайын болулары керек».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 293 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/7xdLPVlBZAo?si=2jomC9m__RI6WjAA"
Үкімет халыққа үндеу жолдады. Су тасқынынан зардап шеккендердің шығыны жақын күндері толығымен өтеледі. Ешкім көмексіз қалмайды. Ал, осындай қысылтаяң уақытта халықты алдап, жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты.
Су тасқыны халықты әлі де сарсаңға салуда. Өңірлерде жағдай тұрақталған жоқ. Еліміздің 8 аймағында: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 34 төтенше жағдай режимі сақталуда.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Еліміздің 8 өңірінде жергілікті төтенше жағдай жарияланған. 3 өңірде 10 мал қорығын су басты. Жергілікті жерлерде жедел дизенфекция жұмыстарын жүргізіп жатыр. Павлодар мен Абай облысында төтенше жағдай күшін жойды».
Зардап шеккен аймақтарға жан-жақтан қолдау мен көмек беріліп жатыр. Бүгін Түркістандық төтеншеліктер Батысқа аттанды.
Атырау облысында ахуал күрделі. 3 мыңға жуық үй топан судың астында қалған. Бұл үйлерден 37 мыңға жуық адам құтқарылған. Аудандық маңызы бар жолды су шайып кетіп, қатынас қиындаған. Ал, жалпы республика бойынша қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 13 автожол жабық.
ЕРАСЫЛ САЙПАШ ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ
«Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтерімен 99 869 адам, оның ішінде 36 591 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пунктеріне 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала орналасты. 9 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,6 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 34 272 адам, 4 мың техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылды».
Бүгін Ақтөбе әкімі халыққа үндеу жолдады. Мұнда қауіп айтарлықтай сейілген. Су қоймаларындағы ағыс бәсеңдеп, жағдай тұрақталды. Зардап шеккендерге 6 сәуірден бастап біржолғы төлем беріліп жатыр. Жақын күндері шығын көлемі толық есептеледі. Қостанайда да арнайы құрылған комиссия шығынды өтеу бойынша жұмысты бастап кетті. Айта кетейік, су тасқынына байланысты қандай да бір жалған хабар таратқандар болса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мұны үкіметтегілер қатаң ескертеді. Себебі, соңғы күндері желіде түрлі фейк ақпараттар тарап кеткен.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Жалған хабарламалардың немесе Төтенше жағдаймен күрес жөніндегі штабтардың жалған аккаунттарының барлық авторларына бұл ақпаратты жариялаудағы жауапкершілік туралы ескерткім келеді. "Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы" заң бар, оған сәйкес пайдаланушылар орналастырылған және таратылатын мазмұнның дұрыстығын тексеруге, жалған ақпаратты таратпауға, сондай-ақ мұндай ақпаратты және кез келген заңсыз мазмұнды жоюға міндетті. Тиісті құрылымдар мұндай жалған ақпаратқа талдау жүргізеді, қажетсіз дүрбелең тудырып, отандастарын алдаған кез келген азамат, өз әрекеттері үшін нақты ақы төлейтін болады».
Құтқарушылар болса, халықтан су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен өз бетінше рұқсатсыз шықпауды сұрайды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 287 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/a7WL16YI1i4?si=Ir9_Xkx6_5PhRrXy"
Президент Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі – Грузиямен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ Президент Қазақстан мен Грузия арасындағы достық пен өзара түсіністік екіжақты байланыстарды тереңдету ісінде елеулі табысқа қол жеткізу үшін берік негіз болатынын айтты.
Шалва Папуашвили Грузияның Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады. Оның айтуынша, Тбилиси Астанамен жан-жақты байланыстарды, соның ішінде көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге ниетті. Бұл ретте Грузия Парламентінің спикері Мемлекет басшысының Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірлесіп дамыту туралы бастамасын қолдады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 463 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/oUL2bZSbThs?si=FXF5lP6FYe7jGLfQ"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 418 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/osAQlZFrVO0?si=2eaDgpscpgRu7DyV"
ҚР машина жасау және көлік ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы,техника ғылымдарының докторы,профессор,академик Серғазы Ахметұлы Жиенқұловтың 90 жылдығына және еске алуға арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Талай шәкірттерге білім нәрін сепкен тұлғаның алдынан шетелдік студенттер де тәлім алды. Сегіз қырлы болған академик тарих пен қоса өлең жазатын ақындық қасиетін қатар алып жүрді. Тәлімін алған шәкірттері бүгінде елімізге ғылымның,білім салалары бойынша қызмет атқарып жүр.
БАЯН САЗАНБАЕВА ПРОФЕССОР
Тағы басқа мақалалар...
- Алматыда "Демікпе жəне аллергия" тақырыбында басқосу ұйымдастырылды
- Бөгеттер мен су қоймаларын салуда бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
- СҚО ардагерлерінен құрылған еріктілер Алматыдан келген құтқарушыларды тамақтандырды
- "Павлодар -Түркістан" бағытындағы жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді
95 ішінен 224 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.